✍️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды:
1) Әріпжанов Арман Талғатұлы, Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті «Тұран» ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі.
2) Қоңысов Бекен Кеңесұлы, Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі.
❗️Биыл 20 ақпанда Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады.
❗️Биыл 19 ақпанда Бекен Қоңысов Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты.
t.me/aqorda_resmi

✍️ Указом Президента Касым-Жомарта Токаева за отвагу и самоотверженность, проявленные при исполнении служебного долга, орденом «Айбын» ІI степени награждены:
1) Арипжанов Арман Талгатович, оперуполномоченный управления полиции района Туран департамента полиции города Шымкента Министерства внутренних дел.
2) Конусов Бекен Кенесович, оперуполномоченный отдела полиции Сарысуского района департамента полиции Жамбылской области Министерства внутренних дел.
❗️20 февраля 2023 года Арман Арипжанов, рискуя собственной жизнью, обезвредил и задержал подозреваемого в разбойном нападении на оружейный магазин в городе Шымкенте.
❗️19 февраля 2023 года Бекен Конусов проявил мужество и героизм при пресечении преступной деятельности вооруженных преступников в городе Жанатасе Жамбылской области.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты
Президент әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, ұлтымыздың дүниетанымында әйелдің орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы сұлулық пен нәзіктік, мейірім мен шапағат – бәрі де әйелдерден бастау алатынын жеткізді.
– Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінен басталады. Әр баланың жетістігі – ана махаббатының жемісі. Ұлы Абай айтқан «Толық адамға» тән асыл қасиеттер ұрпақтың бойына ана арқылы дариды, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастарға салынған қаражат – ең ұтымды инвестиция» екенін атап өтті.
– Қазір қыздарымыз әлемнің ең үздік университеттерінде білім алып жатыр. Жаһандық компанияларда жұмыс істейді. Сан түрлі кәсіпті меңгерген әйелдер қоғамның түрлі саласында табысты еңбек етіп жүр. Олардың арасында мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметші, тәрбиеші, тігінші және басқа да мамандық иелері бар. Халықаралық жарыстарда көк туымызды биікке көтерген спортшы аруларымыз да аз емес. Қаншама қыз-келіншектер бизнеспен айналысып, мыңдаған адамға жұмыс ұсынып отыр. Мен баршаңызды мақтан етемін! Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Салтанатты жиын соңында Мемлекет басшысы «Аруана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл марапат әртүрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген іскер әйелдерге он номинация бойынша табысталды.