Aqorda 🇰🇿
61.1K subscribers
13.8K photos
2.76K videos
15.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
加入频道
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2024 – 2026 годы».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 9-15 желтоқсан аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 9 по 15 декабря 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.

Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді.

Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!
Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз…
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Независимости

Уважаемые соотечественники!

Поздравляю вас с Днем Независимости!

Этот праздник – символ возрождения нашей государственности и воплощения мечты нашего народа о свободе. В этот день мы все глубоко осознаем, насколько важно быть верными заветам предков и брать на себя ответственность за будущее нации. Независимость – наше общее бесценное достояние, лежащее в основе всех наших достижений. Независимость превыше всего. Защищать её как зеницу ока – долг каждого гражданина.

Сегодня Казахстан уверенно движется вперед, следуя четким стратегическим курсом, шаг за шагом укрепляя свой авторитет на международной арене. Все это благодаря усердному труду и солидарности нашего народа.

Убежден, сохраняя наше единство, спокойствие и стабильность в обществе, мы преодолеем все вызовы и достигнем новых высот на пути прогресса.

Желаю всем крепкого здоровья и благополучия!
Пусть процветает наша священная Родина!

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!

🇰🇿С Днем Независимости!

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
 
🇰🇿🇧🇭Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
✔️Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген.
 
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
✉️Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады   🇰🇿🇧🇭Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады.   ✔️Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді…
✉️Президент направил телеграмму поздравления Королю Бахрейна

🇰🇿🇧🇭Касым-Жомарт Токаев поздравил шейха Хамада бен Ису Аль Халифу и его соотечественников с национальным праздником Королевства Бахрейн – Днем независимости.

✔️В своей телеграмме Глава государства отметил, что Казахстан рассматривает Бахрейн как одного из надежных и важных партнеров в арабском мире и на Ближнем Востоке. Президент выразил уверенность в том, что сотрудничество, основанное на традиционной дружбе и взаимной поддержке, будет динамично развиваться во благо двух народов.

✔️Касым-Жомарт Токаев пожелал Королю Бахрейна долголетия, а народу этой страны – благополучия и процветания.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Олжас Бектенов:

✔️экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады:
– биылғы қаңтар-қараша айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4 пайызды құраған;
– экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы (13,4 пайыз), құрылыс (10,3 пайыз), сауда (8,2 пайыз), көлік (8,1 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (5,3 пайыз), соның ішінде металлургия (7,2 пайыз) және машина жасау (6,9 пайыз), химия өнеркәсібі (8,4 пайыз), сондай-ақ ақпарат және байланыс (5,3 пайыз) салаларында өсім байқалған;
– биыл экономиканың өсіміне мұнайдан тыс салалардың дамуы есебінен қол жеткізілген. Соған қарамастан мұнайды игерудің болжамды көрсеткішінің орындалмауы экономика дамуының жалпы қарқынына әсер еткен;
✔️отандық өндірушілерді қолдау және терең өңдеуді ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі жөнінде мәлімет берді. Өңделген тауар экспорты 10,2 пайызға өсіп, 23,3 миллиард долларға жеткен. Тауар импортының көрсеткіші 3,3 пайызға кеміген. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,1 пайызға ұлғайған. Бұл орайда шикізаттық емес салаларда айтарлықтай өсім бар;
✔️іскерлік белсенділікті одан әрі арттыру және аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды күшейту жоспарын таныстырды.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларындағы оң динамиканы сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, импорт алмастыру және әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылау бойынша бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады Олжас Бектенов: ✔️экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады: – биылғы қаңтар-қараша айларында…
Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова

Олжас Бектенов:

✔️отчитался о ходе исполнения поручений Президента по обеспечению экономического роста и совершенствованию социальной политики:
– рост ВВП за январь-ноябрь текущего года составил 4,4%;
– в рамках диверсификации экономики поступательный рост достигнут в сферах сельского хозяйства (13,4%), строительства (10,3%), торговли (8,2%), транспорта (8,1%), обрабатывающей промышленности (5,3%), в т.ч. металлургии (7,2%) и машиностроения (6,9%), химической промышленности (8,4%), а также информации и связи (5,3%);
– рост экономики в текущем году полностью обеспечен развитием ненефтяного сектора (5,1%). Вместе с тем недостижение прогнозных показателей добычи нефти отразилось на общих темпах развития экономики;
✔️проинформировал, что в результате принятых мер по поддержке отечественных производителей и стимулированию глубокой переработки экспорт обработанных товаров вырос на 10,2%, составив 23,3 млрд долларов. Импорт товаров снижен на 3,3%, объем инвестиций в основной капитал увеличился на 3,1%, при этом наибольший прирост также отмечается в несырьевых отраслях;
✔️представил планы дальнейшего повышения деловой активности и усиления работы по улучшению качества жизни в регионах.

❗️Касым-Жомарт Токаев поручил продолжить работу по повышению положительной динамики в обрабатывающей промышленности, сельском хозяйстве, строительстве и транспортной отрасли. Ряд поручений дан по привлечению инвестиций, модернизации социальной и инженерной инфраструктуры, импортозамещению и обеспечению контроля над стабильностью цен на социально значимые продукты питания.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇬🇼18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇬🇼По приглашению Главы государства Касым-Жомарта Токаева 18 декабря Астану с официальным визитом посетит Президент Гвинеи-Бисау Умару Сисоку Эмбало

В ходе переговоров на высшем уровне будут обсуждены перспективы сотрудничества Казахстана и Гвинеи-Бисау в политической, торгово-экономической и культурно-гуманитарной сферах.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады

Болат Жәмішев:

➤ қордың осы уақытқа дейін атқарған қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы ақпарат берді:
– «Қазақстан халқына» қоры үш жылда жалпы сомасы 230 миллиард теңге болатын 103 қайырымдылық жобасын қаржыландырған. Оның ішінде 58 жоба толығымен аяқталған;
– қордың қызметі ашықтық, есептілік және тұрақтылық қағидаттарына негізделген. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ernst&Young компаниясы сыртқы аудит жүргізген;
➤ қордың денсаулық сақтау саласына, атап айтқанда, ауыр және сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше мән беретіні жөнінде баяндады:
– осы мақсатта 461 адамға, соның ішінде 342 балаға 57,7 миллиард теңге бөлінген;
– қатерлі ісікке душар болған 1200-ден астам адамға құны 14,5 миллиард теңге болатын арнаулы препараттар берілген;
– бес онкологиялық орталық пен балаларға қызмет көрсететін 22 нейрохирургия бөлімшесіне заманауи құрал-жабдықтар сатып алынған;
– балалар мүгедектігінің алдын алуға арналған 13 ерте араласу орталығын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде осы мақсаттағы 10 нысан қызмет көрсете бастаған;
– әлеуметтік қолдау бағытында аутизм белгілері бар балаларға арналған 7 орталық, сондай-ақ өңірлерде 6 оңалту орталығы пайдалануға берілген. Алдағы уақытта тағы 20 орталық іске қосылады. 150 адам инновациялық протезбен қамтылған;
➤ Тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасы аясында 135 ауыл мектебі жаңғыртылғанын жеткізді:
– Алматы облысындағы 50 мектепте және Қарағанды облысындағы 86 білім ошағында физика, химия, биология сабақтарына арналған заманауи кабинеттер жабдықталған;
– қордың білім беру гранттарына 3 мыңнан астам студент ие болған;
– Ақтөбе облысында 134 шағын жинақты мектептің материалдық-техникалық базасы жаңарып, цифрлық технологиялар арқылы оқытудың төрт моделі енгізілген;
➤ мәдениет пен спорт саласында Батыс Қазақстан облысының кітапханаларын комьюнити орталық ретінде қайта құру және 13 модульді спорт залын салу жұмыстары қолға алынғанын хабарлады. Елді мекендердегі 100 балалар спорт залы жабдықталған;
➤ қор тасқыннан зардап шеккен жандарға қолдау көрсетіп, бес облыстағы 627 үйдің құрылысын қаржыландырғанын баяндады;
➤ «Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер» әлеуметтік бастамасы аясында ірі кәсіпорындардың және бизнестің қолдауымен моноқалалардың инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының жұмысын жоғары бағалап, қайырымдылық шараларының Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы маңызын атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады Болат Жәмішев: ➤ қордың осы уақытқа дейін атқарған қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы ақпарат берді: – «Қазақстан халқына» қоры үш жылда жалпы сомасы…
Президент принял председателя фонда «Қазақстан халқына» Болата Жамишева

Болат Жамишев:

➤ проинформировал о работе фонда и задачах на предстоящий период:
– за три года фонд «Қазақстан халқына» профинансировал 103 благотворительных проекта на сумму 230 млрд тенге, из которых 58 уже завершены;
– деятельность фонда основана на принципах прозрачности, подотчетности и устойчивости. По итогам прошлого года проведен внешний аудит компанией Ernst&Young;
➤ сообщил о том, что фонд уделяет особое внимание сфере здравоохранения, в частности, обеспечению препаратами пациентов с тяжелыми и орфанными заболеваниями:
– на эти цели выделено 57,7 млрд тенге для 461 человека, включая 342 детей;
– более 1200 онкобольных получили таргетные препараты на сумму 14,5 млрд тенге;
– приобретено современное оборудование для 5 онкологических центров и 22 детских нейрохирургических служб;
– открыто 10 из 13 центров раннего вмешательства для предупреждения инвалидизации детей;
– в сфере социальной поддержки фондом открыто 7 центров для детей с аутизмом, а также 6 реабилитационных центров в регионах. Ведется работа по открытию еще 20 центров. Инновационными протезами обеспечены 150 человек;
➤ рассказал, что по проекту развития потенциала опорных школ модернизированы 135 сельских школ:
– в 50 школах Алматинской и 86 школах Карагандинской областей оборудованы современные кабинеты физики, химии и биологии;
– образовательные гранты фонда получили более 3000 студентов;
– в 134 малокомплектных школах Актюбинской области обновлена материально-техническая база и внедрены 4 модели обучения с использованием цифровых технологий;
➤ доложил, что в области спорта и культуры проводится преобразование библиотек Западно-Казахстанской области в комьюнити-центры и возведение 13 модульных спортивных залов. Оснащено 100 детских спортзалов в селах;
➤ отметил, что фонд оказал поддержку пострадавшим от паводков, профинансировав строительство 627 домов в пяти регионах;
➤ проинформировал, что в рамках социальной инициативы «Малые города – большие возможности» планируется разработать программы по улучшению инфраструктуры моногородов при поддержке градообразующих предприятий и бизнеса.

Президент Касым-Жомарт Токаев высоко оценил деятельность фонда «Қазақстан халқына» и подчеркнул значимость благотворительности в укреплении социальной стабильности и развитии гражданского общества в Казахстане.

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады

✔️Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды.

✔️Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

✔️Кит МакКоннелл Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ұлттық құраманың халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев принял спортивного директора Международного олимпийского комитета Кита МакКоннелла

✔️На встрече были обсуждены перспективы взаимодействия Национального олимпийского комитета Казахстана с МОК.

✔️Президент отметил ключевую роль Международного олимпийского комитета в продвижении олимпийских ценностей и поддержке атлетов.

✔️Глава государства подтвердил готовность нашей страны к дальнейшему сотрудничеству в целях развития отечественного спорта и международного партнерства.

✔️Кит МакКоннелл высоко оценил активное участие представителей казахстанского спортивного сообщества в популяризации олимпийского движения и пожелал сборной Казахстана новых достижений на предстоящих состязаниях.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿✉️🇫🇷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿✉️🇫🇷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына…
🇰🇿✉️🇫🇷Президент Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму соболезнования Президенту Французской Республики Эмманюэлю Макрону в связи с многочисленными человеческими жертвами на архипелаге Майотта, вызванными разрушительным тропическим циклоном

Глава государства выразил глубокие соболезнования семьям погибших и пожелал скорейшего выздоровления пострадавшим.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM