Қазақстан Бас прокуратурасы
16.2K subscribers
1.61K photos
1.28K videos
40 files
6.53K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
加入频道
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бизнес өкілдерімен ашық диалог
 
«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Ақтөбе облысында прокуратура органдары, әкімдік және «Атамекен» өңірлік палатасы өкілдерінің кәсіпкерлермен кезекті кездесуі өтті.
 
Кездесу барысында отандық тауар өндірушілерді қолдау, электр энергиясы тарифінің көтерілуі, мемлекеттік сатып алуға қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
 
Жиын барысында облыс прокуроры Марат Әбішев прокуратураның бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
 
Сондай-ақ, ол әкімдікпен, прокуратурамен, «Aтамекен» кәсіпкерлер палатасымен және уәкілетті органдармен тікелей іскерлік диалогты дамытудың оң үрдісін атап өтті.
 
Өңір әкімі мен облыс прокуроры кәсіпкерлерді жеке қабылдады.
 
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелерді облыс прокуратурасы қарауға қабылдады.
 
Бизнес құқығын қорғау жұмыстары жалғасуда.
 
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/978890?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бюджет мүдделері қорғалды
 
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы аймақтағы аудандық ауруханалардың қызметін тексеру барысында қаржылық және медициналық есебіндегі бұзушылықтарды анықтады.

Қобда ауданында қызметтерді қайталау және көрсетілмеген қызметтер үшін емдеу және диагностикалық қызметтер санын негізсіз 20 млн теңгеден астам сомаға арттырған.

Сонымен қатар, медициналық лицензияға тиісті қосымшаларсыз 45 миллион теңгеден астам сомаға амбулаториялық-емханалық көмек заңсыз көрсетілген.

11 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді біліктілік талаптарына сай келмейтін қызметкерлер атқарғаны анықталды.

Мысалы, бейінді білімі жоқ аурухананың «іс жүргізушісі» 3 млн теңгеден астам сомаға мыңнан астам психологиялық кеңес өткізген.

Нәтижесінде, заңсыз төленген бюджет қаражаты 80 млн астам теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, бюджет қаражаты қайтарылды, тұрғындардың құқықтары қалпына келтірілді, лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауаптылықтарға тартылды.
 
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/981631?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Отбасы құндылықтары - болашақтың негізі»
 
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде, Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың бастамасымен Талдықорған қаласының тұрғындарымен аталған мәселелер бойынша белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызын шақыра отырып, кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау және осы бағытта қоғамның белсенділігін арттыру арқылы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
 
Кездесуге жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар комитеттерінің өкілдері мен жастар қатысты.
 
Кездесу барысында спикерлер отбасы тәрбиесі, ұлттық дәстүрлер туралы терең ойларымен бөлісіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға, әсіресе балалардың психологиялық жағдайы мен болашағына тигізетін теріс әсерін атап өтті.
 
Сондай-ақ, кездесуде заманауи ақпараттық технологиялардың балаларды тәрбиелеуге әсері, ажырасулар санының артуы және бала тәрбиесіндегі басқа да олқылықтар талқыланды.
 
Мысалы, соңғы екі жылда облыста 2,5 мыңнан астам отбасы ажырасқан.
 
2024 жылы облыс бойынша 100-ден астам адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды, олардың 57%-ы оқиға кезінде алкогольді мас күйінде болған.
 
Облыс прокуратурасы органдары уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы құқық бұзушылықтың осы түрінің алдын алу шараларын қабылдауда.
 
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері Үйлестіру кеңесінде және ведомствоаралық кеңестерде бірнеше рет қаралды.
 
Бұл кездесудің маңыздылығы тек ақпарат беруде ғана емес, сонымен бірге қоғамдық сананы ынталандырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік-құқықтық салдарын түсіндіре отырып, заңға бағынатын мінез-құлық қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған.
 
#ЗаңжәнеТәртіп
#Жауапкершілік    
         
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/981705?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу – қадағалаудың басым бағыты
 
«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Ақтөбе қаласында облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен, облыс прокуроры және мүдделі органдардың басшыларының қатысуымен Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті, жиында үш ірі инвестициялық жобаны құқықтық сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Мұғалжар ауданында карбамид өндіретін азот тыңайтқыштар зауытының құрылысы (инвестиция көлемі – 820 млрд теңге), шыны ыдыс өндірісі (инвестиция көлемі – 34 млрд теңге), сондай-ақ «Coca-Cola Icecek» зауытының құрылысы (инвестиция көлемі – 32 млрд теңге) қаралды.

Облыс прокуроры Марат Әбішев инвесторлардың құқықтарын қорғау және жобаларды іске асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету – прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Ол қатысушыларға құқықтық рәсімдердің толық сақталуын бақылап, жан-жақты қолдау көрсетуге қадағалаушы орган дайын екенін жеткізді.

«Прокуратура барлық инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеудің заңды тұстарын бақылауға алады. Біз кез келген құқықтық кедергілер мен әкімшілік тосқауылдарға жедел әрекет етуге дайынбыз, инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды қамтамасыз етеміз» — деді Марат Әбішев.

Облыс әкімі Асхат Шахаров прокуратураның ағымдағы жылдың II және III тоқсандарында іске асырылуы жоспарланған Жалпыұлттық инвестициялық пулдағы келесі 10 жобаны талқылауға шығаруға қатысты ұсынысын қолдады.

Аталған жобалар қатарында: KazFeltek – жүн өңдеу және тоқыма емес материалдар өндірісі цехы; Қазақстан электролиз зауыты – жел электр станциясының құрылысы; «Бенкала» кен компаниясы – темір кендерін құрғақ магниттік сепарациялау фабрикасы және басқа да бірқатар жобалар бар.

Облыс әкімдігі, прокуратура, «Kazakh Invest» АҚ, «Атамекен» ӨКП және басқа да мүдделі ведомстволар өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруда.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/983982?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартты
 
Жетісу облысында «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокурорлар Қаратал ауданы әкімдігінің бөлім басшыларының бірін мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты (ӘҚБтК-нің 207-бабының 3 және 10-2-бөліктері бойынша оған 130 АЕК (511 160 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды).
 
Атап айтқанда, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы сумен жабдықтау желілерін салуға жарияланған конкурс жеңімпазымен 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасудан негізсіз бас тартқан.
 
Сонымен қатар, ол қайтадан сатып алу рәсімін өткізіп, бұл жолы басқа қатысушымен келісімшарт жасаған.
 
Тағы бір жағдайда мердігер техникалық талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды жеткізген, алайда осыған қарамастан аудандық ТКШ бөлімі ол тауарларды қабылдап алған.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік қызмет беделін түсіретін жағдайлар бойынша конкурс комиссиясының басқа да мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі басшы мен төрт маманға қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту жасалды.
 
Прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды бақылауды жалғастыруда.
 
#ЗаңжәнеТәртіп
#Жауапкершілік
 
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/985749?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Инвесторларға энергия тарифі төмендетілді
 
«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Ақтөбе қаласының прокуратурасы бизнес құқығын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
 
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда орналасқан инвесторларға арналған арнайы жеңілдетілген тарифтің қолданылмау фактілері анықталды.
 
Қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларына сәйкес, аталған аймақтарда «Энергосистема» ЖШС-і электр энергиясына «жеңілдетілген тариф» қолдануға міндетті.
 
Алайда 17 инвестор тұтынылған электр энергиясы үшін заңды тұлғаларға белгіленген жалпы тариф — 1 кВт сағ үшін 49,99 теңге мөлшерінде ақы төлеген.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде «Энергосистема» ЖШС аталған кәсіпкерлерге 1 кВт сағ үшін 38,86 теңге мөлшерінде «жеңілдетілген тариф» белгіледі.
 
Осылайша, инвесторлар үшін электр энергиясының тарифі 49,99 теңгеден 38,86 теңгеге дейін төмендетілді.
 
Бұл шара инвесторлардың шығындарын азайтып, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
 
Прокуратура қадағалауы нәтижесінде инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді.
 
Бизнес құқығын қорғау жұмыстары жалғасуда.
 
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/986048?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Ақтөбе» футбол клубында жымқыру
 
Облыс прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубы қызметі тексерлді.

250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау.

Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Істердің тергелуі облыс пркуратурасының бақылауында.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП 
#Жауапкершілік
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/986714?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура инвесторлардың құқықтарын қорғауда
 
«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Жетісу облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
 
Қолданыстағы талаптарға сәйкес, мемлекеттік органдар прокуратура органдарымен келіспей, инвесторларға қатысты талап қою, әкімшілік немесе шектеу сипатындағы шараларды қабылдауға құқы жоқ.

Алайда, прокурорлық сүзгі барысында аталған талаптардың сақталмау фактілері салдарынан инвесторлардың құқықтарының бұзылуына жол берілгені анықталды.
 
Мысалы, Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және Көксу ауданының полиция бөлімі тарапынан аумақтық прокурорлармен келіспей, инвесторларға қатысты тексерістер тағайындалған.
 
Сол сияқты, Талдықорған қаласының полиция басқармасы да прокурорлардың келісімінсіз, көші-қон заңнамасын бұзу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
 
Прокурорлық ден қою шаралары нәтижесінде жүргізілген тексерістер мен әкімшілік хаттама заңсыз деп танылып, күшін жойды.
 
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау – ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
 
Айта кетейік, кәсіпкерлер мен инвесторлардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында облыс прокуратурасы жанынан Фронт-офис және тәулік бойы жұмыс істейтін Мобильді топ жұмыс істейді (байланыс нөмірі: 8-775-803-89-88).
 
#ЗаңжәнеТәртіп
#Жауапкершілік
              
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/986927?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысының прокуратурасы жер заңнамасы саласында заң бұзушылықтарды анықтады
 
Түркістан облысының прокуратурасы жер телімдерін заңсыз беруге, ресімдеуге және оларды мемлекет меншігінен шығаруға байланысты жер қатынастар саласында бұзушылықтарды анықтады.
 
Атап айтқанда, Сауран ауданында жалған құжаттар негізінде көлемі 2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері жеке тұлғаларға ресімделген, кейіннен олардың нысаналы мақсаты бизнес үшін өзгертілген.
 
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 320 млн теңгеге залал келтірілген, сондықтан 2 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 
Төлеби ауданында комиссия шешімісіз 23 жер теліміне қатысты жер учаскелерін табыстау, нысаналы мақсатын өзгерту және жалға беру мерзімін ұзарту туралы заңсыз жағдайлары анықталды.

Осы ауданда жеке меншікке 39 жертелімі берілген, алайда іс жүзінде заңнамада белгіленген мерзімде игерілмеген.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, іс-құжаттар прокуратураның АЕК-на тіркелді жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне процестік шешім қабылдау үшін жолданды.
 
Жалпы, 2025 жылдың I-тоқсанында облыс прокуратурасының актілері негізінде мемлекетке кадастрлық құны 2 млрд теңгеден асатын жер қайтарылды.
               
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
 
Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/988231?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысының прокуроры кеншілердің еңбек жағдайымен танысты
 
Мемлекет басшысы жариялаған Еңбек мамандықтары жылы қарсаңында және «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында облыс прокуроры Марат Әбішев жұмыс сапарымен «ТНК Казхром» АҚ ДГОК құрамындағы «Мирный» және «Болашақ» тау-кен өндірісі нысандары шахталарына барды.
 
Марат Әбішев «Мирный» және «Болашақ» шахталарында болып, кеншілердің еңбек жағдайымен, нысандардың техникалық жай-күйімен және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.
 
ДГОК әкімшілігімен өткен кездесуде еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптарының сақталуы және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заң бұзушылықтарға жол бермеу маңыздылығын атап өтті.
 
 «Әрбір қызметкер, әсіресе тау-кен өндірісі сияқты күрделі әрі қауіп-қатері жоғары салада жұмыс істейтіндер, өз қауіпсіздігіне сенімді болуы тиіс. Прокуратура өзге уәкілетті органдармен бірлесіп, еңбеккерлердің құқықтарының сақталуын қатаң бақылайтын болады», – деп атап өтті Марат Әбішев.
 
Сапар аясында облыс прокуроры аудан прокуратурасы ұжымымен жұмыс кеңесін өткізіп, заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП 
#Жауапкершілік
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/990045?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM