Нұр-Сұлтан - Еуразияның дипломатиялық хабы
Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз әлемдік аренада өзін сенімді серіктес, сондай-ақ бейтарап әрекет ететін делдал ретінде көрсете білді. Бұл Қазақстан астанасының халықаралық қатынастардағы неғұрлым маңызды мәселелерді шешудің әлеуетті жолдары талқыланатын басты алаңдардың біріне айналуына ықпал етті.
ӘЭСИ сарапшысы назар аударатын ең соңғы мысал - Сирия дағдарысы бойынша Астана процесі. БҰҰ қамқорлығымен Женевада Сирия бойынша бейбіт келіссөздердің сәтсіздігі аясында баламалы бейтарап келіссөздер алаңына сұраныс пайда болды. Сирия дағдарысына, оның ішінде Түркия, Иран және Ресейге тартылған барлық негізгі ойыншылармен тығыз, бірақ тең қарым-қатынаста болған Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтың назары түсті.
Келіссөздердің бірінші раунды Қазақстан астанасында 2017 жылғы 23 қаңтарда өтті. Оларға ИИР, Түркия және Ресей өкілдері ғана емес, сонымен қатар Башар Асад режимі, сондай-ақ жанжалға қатысқан әртүрлі әскерилендірілген топтар қатысты.
Иран бойынша 2015 жылғы бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары-тарихи құжатқа кейіннен қол қою үшін жағдай жасаған Иранның ядролық мәселесі бойынша алматылық келіссөздер сирек айтылады.
2013 жылғы 26-27 ақпанда және 5-6 сәуірде Қазақстанның оңтүстік астанасында «Үлкен бестік + Иран» форматында келіссөздер ұйымдастырылды, олар Иранмен ядролық мәміле жасасу үшін жол ашты.
«Осылайша, Қазақстанның бітімгершілік қызметі өте ауқымды сипатқа ие және іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің халықаралық аренадағы орасан зор жеке беделі қазақстандық дипломатия жетістігінің негізгі факторы екені сөзсіз және болып қала береді.
Елбасы үшін халықаралық белсенділік әрқашан толығымен прагматикалық және практикалық негізге ие болды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өңірлік және жаһандық проблемаларды шешуге белсене атсалысуы Қазақстанның өзін дамыту үшін неғұрлым қолайлы сыртқы жағдайлар туғызатынын айқын түсінді. Тарих көрсетіп отырғандай, ол Қазақстанды Еуразия ауқымында әділ делдал және бітімгершілік орталығы ретінде жайғастыру ісінде даусыз және айрықша табысқа қол жеткізді», - деп түйіндеді Ерлан Мәдиев.
#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Саясат #Халықаралық_Қатынастар #АӨСШК #ЕҚЫҰ #БҰҰ

May 4, 2021
Азия құрлығы мемлекеттерінің қатысуымен халықаралық форум болып табылатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) стратегиялық маңызды өзгерістерді күтуде. Осылайша, АӨСШК дамуының жаңа кезеңі толық халықаралық ұйымға шығумен және трансформациямен байланысты.
ӘЭСИ сарапшысы Ерлан Мәдиев АӨСШК құру идеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екенін еске салады. Ол 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында айтылды. 30 жылға жуық уақыт ішінде ұйым үлкен даму жолынан өтті, бұл өзара іс-қимылдың осы форматының қажеттілігі мен зор әлеуетін дәлелдейді.
Бүгінде АӨСШК Азияның 27 елі мен 8 бақылаушы елді біріктіреді.
«Бұл аталған формат өңірде үлкен сұранысқа және қолдауға ие екендігін көрсетеді. Ұйымның бақылаушы мүшелерінің арасында азиялық емес елдер де бар, мысалы, Беларусь, бұл ұйымның өсіп келе жатқан беделін көрсетеді. Бүгінде ұйым Азия құрлығы мен Азия халқының 90 пайызын қамтиды, Жерорта теңізінен Тынық мұхитына дейін және Оралдан Үндістанға дейін созылады», - деді Е.Мәдиев.
Е.Мәдиев сондай-ақ Қытайдың АӨСШК-нің қалыптасуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. 2014-2018 жылдары ҚХР төрағалығының төрт жылында АӨСШК хатшылық, министрлік кездесулер сияқты негізгі органдардын жұмысын жандандырды. Қытай АӨСШК аясында бірқатар құрылымдар құруды бастады. Ол жастар және ҮЕҰ-форумдар, сондай-ақ АӨСШК Іскерлік кеңесі.
Жалпы, Қытайдың төрағалығы ұйымның дамуына қуатты серпін берді, сондай-ақ оны толық халықаралық ұйымға айналдыруға жақындатты деп түйіндеді Е.Мәдиев.
#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Сыртқы_Саясат #Халықаралық_Қатынастар #АӨСШК #Қытай
https://iwep.kz/#/posts/60a4d4175fb3932faa0f5612/#header

May 21, 2021