UKIMET
17.7K subscribers
9.39K photos
1.62K videos
7.69K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://yangx.top/ukimet_points
加入频道
Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты

🔘 Комитет отырысы барысында екі елдің орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кедергісіз сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, екі елдің көліктік өзара байланысын нығайту, өндірісті локализациялау арқылы Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды. Тараптар Комитеттің қызметін жетілдіру мақсатында оның құрамына Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетін қосу және Білім саласында кіші комитет құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойды.

✔️ Тараптар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму динамикасын оң бағалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд-ты құрады.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Роман Скляр принял участие в 12-м заседании Казахстанско-китайского Комитета по сотрудничеству

🔘 В ходе заседания Комитета с участием представителей центральных госорганов двух стран были рассмотрены вопросы создания благоприятных условий для развития безбарьерной торговли, укрепления транспортной взаимосвязанности двух стран, реализации совместных инвестиционных проектов на территории Казахстана с локализацией производства, а также расширения культурно-гуманитарного сотрудничества.

По итогам мероприятия стороны подписали Протокол 12-го заседания Казахстанско-китайского Комитета по сотрудничеству. Кроме того, в целях совершенствования деятельности Комитета, сторонами принято решение о включении в его состав Координационного комитета по индустриально-инвестиционному сотрудничеству и об учреждении Подкомитета в области образования. Также стороны подписали документы по укреплению межведомственного сотрудничества в сфере водных ресурсов и архивного дела.

✔️ Стороны положительно оценили динамику развития сотрудничества между Казахстаном и КНР по самому широкому спектру вопросов. По итогам прошлого года объем двусторонней торговли составил $43,8 млрд.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

ҚР Үкіметінің резервінен тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

✔️ Қаулы Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдары ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 2 есеге ұлғайту және топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу деңгейін ғылыми негізделген қажеттіліктің 50%-на дейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қабылданды.

✔️ Құжат Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде қаражат аударуды көздейді.

🔵 Бірінші кезекте, қаражаттың негізгі көлемі минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігін іске асыруға бағытталған.

🔘 Өткен жылдың наурыз айында АӨК-ті қолдау шеңберінде тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілгені белгілі. Бұл ретте бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған тыңайтқыштарды жеткізу үшін отандық зауыттардың арнайы шоттарына алдын ала аударылады.

✔️ Қабылданған шаралар есебінен алғаш рет тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми негізделген қажеттіліктің 40%-на жетті (2024 жылға дейін 21%-дан аспаған).

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық кезеңінде Үкіметтің уақтылы қаржылық қолдауы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде жоғары әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.



Более 48 млрд тенге выделено Правительством на субсидирование удобрений


Из резерва Правительства РК выделено 48,4 млрд тенге для субсидирования удобрений (за исключением органических). Соответствующее постановление подписано Премьер-министром Олжасом Бектеновым.

✔️ Постановление принято в рамках реализации поручений Главы государства по увеличению объема валовой продукции сельского хозяйства в 2 раза на 2024-2028 годы и повышения уровня внесения минеральных удобрений в почву до 50% от научно-обоснованной потребности.

✔️ Документ предусматривает перечисление средств акиматам области Абай, Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Жамбылской, Карагандинской, Костанайской, Павлодарской, Северо-Казахстанской и Туркестанской областей в виде целевых текущих трансфертов на субсидирование стоимости удобрений.

🔵 В первую очередь, основной объем средств направлен на реализацию механизма авансового субсидирования минеральных удобрений.

🔘 Как известно, в марте прошлого года в рамках поддержки АПК был внедрен механизм авансового субсидирования удобрений, при котором бюджетные субсидии заранее перечисляются на специальные счета отечественных заводов для поставок сельскохозяйственным товаропроизводителям удешевленных удобрений.

✔️ За счет принятых мер, впервые, уровень внесения удобрений достиг 40% от научно-обоснованной потребности (до 2024 года не превышала 21%).

Своевременная финансовая поддержка Правительства в период подготовки к весенне-полевым работам даст возможность своевременно обеспечить сельскохозяйственных товаропроизводителей удобрениями, что в конечном итоге позволит получить высокий и качественный урожай.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен экономиканың нақты секторын қаржыландыруға қатысуды арттыру мәселесін талқылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын екінші деңгейлі банктердің қаржыландыруын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу және жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударылды.

🔘 Үкіметтің бизнесті басымдық бере қаржыландыруға банктердің қатысуын ынталандыру бойынша жаңа тәсілдері қаралды.

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЕДБ активтерінің тек 21,2%-ы бизнесті несиелендіруге тиесілі екенін, 16,5%-дан астамы кепілсіз тұтынушылық несиелерді құрайтынын, өтімділігі жоғары активтердің үлесі 29,6%-ға дейін өскенін баяндады.

Жаңа Салық кодексі жобасында корпоративтік секторды несиелеуден түсетін кірістер бойынша КТС мөлшерлемесін 20% деңгейінде сақтау, ал тұтыну секторы үшін 25%-ға белгілеу және бірқатар қаржылық операцияға қатысты шамамен 500 млрд теңгені құрайтын ҚҚС жеңілдіктерін алып тастау ұсынылады. Бұл шаралар салық төлемдерін ұлғайтуға, салық жүктемесін теңестіруге және банктер активтерінің құрылымын теңестіруге, олардың ресурстарын нақты экономикаға бағыттауға арналған.

🔵 Әлеуетті ЖІӨ шегін мақсатты түрде арттыру стратегиялық мақсат болуы тиіс. Бұл орта және ұзақмерзімді кезеңде Қазақстан экономикасының өнімділігін арттыру үшін инвестицияларды қандай бағыттарға шоғырландыру керек екенін және қандай институционалдық қолдау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин кәсіпкерлікті қолдау мен несиелеудің негізгі құралдарын ұсынды (Primeminister.kz). 2024 жылы Холдингтің экономика секторларын қолдауға қосқан жалпы үлесі шамамен 4 трлн теңгені құрады. 2025 жылы осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру көлемін 2027 жылға қарай 10 трлн теңгеге дейін одан әрі ұлғайта отырып, шамамен 8 трлн теңге бағыттау жоспарлануда. ЕДБ-ны нақты секторды қаржыландыруға тарту шеңберінде өтімділікті арттыруға бағытталған бірқатар шаралар ұсынылады.

✔️ 84 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Өндіріс, инфрақұрылым және тұрғын үй салаларына басымдық беріледі. Мемлекеттік кепілдіктер ұлғайтылады, соның нәтижесінде құрылыс жұмыстары 13,1 мың шақырым автожолдар мен 585 шақырым теміржолдарды қамтиды. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 5 жылда 13 трлн теңгеден астам, оның ішінде биыл – 1,2 трлн теңге инвестиция салынады. Тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші – кемінде 19 млн шаршы метр үй салынады деп күтілуде. Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар ЖІӨ-нің өсуіне әкеледі.

Өз кезегінде, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова ЕДБ экономикаға несие беру көлемін арттыруды жалғастырып жатқанын айтты. 2024 жылы бизнес-қарыз алушылардың жалпы саны 441-ден 532 мыңға дейін өсті. Банк секторы жылдың бірінші айында іскерлік белсенділіктің дәстүрлі баяулауына қарамастан, тек қаңтар айының өзінде 1,1 трлн теңге жаңа несие берді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен экономиканың нақты секторын қаржыландыруға қатысуды арттыру мәселесін талқылады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын екінші деңгейлі банктердің қаржыландыруын…
Олжас Бектенов обсудил с главами банков второго уровня наращивание участия в финансировании реального сектора экономики

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам исполнения поручений Главы государства в части увеличения финансирования реального сектора экономики банками второго уровня. Внимание уделено реализации программ по строительству и модернизации крупных инфраструктурных проектов.

🔘 Рассмотрены новые подходы Правительства по стимулированию участия банков в приоритетном финансировании бизнеса.

Вице-премьер – министр национальной экономики Серик Жумангарин доложил, что только 21,2% активов БВУ приходится на кредитование бизнеса, более 16,5% составляют беззалоговые потребительские кредиты, до 29,6% выросла доля высоколиквидных активов.

В проекте нового Налогового кодекса предлагается сохранить ставку КПН в 20% на доходы от кредитования корпоративного сектора, а для потребительского сектора - 25% и отменить льготы по НДС на сумму порядка 500 млрд тенге в отношении ряда финансовых операций. Данные меры призваны увеличить налоговые отчисления, уравнять налоговую нагрузку и сбалансировать структуру активов банков, перенаправляя их ресурсы в реальную экономику.

🔵 Отмечено, что стратегической целью должно стать целенаправленное повышение пределов потенциального ВВП. Это требует понимания, в каких направлениях надо сосредоточить инвестиции и какая институциональная поддержка нужна, чтобы повысить производительность экономики Казахстана в средне- и долгосрочном периоде.

Председатель Правления АО НУХ «Байтерек» Рустам Карагойшин представил основные инструменты по поддержке и кредитованию предпринимательства (Primeminister.kz). В 2024 году общий вклад Холдинга в поддержку секторов экономики составил порядка 4 трлн тенге. В 2025 году на эти цели планируется направить порядка 8 трлн тенге с дальнейшим увеличением объема финансирования до 10 трлн тенге к 2027 году. В рамках вовлечения БВУ в финансирование реального сектора предлагается ряд мер, направленных на повышение ликвидности.

✔️ Предусмотрена реализация 84 крупных инвестпроектов. Приоритетное внимание будет уделено отраслям обрабатывающей промышленности, инфраструктуры и жилищного строительства. Будут увеличены госгарантии, благодаря чему строительные работы охватят порядка 13 тыс. км автодорог и 585 км железных дорог. В рамках нацпроекта по модернизации энергетического и коммунального секторов за 5 лет инвестируют более 13 трлн тенге, из них в этом году – 1,2 трлн тенге. Ожидается рекордный ввод жилья – не менее 19 млн м².

В свою очередь, председатель Ассоциации финансистов Казахстана Елена Бахмутова сообщила, что БВУ продолжают наращивать кредитование экономики. В 2024 году общее количество бизнес-заемщиков выросло с 441 до 532 тыс. Только за январь текущего года банковский сектор выдал 1,1 трлн тенге новых займов, несмотря на традиционное замедление деловой активности в первый месяц года.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Энергетика министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жарлығымен энергетика министрі болып тағайындалған Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженовті министрлік ұжымына таныстырды.

🔘 Олжас Бектенов Алмасадам Сәтқалиевке мұнай-газ және мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, энергетика салаларына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы лауазымындағы жаңа қызметіне табыс тіледі.

Премьер-министр жаңа министрді таныстыру барысында Ерлан Ақкенженовтің мұнай және газ саласындағы, мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдау саласындағы мол тәжірибесі бар екеніне тоқталды.

🔵 Премьер-министр Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын ауқымды жаңарту міндетін қойғанын атап өтті.

🔷 Энергетика министрлігі ұжымына стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыру, оның ішінде үш ЖЭО мен Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы, Батыс аймақтың электр желілерін еліміздің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіруді аяқтау және қосымша энергия қуаттарын іске қосу тапсырылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының мұнай-газ жобаларын кеңейту, газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын уақтылы іске асыру, мұнай өнімдерін өндіру және ішкі нарықты көгілдір отынмен қамту мәселелерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстың басым бағыттары белгіленді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Энергетика министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жарлығымен энергетика министрі болып тағайындалған Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженовті министрлік ұжымына таныстырды. 🔘 Олжас Бектенов…
Олжас Бектенов представил коллективу Министерства энергетики нового министра

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов представил нового руководителя Министерства энергетики РК – Аккенженова Ерлана Кудайбергеновича, назначенного на должность Указом Главы государства.

🔘 Руководитель Правительства поблагодарил Алмасадама Саткалиева за внесенный вклад в сферах нефтегазовой, нефтегазохимической промышленности, энергетики и пожелал успехов в дальнейшей деятельности на посту председателя Агентства РК по атомной энергии.

В ходе представления нового министра отмечен большой опыт работы Ерлана Аккенженова в сфере нефти и газа, в т.ч. в области переработки и транспортировки нефтепродуктов.

🔵 Премьер-министр подчеркнул, что Главой государства обозначена цель по масштабному обновлению энергетической инфраструктуры страны.

🔷 Перед коллективом Министерства энергетики во главе с новым министром поставлены задачи по реализации стратегических проектов, среди которых строительство трех ТЭЦ, Экибастузской ГРЭС-3, завершение объединения электрических сетей Западной зоны с Единой электроэнергетической системой страны и ввод дополнительных энергетических мощностей.

Кроме того, обозначены приоритетные направления работы по исполнению поручений Президента в части расширения нефтегазовых проектов, своевременной реализации проектов по строительству газоперерабатывающих заводов, обеспечению стабильности в вопросах производства нефтепродуктов и обеспечения ими внутреннего рынка.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан 2024 жылы 16 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Жиында астық экспорты мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2024 жылы экспорттың жалпы көлемі 8,1 млн тоннаны құрады. 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың 18 наурызына дейін Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан), Қытай, Ауғанстан және Еуропа елдеріне 6,3 млн тонна жаңа өнім экспортталды (өсім 53%). Оның ішінде Иранға сәйкес кезеңде 741 мың тонна (17 есе өсті), Әзербайжанға – 408 мың тонна өнім жөнелтілді. Айта кету керек, бұл қазақстандық астықты Әзербайжанға жеткізудің соңғы 5 жылдағы ең жоғары көлемі. 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың ақпанына дейін астық тасымалы небәрі 4 мың тоннаны құрады.

Талқылаудың басты тақырыбы – ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Россельхознадзор және басқа елдермен екіжақты өзара іс-қимыл нәтижесінде, Қазақстанның бірқатар өңірінен аусыл және құс тұмауы бойынша шектеулер алынып тасталды.

Кеңес соңында Серік Жұманғарин бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша экспорттық-импорттық операцияларға шектеулерді алып тастау және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін экспорттың жаңа бағыттарын пысықтау жұмыстарын жеделдету үшін қытай тарапымен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Более 16 млн тонн продукции АПК экспортировал Казахстан в 2024 году

Меры, принимаемые по расширению экспорта сельхозпродукции, обсудили на совещании под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина.

Особое внимание на совещании было уделено вопросам экспорта зерна. В 2024 году общий объем экспорта составил 8,1 млн тонн. За сентябрь 2024 г. – 18 дней марта 2025 г. в страны Центральной Азии (Узбекистан, Таджикистан, Кыргызстан), Китай, Афганистан и в европейском направлении экспортировано 6,3 млн тонн нового урожая (рост на 53%). В том числе в Иран за этот же период отгружена 741 тыс. тонн урожая (увеличение в 17 раз), в Азербайджан – 408 тыс. тонн. Стоит отметить, что это самые высокие объемы поставок казахстанского зерна в Азербайджан за последние пять лет – в прошлом маркетинговом году, с сентября 2023 по февраль 2024-го, перевозки зерна составили всего 4 тыс. тонн.

Важной темой обсуждений стало обеспечение ветеринарной безопасности. В результате двустороннего взаимодействия с Россельхознадзором и другими странами сняты ограничения по ящуру и гриппу птиц с ряда регионов Казахстана.

По итогам совещания Серик Жумангарин поручил усилить взаимодействие с китайской стороной для ускорения работы по снятию ограничений на экспортно-импортные операции на ряд сельхозпродуктов и проработке новых направлений экспорта для поставок казахстанской сельхозпродукции.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM