IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
527 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты. Әуежай қаладан небәрі 20 шақырым жерде орналасқан және ең заманауи технологияларды пайдалана отырып, озық халықаралық стандарттарға сәйкес салынған.

Бірінші кезеңде Түркістанның жаңа халықаралық әуежайынан қазақстандық авиакомпаниялар Нұр-сұлтан, Алматы, Ыстамбұл сияқты қалаларға рейстер ашады. Алдағы уақытта Түркістан Қазақстанның негізгі облыс орталықтарымен қосылатын болады. Әуежайдың өткізу қабілеті — сағатына 450 жолаушы.

ӘЭСИ сарапшысы Айман Жүсіпова әуежайдың жұмыс істеу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін талдап, маңызды қорытындыға келді - Түркістанның жаңа әуе айлағы азаматтардың авиатасымалдау қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін береді. Оның ішінде, Түркістан әуежайы шетелдік әуе компанияларының ұшулары үшін «ашық аспан» режиміне қосылатындықтан, бұл шетелдік туристер мен транзиттік жолаушылар ағынын тартуға ықпал етеді. Ауқымды жобаның толық бағасын төмендегі сілтемедегі материалдан оқыңыз.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Авиация #Түркістан
​​Жақында Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына барып, өңірдің даму жоспарларымен танысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің сапары барысында 2018 жылғы әкімшілік-аумақтық өзгерістер Түркістанды жаңғырту бағытында қажетті қадам жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

ӘЭСИ сарапшысы Лидия Пархомчик атап өткендей, қалада және облыста жүргізіліп жатқан өзгерістердің мақсаты өңірді республикалық бюджеттен түсетін түсімдерді алушыдан донорға айналдыру.

Бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға ықпал етуі керек. Әрине, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту ең тиімді бағыттардың қатарына жатады.

Қазірдің өзінде Түркістан туризмнің ең тартымды бағыттарының бірі болып табылады, ал туристер саны жыл сайын 1 млн адамнан асады. Осыған байланысты ӘЭСИ сарапшысы Әмина Жарылғапова туристік ағынның өсу динамикасына жаңа халықаралық әуежайдың, Конгресс-Холлдың жаңа ғимаратының, сондай-ақ Rixos Turkestan сияқты жоғары классты қонақ үйлердің ашылуы жақсы әсер етуі тиіс екеніне назар аударады.

Әмина Жарылғапованың пікірінше, жалпы Түркістан алдында үлкен перспективалар ашылуда. Мысалы, кезінде көптеген адамдар Тұңғыш Президенттің Қазақстанның жаңа астанасын дамыту туралы идеясына күмәнмен қарады. Соған қарамастан, қысқа уақыт ішінде елорда миллиондық қалаға айналды, ол бүгінде елдің ЖІӨ-нің шамамен 10%-ын құрайды.

Осылайша, Түркістан мен Түркістан облысы кешенді тәсіл арқылы бүкіл Оңтүстік Қазақстанның өсуі мен дамуының негізгі драйверлерінің біріне айналуы мүмкін.

Бұл туралы толығырақ біздің материалдарымыздан осы посттағы төмендегі сілтемелер бойынша оқыңыз.

https://www.caravan.kz/news/turkestan-novyjj-centr-ehkonomicheskogo-prityazheniya-677827/

https://www.caravan.kz/news/turkestan-novyjj-centr-rosta-677835/

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Туризм #БүгінгіСан #Түркістан
​​«ТҮРКСОЙ, ТүркПА (Парламенттік Ассамблея), Түркі академиясын қоса алғанда, түркі елдері ынтымақтастығының барлық негізгі құрылымдары, сондай-ақ ТМЫК Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды, оған 2019 жылы Түркі кеңесінің дамуына қосқан тарихи үлесі үшін алғыс ретінде Түркі кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді. Өз кезегінде, Қазақстан ТМЫК-ті одан әрі нығайтуға және дамытуға мүдделі. Түркі интеграциясы біздің егемендігімізді нығайтып, Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі векторлардың бірі болып табылады. Түркі кеңесінің арқасында біз түркі елдерімен жүйелі және көпжақты негізде жұмыс істеуге мүмкіндік аламыз», - деп атап өтті Ж.Сарабеков.

Сарапшының пікірінше, өткен онжылдықты ұйымның белсенді қалыптасу кезеңі деп санауға болады, ал бүгінде Кеңес өзінің дамуындағы жаңа кезеңге жақындап келеді. Ең алдымен, ол кеңесті түркі мемлекеттерінің толыққанды ұйымына айналдыру міндетімен байланысты. Осы тұрғыда ӘЭСИ сарапшысы осы идеяның авторы болып табылатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті саммит шеңберіндегі сөйлеген сөзіне назар аударады. Өз сөзінде ол Қазақстанның серіктестері кеңестің жұмыс деңгейін толық форматты халықаралық ұйымға дейін көтеру бастамасын қолдағанын мәлімдеді. Тиісті ереже Түркістан декларациясында жазылады. Осылайша, ТМЫК жақын арада түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) қайта ресімделетін болады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілеген тағы бір маңызды сәт Транскаспий транспорттық дәлізі бойынша түркі елдерінің ынтымақтастығын дамытуға байланысты. Атап айтқанда, ол Баку мен Ереван арасында қол жеткізілген бейбіт келісім Каспий теңізінің Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалдаудағы рөлін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«44 күндік соғыс нәтижесінде Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру және оңтүстік Кавказдағы көлік дәліздерінің құлпын ашу Еуразияның интеграциясы үшін зор мүмкіндіктер аша отырып, түркі әлемінің тұтас географиялық кеңістігін қалыптастырады. Егер Түркі кеңесінің қатысушылары нәтижесінде өзара сенімді логистикалық көпірді орната алатын болса, онда Оңтүстік Кавказдан Каспий арқылы Орталық Азияға шығатын «Тұран дәлізі» түркі әлемінің географиялық кеңістігін біріктіруге және оның барлық қатысушыларына, соның ішінде Қазақстанға да орасан зор экономикалық пайда алуға мүмкіндік беретін серпінді транзиттік бағытқа айналады», - деп түйіндеді Жұмабек Сарабеков.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Халықаралық_Қатынастар #ТМЫК #Түркістан

https://www.inform.kz/ru/tyurkskaya-integraciya-yavlyaetsya-odnim-iz-klyuchevyh-vektorov-v-kazahstanskoy-vneshney-politike-ekspert_a3770848
​​31 Наурызда онлайн форматта Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Саммиті өтті. Бұл түркі әлеміндегі жан-жақты кооперацияны тереңдету мәселелері талқыланған Түркі елдері көшбасшыларының тоғызыншы саммиті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Түркістанға Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін беру. Кездесуді ұйымдастырушы құқығындағы саммитті ашқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл түркі өркениетін жаңғырту міндетінің айрықша маңыздылығын атап өтті. Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Ерлан Мәдиев атап өткендей, Түркістанның барлық түркі халықтары үшін басты символдық мәні бар және ол бүкіл түркі әлемін интеграциялау үшін жинақтаудың маңызды идеологиялық нүктесі болуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан жаңа, аттас облыстың облыс орталығы ретінде бөлінген болатын. Соңғы жылдары қалаға қомақты қаржы бағытталды, соның арқасында Түркістан қуатты даму серпініне ие болды. Осылайша, қаланы түркі интеграциясының орталықтарының біріне айналдыру үшін алдын ала барлық жағдайлар жасалған, оның өзектілігі соңғы жылдары күрт өсті.

Ерлан Мәдиев еліміздің сыртқы саясатындағы түркі бағытының өсіп келе жатқан маңыздылығы бірнеше факторға байланысты екеніне назар аударады.

Біріншіден, өзінің ресми құрылған сәтінен бастап 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кеңеске қатысушылар құрамы кеңейтілді. Осылайша, 2019 жылы Өзбекстан құрылымның әлеуетін едәуір кеңейте отырып, ұйымға толық мүше ретінде кірді. 2018 жылы Венгрия ұйымға бақылаушы ретінде қосылды, бұл әлемнің басқа елдерінің, соның ішінде еуропалықтардың да кеңеске деген қызығушылығын арттырады, - деді ол.

Түрікменстан ұйымға кірген жағдайда Кеңес Адриатикалық теңізден Қытайға дейінгі бүкіл түркі кеңістігін толығымен қоршап алады.

Екіншіден, соңғы жылдары елдер арасындағы кооперация неғұрлым прагматикалық және мазмұнды сипатқа ие болды. Егер алғашқы кезеңдерде гуманитарлық және мәдени байланыстарды дамытуға басты мән берілсе, Түркі кеңесі құрылған сәттен бастап сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды тереңдету мәселелері, сондай-ақ трансқұрлықтық транзиттік дәліздерді дамыту мәселелері алдыңғы қатарға шықты.

Кеңес жанында сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын төрт жұмыс тобы жұмыс істейді. Сондай-ақ Түркі кеңесінің Іскерлік кеңесі мен түркі сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды. Сонымен қатар, мүше елдер капиталы $500 млн болатын түркі инвестициялық қорын құру мәселесін талқылауда.
Үшіншіден, пандемиядан кейінгі кезеңде түркі кеңістігі экономикалық өсудің маңызды нүктесіне айналуы мүмкін.

Түркі елдерінің экономикалық әлеуеті зор. Түркі кеңесі елдерінің жиынтық нарығы шамамен 150 млн. адамды құрайды. Ағымдағы бағаларда оған мүше елдердің жалпы ЖІӨ 2019 жылы 1,218 трлн долларға бағаланды.

Бұл ретте ТМЫК-ның барлық дерлік елдері экономикалық өсуді ұлғайту үшін елеулі әлеуетті сақтайды. Мысалы, пандемияға дейін Standard Chartered сарапшылары Түркия 2030 жылы әлемнің 5-ші ірі экономикасы болады деп болжаған.

Төртіншіден, Әзірбайжанның өткен жылы Таулы Қарабақты деоккупациялау үшін соғыста жеңіске жетуінің қорытындысы бойынша Тұран дәлізін ашу перспективасы түркі елдерінің көлік байланысын одан әрі арттыруға және Кеңес кеңістігін Еуразияның негізгі транзиттік дәлізіне айналдыруға қуатты серпін береді. Осылайша, Ерлан Мәдиев бүгінгі таңда түркі интеграциясы — жақын туысқан халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың жандануы ғана емес, Қазақстан үшін сыртқы экономикалық белсенділіктің перспективалы бағыты екенін атап өтті.

Қазіргі таңда Кеңес Қазақстанның белсенді ұстанымының арқасында өз дамуының негізгі кезеңіне аяқ басты. Өзара іс-қимылдың оң серпіні сақталған жағдайда Түркі Кеңесі Қазақстан үшін аса маңызды геосаяси активтердің біріне айналуға қабілетті.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Халықаралық_Қатынастар #ТүркіКеңесі #ТМЫК #Түркістан

https://www.zakon.kz/5063665-na-pervyy-plan-vyshla-ekonomika-ekspert.html
​​11 мамырда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары тағы бір маңызды нысан - көпғасырлық тарихында мұндай жаңғыруды көрмеген Түркістан қаласының салынғанын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістанға көшіру туралы шешім қабылдағаннан кейін қала қазақстандықтар үшін ғана емес, халықаралық туристер үшін де тартымды болып табылатын жаңа тарихи-мәдени орталыққа айналды.

Қаланың тарихи-мәдени келбетін қалыптастыратын басты назар аударарлық орны - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі екені белгілі. Кесене Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының алғашқы нысаны болып табылады.

ӘЭСИ сарапшысы Арман Тоқтышақов атап өткендей, Түркістанның мәдени әлеуетін кеңейту және туристік тартымдылығын арттыру жаңа әлеуметтік-мәдени нысандардың ашылуына ықпал етеді.

Елбасының сапары барысында көрсетілген жаңа нысандардың қатарында «Керуен-Сарай» туристік кешенін, сондай-ақ Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылуын атап өткен жөн. Түркістан қаласы облыс орталығы деп жарияланған сәттен бастап қалада барлығы 257-ден астам нысан салынды.

«Түркістан қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі елдері үшін қасиетті қала және рухани орталық. Осыған байланысты қаланың түркі әлемінің рухани астанасы ретінде ресми түрде мойындалуы маңызды. Бұл шешім Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің таяудағы саммиті аясында қабылданды», - деп атап өтті А.Тоқтышақов.

Бұдан басқа, 2017 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне кіретін Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының шешімімен Түркістан қаласы түркі елдерінің мәдени астанасы болып жарияланды.

Сарапшы Елбасының бастамасымен болған Түркістанның өзгеруі және оған түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесінің берілуі қаланың жыл сайын белсенді дамып, аймақтық және халықаралық деңгейде танымал болып келе жатқан жаңа тарихи және мәдени орталық ретінде орнығуына ықпал ететінін атап өтті.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Мәдениет #Туризм #Түркістан #Елбасы
​​11 мамырда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды аралады, себебі қаланың дамуы елдің стратегиялық міндеттерінің қатарына кіреді.

Осыған байланысты ӘЭСИ сарапшысы Айман Жүсіпова бүгінгі таңда Түркі әлемінің рухани астанасын қайта құру және жаңғырту қарқыны теңдессіз болып табылатынын және көпғасырлық тарихы бар бірегей қаланың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осылайша, тек 2018-2020 жылдары қалада 257 нысан салынды.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің пікірінше, бүгінде ел астанасынан да жылдам дамып келе жатқан Түркістан халықаралық ауқымдағы бірегей орынға айналады. Қалада ортағасырлық және қазіргі заманғы сәулет ескерткіштері үйлесімін тапқан.

Елбасы қаланың бұрынғы ұлылығын жаңғырту жөніндегі жоспар оның асқақ арманы болғанын айтты. Осы мақсатта бірқатар стратегиялық шешімдер қабылданды, оның ішінде Шымкентті миллион халқы бар қала ретінде бөлу және 2018 жылғы маусымда жеке Түркістан облысын құру, қала мен жаңа облысты дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру.

Айта кететін болсақ, бүгінгі таңда Түркістанға құйылған инвестиция көлемі еліміз бойынша бірінші орында. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысқа 700 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталды. Осылайша, шетелдік инвестициялар көлемі екі есеге артып, 315 млн долларды құрады.

Шағын және орта бизнес те қуатты өсу қарқынын көрсетіп отыр - 140 мың ШОБ субъектісі. Кәсіпкерлер санының жүз пайызға жуық өсуі байқалды. Сонымен қатар, Түркістанда алғаш рет халықаралық деңгейдегі әуежай салынды.

Жаңартылған Түркістанның қарқынды дамуы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бағалауы бойынша, қала халқы санының өсуіне де оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде төрт жылда 26 мың жаңа пәтердің құрылысы жоспарланған.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев «біздің ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтап қалған халық тығыз орналасқан өңірде қаланың қайта өркендеуі мен құрылысы, ең алдымен, халық үшін жасалуда» деп атап өтті.

Айман Жүсіпова сондай-ақ өңірге осындай ауқымды инвестицияларды тартудың басқа да жақсы себептері - бұл халықты жұмыспен қамту, мәдениетті қайта құру, мәдени мұраны таныстыру және бүкіл әлемге Қазақстанның заманауи қарқынды даму деңгейі туралы атап өтті.

«Бүгінгі таңда Түркістан Түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды. Қалада бірқатар бірегей нысандардың құрылысы салынып, әлі де жалғасуда, инфрақұрылым дамып келеді, бұл тек еліміздің азаматтары үшін ғана емес, бүкіл әлемнің туристері үшін де қаланың тартымдылығына тікелей әсер етеді», - деп түйіндеді ӘЭСИ сарапшысы.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Экономика #Мәдениет #Туризм #Түркістан #Елбасы

https://365info.kz/2021/05/nursultan-nazarbaev-vozrozhdenie-turkestana-osushhestvlyaetsya-v-pervuyu-ochered-dlya-naroda