IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
495 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Лидия Пархомчик БАҚ-та пайда болған АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстандағы азаматтық қоғам институттарын нығайтуға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға 1,5 млн доллардан астам қаражат бөлетіні туралы ақпаратқа түсінік берді.

Әрине, бұл қаражат ішкі тұрақтылықты әлсіретуге бағытталуы мүмкін деген пікірлер айтылды, бұл үшін себептер бар секілді. Алайда, ӘЭСИ сарапшысының пікірінше, нақтырақ қарағанда мұндай бағалаудың ангажирлік сипаты байқалады.

Біріншіден, Л.Пархомчиктің пікірінше, қазақстандық саяси элиталар жеткілікті түрде шоғырланған және азаматтық сектормен және ҮЕҰ-мен байланыс арналарын жолға қоюға тұрақты қабілеттілігін көрсетеді.

Еліміздің даму бағыттарына негізделген, Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілеген «халық үніне құлақ асатын мемлекет» іске асырылып жатқан тұжырымдамасы мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты диалогты қамтамасыз етеді.

Екіншіден, қазақстандық саяси истеблишменттің елдің саяси және экономикалық кеңістігін жаңғырту жөніндегі одан арғы қадамдар туралы нақты түсінігі бар. Ел басшылығына деген сенімнің сақталып отырған жоғары және тұрақты деңгейі жүргізіліп жатқан реформалардың уақтылылығын көрсетеді, - деп қосты Пархомчик.

Үшіншіден, ол Қазақстанның даму стратегиясының негізінде табысты экономикалық реформаларды дәйекті саяси трансформациямен ұштастырудың маңыздылығын түсіне білу қабілеттілігі.

Сонымен бірге, ол жүйесіз саяси ырықтандырудың, оның ішінде сырттан ынталандырылатын кез-келген әрекеттері тұрақсыздандыру қаупін арттырады және тіпті аумақтың жоғалуына немесе ауыр әскери жеңіліске әкелуі мүмкін екенін атап өтті, бұл соңғы тарихтың мысалдарымен, соның ішінде кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте айқын көрінеді.

«Мемлекеттің үйлесімді дамуы билік пен қоғамның тұрақты сенімді диалогымен ғана мүмкін болатыны анық. Алайда, бұл ретте азаматтық қоғамды нығайту елдің тарихы мен мәдениетінің ішкі ерекшелігін ескермейтін сырттан әкелінген шетелдік үлгілер бойынша өтпеуге тиіс», - деді Пархомчик.

ӘЭСИ сарапшысы мұндай жағдайларда мемлекет қоғамдық-саяси белсенділіктің кез-келген деструктивті нысандарына, олар қайдан пайда болса да, қарсы тұруға әрқашан ұмтылатыны заңды деп санайды.

Атап айтқанда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шетелдік ықпал ету агенттерімен күрес барлық демократияларда қолданылған және қолданылады, оның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда да терең тарихи тамыры бар. Ұлттық мүдделерді қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету кез-келген мемлекеттің басты басымдығы екені анық.

«Сондықтан да Қазақстан үшін елдің тұрақты және жанжалсыз дамуының негіздерін ондаған жылдарға алға қоя отырып, өзінің ішкі мүдделеріне сәйкес біртіндеп реформалау бағытын жалғастыру маңызды», - деп қорытындылады ӘЭСИ сарапшысы.

#ӘЭСИ #ӘЭСИ_Саясат #АдамҚұқығы #АҚШ

https://www.zakon.kz/5065611-chem-grozit-vydelenie-1-5-mln-na.html