IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
534 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​Қолда бар бағалауларға сәйкес баламалы энергетиканы дамытудың шыңы 2030-2040 жылдарға тура келеді. Қоршаған ортаны неғұрлым ластайтын көмірсутектер әлемдік энергетикалық баланстан тез ығыстырылатын болады.

Осыған байланысты, 2030 жылға қарай Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 37 доллардан 42 долларға дейін болуы мүмкін және оның бағасы одан әрі төмендей беруі мүмкін. Сондықтан, әлемдік мұнай саласында жаңа өндіруші қуаттарды өсіруге қажеттілік болмайды.

ӘЭСИ сарапшысы Лидия Пархомчик ескергендей: мұнайға баға белгілеу серпіні қандай сценарий бойынша дамитынына қарамастан, «жасыл» өсу жөніндегі шараларды қоса отырып, экономиканы қайта құру объективті қажеттілікке айналады.

Бұл бағытта қазірдің өзінде Қазақстан 2050 жылға дейін төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеуде, өнеркәсіптік өндірістер мен мұнай-газ өндіру үшін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі жаңа әдістемелер енгізілуде.

Көміртегі квоталарын сату жүйесі қалай жұмыс істейді және ол біздің елде қолданылады ма? МЭЕҰ елдері дамыған елдерде мұнайға деген қажеттіліктің төмендеуін болжауға қатысты қандай бағытты ұстанады? Осы ғасырдың аяғында әлем орташа жаһандық температураның 1,5°c өсуін шектей ала ма?

Осы және басқа да маңызды сұрақтарға жауаптар – әлемдік болжамдар мен «жасыл» энергияға көшу тенденцияларын егжей-тегжейлі талдауда.

Материалды біздің ресми сайтта сілтеме арқылы оқыңыз.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Экология #Өнеркәсіп #ЖасылЭнергетика #ЖЭК

https://iwep.kz/#/posts/60b9d73c5fb3932faa0f561d/#header
​​ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларын 2020 жылғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,3%-ға ұлғайды (2020 жылғы қаңтар-тамыз айларында 2,4%-ға төмендеді).

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Достастық елдеріндегі тұтыну бағасы 2021 жылғы тамызда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,1%-ға өсті (2020 жылғы тамызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 2,9%-ға), өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бағасы 25,1%-ға өсті (2020 жылғы тамызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 0,1%-ға).

https://stat.gov.kz/news/ESTAT434462

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Статистика #ҰлттықСтатистикаБюросы #Өнеркәсіп #ЖІӨ #Қазақстан #ТМД #БүгінгіСан
​​Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2021 жылғы қаңтар-қазан айларында 2020 жылғы қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда тамақ өнімдері, сусындар, резеңке және пластмасса бұйымдары, өзге де металл емес минералдық өнімдер, химия және фармацевтика өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісі көлемінің өсуі байқалады.

Бұл ретте шикі мұнай мен табиғи газ өндіру қысқарғаны атап өтілді.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы республиканың 14 өңірінде байқалды.

Толығырақ: https://stat.gov.kz/news/ESTAT437079

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Статистика #Өнеркәсіп #БүгінгіСан
​​ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің ұлғаюы республиканың 16 өңірінде тіркелген, бұл ретте ең жоғары өсім Абай облысында (8,7%-ға), Шымкент қаласында (8,4%-ға) және Шығыс Қазақстан облысында (8%-ға) байқалды. Төмендеу Жетісу (6,4%-ға), Павлодар (3,8%-ға), Қызылорда (3,5%-ға) және Қостанай (1,7%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде 28 085 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру саласында - 14 957 млрд теңге (жалпы көлемнің 53,2%), өңдеу саласында - 11 597 млрд теңге (41,3%).

2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда шикі мұнай (100,3%), табиғи газ (102,2%), сусындар (109,1%), темекі өнімдері (116,7%), химия (110,6%) және металлургия өнеркәсібі (105,3%), резеңке және пластмасса бұйымдары (105,3%) өндіру көлемінің өсуі байқалады), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары (103%).

#Қазақстан #Экономика #Өнеркәсіп #БүгінгіСан
​​ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Жамбыл (10,6%), Ақмола (10,6%), Абай (9,8%) облыстарында және Алматы қаласында (10,3%) байқалды. Төмендеу Қостанай (5,1%-ға), Түркістан (4,5%-ға), Атырау (2,3%-ға), Жетісу (2,1%-ға), Батыс Қазақстан (1,3%-ға), Қызылорда (1,1%-ға) және Павлодар (0,7%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-қарашада 43850 млрд. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 22690 млрд. теңге (жалпы көлемнен 51,7%), өңдеу өнеркәсібінде - 18783 млрд. теңге (42,8%).

2021 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда түсті металдар кендері (105,9%), сусындар (110,1%), темекі өнімдері (109,8%), жеңіл өнеркәсіп (106,9%), химия (109,4%) және металлургия өнеркәсібі (103,9%), резеңке және пластмасса бұйымдары (102,9%) өндірісінің өсуі байқалды.

#БүгінгіСан #Қазақстан #Өнеркәсіп
​​ҚР ИИДМ деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2021 жылғы ұқсас кезеңге қатысты 101,4% құрады.

Өсім өңдеу (4,2%), металлургия (3,9%), машина жасау (8,9%) және жеңіл өнеркәсіпте (6,9%), сондай-ақ түсті металдар кендерін өндіру саласында (5,9%) өнім көлемінің ұлғаюы есебінен болғандығы атап өтілді. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібі 0,9%-ға төмендегенін көрсетті.

#Қазақстан #Өнеркәсіп #Өсу
​​Белгілі болғандай, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан көмір экспорты 32,5 млн тоннаны құрады. Осылайша, 2021 жылға қатысты өсім 1,9%-ға бағаланады. ҚР ИИДМ Индустриялық даму Комитетінің Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игисиновтың деректеріне сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халық үшін – 11,03 млн тонна, энергетикалық кешендерге – 64,4 млн тонна, ал өнеркәсіптік кәсіпорындарға - 5,97 млн тонна көмір жөнелтілді.

#Қазақстан #Экономика #Экспорт #Көмір #Өнеркәсіп #БүгінгіСан
​​ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2023 жылғы қаңтарда 3 653 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген, оның ішінде тау-кен өндіру саласында - 1 881 млрд теңгеге (жалпы көлемнің 51,5%), өңдеуші салада - 1470 млрд теңгеге (40,3%).

Негізгі салалардың ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз етуде айтарлықтай өсім байқалды (104,5%).

Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2023 жылғы қаңтарда өнеркәсіптік өндіріс индексі 101,2% -. құрады, бұл шикі мұнай (101%), темір (109,1%) және басқа да пайдалы қазбалардан (107,6) басқа кендерді өндірудің өсуіне байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 1,6%-ға өсті. Тамақ өнімдері (109,8%), сусындар (133,2%), темекі өнімдері (121,3%), тоқыма бұйымдары (125,5%), мұнай өңдеу өнімдері (112,8%), химия өнеркәсібі өнімдері (110,6%), негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар (151%), автомобильдер (127,5%)өндірісі ұлғайды.

Бұл ретте, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде - 3,6%-ға, өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіруде - 5%-ға, металлургиялық бұйымдарда - 7,4%-ға төмендеу байқалады.

#БүгінгіСан #Өнеркәсіп #Қазақстан
​​ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өнеркәсіптік өндіріс индексі 2023 жылғы қаңтар-маусымда 103,8% құрады. Осы кезеңде 22 611,9 млрд теңге сомаға өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру саласында - 10 490,2 млрд теңгеге (жалпы көлемнің 46,4%), өңдеу өнеркәсібінде-10 587,6 млрд теңгеге (46,8%).

Өндірістің өсуі тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 3,7%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 3,4%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 6,8%-ға, сумен жабдықтауда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 6,4%-ға байқалады.

Өңірлер арасында ең көп өсім Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Абай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

#Экономика #Қазақстан #Өнеркәсіп
​​ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, биылғы жылдың алғашқы 8 айында Қазақстанда 29 952,3 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру саласында 13 958,7 млрд теңгеге (жалпы көлемнің 46,6%), өңдеу саласында 14 042,9 млрд теңгеге (46,9%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 4,3%-ға; өңдеу өнеркәсібінде – 3,1%-ға; электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 5,4%-ға; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте - 5,5%-ға байқалады.

Өңірлер арасында ең үлкен өсім Ақмола, Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2023 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіптік өндіріс индексі 104,3% құрады, бұл шикі мұнай (106,6%), табиғи газ (103,2%), темір (101,2%) және басқа да пайдалы қазбалардан (113,6%) басқа кендерді өндірудің өсуіне байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңдегі өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103,1% құрады. Азық – түлік өндірісінде 4%–ға, сусындарда – 5,4%–ға, химия өнеркәсібі өнімдерінде – 3,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарында - 7,5%-ға, дайын металл бұйымдарында, машиналар мен жабдықтардан басқа - 6,4%-ға, машина жасауда - 28,1%-ға өсу байқалды.

#Экономика #Қазақстан #Өнеркәсіп #БүгінгіСан