Aqorda 🇰🇿
62.9K subscribers
14.7K photos
2.83K videos
16.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
加入频道
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті

Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады.

Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктінің жұмысымен танысты.

Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.

– Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

t.me/bort_01
Касым-Жомарт Токаев встретился с пострадавшими от лесных пожаров в Костанайской области

По завершении совещания оперативного штаба Глава государства совершил осмотр пострадавших от лесного пожара территорий села Аманкарагай.

Затем Президент посетил эвакуационный пункт, развернутый на базе школы в селе Аулиеколь, где встретился с пострадавшими гражданами и ознакомился с работой пункта распределения гуманитарной помощи.

В беседе с пострадавшими Касым-Жомарт Токаев заявил, что Правительство примет все меры для преодоления тяжелой ситуации.

– К сожалению, произошел большой пожар. Тем не менее, помощь будет оказана. Я знаю, что вы потеряли свои дома. Правительство в течение двух, двух с половиной месяцев построит вам новые дома, причем они будут гораздо лучше того, что вы имели ранее, – заявил Глава государства.

Президент провел беседу с волонтерами и выразил им благодарность за оказываемую помощь.

t.me/bort_01
Қасым-Жомарт Тоқаев Әулиекөл ауылындағы гуманитарлық көмек тарату пунктінде зардап шеккен азаматтармен және еріктілермен кездесті.

Касым-Жомарт Токаев посетил пункт распределения гуманитарной помощи в селе Аулиеколь, где встретился с пострадавшими гражданами и волонтерами.

t.me/bort_01
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Расында, бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі екі-үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз»

t.me/bort_01
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент:

«Барлық көмек болады. Жаңа да айтып кеттім ғой. Ел болып, тұтас, тату болып, бір-бірімізге көмектесіп, осы күрделі жағдайдан абыроймен шығамыз. Ең алдымен, бірлік болсын!»

t.me/bort_01
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты.


Глава государства заслушал доклад министра по чрезвычайным ситуациям Юрия Ильина о принимаемых мерах по локализации пожаров, эвакуации граждан из населенных пунктов и оказанию поддержки пострадавшим. Президент также заявил о необходимости решения социальных вопросов сотрудников ведомства и повышения уровня профессиональной подготовки кадров.

t.me/bort_01
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев рассказал о мерах поддержки со стороны государства в решении вопросов жилья для пострадавших от пожаров и поблагодарил волонтеров за оказываемую помощь:

«Огромная благодарность волонтерам. Вы настоящие граждане нашего государства. Вы настоящие патриоты. Я горжусь вами!»

t.me/bort_01
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары.

Рабочий визит Касым-Жомарта Токаева в Костанайскую область.

t.me/bort_01
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы ауыл азаматтарымен кездесіп, олардың арызын тыңдады.

Глава государства побеседовал с жителями сел и выслушал их проблемные вопросы.

t.me/bort_01
🏓 Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады.

Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.

Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.

t.me/bort_01