Aqorda 🇰🇿
61.9K subscribers
14K photos
2.77K videos
15.5K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
加入频道
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді ➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. ➤ Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды. ➤ Мемлекет…
Глава государства провел совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось совещание Совета Безопасности Республики Казахстан.

Рассмотрены вопросы модернизации армии и совершенствования военной инфраструктуры.

Главой государства дан ряд конкретных поручений по дальнейшему развитию Вооруженных Сил.

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

➤ Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды.

➤ Премьер-Министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.

📌Президент Премьер-Министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

📌Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

➡️Толығырақ Ақорда сайтында.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев принял Премьер-министра Олжаса Бектенова

➤ Президент был ознакомлен с ходом исполнения поручений по диверсификации и стимулированию роста экономики через масштабную программу поддержки реального сектора и модернизации инфраструктуры.

➤ Премьер-министр также рассказал о прохождении отопительного сезона, подготовке к весенне-полевым работам и паводковому периоду.

📌Президент поручил Олжасу Бектенову активизировать усилия, направленные на обеспечение роста и диверсификацию экономики.

📌Отмечена важность системной деятельности по решению задач, касающихся инфраструктурного развития, модернизации энергетики и коммунального хозяйства.

➡️Подробнее на сайте Акорды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

➤ Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Турции Реджепом Тайипом Эрдоганом

➤ Касым-Жомарт Токаев поздравил Реджепа Тайипа Эрдогана с днем рождения и пожелал ему дальнейших успехов в ответственной государственной деятельности на благо братского турецкого народа.

➤ В ходе беседы главы государств, отметив высокую динамику развития казахско-турецкого расширенного стратегического партнерства, обсудили перспективы укрепления двусторонних отношений.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды.

✍️ Распоряжением Главы государства Абил Ерлан Куанышулы освобожден от должности ректора Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Распоряжениями Главы государства:

Жолманов Азамат Сагатович назначен ректором Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности;

Ахмедьяр Алибек Газизулы назначен заместителем Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Шарлапаев Канат Бисимбаевич назначен помощником Президента Республики Казахстан по экономическим вопросам, он освобожден от ранее занимаемой должности.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Шаймарданов Жандос Нурланович освобожден от должности Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Иргалиев Асет Арманович назначен Председателем Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Кайырбеков Абай Серикович назначен заместителем Министра внутренних дел Республики Казахстан – председателем Комитета уголовно-исполнительной системы.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Нагаспаев Ерсайын Каиргазиевич назначен Министром промышленности и строительства Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.

Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.

Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Ниет қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю начала месяца Рамазан

Дорогие соотечественники!

Поздравляю вас с началом священного месяца Рамазан!

Это особое время в духовной жизни нашего народа. В дни поста Ораза на первый план выходят такие непреходящие ценности, как терпение и скромность, сострадание и милосердие. Люди помогают нуждающимся, занимаются благотворительностью. Все это исходит из гуманистических идеалов ислама.

Для нашего народа религия и традиции – неразрывно связанные понятия, которые взаимно дополняют друг друга, призывая к добру и созиданию.

Весьма символично, что в этом году начало месяца Рамазан совпало с Днем благодарности. Глубокие по содержанию и созвучные по смыслу, эти праздники способствуют укреплению единства нашего народа.

Желаю всем здоровья и благополучия!

Пусть сбудутся ваши светлые помыслы и устремления!

t.me/aqorda_resmi
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.

Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Қазір біздің алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды. Біз жұдырықтай жұмыла білсек қана, үйлесімді және әділетті қоғам құру жолында жетістікке жетеміз.

Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем благодарности

Уважаемые соотечественники!

От всего сердца поздравляю вас с Днем благодарности!

Этот светлый праздник олицетворяет нашу взаимную признательность, солидарность и уважение друг к другу.

Единство и сплоченность, беззаветная любовь к родной земле испокон веков помогали нашему народу преодолевать самые трудные испытания и вызовы. Эти основополагающие ценности стали неотъемлемой частью нашей общенациональной идентичности.

Нынешний год ознаменован 30-летним юбилеем Ассамблеи народа Казахстана, которая все это время вносит неоценимый вклад в укрепление взаимопонимания и согласия в нашем обществе.

Сегодня перед нами стоят масштабные задачи по реализации системных и всесторонних реформ. Важно, чтобы все граждане в полной мере осознавали свою долю ответственности за судьбу страны. Только вместе мы сможем достичь успехов на пути построения справедливого и гармоничного общества.

Благодарю всех соотечественников за честный и самоотверженный труд на благо Родины!

Желаю вам крепкого здоровья, счастья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алғыс айту күні құтты болсын!

С Днем благодарности!


t.me/aqorda_resmi