IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
541 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​11 мамырда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары тағы бір маңызды нысан - көпғасырлық тарихында мұндай жаңғыруды көрмеген Түркістан қаласының салынғанын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістанға көшіру туралы шешім қабылдағаннан кейін қала қазақстандықтар үшін ғана емес, халықаралық туристер үшін де тартымды болып табылатын жаңа тарихи-мәдени орталыққа айналды.

Қаланың тарихи-мәдени келбетін қалыптастыратын басты назар аударарлық орны - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі екені белгілі. Кесене Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының алғашқы нысаны болып табылады.

ӘЭСИ сарапшысы Арман Тоқтышақов атап өткендей, Түркістанның мәдени әлеуетін кеңейту және туристік тартымдылығын арттыру жаңа әлеуметтік-мәдени нысандардың ашылуына ықпал етеді.

Елбасының сапары барысында көрсетілген жаңа нысандардың қатарында «Керуен-Сарай» туристік кешенін, сондай-ақ Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылуын атап өткен жөн. Түркістан қаласы облыс орталығы деп жарияланған сәттен бастап қалада барлығы 257-ден астам нысан салынды.

«Түркістан қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі елдері үшін қасиетті қала және рухани орталық. Осыған байланысты қаланың түркі әлемінің рухани астанасы ретінде ресми түрде мойындалуы маңызды. Бұл шешім Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің таяудағы саммиті аясында қабылданды», - деп атап өтті А.Тоқтышақов.

Бұдан басқа, 2017 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне кіретін Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының шешімімен Түркістан қаласы түркі елдерінің мәдени астанасы болып жарияланды.

Сарапшы Елбасының бастамасымен болған Түркістанның өзгеруі және оған түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесінің берілуі қаланың жыл сайын белсенді дамып, аймақтық және халықаралық деңгейде танымал болып келе жатқан жаңа тарихи және мәдени орталық ретінде орнығуына ықпал ететінін атап өтті.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Мәдениет #Туризм #Түркістан #Елбасы
​​11 мамырда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды аралады, себебі қаланың дамуы елдің стратегиялық міндеттерінің қатарына кіреді.

Осыған байланысты ӘЭСИ сарапшысы Айман Жүсіпова бүгінгі таңда Түркі әлемінің рухани астанасын қайта құру және жаңғырту қарқыны теңдессіз болып табылатынын және көпғасырлық тарихы бар бірегей қаланың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осылайша, тек 2018-2020 жылдары қалада 257 нысан салынды.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің пікірінше, бүгінде ел астанасынан да жылдам дамып келе жатқан Түркістан халықаралық ауқымдағы бірегей орынға айналады. Қалада ортағасырлық және қазіргі заманғы сәулет ескерткіштері үйлесімін тапқан.

Елбасы қаланың бұрынғы ұлылығын жаңғырту жөніндегі жоспар оның асқақ арманы болғанын айтты. Осы мақсатта бірқатар стратегиялық шешімдер қабылданды, оның ішінде Шымкентті миллион халқы бар қала ретінде бөлу және 2018 жылғы маусымда жеке Түркістан облысын құру, қала мен жаңа облысты дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру.

Айта кететін болсақ, бүгінгі таңда Түркістанға құйылған инвестиция көлемі еліміз бойынша бірінші орында. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысқа 700 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталды. Осылайша, шетелдік инвестициялар көлемі екі есеге артып, 315 млн долларды құрады.

Шағын және орта бизнес те қуатты өсу қарқынын көрсетіп отыр - 140 мың ШОБ субъектісі. Кәсіпкерлер санының жүз пайызға жуық өсуі байқалды. Сонымен қатар, Түркістанда алғаш рет халықаралық деңгейдегі әуежай салынды.

Жаңартылған Түркістанның қарқынды дамуы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бағалауы бойынша, қала халқы санының өсуіне де оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде төрт жылда 26 мың жаңа пәтердің құрылысы жоспарланған.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев «біздің ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтап қалған халық тығыз орналасқан өңірде қаланың қайта өркендеуі мен құрылысы, ең алдымен, халық үшін жасалуда» деп атап өтті.

Айман Жүсіпова сондай-ақ өңірге осындай ауқымды инвестицияларды тартудың басқа да жақсы себептері - бұл халықты жұмыспен қамту, мәдениетті қайта құру, мәдени мұраны таныстыру және бүкіл әлемге Қазақстанның заманауи қарқынды даму деңгейі туралы атап өтті.

«Бүгінгі таңда Түркістан Түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды. Қалада бірқатар бірегей нысандардың құрылысы салынып, әлі де жалғасуда, инфрақұрылым дамып келеді, бұл тек еліміздің азаматтары үшін ғана емес, бүкіл әлемнің туристері үшін де қаланың тартымдылығына тікелей әсер етеді», - деп түйіндеді ӘЭСИ сарапшысы.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Мәдениет #Туризм #Түркістан #Елбасы

https://365info.kz/2021/05/nursultan-nazarbaev-vozrozhdenie-turkestana-osushhestvlyaetsya-v-pervuyu-ochered-dlya-naroda