19 мамыр күні Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2030 жылға дейінгі Қарулы Күштерді күшейту және дамыту Тұжырымдамасының жобасы қаралды, сондай-ақ шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шекараны барлық қауіп-қатерден сенімді қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін; шекара қызметі мен қарулы күштердің құрылысы үндестіріліп, бірыңғай стандарттар бойынша жүргізілуге тиіс екеніне ерекше назар аударды.
Осыған байланысты ӘЭСИ сарапшысы Арман Тоқтышақов мемлекеттік шекарадағы жалпы тұрақты жағдайға қарамастан, Қазақстан аумағы заңсыз көші-қон, есірткі тасымалы, қару контрабандасы үшін осал болып қалатынын ескерді. Халықаралық террористік ұйымдар мүшелерінің елге кіру қаупі сақталуда. Жалғасып жатқан індет жағдайында коронавирустық инфекцияның таралу қаупі төмендеп жатқан жоқ - бұл шекара қауіпсіздігіне де әсер етеді.
Арман Тоқтышақов осы факторлардың барлығы тек шекаралық қана емес, жалпы Қазақстанның әскери қауіпсіздігін ағымдағы жағдайларда тиімді және кешенді қамтамасыз етудің маңыздылығын айғақтайтынын атап өтті.
Елбасы өз сөзінде ҚР қарулы күштерінің асимметриялық және гибридті қатерлерге қарсы шығуға, жаңа технологияларды енгізуге және әскери үдерістерді басқаруды автоматтандыруға дайын болу қажеттігі туралы мәлімдеді.
Қазіргі әлемде гибридті соғыстар, «түрлі-түсті төңкерістер» мемлекетаралық қарама-қайшылықтың жаңа формасына айналды және соңғы жылдардағы оқиғалар осыған байланысты айқын болып табылады.
Жалпы әлемде геосаяси қарама-қайшылықтардың шиеленісуі ҚР әскери саясатында жаңа тәсілдерді қолданудың өзектілігін арттырады.
Қазіргі уақытта кез келген қауіп-қатерді бейтараптандыруға дайын болуға тиіс елдің қарулы күштерін технологиялық жетілдіру мен жаңғыртудың маңызы елеулі түрде артқаны анық.
Атап айтқанда, әскери басқару процесіне ақпараттық жүйелерді енгізу және Қазақстан армиясын озық цифрлық технологиялармен жабдықтау маңызды бола түседі.
«Осылайша, Елбасы белгілеген әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдер өте өзекті және уақтылы болып көрінеді. Олар қазіргі халықаралық жағдайға нақты сәйкес келеді және қазіргі заманғы қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған», - деп қорытындылады ӘЭСИ сарапшысы.
#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Саясат #Қауіпсіздік #ҚауіпсіздікКеңесі #ҚарулыКүштер #Елбасы

May 20, 2021