Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды
Прокуратура органдары пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.
Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жеркодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңгеболатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.
Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңүстемдігі
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/951722?lang=kk
🌐 https://yangx.top/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
March 6
БҚО-да бопсалаушылардың ісі сотқа жолданды
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды тұрақты түрде қабылдауда.
Осылайша, облыстық прокуратураның қолдауымен 2023 жылы білім беру ұйымдарында «Komek Stop Bulling» платформасы енгізілді, ол қазіргі уақытта республиканың 10 облысында сәтті жұмыс істейді.
Бұл платформа балаларға (сонымен қатар олардың ата-аналарына) өздеріне қарсы барлық заңсыз әрекеттер туралы еркін хабарлауға мүмкіндік берді.
Мысалы, 2024 жылы жүйеге белгісіз біреулер аймақтағы колледж студенттерінен қорқытып алу арқылы ақша бопсалағаны туралы анонимді хабарлама келіп түсті.
Соның салдарынан қорқытып алуға қатысы бар бір топ жастар анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа жолданды.
2024 жылы проблемалар туындаған жағдайда қосымша жаңа батырмамен (#бізбірге) толықтырылды, ол арқылы балалар күннің кез келген уақытында психологпен тікелей байланыса алады (шақыру нөмірі 1301).
Қазірдің өзінде 20-дан астам адамға көмек көрсетілді (оқу проблемалары, өмірдегі мақсаттың жоқтығы, құрдастарымен қарым-қатынас және т.б. мәселелер бойынша).
Мәселен, қараша айында бір әйел балаларын тастап, қарызына байланысты өз-өзіне қол жұмсағысы келгені туралы жүйеге хабарласқан.
Телефон арқылы оған дер кезінде психологиялық көмек көрсету нәтижесінде ол ондай ниетінен бас тартты.
Облыстық прокуратура заңның бұзылғаны туралы хабарлау және кез келген уақытта көмек алу үшін аталған жүйеге хабарласуға болатынын еске салады.
#ЗАҢменТӘРТІП
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/951991?lang=kk

Есірткі контрабандасы үшін қатаң үкім: қылмыс жазасыз қалмайды
Павлодарда аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалау ісі бойынша сот үкімі шығарылды.
Қырғыз Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қарбыз жүгінің ішінде жасырылған тыйым салынған заттарды заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылды. Тергеу нәтижесінде 59 килограммнан астам героин мен 10 килограмм гашиш тәркіленді.
Сотпен шетелдік азамат кінәлі деп танылды және 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сонымен қатар, сот Қазақстан Республикасының азаматын жоғарыда аталған ауыр қылмыс туралы алдын ала біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұл жағдай - есірткінің заңсыз айналымы ауыр салдарға әкелетінін тағы бір мәрте дәлелдейді. Құқықтық тәртіп органдары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етіп есірткі қылмысына қарсы белсенді күресті жалғастыруда.
#ЗАҢменТӘРТІП
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/951847?lang=kk

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды
Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
#ЗАҢменТӘРТІП
Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/952252?lang=kk
🌐 https://yangx.top/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
#ЗАҢменТӘРТІП
Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/952252?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
March 6
Ақтөбе қаласының шетінде орын алған адам өлтіру
Өткен жылдың мамыр айының соңында Ақтөбе қаласының шетінде (мал базары ауданында) екі жасөспірімдер тобының арасында суық және атыс қаруын қолданумен төбелес орын алды.
Нәтижесінде 8 жасөспірім атыс және пышақ жарақатын алып, 1 кәмелетке толмаған Ақтөбе қаласының тұрғыны қаза тапты.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, марқұмды автокөлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақаттарын салған.
Осы күні облыстық полиция Департаментімен ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Облыс прокуратурасымен қылмыстық іс бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.
Полиция қызметкерлерімен жедел түрде қылмысқа қатысы бар 10 тұлға ұсталып, олар уақытша ұстау абақтасына қамалды.
Сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс тергеушінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы баяндамасымен прокуратураға келіп түсті.
26.02.2025 жылы облыс прокуратурасымен айыптау актісі жасақталып, іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/951931?lang=kk

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде түсірілген бейнеролик дайындады. Онда сотталған жастар өз оқиғаларымен бөлісіп, қатарластарына орны толмас қателіктер жібермеуге кеңес береді және қылмыстық әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіреді.
#ЗАҢменТӘРТІП
🌐 https://yangx.top/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
#ЗАҢменТӘРТІП
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
March 6
Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы шетел азаматтарына қатысты профилактикалық іс-шара өткізді
"Заң және Тәртіп" қағидасын орындау мақсатында қылмыстың алдын алу және жолын кесу үшін Байқоңыр ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық полиция басқармасы жатақханаларда, көшелерде және заңсыз сауда орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Нәтижелері бойынша 26 шетел азаматтарымен көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталып, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, материалдар сотқа жолданды.
Нәтижесінде 15 шетелдік азаматқа 680 мың теңгеден астам айыппұл салынды, 11 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды.
Аудан прокуратурасы көші-қон заңнамасын сақтау әрбір шетелдік азаматтың міндеті екенін еске салады.
Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік шығарумен он бес тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз (ҚР ӘҚБтК 517-бабы).
Көші-қон режимін бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
#ЗАҢменТӘРТІП
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/952836?lang=kk

March 7
Ақтауда жылу мәселелері шешілмеуде: прокуратура 10 мың тұтынушы үшін қайта есептеуге қол жеткізді
Маңғыстау облысының аумағында жылу маусымының басталуымен тұрғындар пәтерлеріндегі жылудың жеткіліксіздігі бойынша жаппай шағымдана бастады, бұл жылумен қамтамасыз ету шот-фактураларына наразылық тудырды.
Ақтау қалалық прокуратурасымен талдау барысында жылу төлемдері көрсетілетін қызметтердің нақты сапасын ескермей жасалғаны анықталды, шоттардағы негізсіз сомаларға әкелді.
Қадағалау актісіне сәйкес, жалпы сомасы 22 миллион теңгеден асатын 10 мың тұтынушыны жылыту үшін қайта есептеу жүргізілді.
Прокуратура азаматтардың тұрғын үй және коммуналдық қызмет саласындағы құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.
#ЗАҢменТӘРТІП
Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/952998?lang=kk
🌐 https://yangx.top/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Маңғыстау облысының аумағында жылу маусымының басталуымен тұрғындар пәтерлеріндегі жылудың жеткіліксіздігі бойынша жаппай шағымдана бастады, бұл жылумен қамтамасыз ету шот-фактураларына наразылық тудырды.
Ақтау қалалық прокуратурасымен талдау барысында жылу төлемдері көрсетілетін қызметтердің нақты сапасын ескермей жасалғаны анықталды, шоттардағы негізсіз сомаларға әкелді.
Қадағалау актісіне сәйкес, жалпы сомасы 22 миллион теңгеден асатын 10 мың тұтынушыны жылыту үшін қайта есептеу жүргізілді.
Прокуратура азаматтардың тұрғын үй және коммуналдық қызмет саласындағы құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.
#ЗАҢменТӘРТІП
Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/952998?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
March 7
Бас Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот ақтау үкімнің күшін жойды
21.01.2025 жылы Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша бұрынғы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Н.Нуралиев және «BSB Trade&Advertising» ЖШС директоры Б.Темиргалиге қатысты Тараз қаласы №2 сотының 26.03.2024 жылғы ақтау үкімінің күшін жойды.
Қылмыстық іс Жамбыл облыстық сотына жаңадан сот қарауына жолданды.
Аталған тұлғалар пандемия кезінде Байзақ ауданындағы мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған жабдықтарды сатып алу барысында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айыпталған.
#ЗаңменТәртіп
#ЗаңМәдениеті
Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/953144?lang=kk

БҚО прокуратурасы инвесторға көмектесті
Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау барысында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыс инвесторларымен тұрақты кездесулер өткізеді.
Жұмыс барысында «Zhaik Petroleum Ltd» ЖШС-ның инвестициялық жобаның орналасқан жеріне теміржол желісін өткізу мәселесіне тап болғаны анықталды.
Құзыретті мемлекеттік орган инвестор көтерген проблемалық мәселені қаржыландырудың болмауына байланысты негізсіз кейінге қалдырып отырған.
Осыған байланысты облыстық прокуратура Фронт-офис отырысын ұйымдастырып, онда Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы темір жол желісін салу бойынша шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта мемлекет қаражаты есебінен 1,120 млрд теңге көлемінде теміржол желісін сұралған аумаққа өткізу жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі таңда инвестор «Метанолды өндіруге арналған газ-химиялық кешенін салу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.
#ЗаңменТәртіп
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/954034?lang=kk

March 11