IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
662 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​ҚР ИИДМ деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2021 жылғы ұқсас кезеңге қатысты 101,4% құрады.

Өсім өңдеу (4,2%), металлургия (3,9%), машина жасау (8,9%) және жеңіл өнеркәсіпте (6,9%), сондай-ақ түсті металдар кендерін өндіру саласында (5,9%) өнім көлемінің ұлғаюы есебінен болғандығы атап өтілді. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібі 0,9%-ға төмендегенін көрсетті.

#Қазақстан #Өнеркәсіп #Өсу
​​ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсуі 5% құрады. Экономиканың нақты секторында өсім 4,8%, ал қызмет көрсету саласында 4,9% құрады.

Жалпы, барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады. Ең үлкен өсімді «құрылыс» (15,4%), «сауда» (11,2%), «Ақпарат және байланыс» (9,7%) көрсетеді.

Өңірлік бөліністе үздік көрсеткіштерді Түркістан облысы (60,4%), Маңғыстау облысы (46%), Қызылорда облысы (42,1%), Батыс Қазақстан облысы (34,6%) көрсетеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18% құрады. Алдын ала қорытындылар бойынша, 2023 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 13,4%-ға өсіп, $32,7 млрд құрады.

#Экономика #ҚР #Қазақстан #Өсу
​​ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8% құрады.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 4,6%, ал қызмет көрсету саласында 4,7% құрады.

Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады, ал құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат пен байланыс ең үлкен өсуді көрсетеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,4% құрады.

Инвестициялар ағыны көлікте және қоймада – 57,7%-ға, білім беруде – 24,3%-ға, саудада – 22,6%-ға, ауыл шаруашылығында - 21,3%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте - 9%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде - 8,4%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе ең үздік көрсеткіштер Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалады.

#Экономика #Қазақстан #2023 #Өсу #Инвестициялар
​​ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жаңартылған деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,7% құрады.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,7%, ал қызмет көрсету саласында-5,1% құрады.

Салалар арасында құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат пен байланыс ең үлкен өсуді көрсетеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,1% құрады.

Инвестициялар ағыны көлік пен қоймада – 59,4%-ға, саудада – 37,5%-ға, білім беруде – 23,7%-ға, ауыл шаруашылығында - 12,9%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте - 8,2%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде - 4,3%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе ең үздік көрсеткіштер Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстарында және Абай облысында байқалады.

Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда тауар айналымы 4,2% - ға өсіп, $91,1 млрд құрады.

Экспорт $51,2 млрд құрады, ал өңделген тауарлардың экспорты $16,2 млрд құрады.

Тауарлар импорты $39,8 млрд құрады.

Жалпы, оң сауда балансы $11,4 млрд құрады.

#Экономика #Қазақстан #Өсу
​​7-21 қараша аралығында Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) миссиясы Николас Бланше мырзаның басшылығымен 2023 жылы Қазақстан Республикасымен консультациялар шеңберінде Алматы мен Астанада талқылаулар өткізді.

ХВҚ ресми сайтында атап өтілгендей, 2023 жылы ҚР-да жоғары экономикалық белсенділік сақталып, инфляция төмендеді. Болжамға сәйкес, 2023 жылы ЖІӨ өсімі мұнай және мұнай емес секторлар есебінен 4,8% құрайды. Инфляция ақпан айында 21% шыңынан төмендеді және 2023 жылдың аяғында шамамен 10% деңгейінде болжануда. Экономиканың сыртқы секторында 2023 жылы ағымдағы операциялар шоты бойынша ЖІӨ-нің 3½% тапшылығы болжанады.

Экономикалық белгісіздік жағдайында 2024 жылы өсу қалыпты болады деп күтілуде. 2024 жылы оның 3,1%-ға дейін баяулауы болжануда, бұл негізінен Теңіз мұнай кен орнын кеңейту жобасын іске қосу мерзімдерінің ауысуына байланысты. Орта мерзімді перспективада 2025-2026 жылдарға қарай инфляцияның біртіндеп 5%-ға дейін төмендеуімен мұнай емес ЖІӨ-нің шамамен 3½% деңгейінде тұрақтануы күтілуде.

#Қазақстан #ХВҚ #ЖІӨ #Экономика #Өсу