Қазақстан Бас прокуратурасы
16.2K subscribers
1.61K photos
1.28K videos
40 files
6.53K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
加入频道
Ақмола облысында алимент бойынша борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
 
Зеренді ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық іс тіркелді.
 
Мәселен, алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бар азамат «Ж» 3 жыл бойы өз міндеттемелерін орындау шараларын қолданбай, әрекетсіз болды. Қарыз шамамен 3 миллион теңгені құрады.
 
Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін тиісті қорытынды жасамай, борышкер бейресми жұмысқа орналасу арқылы өзінің нақты табысын жасыра отырып, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтаруды жалғастырды.
 
Сот үкімімен борышкер ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 300 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.  
 
Естеріңізге сала кетейік, алименттік міндеттерді орындамағаны үшін  қылмыстық жауапкершілік көзделген.
 
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратураның тұрақты бақылауында.
 
#Заң_және_Тәртіп
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/976877?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысының прокурорларымен 450 тұлғаға қатысты заңсыз несие рәсімдеген ҰҚТ-ң әрекеті тоқтатылды
 
Өткен жылдың сәуір айында Зеренді ауданының прокурорымен аудан халқымен кездесу барысында, белгісіз тұлғалармен әлеуметтік осал топтарына жататын аудан тұрғындарының атына ақшалай несие рәсімдеу фактісі анықталған.

Осыған орай, аудан прокурорының бастамасымен жедел іздестіру шаралары басталған.

Нәтижесінде 2024 жылдың қараша айында алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру Ақмола облысы прокуратурасының Арнайы прокурорларына жүктелген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері алдау жолымен екінші деңгейлі банктерден ақша қаражаттарын жымқырғаны әшкерленді.  

Топ мүшелерінің әрбір қатысушының рөлдері, міндеттері және әрекеттері нақты бөлінген.

Алаяқтармен 450 тұлғаға қатысты 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімделген.  

Осы орайда еліміздің бірнеше облыстарының тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналған.  

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамаққа алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жариялануға жатпайды.
 
Ескертпе: ҚПК-тің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.
 
#Заң_және_Тәртіп

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/978429?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар прокурорлары мұғалімдердің құқықтарын қорғады
 
Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде Toraighyrov university 1225 қызметкерінің конституциялық құқықтарының бұзылғаны анықталды.
 
Белгілі болғандай, университеттің педагогтарына заңмен көзделген демалыс мерзімдері екі есе қысқарған.
 
Атап айтқанда, университеттің ұжымдық келісім-шартында Еңбек кодексін бұза отырып, педагогтарға тек 30 күн демалыс берілетіні көрсетілген, ал заң бойынша 56 күн берілуі тиіс.
 
Сонымен қатар, мұғалімдер мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану жағдайларына байланысты демалыстарын қайтадан ауыстыруына тыйым салынған.
 
Ал, аталған себептер бойынша демалыстарды ауыстыру Еңбек кодексімен де реттелген.
 
Нәтижесінде, прокуратураның қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ұжымдық келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізілді, білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
 
#Заң_және_Тәртіп

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/978416?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО прокуратурасының қадағалау актісі бойынша белгілі санаттағы азаматтар үшін жеңілдік тарифі бекітілді
 
Самар ауданы прокуратурасымен тұрғын ҮКШ саласындағы заңдылықтың сақталуын талдау барысында, жергілікті атқарушы органмен Экологиялық кодекс талаптарына қайшы түрде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін бекіту шаралары ұзақ уақыт бойы қабылданбағаны анықталды.
 
Қадағалау органы араласқанға дейін қолданыста болған көрсеткіш 2013 жылы аудандық ТКШ бөлімімен өз бетінше бекітілген болатын.
 
Қадағалау актісі бойынша бұл заңбұзушылық жойылып, аудан мәслихатының шешімімен тиісті көрсеткіш бекітілді.
 
Прокуратураның бастамасымен әлеуметтік жағынан осал топтар қатарындағы азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мақсатында жоғарыда көрсетілген шешімді бекіту барысында жеңілдіктерге құқылы азаматтар санатының тізбесі көзделді.
 
Атап айтқанда, еңбек ардагерлеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көпбалалы отбасылар мен аналарға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелет жасына дейін ата-анасынан айырылған балаларға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне 50% жеңілдік қарастырылған. Жасына байланысты зейнеткерлерге, 2-топ мүгедектеріне және т.б. 25% жеңілдік берілген, ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалдықтарды шығару үшін төлем жасаудан толықтай босатылды.
 
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл жеңілдіктерді 4 мыңнан астам адам, яғни жергілікті халықтың 34 пайызы пайдалана алады. Қазіргі таңда қалдықтарды шығару қызметін көрсететін кәсіпорын жеңілдігі бар азаматтардан қажетті құжаттарды қабылдау жұмысын бастап кетті.
 
#Заң_және_Тәртіп
#Заңүстемдігі
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/978682?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Петропавл қаласында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттерінің және Бас прокуратура және Конституциялық сот өкілдерімен кезекті кездесуі өтті.

Кездесу барысында Конституцияның негізгі ережелері мен оның құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы рөлі талқыланды. Бас прокуратураның аға прокуроры Серік Әділкенұлы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының заңдылықты нығайтудағы және прокуратураның адам құқықтары жөніндегі әлеуетін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Конституциялық Соттың судьясы Айгүл Қыдырбаева конституциялық бақылау органдарының маңыздылығына тоқталып, азаматтардың конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына атап көрсетті.

Кездесуге қатысушылар құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, оларды шешудің ықтимал жолдарын белгіледі.

Қорытындылай келе, ұйымдастырушылар іс-шараның барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны және конструктивкті диалогы үшін алғыстарын білдірді.

Көшпелі кездесулерді өткізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды

Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізеді.
 
Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұза отырып, 461 га жайылымдық жерді жеке меншікке бергені анықталды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтық құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
 
Осы басым бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 
#Заң_және_Тәртіп
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында алимент бойынша борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
 
Қосшы қаласының прокуратурасын үйлестіру кезінде кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден қасақана жалтару бойынша  қылмыстық іс тіркелді.
 
Атап айтқанда, борышкер 3 жылдан астам алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра, өз міндеттерін орындау үшін шаралар қабылдамай, әрекетсіз болған.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкер жартылай алимент бойынша 1 172 249 теңге сомасында төлем жүргізіп, өндіріп алушы мен борышкер арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.
 
Алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз.
 
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/980151?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты
 
Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына байланысты дауға нүкте қойылды.
 
Атап айтқанда, 2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі тамақ улану белгілерімен 56 азамат жүгінді, оларалдын ала Екібастұз қаласындағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан.
 
Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды, процессуалдық прокурорлар тағайындалды, сараптамалар ұйымдастырылды, тергеу тобының шығуы ұйымдастырылды.
 
Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді.
 
Зардап шеккендер сот шешімімен қанағаттанды, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданды.
 
#Заң_және_Тәртіп

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/980849?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Набережная» ақшасын ұрлаған қарақшылар қамауға алынды
 
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау – «М-Строй Проект» ЖШС-і және мердігер компания «ПавлодарЭнергоМонтаж» ЖШС-нің басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қаражаттар 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейін «Набережная» жағажайын салуға бөлінген.

Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік –Астана қаласында 95 млн теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды.

Прокурорлар «Набережная» жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласындағы басқа объектісінен жымқырылған ақшаға жасалғаны анықталды.

Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.
 
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/982681?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғады
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.
 
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.

33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.
 
Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған.

Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда.

Жұмыс жалғасуда.
 
#Заң_және_Тәртіп
                             
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/983389?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM