Forwarded from IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығы жыл сайын нығайып келеді.
Жақында Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгінде қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді, оған үкіметаралық және парламентаралық деңгейдегі өзара іс-қимыл ықпал етеді. Осылайша, елдер тауар айналымын $2 млрд дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Президенті біздің еліміз бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамыту бағытына берік екенін атап өтті.
#Қазақстан #Қырғызстан #ТауарАйналымы #Халықаралық_Қатынастар

Таразда Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Министрлер Кабинетінің Төрағасы - Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті.
Тараптар таңдаулы және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Екі елдің орталық мемлекеттік органдарының басшылары қатысқан үкіметаралық кеңестің негізгі тақырыптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, су пайдалану және энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, өнеркәсіп пен АӨК-те кооперациялық жобаларды іске асыру, республикалардың транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту, туризм және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамалар болды.
Әлихан Смайылов екі мемлекет басшыларының күш-жігерінің арқасында Қазақстан-Қырғыз стратегиялық әріптестігі соңғы жылдары жоғары серпінге ие болғанын атап өтті.
«Біз үшін Қырғызстан жақын көрші және бауырлас ел ғана емес, сонымен қатар маңызды сауда-экономикалық серіктес», — деді ол.
Осылайша, республикалар арасында өзара тауар айналымы тұрақты өсуде. 2022 жылы сауда көлемі шамамен 19%-ға ұлғайып, $1,3 млрд-қа жетті. сонымен бірге биыл да оң динамика байқалады: 7 айда тауар айналымы 13%-ға өсіп, $757 млн құрады.
Премьер-министр атап өткендей, сонымен қатар транзиттік-көліктік, коммуникациялық, туристік және басқа да салаларда ынтымақтастық дамып келеді. Өндірістік кооперация, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларында жақсы перспективалар бар.
Оның айтуынша, осы тұрғыда бірқатар маңызды бірлескен жобаларды іске асыруды жеделдету қажет. Атап айтқанда, жақын арада шекара маңындағы аумақтарда индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) құру жаңа кооперациялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін болады. Бұл сондай-ақ екі мемлекет басшыларының тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндетіне қол жеткізуге үлес қосады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін растады.
#Қазақстан #Қырғызстан #ХалықаралықҚатынастар #ТауарАйналымы

ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бішкек қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және ТМД-ға төрағалық ету барысында Қырғызстанның табысты жұмыс атқарғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтты.
Мемлекет басшысы ТМД жанындағы Серіктес және Бақылаушы мәртебесінің бекітілуін бүгінгі отырыстың айтулы оқиғасы ретінде атап өтіп, бұл шешім Ұйымның кемеліне келгенін және оны дамытудың жаңа кезеңіне қадам басқанын көрсететініне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси қайшылықтардың шиеленісе түскенін атап өтіп, әлем экономикасында тұрақсыздық күшейгенін айтты.
«Қазақстан жаһандық сауда-саттық пен мемлекеттердің әл-ауқатына кері әсер ететін экономикалық санкцияларды қолдануға түбегейлі қарсы», – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Президент Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді.
«Қазақстан халықаралық өзекті проблемаларды шешу үшін лаңкестік әдістерді қолдануға мүлдем қарсы. Ондаған жыл бойы шешімін таппай келе жатқан міндеттерді жүзеге асыру үшін бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетіп, террорлық акциялар жасауға болмайды. Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық қатынастарда әділдік қағидатын орнатуды, халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесінің заңды және егемендік құқығын ескере отырып, оны демократияландыруды жақтайтынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге, табысты ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа салаларды іздеуге бағытталған ТМД форматындағы белсенді ықпалдастықты жалғастыруға шақырды.
Саммит қорытындысы бойынша Достастық елдерінің көшбасшылары бірқатар құжаттарды қабылдады.
Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтеді.
#ТМД #Қазақстан #Қырғызстан #Отырыс

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 20 655,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 2% азайды.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауарлар экспорты 7 818,8 млн АҚШ доллары (11,8% көп), импорт – 12 836,4 млн АҚШ доллары (8,9% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,7%, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,8%, Беларусқа – 3,3%, Арменияға 0,2% келеді.
ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 27,7%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 23,7%.
ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 19,6%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 19,2%.
#ЕАЭО #Қазақстан #Ресей #Қырғызстан #Беларусь #Армения