IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
583 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​Ядролық қауіпсіздік әрқашан Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

ӘЭСИ сарапшысы Арман Тоқтышақов тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміз бүгінде жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы бола отырып, ядросыз әлем саясатын дәйекті түрде жүргізіп келе жатқанын еске салады.

Бұл саясаттың негізінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары жатыр, олардың ішіндегі ең маңыздылары Семей ядролық сынақ полигонын жабу, ал кейіннен әлемдегі 4-ші ядролық арсеналдан толық бас тарту болды.

Бұл Қазақстанға ядролық ірі мемлекеттерден қауіпсіздік кепілдігін беріп, халықаралық аренада антиядролық бастамалармен шығуға «моральдық» құқық берді.

А.Тоқтышақовтың айтуынша, Семей полигоны жабылғаннан кейін ядролық сынақтарға тыйым салу жаһандық сипатқа ие болды. Сонымен, Невада, Жаңа Жер, Лоб-Нора және Муруроадағы полигондар жабылды.

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы ядролық қаруды таратпаудың өңірлік жүйесін қалыптастыруға ықпал етті. Атап айтқанда, еліміздің бастамасы бойынша Орталық Азия ядролық қарудан азат аймағы (ОАЯҚАА) құрылды.

Қазақстанның антиядролық бастамалары жаһандық деңгейде белсенді ілгерілеп, қолдау тапты.

«Біріншіден, Қазақстанның бастамасы бойынша 2015 жылы БҰҰ-ның ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. Бұл қазақстандық антиядролық саясаттың халықаралық мойындалуының айғағы болды, сондай-ақ ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі міндеттерді әлемдік қоғамдастықтың қолдайтынын көрсетті. Екіншіден, Қазақстан 2017 жылы БҰҰ-да *Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт жобасын (ДЗЯО) *қолдаған елдердің қатарында болды. Шарт Ядролық қаруды иеленуге толық тыйым салуды ұйғаратын тарихтағы алғашқы заңды міндеттеуші құжат болғанын атап өткен жөн», - деп назар аударады Арман Тоқтышақов.

Соңында, 2017 жылы Қазақстанда МАГАТЭ аясында әлемде бірінші төмен байытылған уран банкінің ашылуы маңызды шешім болды, бұл елдерге уранды байыту жөніндегі бағдарламаларды өрістетпей-ақ бейбіт атом энергетикасын дамытуға мүмкіндік берді.

Осылайша, Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев негізін қалаған Қазақстанның антиядролық саясаты біздің еліміз үшін өзгеріссіз қалады.

«Бүгінгі таңда ірі әлемдік мемлекеттер тарапынан ядролық қару жарысының үздіксіз процесіне қарамастан, Қазақстан ядролық қаруды таратпау күн тәртібін ілгерілету бойынша дәйекті күш-жігер жұмсауды жалғастыруда. Біздің еліміз болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз ядросыз әлем құрудың маңыздылығын өз үлгісімен дәлелдейді», - деп түйіндеді ӘЭСИ сарапшысы.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Халықаралық_Қатынастар #АнтиядролықСаясат #Қазақстан #Елбасы #БҰҰ #МАГАТЭ

https://iwep.kz/#/posts/613ec6e45fb3932faa0f56a9/#header
​​Ядерная безопасность всегда являлась одним из ключевых элементов казахстанской внешней политики и дипломатии.

Эксперт ИМЭП Арман Токтушаков напоминает, что с первых дней независимости наша страна последовательно проводит политику безъядерного мира, заслуженно являясь на сегодня лидером глобального антиядерного движения.

В основе данной политики лежат инициативы Первого Президента Нурсултана Назарбаева, важнейшими из которых стало закрытие Семипалатинского испытательного ядерного полигона, а, в последующем, полный отказ от 4-го в мире ядерного арсенала.

Это предоставило Казахстану гарантии безопасности от ядерных держав мира и дало «моральное» право выступать на международной арене с антиядерными инициативами.

При этом, подчеркивает А. Токтушаков, после закрытия Семипалатинского полигона запрет на проведение ядерных испытаний приобрёл глобальный характер. Так, были закрыты полигоны в Неваде, на Новой Земле, Лоб-Норе и Муруроа.

Отказ Казахстана от ядерного оружия способствовал формированию региональной системы ядерного нераспространения. В частности, по инициативе нашей страны была создана Центрально-азиатская зона, свободная от ядерного оружия (ЦАЗСЯО).

Антиядерные инициативы Казахстана активно продвигались и поддерживались на глобальном уровне.

«Во-первых, по инициативе Казахстана в 2015 году была принята Всеобщая декларация ООН по достижению мира, свободного от ядерного оружия. Это стало свидетельством международного признания казахстанской антиядерной политики, а также показало поддержку мировым сообществом задачи по построению мира, свободного от ядерного оружия. Во-вторых, Казахстан был в числе стран, которые поддержали в 2017 году в ООН проект *Договора о запрещении ядерного оружия (ДЗЯО).* Следует отметить, что договор стал первым в истории юридически обязывающим документом, предписывающим полный запрет на обладание ядерным вооружением», - обращает внимание Арман Токтушаков.

Наконец, важным решением стало открытие в 2017 году в Казахстане первого в мире Банка низкообогащенного урана под эгидой МАГАТЭ, что дало возможность странам развивать мирную атомную энергетику без развертывания программ по обогащению урана.

Таким образом, антиядерная политика Казахстана, заложенная Первым Президентом – Елбасы Н. Назарбаевым, остается неизменной для нашей страны.

«Сегодня, несмотря на непрекращающийся процесс гонки ядерных вооружений со стороны крупнейших мировых держав, Казахстан продолжает прилагать последовательные усилия по продвижению повестки ядерного нераспространения. Наша страна на собственном примере доказывает важность построения безопасного безъядерного мира для будущих поколений», - резюмирует эксперт ИМЭП.

#ИМЭП #ИМЭП_Международные_Отношения #Антиядерная_Политика #Казахстан #Елбасы #ООН #МАГАТЭ

https://iwep.kz/#/posts/613ec6e45fb3932faa0f56a9/#header