Қазақстан Бас прокуратурасы
16.2K subscribers
1.6K photos
1.27K videos
40 files
6.52K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
加入频道
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎖 Қызмет арқылы берілетін естелік

Бұл ролик - адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған Қазақстанның Батыры Ғазиз Байтасовтың ұлы туралы. Оның ұлы заңға қызмет ету жолын таңдап, бүгінде Жамбыл облысының прокуратура органдарында жұмыс істейді және әкесін мақтанышпен есте сақтайды.

Сонымен қатар, бейнероликте прокурорлардың заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы жұмысы туралы баяндалады.

#ЗаңменТәртіп

🎖 Память, передающаяся через служение

Этот ролик — о сыне Героя Казахстана Газиза Байтасова, отдавшего жизнь ради спасения людей. Его сын, выбрав путь служения закону, сегодня работает в органах прокуратуры Жамбылской области и с гордостью хранит память об отце.

Кроме того, в ролике рассказано о работе прокуроров в сфере обеспечения законности и порядка.

#ЗакониПорядок

Толығырақ сілтеме арқылы:

https://youtu.be/WrzKOjmDVKc

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында «Заң мен Тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі» тақырыбында жылжымалы қоғамдық қабылдаулар басталды

2025 жылғы 23 маусымнан бастап облыс аумағында «Заң мен Тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі» тақырыбымен жылжымалы қоғамдық қабылдаулар өтуде.

Іс-шара Түркістан қаласы, Сарыағаш, Қазығұрт және Арыс аудандарынан бастау алды. Апта соңына дейін барлық аудандар қамтылады.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халықпен ашық диалог орнату, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерді жергілікті жерде жедел шешу. Қоғамдық қабылдау барысында прокуратура, әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын тыңдап, оларға заң аясында нақты жауаптар мен түсіндірмелер беруде.

Бұл бастама – әділетті Қазақстан қағидаттарына сәйкес ашықтық пен есептілікке негізделген басқару жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

#ЗаңменТәртіп

Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1024589?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Инвесторлар үшін «Ашық есік күні» өткізілді

Бас прокуратура Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен бірлесіп инвесторлар үшін «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараның ерекшелігі инвестицияларды қорғау және қолдау саласындағы функциялар мен құралдарды таныстыру болды.

Бірінші кезекте, бұл прокурорлардың өтінім беруден бастап жобаны толық іске қосуға дейінгі маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуі.

Сондай-ақ, прокуратура органдарының фронт-офистерінің жұмысы, «прокурорлық сүзгінің» арнайы құралы, «инвесторларға арналған жасыл дәліз» жобасы талқыланып, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа таныстырылды.

Диалогқа Инвестициялар комитетінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «KAZAKH INVEST» АҚ» ҰК», жергілікті атқарушы органдар басшылығы, Бас прокуратураның инвестицияларды қолдау жөніндегі бейінді басқармасыныңқызметкерлері және 500-ден астам инвестор қатысты.

«Бүгін инвесторлар прокурорға алдын ала жазылусыз тікелей жүгіне алады және дереу ден қоя алады», - деп атап өтті Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Мәди Айхимбеков.

Барлық инвесторларға кәсіпкерлік субъектілері көмек сұрай алатын бизнес пен инвесторларды қорғау жөніндегі прокуратура органдарының call-орталықтарының телефон байланыстары туралы еске салынды.

Іс-шарада кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы жаңалықтар да айтылды.

Жергілікті жерлердегі прокурорлар бизнес құқықтарының бұзылуының әрбір фактісін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабының призмасы арқылы қарауға бағдарланған.

Бір мезгілде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар прокуратураларының басшылығына инвесторлар айтқан барлық проблемалық мәселелерді жеке бақылауға алу және Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Атамекен» палатасымен тиімді өзара іс-қимылды және бизнес субъектілерінің құқықтық консультациясын қамтамасыз ету тапсырылды.

Инвесторлар оң нәтиже сезінуі үшін алдағы жұмысты бақылау қажет - деп түйіндеді жоғары қадағалау органының өкілі.

#ЗаңменТәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тұрмыстық зорлық-зомбылық — тек отбасы ішіндегі жанжал емес, ол бүкіл қоғамға арналған қатерлі белгі.

Бұл деректі фильм шындықты жеткізуге және үнсіз қалудың қаншалықты қауіпті екенін еске салуға арналған.

Елорда прокуратурасы үнсіз қалмауға шақырады: бірге күресейік!

#ЗаңменТәртіп

Домашнее насилие — не просто конфликт в семье, а тревожный сигнал для всего общества.

Этот документальный фильм — попытка донести правду и напомнить: молчание может стоить жизни.

Прокуратура столицы призывает не молчать и вместе бороться с бытовым насилием!

#ЗакониПорядок

Толығырақ сілтеме арқылы:

https://youtu.be/EYuS1To-B1M?si=5nS8e3SizQLyGOZq

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды жастары Олимпиада чемпионымен және «Сарыарқа» хоккей клубының ойыншыларымен кездесті
 
«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Қарағанды облысының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, жастармен есірткінің алдын алу және интернет қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және олардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталған.

Жастар алдында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері Владимир Князев және команда ойыншылары сөйледі. Олар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, спорттың, өзін-өзі тәрбиелеу және дұрыс өмірлік бағдар ұстану маңыздылығын ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушылар Интернетте кездесетін қауіптер: заңсыз әрекеттерге тарту, тыйым салынған заттарды тарату, анонимді арандатушылықтар мен әлеуметтік желілердегі манипуляциялар туралы ескертілді.

Ұйымдастырушылар дұрыс таңдау жасау-денсаулықты, бостандық пен болашақты сақтау екенін атап өтті.

#ЗаңменТәртіп

Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1024834

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысының прокурорлары
студенттермен кездесу өткізді
 
«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында заң колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу облыс прокуратурасының музейін аралаудан басталды, онда жастарға прокуратура органдарының құрылу және қалыптасу тарихы туралы айтылды.

Қонақтарға азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы қадағалау органының жұмысы көрсетілді.

Болашақ заңгерлер Ахуал орталығының жұмысымен, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерімен танысты.

Сондай-ақ қонақтарға цифрлық технологиялар, оның ішінде СДТБТ, ӘІБТ, «Qamqor» мобильді қосымшасы, қылмыстық құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының карталары және басқа заманауи технологиялар көрсетілді.

Прокурорлар қонақтарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, іс-шара соңында заңды сақтап, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуды тіледі.
 
#ЗаңменТәртіп

Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1024880?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әр азаматты тыңдаймыз: прокуратура көшпелі форматта

«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында Батыс-Қазақстан облыс прокуратурасымен «Мобильді қабылдау» акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында облыс тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелермен, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына ұсыныстар мен өтініштермен тікелей жүгіне алды.

Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Е. Меңдіғалиев, облыс прокурорының орынбасары А. Б. Құстанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу, полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары қатысты.

Тиісті жауаптар, заңгерлік кеңестер берілді және Белгіленген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Облыс прокурорының орынбасары А. Б. Құстанов Облыстың 20-дан астам азаматын қабылдады. Іс-шара барысында облыс прокурорының орынбасары облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар берді.

«Мобильді қабылдау» акциясы азаматтарда туындайтын өзекті мәселелерді жедел және тиімді шешуге бағытталған. Құқық қорғау органдарының өкілдеріне тікелей жүгіну, өз сұрағыңызға нақты және нақты жауап алу мүмкіндігі тұрғындардың сенімін нығайтты.

#ЗаңменТәртіп

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1024972

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Астана әуежайында «Тәртіп батырлары күні» акциясы өтті
 
Бүгін Мемлекет Басшысының бастамасымен және Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша өткізіліп жатқан «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Астана қаласының әуежайында «Тәртіп батырлары күні» атты акция ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Шаһар тұрғындары мен қонақтары өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.
 
Акцияның басты мақсаты – азаматтарды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарына деген халық сенімін арттырып, өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту.
 
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1024881

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астана қаласының прокуратурасында "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында студенттерге арналған Ашық есік күні өтті

Іс-шара барысында заң саласына қызығушылық танытқан жастар - Азаматтарды қабылдау орталығы мен кезекші прокуорор жұмысымен, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қадағалау жүргізу барысымен, оның ішінде электрондық база және құжат айналымы, мемлекеттік айыптаушылардың соттағы рөлімен және Ахуалдық орталықтың қызметімен танысты.

Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға үлес қосады.

Прокуратура органдары үшін қоғаммен, әсіресе жастармен ашық және мазмұнды диалог орнату — маңызды басымдықтардың бірі.

#ЗаңменТәртіп

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1025018?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Отырыс барысында, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлескен іс-қимылдарға қатысуға дайын екендіктерін растады.

Сонымен бірге, Бас Прокурор уәкілетті органдардың назарын трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, халықаралық қаржы институттарымен және криптобиржалармен ынтымақтастық, есірткі жарнамасының жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігіне аударды.

Нашақорларды оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қадағалау ведомствосының басшысы қоғамның нашақорлыққа, әсіресе жастар арасында тұрақты иммунитетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерімен бірлесе отырып, азаматтарды нашақорлыққа қарсы іс-қимылға тарту арқылы профилактикалық жұмысты жандандыру ұсынылды.

Қоғамдық ұйымдар, оның ішінде ІІМ жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық компанияларды блогерлердің, спортшылардың және жастар бірлестіктерінің қатысуымен өткізу бойынша бастамалар көтерді.

Отырыс соңында есірткі бизнесімен күреске үлес қосқан құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ есірткіге қарсы саясат пен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқан халықаралық әріптестер мен азаматтық сектор өкілдері марапатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша трансұлттық есірткі бизнесінің одан әрі жолын кесуге, оның қаржы ағындарын бұғаттауға, халықаралық үйлестіруді күшейтуге, талдау мен мониторингтің цифрлық құралдарын дамытуға, сондай-ақ профилактикалық және оңалту бағдарламаларын кеңейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Бұл бағыттағы жұмыс ведомствоаралық өзара іс-қимыл, халықаралық әріптестік және заманауи технологияларды қолдану негізінде дәйекті түрде жалғастырылатын болады.

#ЗаңменТәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM