IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
630 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов жаһандық инвесторлармен кездесу өткізді. Әңгіме барысында реттеуші басшысы қатысушылардың назарын ағымдағы экономикалық жағдайға, жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарына және алдағы сын-қатерлерге аударды.

Соңғы екі аптада теңге бағамының әлсіреу себептері туралы сұраққа Ұлттық Банк Төрағасы осы сәттегі бірнеше факторлардың жиынтығын атап өтті: АҚШ долларының жаһандық нығаюы (дамыған елдердің валюталар қоржынына АҚШ долларының индексі қыркүйек айында 2,5%-ға өсті), импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы, базалық мөлшерлемені төмендету бойынша қабылданған шешім және Үкіметтің қолданысын тоқтата тұру квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуы жөніндегі нормалар, бұл жиынтығында теңге бағамының қысқа мерзімді әлсіреуіне әкелді. Іргелі факторлар тұрғысынан мұнайға бағаның өсуі және төлем балансының жалпы жай-күйі теңгеге тұрақтандырушы әсер және қолдау көрсететін болады.

Ұлттық банк қызметінің басым бағыттары ретінде инвесторлармен диалогта бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуден басқа, монетарлық және фискалдық саясатты үйлестіру, ішкі қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны одан әрі дәйекті дамыту бөлігінде Үкіметпен тиімді жұмыс белгіленді.

#Экономика #Теңге #Доллар #Курс #Қазақстан