Русский дом в Астане
2.79K subscribers
4.34K photos
318 videos
14 files
1.08K links
加入频道
🇰🇿Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

🎉Құрметті достар,

Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының табысты тәжірибесі бірегей деп айтуға болады. Қысқа мерзімде халықаралық аренада көрнекті орынға ие болған демократиялық, көпұлтты, экономикалық дамыған мемлекет құрылды. Бұл қазақстандық саяси басшылықтың даналығының, сондай-ақ Қазақстанның дарынды да еңбекқор халқының өз Отанын дамытуға атсалысуы арқасында мүмкін болды.

🇷🇺🤝🇰🇿Ресей – Қазақстанның көршісі, одақтасы және интеграциялық әріптесі. Біздің мемлекетіміз егемендікті, аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу және ішкі істерге араласпау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, республикада болып жатқан қайта құруларды қолдайды.

🎊Бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, өркендеу және жасампаз еңбекте табыс тілейміз!

#РесейҚазақстан #Тәуелсіздіккүні