Aqorda 🇰🇿
62.7K subscribers
14.3K photos
2.8K videos
15.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
加入频道
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысының Mastercard компаниясының атқарушы вице-президентімен өткізген кездесуінің нәтижесі жөнінде пікір білдірді

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Багдат Мусин прокомментировал итоги встречи Главы государства с исполнительным вице-президентом Mastercard

🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Rio Tinto компаниясының бас атқарушы директоры Якоб Штаусхольмді қабылдады

Кездесу барысында геологиялық барлау, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Rio Tinto компаниясының еліміздегі қызметінің аясын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілді.

✔️Якоб Штаусхольм Қостанай және Қарағанды облыстарындағы мыс кен орындарына геологиялық барлау жүргізу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

⚡️Мемлекет басшысы жоғары технологияларды дамыту үшін бүгінде сұранысқа ие маңызды минералдар мен шикізаттың елімізде мол қоры бар екенін атап өтті. Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын ұлғайту, жаңа кен орындарын ашуды жеңілдететін үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін шаралар қабылдап жатыр.

▪️Rio Tintoнарықтағы құны 99 миллиард долларды құрайтын, тау-кен өндірісі және металлургия саласындағы ірі ағылшындық-австралиялық компания. Негізгі активтері Австралияда (35%), Канадада (34%), Европада (13%) және АҚШ-та (11%) шоғырланған.

▪️Rio Tinto компаниясы темір рудасын, алюминий, мыс, боксит, алмаз, уран және өнеркәсіпке қажетті басқа да минералдар өндірумен айналысады.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял главного исполнительного директора компании Rio Tinto Якоба Штаусхольма

В ходе встречи были обсуждены вопросы реализации совместных инвестиционных проектов в геологоразведочной, горнорудной и металлургической промышленности.

✔️Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о планах Rio Tinto по расширению деятельности в Казахстане.

✔️Якоб Штаусхольм также рассказал о ходе реализации проектов по разведке медных месторождений в Костанайской и Карагандинской областях.

⚡️Президент отметил, что в нашей стране имеются значительные запасы важнейших минералов и сырьевых материалов, востребованных сегодня для развития высоких технологий. Казахстан принимает меры по увеличению площади геологоразведочных работ, а также внедрению лучших мировых практик, способствующих значительным геологическим открытиям.

▪️Rio Tinto – крупнейшая англо-австралийская горнодобывающая и металлургическая компания с рыночной капитализацией 99 млрд долларов США. Основные активы сконцентрированы в Австралии (35%), Канаде (34%), Европе (13%) и США (11%).

▪️Сегменты деятельности компании включают железную руду, алюминий, медь, бокситы, алмазы, уран и промышленные минералы.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇭🇺 Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының аясындағы екіжақты келіссөздер бағдарламасы Мажарстан Президенті Каталин Новакпен кездесуден басталды

Мемлекет басшысы бауырлас халықтар арасында тарихи және мәдени байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік орнағанын атап өтті.

Президент Мажарстанның түркі ынтымақтастығын нығайтудағы белсенді ұстанымын және елеулі үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-саммиті өтетінін айтып, аталған жиынға Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қатысады деп жоспарланып отырғанын жеткізді.

Еліміздің Мажарстанмен тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап өткім келеді. Елдеріміз арасында өте сенімді, дәстүрлі байланыс қалыптасқан. Біз екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін жоғары бағалаймыз. Осы сәтті пайдаланып, Сізді Қазақстанға сапармен келуге шақырамын. Сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Премьер-министр Виктор Орбан мырзамен кездесеміз деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

▪️Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

✔️Мемлекет басшысы екі ел арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Астана көшелерінің біріне Мажарстанның ұлт ақыны Шандор Петефидің есімі берілетінін айтты.

✔️Президенттер мемлекеттеріміз арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған бірлескен шаралар қабылдау, сондай-ақ ынтымақтастықтың екіжақты тетіктерін жандандыру маңызды екенін атап өтті.

✔️Тараптар халықаралық мәселелер, оның ішінде жаһандық тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін көпжақты институттардың жұмысын жетілдіруге қатысты шаралар жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇭🇺 Программу двусторонних переговоров Касым-Жомарта Токаева на полях 78-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН открыла встреча с Президентом Венгрии Каталин Новак

Лидер Казахстана отметил, что между братскими народами установилось стратегическое партнерство, основанное на прочных исторических и культурных связях.

Глава нашего государства высоко оценил активную позицию и огромный вклад Венгрии в укрепление тюркского сотрудничества.

Касым-Жомарт Токаев сообщил, что в ноябре этого года Казахстан проведет 10-й юбилейный саммит Организации тюркских государств и ожидает участия в мероприятии Премьер-министра Венгрии Виктора Орбана.

Я хотел бы отметить, что мы поддерживаем тесное сотрудничество с Венгрией. У нас очень надежные традиционные связи и отношения. Мы ценим то, чего достигли сейчас в нашем двустороннем сотрудничестве. Пользуясь случаем, я хотел бы пригласить Вас посетить Казахстан. Мы также ожидаем встречи с Вашим Премьер-министром г-ном Орбаном, который приедет на саммит тюркоязычных стран, – сказал Президент Казахстана.

▪️В ходе переговоров стороны обсудили вопросы торгово-экономического, инвестиционного и культурно-гуманитарного сотрудничества.

✔️Глава государства сообщил, что в целях укрепления связей между странами одну из улиц Астаны назовут в честь национального поэта Венгрии Шандора Петефи.

✔️Президенты отметили важность принятия совместных мер для увеличения взаимного товарооборота между странами, а также для активизации двусторонних механизмов сотрудничества.

✔️Стороны обменялись мнениями по вопросам международного характера, в том числе по совершенствованию работы многосторонних институтов для обеспечения глобальной стабильности и устойчивого развития.

t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇭🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Президенті Каталин Новактың кездесуі
 
🇰🇿🇭🇺 Встреча Главы государства Касым-Жомарта Токаева и Президента Венгрии Каталин Новак
 
🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇳 Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президенті Каталин Новакпен бірге
БҰҰ-ның «Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу жолындағы прогресті жеделдетудің негізгі өтпелі процестеріне қатысты ауқымды іс-қимылдарды жандандыру» атты Көшбасшылар диалогының бірінші сессиясында төрағалық етті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі күн тәртібі бүгінгі өскелең ұрпақтың жарқын болашақ құруына берілген бір ғана мүмкіндік екенін атап өтті.

Геосаяси қақтығыстарға байланысты шиеленісе түскен қазіргі жаһандық сын-қатерлер біздің ұжымдық күш-жігерімізге нұқсан келтіріп отыр. Бұл кедергілерді еңсеруге жекелеген мемлекеттің шамасы жетпейді. Әлемдік қоғамдастықтың бірлігінің арқасында ғана елеулі жетістіктерге қол жеткізе аламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан үшін Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу – ұлттық басымдық.

Орнықты даму қағидаттары біздің негізгі ұлттық стратегияларымыз бен бағдарламаларымыздың өзегіне айналды. Бүгінде орнықты болашаққа белсенді түрде инвестиция құйып отырмыз. Мемлекет бюджетінің 80 пайызы орнықты даму мақсаттарына сай келеді. Біз тегін білім алудың және денсаулық сақтаудың баршаға қолжетімді болуын қамтамасыз етеміз. Жаңа Әлеуметтік кодексте халықтың осал топтарын қорғау шаралары күшейтілді, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇳 Глава государства принял участие в Саммите ООН по Целям в области устойчивого развития

Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с Президентом Венгрии Каталин Новак
выступили сопредседателями первой сессии Диалога лидеров «Расширение масштабов действий по ключевым переходным процессам для ускорения прогресса в достижении ЦУР».

В своем выступлении Глава государства отметил, что повестка дня Организации Объединенных Наций на период до 2030 года – единственный шанс, который дан нынешнему поколению на построение процветающего будущего.

Текущие глобальные вызовы, усугубляемые геополитическими потрясениями, подрывают наши коллективные усилия. Эти препятствия невозможно преодолеть силами отдельного государства. Только благодаря единству мирового сообщества мы сможем добиться ощутимых результатов, – заявил Президент Казахстана.

Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что для Казахстана достижение ЦУР является национальным приоритетом.

Принципы устойчивого развития стали основой наших национальных стратегий и программ. Сегодня мы активно инвестируем в устойчивое будущее. 80% государственного бюджета синхронизировано с целями ЦУР. Мы обеспечиваем всеобщий доступ к бесплатному образованию и здравоохранению. Новый Социальный кодекс усилил защиту уязвимых групп населения, – сказал Глава нашего государства.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇳 Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президенті Каталин Новакпен бірге БҰҰ-ның «Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу жолындағы прогресті жеделдетудің негізгі өтпелі…
🇰🇿🇺🇳 Мемлекет басшысының пікірінше, баршаға ортақ орнықты болашаққа қол жеткізу үшін шұғыл түрде бірлескен іс-қимылдар қажет

Осыған байланысты Мемлекет басшысы бірқатар ұсыныс айтты.

Өзара ынтымақтастықты нығайту үшін аймақтық деңгейде «Біртұтас БҰҰ» қағидатын күшейту қажет. Сондықтан біз Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Аймақтық хаб құруды ұсынамыз. Ол БҰҰ-ның аймақтағы жобалық қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент саммитке қатысушыларға халықаралық қаржы архитектурасына тың серпін беруді ұсынды. Оның айтуынша, ОДМ-ға қол жеткізу үшін қаржы жүйесі таңдаулы ғана елге емес, барлық мемлекетке теңдей ықпал етуі қажет. Экология, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы проблемаларды шешу үшін орасан зор қаржы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев климат, азық-түлік және энергетика дағдарысы орнықты дамуға айтарлықтай қауіп төндіретініне тоқталды.

Біз БҰҰ-ның басшылығымен техникалық қолдау, ғылыми зерттеулер және қауіп-қатерлерді бағалау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз. Орнықты даму саласындағы мақсаттар бәріміз үшін жарқын әлемге жол ашады. Біз бірігуіміз және күш-жігерімізді арттыруымыз қажет. Қазақстан БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы тегеурінді әрі тиімді рөлін әрдайым жақтайды, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇳 Глава государства принял участие в Саммите ООН по Целям в области устойчивого развития Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с Президентом Венгрии Каталин Новак выступили сопредседателями первой сессии Диалога лидеров «Расширение масштабов действий…
🇰🇿🇺🇳 По мнению Главы государства, для достижения общего устойчивого будущего необходимо безотлагательно предпринимать совместные действия

В этой связи лидер Казахстана высказал ряд предложений.

Требуется укрепить принцип «Единой ООН» на региональном уровне для обеспечения лучшей синергии. Поэтому мы инициируем создание в Казахстане Регионального хаба по ЦУР для Центральной Азии и Афганистана. Он обеспечит эффективную координацию проектной деятельности ООН в регионе, – отметил Касым-Жомарт Токаев.

Президент предложил участникам саммита вдохнуть новую жизнь в международную финансовую архитектуру. По его словам, для достижения ЦУР финансовая система должна способствовать равенству для всех стран, а не только для избранных. Гораздо больше средств требуется выделять на решение проблем экологии, образования и здравоохранения.

Глава нашего государства подчеркнул, что климатический, продовольственный и энергетический кризисы представляют серьезную угрозу устойчивому развитию.

Мы должны укреплять международное сотрудничество в области технической поддержки, научных исследований и оценки рисков под эгидой ООН. Цели в области устойчивого развития – это путь к лучшему миру для всех. Мы должны объединиться и умножить наши усилия. Казахстан всегда будет убежденным сторонником сильной и эффективной роли ООН в области устойчивого развития, – заявил лидер Казахстана.

t.me/aqorda_resmi
Сессия барысында Мажарстан Президенті Каталин Новак, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, ОАР Президенті Сирил Рамафоса, Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен, Перу Президенті Дина Болуарте, Гайана Президенті Ирфан Али, Микронезия Президенті Уэсли Симина, Солтүстік Македония Президенті Стево Пендаровски, Финляндия Президенті Саули Ниинистё және басқалар сөз сөйледі.

t.me/aqorda_resmi
В ходе сессии также выступили Президент Венгрии Каталин Новак, Президент Хорватии Зоран Миланович, Президент Кыргызстана Садыр Жапаров, Президент ЮАР Сирил Рамафоса, Президент Австрии Александр Ван дер Беллен, Президент Перу Дина Болуарте, Президент Гайаны Ирфан Али, Президент Микронезии Уэсли Симина, Президент Северной Македонии Стево Пендаровски, Президент Финляндии Саули Ниинистё и другие.

t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы прогресті жеделдетудің негізгі өтпелі процестеріне қатысты ауқымды іс-қимылдарды жандандыру» атты Көшбасшылар диалогының бірінші сессиясы

Первая сессия Диалога лидеров «Расширение масштабов действий по ключевым переходным процессам для ускорения прогресса в достижении ЦУР» под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева

🎦 t.me/aqorda_resmi