IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
550 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​2023 жылдың 6 айында Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірістері 11,38 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 14,8%-ға артық (2022 жылдың 6 айында 9,92 трлн теңге).

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, қарастырылып отырған кезеңдердегі мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің құрылымы бірдей: ең үлкен үлесті салық түсімдері мен трансферттер түсімдері құрайды.

Бұл ретте салық түсімдері дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып қала береді – 2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы барлық кірістерден 78,9% (8,98 трлн теңге) (2022 жылғы 1 жартыжылдықтағы 72,1% немесе 7,15 трлн теңге).

Трансферттер түсімдері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің төрттен бір бөлігін құрайды – 2023 жылғы 1 жартыжылдықта 18,8% (2022 жылғы 1 жартыжылдықта 24,6%).

Осылайша, талданып отырған кезеңде Ұлттық қордан трансферттер 2,14 трлн теңгені құрады, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 1,20 трлн теңге, нысаналы трансферттер – 0,94 трлн теңге.

Салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіндегі ең аз үлесті алады: 2023 жылдың 1 жартыжылдығында тиісінше 1,7% (0,20 трлн теңге) және 0,6% (0,07 трлн теңге).

#Кірістер #Бюджет #Қазақстан