Қазақстан Бас прокуратурасы
16.2K subscribers
1.6K photos
1.27K videos
40 files
6.52K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
加入频道
Прокурорлар инвесторлардың құқығын қорғауды жалғастыруда
 
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес прокурорлар инвестициялық жобаларды сүймелдеп, олардың қорғалуын қамтамасыз етіп келеді.
 
Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында Түркістан облысыныңЭкология департаменті тарапынан «Қазақстандық-француздық «КАТКО» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 8-тармағымен 70 млн тенге көлемінде салынған әкімшілік айыппұлдың мөлшері дұрыс есептелмегендігін анықтады.
 
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде әкімшілік айыппұл сомасы 18 млн тенгеге дейін азайтуға қол жеткізіліп, нәтижесінде инвестордың құқығы қорғалды.
 
Кемшіліктің орын алуына жол берген Түркістан облысы бойынша Бас мемлекеттік инспекторға тәртіптік шараға тартылды.
 
Жалпы, прокурорлар инвестициялық ортаны жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге жұмыс жасауда.
 
#Заңүстемдігі
 
Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1007187?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қателіксіз жол. Абай облысында тәуекел тобындағы жасөспірімдермен қандай жұмыс жүргізілуде
 
Абай облысының прокуратурасы ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандармен жүргізілетін жұмысқа ерекше назар аударып келеді.
 
2025 жылдың 22 сәуірі және 2 мамырында әкімдікпен, полиция және ҚАЖ департаменттерімен бірлесіп «Заң және балалар: қателіксіз болашақ» атты іс-шара өткізілді.
 
Қиын мінез-құлықты оқушылар мен колледж студенттері Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне барды. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға жазасын өтеп жатқан адамдардың ұсталатын жағдайлары көрсетіліп, сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды.
 
Бұл кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтың салдарын нақты көрсетуге мүмкіндік берді.
 
Сонымен қатар, жағымды балама қалыптастыру мақсатында 9 мамырда жасөспірімдер Абай атындағы театрда «Ана – жер ана» спектаклін, ал 18 мамырда «Елімай» – «Қайрат» командалар арасындағы футбол матчын тамашалады.
 
Мұндай жағымды эмоциялар, сөзсіз, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын өзгертуге ықпал етеді.
 
Жасөспірімдерге заң аясындағы толыққанды өмір мен бас бостандығынан айыру орындарындағы өмірлер арасындағы айырмашылықты түсінуге мүмкіндік берілді.
 
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында жаңа форматтағы профилактикалық іс-шаралар жалғасын табады.
 
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі
           
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1008235?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарылды
 
2025 жылдың 5 мамырына Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты түзеу мекемесінде әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шығарды.
 
Сотталғандардан құралған қылмыстық топ өзге жазасын өтеушілерден ақша бопсалаумен айналысқан.
 
Қаражатты алу үшін олар физикалық күш қолданған, психологиялық қысым көрсеткен және қорлау сипатындағы «жиналыстар» өткізген. Онда жәбірленушілерді ақшасынан «ерікті түрде» бас тартуға мәжбүрлеген.
 
Қылмыстық істің күрделілігі мен көп эпизодтылығына байланысты тергеуді облыс прокуратурасы жүргізді.
 
Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз қатысушысы анықталды. Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс ҚР ҚК 262-бабының 1, 2-бөліктерімен (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сондай-ақ оларға қатысу) және 194-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (бопсалау) бойынша сотқа жолданды.
 
Сот сегіз айыпталушыны кінәлі деп танып, оларды 8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тоғызыншы қатысушыға қатысты үкім шыққанға дейін қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.
 
Сот үкімі заңды күшіне енді.
 
#Әділдік
#Заңүстемдігі
       
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:


https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1008753?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Риддер қаласындағы аурухана кешенінің құрылысы туралы
 
Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға одан әрі тарту бойынша жүйелі және дәйекті жұмысты жалғастыруда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет республика бойынша 333 әлеуметтік нысан салуды мақұлдады.

Бұл бастамалар аумақтарды дамытуға кешенді көзқарастың бір бөлігі болып табылады және өңірлердегі өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.

Біздің өңірде қайтарылған қаражат есебінен денсаулық сақтау және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларындағы (Өскемен және Риддер қалаларында, Ұлан және Шемонаиха аудандарында) 7 әлеуметтік нысанның құрылысы мақұлданды.

Мысалы, Риддер қаласында аурухана кешенінің құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында басталды. Жобаның жалпы құны - 34,8 млрд теңге, оның 11,8 млрд теңгесі медициналық жабдыққа бөлінген.

Қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыстар тоқтатылды.

2024 жылы прокуратура органдарының жұмысының арқасында арнаулы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен объектінің құрылысын аяқтауға 28,1 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді.

Кешенге жалпы ауданы 40 106,84 м2 үш ғимарат кіреді:

1. Стационар (5 блок, 3-5 қабат, жалпы ауданы29 563,36 м2) — дайындық 40%;

2. Емхана (5 блок, 4 қабат, 400 ересек және 100 балаға, ауданы 9 991,2 м2) - дайындығы 85%;

3. Ас блогы (1 қабат, ауданы 627,76 м2) — дайындығы 92%.

Бүгінгі таңда емхана бойынша қаңқа мен қасбет аяқталды, соңғы кезеңде әрлеу жұмыстары, сантехника, кіру тобының құрылғысы аяқталды.

Стационар бойынша 100% Б блогында (3 қабат), А блогында (5 қабат) — 60% жұмыстар орындалды. Монолитті жұмыстар жүргізілуде, сыртқы қабырғаларды қалау, бөлімдер салу, әрлеу және қасбеттік жұмыстар басталды. Нысанда 300 адамжұмыс істейді.

Аяқталу мерзімі - осы жылдың соңы.

#Заңүстемдігі
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1010255?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында прокуратура 200 млн теңгеге заңсыз шарт жасасудың жолын кесті
 
Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 200 млн теңге сомасында бір көзден мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүргізгенін анықтады. Сатып алу жалғыз мердігерден жүзеге асырылған, бұл өзге әлеуетті жеткізушілердің қатысу мүмкіндігін шектеді.
 
Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде заңсыз жасалған шарт бұзылып, қызметтерді сатып алу рәсімі бәсекелестік ортаға қайтарылды.
 
Заң талаптарын бұзғаны үшін бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
 
Бұдан бөлек, осыған ұқсас мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен 6 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынды.
 
#Әділдік
#Заңүстемдігі
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1011367?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтті
 
Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық бастама аясында челлендж өтті.
 
Акция Қарағанды облысынан қабылданып, Шымкент қаласында прокуратура, әкімдік, полиция департаменті және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен жалғасын тапты.
 
Челлендж аясында отбасылық құндылықтарды, сыйластық пен қауіпсіздікті насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтті. Тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
 
Іс-шара соңында челлендж символикалық түрде Қызылорда облысына табысталды. Бұл өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алудағы сабақтастықты көрсетті.
 
Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алуға тиісті шаралар қабылдауда.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#Заңүстемдігі
 
Шымкент қаласы прокуратурасының
сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1010977?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

05.06.2025ж. Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің төрағалығымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтарын талқылау бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.

Жиынға облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері, оқу орындарының ректорлары қатысты.

Облыс прокуроры өз сөзінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын арттыру – басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, кибершабуылдардың алдын алуға және заманауи қауіп-қатерлерге ден қоюға ерекше назар аударуды тапсырды.

Кеңес барысында IT –технологияларды қолдана отырып, құқық бұзушылықтарды жедел анықтайтын жобаларды іске асыру қажеттігі атап өтілді.

Прокуратура бастамасымен іске асырылып жатқан «Бұзушылыққа тоқтам», «Алаяқтан сақ бол», «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобалары, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Прокурорлық фильтр», «Қылмыстар картасы», «Қамқор» жүйелерінің жұмысытуралы презентациялар көрсетіліп, анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат берілді.

Кеңес қорытындысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейтіп, жұмыс барысында озық технологияларды қолдана отырып цифрлық шешімдерді жетілдіру туралы шешім қабылданды.

#Заңүстемдігі

Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1012861?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында прокуратура кәсіпкерлер алдындағы 43 млн теңгеден астам берешектің төленуіне қол жеткізді
 
Прокуратура органдары бизнес субъектілерінің құқықтарының сақталуына ерекше назар аударады.
 
Курчатов қаласының прокуратурасы 2024 жылдың басынан бастап коммуналдық кәсіпорындардың бірі 44 кәсіпкердің құқықтарын бұзып, жеткізілген тауарлар үшін 92,9 млн теңге төлемегенін анықтады.
 
Мәселен, «Курчатов водоканал» КМК 2024 жылы су тазартуға арналған реагенттерді жеткізген кәсіпкерге 1,7 млн теңге төлемеген.
 
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде 8 бизнес субъектісіне 43 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді. Қалған сома кәсіпорынның қаражат тапшылығына байланысты кезең-кезеңімен өтелетін болады.
 
КМК-ның кәсіпкерлер алдындағы міндеттемелерін орындауы Курчатов қаласы прокуратурасының бақылауына алынды. КМК-ның кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 
#Әділдік
#Заңүстемдігі
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1013882?lang=kk

 
🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының прокуратурасы 42 мыңга пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекетке қайтарды
 
Абай облысының прокуратурасы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
 
Тексеру барысында бірқатар жерпайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойыны саналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.
 
Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың га және кадастрлық құны 516 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
 
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізуде.
 
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 
#Әділдік
#Заңүстемдігі
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1014158?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында 300-ден астам адамды алдаған тұлғалар тобы анықталды
 
Жамбыл облысында алаяқтықпен күрес шаралары күшейтіліп, бұл құқық қорғау органдарымен оларды анықтау көрсеткішінің 383%-ға (65-тен 314-ке дейін) артуына себеп болды.

Алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудың тиімділігіне оң әсер етті.

Атап айтқанда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-ның «Cyberpol» ведомствоаралық тобының нәтижелі жұмысының арқасында 2021 жылдан 2025 жылға дейін 300-ден астам интернет-алаяқтық фактілерін жасаған 12 тұлға ұсталды.

Мысалы, Жамбыл облысының тумасы 6 сыбайласымен бірге интернет арқылы несие рәсімдеу жолымен 147 азаматтың жалпы сомасы 101 млн теңге қаражатын иемденген.

Бұл қылмыстық топ үш жыл бойы Тараз қаласындағы жалға алынған кеңседе екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдеумен айналысқан.

Аталған фактімен 10.01.2025 жылы ҚР ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

30.05.2025 жылы қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тағы бір мысал – Байзақ ауданында 2025 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айына дейінерлі-зайыпты жұп «WhatsApp» чаты арқылы нарықтағы бағадан төмен бағада ыдыс-аяқ сатамыз деп жарнама жасап, алаяқтық және сенімді теріс пайдалану мақсатында 200 жәбірленушінің 120 млн теңгеден астам ақшасын иемденген.

04.04.2025 жылы аталған факті бойынша Байзақ аудандық ПБ-мен ҚР ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті тұлғалар ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс облыстық полиция департаментімен тергелуде және ол прокуратураның бақылауында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Прокуратура азаматтарды сақ болуға және банктердің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде өзін таныстыратын күдікті тұлғаларға сенбеуге, сондай-ақ күмәнді жарнамалар мен инвестициялық жобалардан сақтануға шақырады.

#Әділдік
#Заңүстемдігі

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1015290?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM