Ресми: бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
"ХОК-ның боксты Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына қосу туралы шешімі – World Boxing пен бүкіл Олимпиада комиссиясының мақсатты жұмысының көптен күткен нәтижесі. Бұл – мыңдаған спортшының арманын сақтап қалу деген сөз", - деді Олимпиада комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ -тен оқи аласыз.
t.me/kaznurkz

Air Astana Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағытында ұшатын жолаушыларға үндеу жасады
"Air Astana әуекомпаниясы Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағыттарындағы KC663/664 рейстер 21 наурыздан 22 наурызға шегерілгенін хабарлайды.
Рейстің кешіктірілуіне электр подстанциясындағы өрт салдарынан Хитроу әуежайында электр құрылғыларының істен шығуы себеп болды", - делінген әуекомпаниясының хабарламасында.
Компания өкілдері рейс статусын әуекомпанияның сайтынан тексеріп отыру қажеттігін еске салды.

⚡️Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
Президент Expo көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды. Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
"Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастархан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді.
Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор. Себебі біздің дініміз бен дәстүріміз – егіз. Қос қазынамыз халқымыздың бірегей болмысын айшықтай түседі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы жұртшылықпен бірге мерекелік концертті тамашалаған.

Трамп, Путин, Си Цзиньпин, Ердоған: Тоқаевты Наурыз мейрамымен кім құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Олардың арасында АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бар.
Сонымен қатар мемлекет басшысын Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Татарстан, Иран, Палестина президенттері, бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтаған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🥉Анастасия Городко – Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, фристайл-могулдан ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді.
Анастасия параллель-могул сайысындағы кіші финалда АҚШ спортшысынан басым түсіп, қола медальға ие болды.

Аты аңызға айналған боксшы Джордж Форман қайтыс болды
Джордж Форман 76 жасында дүниеден өтті. Бұрынғы екі дүркін чемпионның қайтыс болғанын оның отбасы хабарлады.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: S. Weiner/IMAGES/Getty Images

Қазақстанның үш облысында үш республикалық маңызы бар жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" хабарламасына сәйкес, бүгін таңғы сегіздегі жағдай бойынша, еріген қар суларының салдарынан мына жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған:
Ақтөбе облысы:
- "Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- "Мариновка ауылына кіреберіс" автожолының 9 шақырым аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Барлық учаскеде айналма жолдар қарастырылған.
Фото: pixabay.com

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстауда тұрғындар қазақтың ұлттық киімімен әлемдік рекорд орнатты
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, "Қазақ ұлттық киімін киген адамдар саны" бойынша Гиннесс рекордын орнатты.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Instagram / tamara_assar_official

ERG мен Еуразиялық банк акционері Александр Машкевич қайтыс болды
Eurasian Resources Group (ERG) пен Еуразиялық банк акционері Александр Машкевич қайтыс болды. Танымал кәсіпкер 72 жасында дүниеден өтті.
Фото: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 21 градус, түнде 10 градус жылы болады.
Астанада синоптиктердің болжауынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны -1 градусты көрсетеді, түнде 7 градусқа дейін аяз.
Шымкентте де бүгін бұлтты болады деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі, түнде 12 градус жылы болады.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан елшілігі Түркияда жүрген ел азаматтарына үндеу жасады
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Стамбұлдағы жағдайға байланысты қазақстандықтарды халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулығын орындауға шақырды.
Сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға кеңес берді.
Сонымен қатар Қазақстан елшілігі желіде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және қазіргі оқиғаларға қатысты жеке баға беріп, пікір айтудан аулақ болу маңызды екенін атап өтті.

ТЖД өкілдері Алматы облысының тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады
24-25 наурыз аралығында Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, сондай-ақ Алматы қаласына іргелес аумақтарда нөсер жауады деп болжанып отыр.
"Қазгидромет" мәліметінше, қатты жауын-шашын әсерінен көлбеу ағын пайда болуы мүмкін және өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Бұл судың арналардан шығу және су басу қаупін туғызады.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райы болжамын мұқият қадағалауға, сақтық шараларын есте ұстауға және қажетті қауіпсіздік шараларын уақытылы қабылдауға шақырады.

Қайырлы таң!
Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,5 м/с болмақ.
Астанада аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -1 градус, түнде -10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,3 м/с болады.
Шымкентте жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз термометр бағаны 16 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,9 м/с деңгейінде болмақ.

"Қолымнан келеді деп ойлаймын": Мейрамбек Бесбаев кино түсіруге дайындалып жатыр
Әнші желідегі парақшасында сценаристер іздеп жатқанын жазып, жазба жариялады.
"Қазыргі кездері "кино" түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын. Күзге дейін қабылдаймыз +77017772622 Алмас", - деп жазды Мейрамбек желі парақшасында.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Instagram / m_besbaev