Ұлттық Банк Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде +/-1 п.т. дәлізімен сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім елдегі инфляциялық қысымның әлі де жоғары болуына байланысты қабылданған.
📅 Келесі шешім 2025 жылғы 29 тамызда жарияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😐2❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3😱3❤1🤨1
✏️ Сонымен Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды
Ақорда Мемлекет басшысының жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанын ресми мәлімдеді.
Жаңа кодекстегі негізгі өзгерістер:
✅ Салықтық әкімшілендіру жаппай жеңілдетіледі. Салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, салықтардың саны 20 пайызға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Елеулі өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарынан бастап инвестицияларды ынталандыру және салық жүктемесін қайта бөлу секілді барлық негізгі бағытты қамтиды.
✅ Қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді: 2026 жылдан – 5 пайыз, 2027 жылдан – 10 пайыз.
✅ Мерзімді баспа басылымдарды өткізу бойынша 10 пайыз деңгейінде төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленеді. ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналымның төменгі шегі 10 мың айлық есептік көрсеткішке (40 миллион теңге) дейін төмендетіледі.
✅ БЗЖҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады. Пайдаланылу мерзімі 10 жылдан жоғары автомобильдер үшін көлік құралы салығы төмендетілді. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік салықтық шегерімдер 882-ден 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
✅ Салықтардың саны азайды: бірыңғай жер салығы қысқартылды, жеке төлемақылар бойынша мөлшерлемелер мен алымдардың саны кемітілді.
✅ Арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Енді олар үш жағдайда қолданылады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа қожалықтары үшін. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлемдерді мобильдік қосымша арқылы есептеп, төлей алады.
✅ Корпоративтік табыс салығы (КТС) 20 пайыз деңгейінде сақталады. Алайда сараланған салықтық мөлшерлеме енгізіледі. Атап айтқанда, банктер (бизнес субъектілерін кредиттеуді қоспағанда) мен ойын бизнесі үшін – 25 пайыз. Әлеуметтік сала ұйымдары үшін 2026 жылы 5 пайыз мөлшерінде белгіленіп, 2027 жылы 10 пайызға дейін ұлғаяды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме қалады.
✅ Қор нарығын ынталандыру үшін биржалық құнды қағаздарға төленетін дивиденттерге салық жеңілдіктері сол күйі сақталады. «Бәйтерек» холдингі шығарған құнды қағаздардан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады. Пайдалы қазбаларды өңдеу мен геологиялық барлау саласы үшін қосымша преференциялар қарастырылған. Тиімділігі төмен жаңа учаскелер 5 жылға пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босатылады.
✅ Жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті мөлшерлемесі енгізіледі. Жылдық жалпы табысы 8500 айлық есептік көрсеткіштен асатын азаматтарға 15 пайыз салық мөлшерлемесі қолданылады. Сол сияқты дивиденттері мен табыс көлемі жылына 230 мың АЕК-тен асатын кәсіпкерлер осындай мөлшерде салық төлейді. Ал фермерлердің осы межеден асатын табысына бұрыннан сақталған 70 пайыз жеңілдікті есепке ала отырып, 4,5 пайыз салық салынады.
✅ Жеке тұлғалар үшін қымбат өнімдерге, атап айтқанда құны 75 миллион теңгеден асатын автокөліктерге, құны 100 миллион теңгеден асатын кемелерге, әр литрінің құны 500 мың теңгеден асатын алкогольге, әр данасының құны 10 мың теңгеден асатын темекі өнімдеріне 10 пайыз акциз түрінде салық салынады. Сонымен қатар жалпы құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығы жоғарылайды.
✅ Салықтық әкімшілендіру тәсілдері айтарлықтай өзгереді. Камералдық бақылау ескерту сипатында болады. Салықтық берешекті өндіріп алу, төлемді кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігін беру процедуралары жеңілдетіледі. Салық берешегі аз болса, бизнестің есепшоттары бұғатталмайды. Қарыз сомасына қарай ескерту және басқа да шаралар кезең-кезеңімен қолданылады.

👍4 1
📊 Маусым айындағы жылдық инфляция деңгейі – 11,8%
🔹 Ұлттық банк маусымның қорытындысы бойынша жылдық инфляция көрсеткішінің 11,8% болғанын мәлімдеді. Мамырда 11,3% болған еді. Демек, қымбатшылық тежелу орнына, керісінше, өсіп жатыр. Оны өздеріңіз күнделікті базар бағасынан да сезіп жүрген боларсыздар.
📌 Инфляция 18 өңірде жеделдеген. Тек 1 өңірде ғана баяулапты. Ал 1 өңірде бұрынғы қалпында сақталған.
⏳ Маусымда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу көрсеткіші жылдық мәнде 9,4% (мамырда – 9,0%) болыпты. Ең жоғарғы мән – Түркістан облысында (12,5%), еңтөменгі мән – Павлодар облысында (6,3%).
💰 Ал ақылы көрсетілетін қызметтер құны жылдық мәнде 16,1%-ға дейін (мамырда – 16,0%) өскен. Сонымен қатар бағаның жалпы республикалық деңгейден төмен өсімі Маңғыстау облысында (10,1%) байқалған.
💸 Сондай-ақ маусымда ел аумағындағы айлық инфляцияның өсімі 0,8% болғанын да айта кетейік.

"Маусым айында азық-түлік бағасының өсімі жылдық мәнде 10,6%-ға дейін (мамырда – 9,6%) барды. Осы топқа жататын тауарлар бағасы Ақмола облысында (12,5%) – жоғары өсімді, Алматы қаласында (8,7%) – аз өсім көрсетті», деп хабарлайды Ұлттық банк.
⏳ Маусымда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу көрсеткіші жылдық мәнде 9,4% (мамырда – 9,0%) болыпты. Ең жоғарғы мән – Түркістан облысында (12,5%), еңтөменгі мән – Павлодар облысында (6,3%).
💰 Ал ақылы көрсетілетін қызметтер құны жылдық мәнде 16,1%-ға дейін (мамырда – 16,0%) өскен. Сонымен қатар бағаның жалпы республикалық деңгейден төмен өсімі Маңғыстау облысында (10,1%) байқалған.
💸 Сондай-ақ маусымда ел аумағындағы айлық инфляцияның өсімі 0,8% болғанын да айта кетейік.
🤨3
📉 Шығын артып, тапшылық тереңдеп барады: Тығырықтан шығар жол бар ма?
Дүниежүзілік банк Қазақстандағы экономикалық өсімнің қалпына келуін ішкі сұраныспен байланыстырғанымен, инфляцияны тоқтату мүмкін болмай тұр.
🔹 2025 жылдың алғашқы 5 айында нақты ІЖӨ: 6%
🔹 Инвестиция: +18,2%, ішкі сауда: +7,8%
🔹 Алайда экспорт: -12,3%, ал импорт: +3,3%
🎯 Инфляция – елдің басты бас ауруы
Маусымда инфляция 11,8%-ға жетті, сөйтіп, 7 ай қатарынан өсіп отыр. Азық-түлік, тауар, қызмет – бәрінің бағасы шарықтауда:
▪️ Азық-түлік: +10,6%
▪️ Азық-түлік емес тауарлар: +9,4%
▪️ Қызметтер: +16,6%
Мұның бір себебі – коммуналдық тарифтердің өсуі, субсидия реформасымен байланысты.
💸 Бюджет: табыс азайды, шығын өсті
▪️ Кіріс – 25 млрд $ (-4,3%)
▪️ Шығын – 27 млрд $ (+3,1%)
▪️ Қарызды өтеуге – 3,1 млрд $ (кірістің 13,4%-ы!)
▪️ Нәтиже: 2 млрд $ тапшылық
🛢️ Мұнайдан түсетін кіріс 30%-ға құлдырады.
🧾 Мұнайдан басқа салық түсімі әлсіз, небәрі +1,3% ғана.
💼 Қаржылық құрылым шайқалып тұр
▪️ Ұлттық қор – 59,7 млрд $
▪️ Мемлекеттік қарыз – 67,2 млрд $
➡️ Айырмашылық – минус 9,5 млрд $
🏦 Несие нарығында жалған тұрақтылық байқалады
Базалық мөлшерлеме 16,5% күйінде тұр. Бірақ:
▪️ Тұтынушылық несие: +10,5% (жалпы өсімнің 80%-ы)
▪️ Корпоративтік несие: +4,4% (желтоқсанда 7,1% болған)
▪️ Бөліп төлеу мен субсидиялар халықты қарызға батырып барады.
🔻 Мұндай несие бумы ішкі сұранысты арттырғанымен,
▪️ Үй шаруашылықтарының қарызын көбейтеді;
▪️ Ақша-несие саясатының тиімділігін төмендетеді;
▪️ Несие нарығын бұрмалайды.
💱 Валюта қысымда тұр:
▪️ 2025 жылдың І тоқсанында ағымдағы шот – 1 млрд $ тапшылық;
▪️ Теңге құнсызданып, 2022 жылғы деңгейге қайта оралды.
✍️ Қорытынды:
Үкімет қанша жерден экономика (цифр жүзінде) өсіп жатыр дегенмен, инфляция, тапшылық, қарыз, халықтың төлем қабілетінің әлсіреуі мен теңгенің тұрақсыздығы күн санап өршіп бара жатқанын жоққа шығара алмас. Ішкі тұтыну арқылы "жалған тұрақтылық" орнауы мүмкін, бірақ бұл ұзаққа созыла ма, мәселе сонда?!

❤7👍6🔥3😱3
Ипотека бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін азайту – тұрақсыз табысы бар немесе күнделікті шығыны көп отбасылар үшін ыңғайлы нұсқа. Бұл әдісте қарыз сомасы азайғандықтан, банк төлем кестесін қайта қарап, ай сайынғы төлемді төмендетеді.
— Бұл әдіс көпшіліктің қолайына жағады. Алайда үнемделген қаражатты дұрыс басқару маңызды. Егер аз төлеп, бос қалған ақшаны басқа қажетсіз шығынға жұмсайтын болсаңыз, жалпы үнем болмайды. Сондықтан бұл тәсіл өзін қаржылық тәртіпте ұстай алатын адамдар үшін ғана тиімді, — дейді Сұлтан Елемесов.
Ипотекалық төлемнің ай сайынғы көлемін бұрынғы қалпында сақтай отырып, несиенің жалпы мерзімін қысқартуға болады. Бұл әдіс қарыздан тезірек құтылғысы келетін азаматтар үшін тиімді.
— Бұл нұсқаның басты артықшылығы – ипотекалық қарыздың нақты қанша жылға қысқарғанын бірден көруге болады. Психологиялық тұрғыда адам өзін жеңіл сезінеді. Алайда ай сайынғы қаржылық салмақ бұрынғыдай қалады. Сондықтан бұл тәсілді таңдаған азаматтарда тұрақты табыс пен белгілі бір қаржылық қор болғаны жөн, — деп кеңес береді сарапшы.
Сарапшының айтуынша, бұл екі тәсіл де тиімді бола алады. Ең бастысы – үнемделген ақшаны қайтадан ипотека төлеуге жұмсап отыру. Мұндай жағдайда қарыз тез әрі тиімді өтеледі. Ал қай тәсілді таңдау – әр адамның қаржылық мүмкіндігі мен өмір салтына байланысты.
Ай сайын 180 мың теңге төлейтін 10 млн теңгелік ипотекаңыз бар делік. Қосымша 1 млн теңге төлеуге мүмкіндігіңіз туды. Енді сіз:
▪️ төлемді азайтуды таңдасаңыз, ай сайынғы төлем 160 мың теңгеге дейін түседі;
▪️ мерзімді қысқартсаңыз, бұрынғы төлеммен қарыздан екі жыл ертерек құтыласыз.
Көп жағдайда банктер мерзімінен бұрын өтеу шарттарын автоматты түрде өзгертпейді. Бұл үшін қарыз алушы банкке арнайы өтініш жазып, қандай тәсілді қалайтынын көрсетуі тиіс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1🔥1
💼 Банктер бірігіп жатыр. Бұл кімге пайдалы?
📊 Әлбетте, банктердің өздері үшін пайдалы. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Олардың өздерінен сұрасақ банктер интеграциясы нарық ахуалын жақсартады дейді. Ал сарапшылардың айтуынша, секторда банктердің азаюы бәсекені әлсіретіп, тұтынушылардың таңдау мүмкіндігін азайтады.
🎯 Жақында Форте банк пен Хоум Кредит Банк өзара мәмілеге келді. Анығын айтқанда, алғашқысы соңғысының 100 пайыз акциясын сатып алды. Мұның алдында Халық банк Қазкомды, БЦК Альфа-Банкті «жұтып» қойған.
✅ Бірігу процесі әлі де аяқтала қоймайтын секілді. Болжаушылардың сөзіне сенсек, таяуда Фридом банк пен Каспи банк іріленуге бет алуы әбден мүмкін. Сатылуы мүмкін потенциалды кандидаттар қатарында Еуразиялық банк пен Нұрбанк бар көрінеді.
📌 Осының бәрін сараптап, тиісті тараптардың ресми пікірін алып дайындалған мақаланы оқимын десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз.

egemen.kz
Банк біріксе, кім ұтады?
Банк секторында қаржы институттарының бірігу үдерісі белсенді жүріп жатыр. «ForteBank» таяуда «Home Credit Bank»-тің 100% акциясын сатып алды. Мұның алдында «Halyk Bank» «Қазкомды», «Банк Центр Кредит» «Альфа-Банкті» сатып алып, «Jusan» ме
👍5❤1🔥1
✅ Декреттік төлем әр анаға әрқалай есептеледі. Неліктен?
Қазір әлеуметтік желілер мен интернетте «декретке миллионмен шықтым» деген ақпараттар жиі ұшырасады. Біреулер бұл жолмен жақсы табысқа жетіп жатса, енді бірі дәл сол жағдайға тап бола тұра, ешқандай төлем ала алмай отыр. Неліктен?
✍ Бұл сауалға біздің тұрақты сарапшымыз Балжан Бақытқалиқызы жауап береді:
Бір үйдің екі келіні де бала көтеріп отырса да, бірі декреттік төлем алады, екіншісі алмайды.Бұл әділетті ме? Әрине, жоқ. Осы айырмашылықтың неден туындайтынын әрі ата-аналарға
қандай құқықтар берілетініне үңілейік. Сонымен қатар қазіргі заңда бар, бірақ көпшілік біле бермейтін нормаларға да тоқталамыз. Мысалы, кей жағдайда әкелердің өзі декретке шығып, жұмыс орнын сақтап қалып жүр.
Елдегі декреттік төлемдер үш түрлі болады. Біріншісі – жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін төленетін бір реттік көмек. Ол тек ресми жұмыс істейтін жүкті әйелдерге ғана беріледі. Бұл төлемді алу үшін алдымен уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алу керек. Мұндай парақ жүкті әйелдің тіркелген емханасы арқылы беріледі. Мысалы, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында 27-аптадан бастап беріледі, өйткені бұл аймақтар бұрын ядролық сынақ аймағы болған. Қалған облыстарда 30-аптада беріледі.
Бірақ бұл парақты жұмыс істемейтін әйел ала алмайды, себебі оны алу үшін жұмыс орныңыздан немесе жеке кәсіпкерлігіңізді растайтын құжат тапсыру керек. Жұмыссыз, үй шаруасында отырған аналар мұндай анықтама тапсыра алмайды. Сондықтан олар бұл төлемнен қағылады. Дегенмен кей аналар жүктілігін білгеннен кейін ресми жұмысқа орналасып немесе жеке кәсіпкер болып тіркеліп, қажетті төлемге жол ашады. Бұл – заң бұзушылық емес, бірақ өкінішке қарай, жүйенің осалдығын көрсетеді.
Ал төлем сомасы қалай есептеледі? Егер әйел адам 2025 жылдың27 шілдесінде уақытша жарамсыздық парағын алса, кейінгі 12 айдағы орташа табысы есепке алынады, яғни 2024 жылдың1 шілдесінен 2025 жылдың 30 маусымына дейінгі кезең. Ай сайынғы жалақысы 200 мың теңге болса, оның ішінен 10% зейнетақы жарнасы ұсталып, 180 000 теңге болып есептеледі. Бұл сома декреттік демалыс кезеңіне сәйкес коэффициентке көбейтіледі (мысалы, 126 күн / 30 күн = 4,2). Яғни 180 000 × 4,2 = 756 000 теңге. Осыдан тағы 10% зейнетақы жарнасы алынып, әйелдің қолына шамамен 680 400 теңге төленеді. Бұл жүктілік және босануға байланысты төленетін төлемнің мысалы.
📌 Құнды кеңестің толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп, оқып шығыңыз.
#МыңТеңге #СарапшығаСауал

👍5🔥2❤1
📱Күмәнді аударымдарға бақылау күшейеді
Мобильді ақша аударымдары енді жай ғана «рақмет» деп кете салмайды 😀.
🔍 Нені білу керек?
✅ 2025 жылдан бастап 3 ай қатарынан 100+ адамнан аударым алып, жалпы сома 255 000 теңгеден асса, Салық органдары тарапынан тексеру болуы мүмкін.
✅ «Сыйлық», «түскі ас» деп жазу салықтан құтқармайды. Ақшаның нендей мақсатта аударылғанын түсіндіріп бере алуыңыз қажет.
👥 Кімдер бақылауға алынады?
✅ Жеке кәсіпкерлер.
✅ Заңды тұлға басшылары.
✅ Олардың жұбайлары.
🧾 Тіркелмей кәсіп істеп жүргені анықталса
✅ 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл.
✅ Чек бермесе — тағы қосымша жауапкершілік.
✅ Табысын жасырса — 200% салық салынады.
❓Аударыммен бірге хабарламаны қоса жазу керек пе?
✅ Иә! «Алимент», «қарыз», «сыйлық» деген жазбалар сотта дәлел ретінде жарауы мүмкін.
✅ Бірақ салық органдары оларды есепке алмайды.
✅ Алайда банктер бәрін көреді және қажет болса Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚМА) береді.
💸 Айлық аударым көлемі 300 мың теңгеден асса не болады?
👉 Қаражат бизнес емес екенін дәлелдеуге тура келеді.
👉 Туыстан түскен бе, әлде қызмет үшін бе — айырмашылығын түсіндіре алу маңызды.
🛑 Күдікті аударым қалай анықталады?
📌 Жекелеген аударым емес, операциялар тізбегі тексеріледі.
📌 Бір схема бойынша, бір топ арасында жүйелі қозғалыс болса блокталуы мүмкін.
📌 24 сағатқа дейін банктік шектеу енгізіледі.
💬 Егер алаяқтар ақша сұрап, сіз оны жібермек болсаңыз —
банк аударымды уақытша тоқтатып, туысыңызбен бөлімшеге шақыра алады.
💼 Ұлттық банк 2025 жылдың соңына дейін алаяқтарға қарсы автоматты алгоритмді іске қосады. Яғни бір қоңыраудан-ақ күдікті әрекет тіркеуге алынады.

👍6❤2🔥1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2
🇰🇿 Ұлттық банк интервенция жасады. Бұл не және не үшін керек?
Кейінгі күндері теңге бағамы құбылып тұр. Доллар 550 теңгеден асты. Осы орайда Ұлттық банк валюта нарығына араласты, яғни интервенция жасады. Бұл не мағына береді?
🧩 Интервенция деген не?
Интервенция – бұл Ұлттық банктің теңге бағамын тұрақтандыру үшін валюта нарығына тікелей араласуы. Ол долларды сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асады. Яғни, теңгені шамадан тыс әлсіретпеу немесе күшейтпеу мақсатында әрекет етеді.
🧭 Интервенцияның екі түрі бар:
1. 💸Валюта сату интервенциясы
Егер доллар күрт қымбаттап, теңге құнсызданып жатса, ҰБ доллар сатады. Бұл теңгеге деген сұранысты арттырып, бағамды тұрақтандырады.
2. 🛒 Валюта сатып алу интервенциясы
Керісінше, теңге шамадан тыс күшейіп кетсе, ҰБ доллар сатып алады. Бұл теңге ұсынысын көбейтіп, оның шамадан тыс қымбаттап кетуін тежеуге көмектеседі.
🎯 Негізгі мақсаттары:
• Теңге бағамының шектен тыс құбылуын шектеу
• Нарықтағы алыпсатарлық пен дүрлігуді басу
• Қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау
🔍 Ұлттық банк не дейді?
Ұлттық банк түсіндіруінше, соңғы уақытта валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы қысқа мерзімді теңгерім бұзылған.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай араласулар теңгені қорғап қана қоймай, инвесторлардың сенімін сақтауға көмектеседі.
🧪 Мысал арқылы түсіндірейік:
Мысалы, мұнай бағасы түсіп кетсе немесе геосаяси жағдай ушықса, инвесторлар теңгеден қашып, доллар алуға ұмтылады. Сол кезде доллар сұранысы күрт өседі де, теңге құнсыздана бастайды. Ұлттық банк интервенция жасап, нарыққа доллар сатады. Осылайша, доллар бағамын тежеуге тырысады.
☄️ Бүгін биржада 392 млрд доллар сатылып. Көкқағаз құны 543,52 теңгеге түсті.

💬 «Біз бұл араласуды теңге бағамының ауытқуын азайтып, нарықты тұрақтандыру үшін жасадық. Бұл – уақытша шара. Валюта нарығы өзінің ішкі логикасымен жұмыс істеуі тиіс», деп хабарлады Ұлттық банк.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай араласулар теңгені қорғап қана қоймай, инвесторлардың сенімін сақтауға көмектеседі.
🧪 Мысал арқылы түсіндірейік:
Мысалы, мұнай бағасы түсіп кетсе немесе геосаяси жағдай ушықса, инвесторлар теңгеден қашып, доллар алуға ұмтылады. Сол кезде доллар сұранысы күрт өседі де, теңге құнсыздана бастайды. Ұлттық банк интервенция жасап, нарыққа доллар сатады. Осылайша, доллар бағамын тежеуге тырысады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7
❗Халықтың ҚТЖ-ға көңілі толмайды
1⃣ Таяуда «Қазақстан темір жолы» ресми сайтынан билет іздегенде бағаның шарықтап тұрғанына тағы куә болдық. Мәселен, Астана қаласынан Шу қаласына жету үшін бір адам купе-вагонның үстіңгі орнына 30 мың теңге төлеуі керек. Отбасымен аттанса, бір бағыттық шығын 100-120 мыңға айналады.
2⃣ Біз билет тапшылығы және оның қымбаттығына байланысты аз-кем сараптама жасап, «Қазақстан темір жолы»компаниясы мен Көлік министрлігіне сұрау салған едік.
3⃣ Мақаланы мына сілтемеге өтіп, оқи аласыз.

👍5🔥1
💲Ұлттық банк теңгені қорғап қалу үшін қанша доллар сатты?
📉 Шілденің қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреп кетті.
💰 Сондай-ақ бас банк 30 шілдеде валюта нарығындағы өтімділік барынша төмендеп, алыпсатарлық қысымның күшеюіне байланысты 125,6 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізгенін хабарлады.

«Шілдеде Ұлттық қордан 700 млн доллар көлемінде валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу жөніндегі инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордың сату үлесі жалпы сауда көлемінің 12%-ын, немесе күніне шамамен 32 млн долларды құрады. Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған алдын ала болжамды өтінімдері бойынша тамызда Ұлттық банктің Ұлттық қордан 400 млн доллардан 500 млн долларға дейін валюта сататыны күтіледі», деп мәлімдейді ҰБ.
💰 Сондай-ақ бас банк 30 шілдеде валюта нарығындағы өтімділік барынша төмендеп, алыпсатарлық қысымның күшеюіне байланысты 125,6 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізгенін хабарлады.
🔍 «Интервенцияларды жүргізу алыпсатарлық белсенділікті төмендетуге және нарықта қажетті өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында өткен айдың қорытындысы бойынша валюталық түсімді сату көлемі шамамен 450 млн долларды құрады», дейді ҰБ.
👎3🔥1
⠀
Кәсіпкер Гүлбану Майғаринаның айтуынша, елімізде франчайзинг жүйесі әлі де толыққанды танылмаған сала.
⠀
«Қазақстанда франчайзинг нарығының үлесі 2%-дан аспайды. Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ-та – 10%, Ресейде – 4-5%. Бұл – ресми есеп жүргізілмегендіктен және франчайзинг заңмен жеке бизнес түрі ретінде мойындалмағандықтан орын алып отыр», дейді ол.
⠀
⠀
«Франшиза – табыстың емес, жүйенің кепілі. Бұл – жұмыс орны, бюджетке түсетін салық, экспорттық мүмкіндік. Қазірдің өзінде шетел нарығына шыққан отандық франшизалар бар – мысалы, EcoShop, Zebra Coffee, Sergek»
, дейді кәсіпкер.
⠀
1. Франчайзингті заңмен жеке сала ретінде бекіту;
2. Статистикалық есеп жүргізу үшін арнайы ЭҚТЖК код енгізу;
3. Мемлекеттік қолдау құралдарын қарастыру;
4. Сертификаттау жүйесін енгізу;
5. Франчайзинг бойынша білім беру курстарын дамыту;
6. Франшизаларды шетелге экспорттау үшін инфрақұрылым құру.
⠀
«Біз шикізаттан брендке өтуіміз керек. Франчайзинг – экономиканың жасырын потенциалы»
, дейді ол.
⠀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍1
Міне, алаяқтар осылай алдайды!
Белгілі журналистика қайраткері, профессор Кәкен Хамзин ағамыздың басынан өткен мына жағдайды естіп, ағамызды ұстадық. Алдап-арбаудың қыры мен сырын терең меңгерген кәнігі алаяқтар бүгінде адамды қақпанға түсірудің сан алуан нұсқасын біледі. Оқып шығып, өзіңізге сабақ алыңыз.
«Басымнан өткен оқиғаның есімде қалғандарын баяндап берейін. Өткенде айтқанымдай, басқаларға сабақ болсын. 12 маусым күні, сағат таңертеңгі ондар шамасында «қалалық энергожүйесінен» бір әйел қоңырау шалды. Айтуына қарағанда, біздің үйдегі электр есептегіштер ескіріпті, соны жедел ауыстыру керек. Сондықтан жеке куәліктегі көрсеткіштеріңіз қажет. Телефонында қалалық энергосетьттің логотипі тұр. Сендім. Түнімен жазу жазып, ұйқылы-ояу басым еш ойланбай деректерімді беріп жіберіппін. Іле-шала өзін «қаржы бақылау департаментінің» қызметкерімін деп таныстырған адам телефон шалды.
«Сіздің Egov-тағы барлық мәліметтеріңіз алаяқтардың қолына түсіп қалды. Неге бересіз, енді оларды іздестірумен, құрықтаумен біз айналысамыз. Бірақ бұл операция өте құпия жағдайда жүргізіледі, сіз ол туралы жақын-жұрағаттарыңызға да тіс жармайсыз», деп қадап айтты.
Одан кейін өз кабинетінен өзін «ҰҚК майорымын» деп таныстырған Мальтиев деген адам видеотелефон шалып, барлығын өзі бақылауында ұстайтынын ескертті. Тағы «бәрі конфиденциально, сіз азамат ретінде алаяқтарды ұстауға көмектесуге міндеттісіз, әйтпесе қылмыстық кодекс бойынша жазаға тартыласыз» дегенді қатты ескертті. Бәрі, міне, осыдан басталды. Одан кейін бір жағынан қатты сенген, екінші жағынан еңсем түскен басым солардың жетелеуіне ілесіп кете беріппін. Оны, әрине, кейін, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін түсіндім. Содан кейін олар мынау сізге көмектесетін «мықты адвокат» деп Абай деген жігітті ұсынды. Осы үшеуміз іс жүргіземіз деді. Үшеуі үш түрлі номермен байланысқа шығып отырды.
Сонан кейінгі схема былай жалғасты. Ол кезде оның алаяқтық жол екенін қайдан білейін. Өткенде жазғанымдай, телефондық гипноз болуы да ықтимал. Күнделікті өмірде ақшамды бір банк карточкасынан екінші банктің карточкасына өзім аудара алмай, қызым көмектесетін. Ал бұл жерде бүкіл ақшамды өзім шешіп берген екенмін. Сол күні ғой деймін, айқын есімде жоқ, «сіздің атыңыздан біреулер төрт миллион теңге кредит алып үлгеріпті, соны жабу керек, ақшаңыз ешқайда кетпейді, «Ұлттық банктің» есебінде тұрады. Касса 24 деген терминалға салыңыз», деді. Олар көрсеткен мекен-жайларға барып, бірнеше терминалдан жіберіп отырыппын. Артынша олар «Ұлттық банкке» салынған ақшаның көшірмесін жіберді. Одан кейін жедеқабыл, ертеңінде ғой деймін, сіздің есебіңіздегі ақшаға қауіп төніп тұр, соны Халық банктен шешіп алыңыз, біз курьер жібереміз, ол да «Ұлттық банктің» есебіне түседі, ақшаңыз ешқайда кетпейді деп сендірді.
Сонан соң қорымдағы бес миллион теңгені шешіп алып курьерге беріппін. Курьермен кездесу сағат төрттер мөлшерінде Әуезов көшесі мен Абай даңғылындағы Халық банктің алдында өтті. Курьердің суретін түсіріп алдым, ар жағымда бір күдік жылт етті ме, кім білсін. Бірақ кешкі сегіздер мөлшерінде (қателесуім де мүмкін) ақшаның «Ұлттық банк» есебіне түскені туралы мәлімет келді. Имандай сендім.
Содан кейін сіздің Egov-тағы барлық деректеріңізді жаңалау керек, сондықтан үйіңізді нотариус арқылы нарықтық бағадан төмен қаржыға сатыңыз, үй де, ақша да ешқайда кетпейді, «Ұлттық банк» есебіне түседі деді. Бұның бәрі деректеріңізді жаңалау үшін істеліп отырған міндетті шара деді. Бір жағынан сендім, сендірді ме, қазір айқын есімде жоқ. Қазір қарасам, мені жарты айдан астам уақыт бойы «жетелеп» жүріпті. Шындығын қазір ес жиғанда түсініп отырмын, ол кезде бәрін өз еркіммен істедім деп айта алмас едім. Сөйтіп, үйімді 26 маусымда 31 миллион теңгеге нотариус арқылы саттым. Олар менің атымнан Крыша сайтына үйдің сатылып жатқаны туралы хабарландыру салады. Одан кейін екі кибералаяқтың нұсқауы бойынша ақшаны кешкісін сағат сегіздерде курьермен «КНБ-ның точкасына» жөнелттім. Олар бір-екі сағаттан кейін ақшаның «Ұлттық банктің» есебіне түскенін хабарлап, чектің көшірмесін жіберді. «Барлығы дұрыс болады, сіздің Egov-тағы деректеріңіз

😱5❤2
толық жаңаланып жатыр, енді алаяқтар оған кіре алмайды, онымен Абай адвокат айналысып жатыр», деді.
Пәтер сатып алушылармен өзіміз айналысамыз, қам жемеңіз, өзіміз айтамыз деп уақыт созып, жазуын тоқтатпады. Ал мені үйді сатып алған отбасы «пәтерді қашан босатасыз?» деп, алқымымнан қысты. Алданғанымды тек 4 шілдеде ғана білдім. Оны алаяқтардың өздері сатып алушылар үйіме полициямен келген кезде былай деп хабарлады: «Вы попались на уловку мошенников. Вы не один такой. Вы уже были в базе. Не я, это сделал бы кто-то другой. Самое главное, не переживайте, подумайте о дочке и внучке. Работа у вас есть, а все остальное дело наживное».
Есімнен танып қалдым. Ар жағы не болғаны нақты есімде жоқ. Шәкірттеріме хабарласып, мән-жайды айттым. Қыздарым ол кезде шетелде. Студенттерім үйге келіп, сатып алушыларды кіргізбей, оларға өздері қолма-қол 350 мың теңге жинап, бір айға пәтер жалдап берген. Полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалып, үй арестке қойылды. Қазір «гипнозға» түсіп қалып, банк қосымшаларын жүктеп, пәленбай миллиондап кредит алып қойған талай адам туралы естіп те жатырмыз. Дәл менікіндей схема бойынша алданып қалған ҚР еңбегі сіңген архитектор туралы да оқыған боларсыздар. Алаяқтар арбауына түсіп қалған жалғыз мен емес. Мұндай жағдайлардың көбісі қоғам назарына ілікпей, жабулы қазан күйінде қалып жатыр. Зардап шегіп жатқан қарапайым халық. Мен бұл ақпаратты сіздерге, туған-туысқандарыңызға сабақ болсын деген оймен жариялап отырмын.
Екіншіден, үйімді сатып алған 4 баласы бар отбасы да кибералаяқтардың құрбаны болып отыр. Оларға 5 шілдеге дейін 33 миллион жинап береміз деп уағдаласқанбыз. Өкінішке қарай, ол уәдемізде тұра алмадық. Тиісті ақша жиналмады. 2 күн бұрын сатып алушылардың жалдамалы үйіне 3 шәкіртім мен қызым барып, бізге тағы 25 тамызға дейін уақыт беруге әрең көндірді. Енді бізде 3 аптадай ғана уақыт бар.
500 мың теңге задатогын қолдарына бердік. Қазіргі уақытта 5 683 231 теңге жиналды. Енді 26 миллион 816 мыңдай ақша керек. Өзімнің жағдайымды баяндадым. Амалдың жоғынан қалың жұртшылықтан, өздеріңізден көмек сұрауға мәжбүрмін».

🔥4😢4
Forwarded from 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
Көп балалы отбасыларға сұрақ: айлық жалақыдан ұсталатын салықты азайтуға арыз жаздыңыз ба?
Биыл (2025) 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізілген еді. Сол өзгерістердің ішінде көп балалы отбасыларға жеке табыс салығы бойынша (ЖТС/ИПН) арнайы шегерім қарастырылған.
Нақты не өзгерді?
Жеңілдік көлемі өзгеріп отыр:
Көп балалы отбасыдан ұсталатын жылдық салық шегерімі 282 АЕК/МРП-дан аспауы керек. 2025 жылы ол — 1 108 824 теңге.
Бұл жеңілдік отбасына нақты қандай пайда әкеледі?
Айлықтан ұсталатын салық азаяды — ақша қалтада қалады. Яғни, осы жаңа шегерімдер арқылы ай сайынғы табыстың белгілі бір бөлігіне салық салынбайды деген сөз.
Сонда таза қолға алатын табыс көбейеді. Әр айда салықтан үнемделетін ақша — орта есеппен 8 000–12 000 теңге немесе одан да көп болуы мүмкін.
Не істеу керек?
Заңды берік ұстанатын мекемелер мен ұйымдардың бухгалтериясы қызметкелерге тиісті арыз жазуға ұсыныс білдіріп, өздері шақырады. Кейбір ұйымдарда заңнан, соңғы өзгерістерден/жаңалықтардан сауаты бар жұмысшылар өздері жүгіріп жүріп арыз тапсырып, бухгалтерияға тиісті құжаттарын өткізіп жатады.
Жылдың бел ортасынан асып кеттік қой деп қолды сілтей салуға асықпаңыз. Әлі де кеш емес. Егер жыл басында салықтық шегерімге арыз жазып, құжат тапсырмаған болсаңыз (немесе еске түсіре алмасаңыз), бухгалтериядан сұратуға болады. Қазір де осы шаруаны аяғына дейін жеткізуге қақыңыз бар. Есепші мамандар тиісті салық есебін шығарып, шегеретінді шегеріп беруі керек.
Ата-ананың екеуі де өз ұйымынан осыны пысықтап алғаны жөн.
Көп құжат жинаудың да қажеті жоқ. Бұл шегерімді алу үшін жұмыс орныңыздағы бухгалтерияға көп балалы отбасы мүшесі екеніңізді дәлелдейтін:
🔸 балалардың туу туралы куәліктерін;
🔸 салық шегерімін қолдану туралы өтініш беру жеткілікті.
Сонда ғана жұмыс беруші бұл шегерімді ай сайын автоматты түрде қолдана бастайды.
https://yangx.top/qarzhylyq_sauat

👍3
🏠 Ипотека рәсімдеу – үйлі болу ғана емес, үлкен жауапкершілік. Қазір несие мөлшерлемелері жоғары, ал халықтың табысы тұрақты емес. Осындай жағдайда ипотекалық несиені қалай тиімді пайдалануға болады? Қайта қаржыландыру жасау жолдары қандай?
✅ Бұл сауалдарға біздің тұрақты сарапшымыз Назгүл Сәрке жауап береді.
«
🔹 Ол сонымен қатар «Отбасы банк» несиесінің басқа банктерден айырмашылығы бар дейді.
📄 Сарапшы кеңесімен толық танысамын десеңіз, сілтемеге өтіңіз.

Ипотеканы мерзімінен бұрын ішінара өтеу үшін банкке барып немесе мобильді қосымша арқылы өтініш бересіз. Кейбір банк қосымшаларында өтінішсіз бірден мерзімінен бұрын ішінара өтеу функциясы қосылған. Ең тиімдісі – артық ақшаны ай сайынғы төленетін төлемді жасап алғаннан кейін ертеңіне немесе сол күні төлеу керек.Сонда банк комиссиясы 1 күнге ғана есептеледі, түскен ақша банк комиссиясын емес, жалпы берешекті жабады. Осы жерде айта кететін жайт, алдын ала банктен ішінара өтеу туралы ақпарат алыңыз, себебі әр банктің талабы әртүрлі. Кейбірі кез келген соманы алса, кейбірі ең кемі 2 айдың төлемін сұрайды», дейді сарапшы.
🔹 Ол сонымен қатар «Отбасы банк» несиесінің басқа банктерден айырмашылығы бар дейді.
📄 Сарапшы кеңесімен толық танысамын десеңіз, сілтемеге өтіңіз.
🔥2
✅ Алдын ала сатып алулар арқылы клиенттердің құқықтарының сақталуын бақылау
✅ Жеке тұлғалардың қарыздарын өтеу тәртібін үйлестіру
✅ Шарттарды келісу және қаржылық өнімді ілгерілету кезінде тұтынушылар үшін тәуекелдерді талдау
✅ Шағымдарды қарау процестерінің тиімділігін және қызмет көрсету сапасын бағалау
✅ Банктің қаржылық өнімдерін ілгерілету және жарнамалау тәжірибесін талдау
«Қаулы сондай-ақ белгілі бір факторлар орын алған кезде жеке тұлғаларды тәуекел деңгейі жоғары қарыз алушылар ретінде жіктеу өлшемшарттарын белгілеу бөлігінде жеке тұлғалардың кредит қабілеттілігін бағалауға қойылатын талаптарды күшейтуді көздейді. Агенттік сондай-ақ жеке тұлғалардың өмірлік жағдайларын бағалауға байланысты олардың берешегін реттеу жөнінде кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібінің болуына қойылатын талаптарды күшейтуде», делінген мәлімдемеде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥2
Forwarded from Usbanov ARNASY (Tomiris Maratqyzy)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысының Үлкен ауылында Балқаш көлінің жағасында еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды.
⚡4