Aqorda 🇰🇿
62.5K subscribers
14.2K photos
2.79K videos
15.8K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
加入频道
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 2 по 8 октября 2023 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Ержан Сәденов:

✔️еліміз бойынша кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет берді. Көшелердегі қауіпсіздік деңгейінің артқаны атап өтілді;
✔️құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» және жазаның бұлтартпастығы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнінде баяндады;
✔️интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Атап айтқанда, жыл басынан бері ауыспалы нөмірлерден шалынған 37 миллион қоңырау бұғатталып, заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталды;
✔️нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, 31 тоннадан астам есірткі және 79 тонна прекурсор тәркіленіп, 39 есірткі зертханасын жойылған;
✔️қылмыстық-атқару жүйесі мен Ұлттық ұлан қызметінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады Ержан Сәденов: ✔️еліміз бойынша кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткен алдын алу шаралары туралы мәлімет…
Глава государства принял министра внутренних дел Ержана Саденова

Ержан Саденов:

✔️проинформировал о принимаемых мерах по профилактике преступлений, позволивших существенно снизить количество убийств, хулиганств, краж, разбоев, грабежей и скотокрадств по стране. Отмечено повышение уровня безопасности на улицах;
✔️доложил о работе по обеспечению «нулевой терпимости» к правонарушениям и неотвратимости наказания, а также по защите прав несовершеннолетних;
✔️
рассказал о работе по противодействию интернет-мошенничествам. В частности, с начала года заблокировано 37 млн звонков с подменных номеров, выявлено 16 тысяч сайтов с противоправным контентом;
✔️ представил информацию о реализации Комплексного плана по борьбе с наркоманией и наркобизнесом на 2023-2025 годы. Силами полиции изъято более 31 тонны наркотиков и 79 тонн прекурсоров, ликвидировано 39 нарколабораторий;
✔️сообщил о состоянии дел в уголовно-исполнительной системе и Национальной гвардии.

❗️Президент дал ряд поручений, направленных на дальнейшее повышение уровня правопорядка и общественной безопасности в стране.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президентке еліміздегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді.

🎦 t.me/agorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министр внутренних дел Ержан Саденов доложил Президенту о криминогенной обстановке в стране.

🎦 t.me/agorda_resmi
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Мемлекет басшысына Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі және алдағы уақытқа арналған жоспары туралы баяндалды.

Жанат Элимановтың баяндамасынан:

✔️мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылды, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендеді;
✔️құқық қорғау органдарына 229 талдау материалы жолданған, есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылған. Бұл жұмыс азаматтарды, әсіресе жастарды, есірткіні онлайн сатып алудан сақтайды;
✔️есірткінің заңсыз айналымынан түсетін кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 924 банктік шот бұғатталған;
✔️криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімше құрылған;
✔️крипто-әмияндарға тыйым салу және цифрлық валютаны алып қою тетігі әзірленген;
✔️заңсыз 9 крипто алмастырғыштың қызметі жойылған. Ондағы қаржы айналымы 17 миллиард теңгеден асқан;
✔️елімізде алғаш рет криптовалюта арқылы қылмыстық жолмен тапқан 47 миллион теңге табыс тәркіленіп, Агенттіктің Binance криптобиржасындағы арнайы шотына салынған;
✔️террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуға көздеген 976 әрекет анықталып, бұғатталған.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады Мемлекет басшысына Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі және алдағы уақытқа арналған жоспары туралы баяндалды. Жанат Элимановтың баяндамасынан:…
Глава государства принял председателя Агентства по финансовому мониторингу Жаната Элиманова

Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад об итогах работы Агентства по финансовому мониторингу за 9 месяцев текущего года и планах на предстоящий период.

Из доклада Жаната Элиманова:

✔️за отчетный период обеспечен возврат государству активов на 217 млрд тенге, а также достигнуто снижение уровня теневой экономики до 18,7 %;
✔️правоохранительным органам передано 229 аналитических материалов, а также налажена практика блокирования финансовых операций наркодельцов. Это ограждает граждан, особенно молодежь, от онлайн-покупок наркотиков;
✔️закрыт доступ к 924 банковским счетам, которые использовались для отмывания наркодоходов;
✔️создано спецподразделение по противодействию экономическим преступлениям с использованием криптоактивов;
✔️разработан механизм ареста криптокошельков и изъятия цифровой валюты;
✔️ликвидирована деятельность 9 незаконных криптообменников по которым обороты превысили 17 млрд тенге;
✔️впервые в Казахстане преступный доход в криптовалюте на 47 млн тенге изъят и размещен на спецсчете Агентства на криптобирже Binance;
✔️идентифицировано и заблокировано 976 попыток перечисления средств на счета террористических и экстремистских организаций.

❗️Глава государства дал ряд конкретных поручений по ключевым направлениям деятельности Агентства. Президент особо отметил необходимость усилить меры по защите добросовестного бизнеса и противодействию финансовым и экономическим преступлениям.

t.me/aqorda_resmi
❗️Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.

Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

t.me/aqorda_resmi
❗️Глава государства поручил министру внутренних дел провести тщательное расследование всех обстоятельств гибели студента в г. Щучинске Акмолинской области.

Виновные должны быть привлечены к ответственности в соответствии с требованиями закона. Президент взял данное дело на особый контроль.

t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Сапар барысында Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралап көреді.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства прибыл с рабочим визитом в Кызылординскую область

Планируется, что в ходе визита Президент посетит село имени Наги Ильясова Сырдарьинского района и встретится с сельскими тружениками.

Кроме того, Касым-Жомарт Токаев ознакомится с ходом строительства нового терминала аэропорта Кызылорды и посетит ряд объектов.

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нағи Ілиясов ауылына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды.

✔️Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал және К» толық серіктестігінің негізін қалаушы Абзал Ералиев Президентке кәсіпорынның табысты қызмет етіп, өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші мекемеге айналғанын жеткізді. Сонымен қатар өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.

✔️Президент «Абзал және К» шаруашылығының демеушілігімен салынған ауылдың орталық алаңын, спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешенінде жергілікті халық футбол, волейбол, үстел теннисі және күрес түрлерімен емін-еркін шұғылдана алады. Мемлекет басшысы спорт кешенінде жеткіншектермен әңгімелесті.

Спортпен шұғылдану керек. Әсіресе, өздеріңіз сияқты жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі қажет. Себебі Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Жастардың дені сау болса, мемлекет те қуатты болады. Сыр елінен мықты спортшылар шыққан. Әлі де көптеген чемпиондар шығады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi