Tengri.kz
11.2K subscribers
5.09K photos
1.18K videos
11 files
3.67K links
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.
加入频道
Tengri.kz
Алматы әуежайындағы кепілге алу жағдайында қаскөйді ұстауға қоңыр жемпірдегі ер адамның батылдығы себеп болды. t.me/tengri_kz
Алматы әуежайында кепілге алынған қызды құтқарып қалған батыр азаматтың есімі - Мұса Әбдірайым. Жасы 52-де. Ол қаскүнемнің қолынан пышақты жұлып алған.

Мұса жас кезінде ушу-саньдадан чемпион болған екен. Бұл туралы оның ұлы айтты.

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Tengri.kz
Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды. t.me/tengri_kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым “Ерлігі үшін” медалімен наградталды.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті арулар, аяулы аналар, сұлу да нәзік жандар!

Көктемнің ең шуақты, ең жарқын мерекесі – 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Әр күндеріңіз нұрға, қуанышқа, махаббат пен ізгілікке толы болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын! 💐

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым “Ерлігі үшін” медалімен наградталды. t.me/tengri_kz
Алматы әуежайындағы болған оқиғада батырлық көрсеткен Мұса Әбдірайымды Президенттің тапсырмасы бойынша Ерболат Досаев марапаттады.

Әкім Мұса Әбдірайымға "Ерлігі үшін" медалін табыс етті. Сондай-ақ батыр ақшалай сыйақы алды.

t.me/tengri_kz
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған күдікті екі айға қамауға алынды.

Ішкі істер министрлігі әуежайдағы кепілге алу оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Оқиға бойынша үш бап негізінде қылмыстық іс қозғалды:
Кепілге алу (ҚК 261-бабы 2-бөлігі, 4-тармағы) – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қару қолданып бұзақылық жасау (ҚК 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Терроризм актісі туралы жалған хабарлау (ҚК 273-бабы) – 5000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарылды.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында діни радикалдар тобы ұсталды.

Күдіктілер діни алауыздықты қоздыру және экстремистік материалдарды тарату бойынша айыпталды.

ІІМ мәліметінше, олар әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлап, сот тыйым салған материалдарды таратқан.

Тінту кезінде 20-дан астам діни кітап, есірткі, заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді. Топ жетекшілері қамауға алынды.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымбұлақ тау шаңғысы курортында жолдан тыс сырғанаған үш туристің әрекеті салдарынан тау бөктерінде шамамен 3500 м³ қар көшкіні болды.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада боран:

• Қала сыртындағы барлық жолдар жабылды.
• Полиция шамамен 100 жол-көлік оқиғасының тіркелгенін хабарлады.
• Таңертеңнен бері қар тазалау жұмыстарына 2 600-ге жуық жұмысшы мен 1 645 арнайы техника тартылды.
• 6 рейс кейінге шегеріліп, 8 рейстің қону уақыты кешіктірілді.

Видео: Sxodim.astana

t.me/tengri_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен “Asar Baspana” қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Тергеу анықтағандай, Туғанбаев Н.М. бастаған топ 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге жинап, ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен. Нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа салымшылардың қаражатынан жүргізілген. Туғанбаев пен серіктестері 3,8 млрд теңгені заңсыз иеленген.

Олар құрылыс материалдары, тігін цехы және техника өндірісі туралы жалған мәлімет таратқан. Шын мәнінде, өнімдер сырттан алынып, “Asar Baspana” логотипімен таңбаланған.

2024 жылдың желтоқсанынан бастап сенім төмендегенде, ұйымдастырушылар жалған автосалон ашып, көліктерді салымшылардың ақшасына алып, туыстарына рәсімдеген.

8 ақпанда Туғанбаев сайтты “техникалық режимге” ауыстырып, қылмысты жасыруға тырысқан. Алайда тергеу сайт деректерін қалпына келтірді. Нәтижесінде, “Gold” деңгейіндегі 15,5 мың салымшының тек біреуі ғана пәтер, ал “Platina” бағдарламасындағы 15 мыңнан тек біреуі көлік алғаны анықталды.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етті?

Сауда министрі Арман Шаққалиев уақыттың өзгеруіне қатысты зерттеу нәтижелері туралы баяндады. Оның айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуі халыққа теріс әсер етпеген.

t.me/tengri_kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысында су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды атады.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстары.

Қауіптілігі орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары.

Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

t.me/tengri_kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысқанын анықтап, оларды жұмыстан босатты.

Ақжар және Ұялы аудандарының бірнеше шенеунігі мен маманы “ставка” қойғаны белгілі болды.

Елімізде 2023 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салынған.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Саясат Нұрбек брифингте саусағын күйдіріп алды.

Ғылым министрі елімізде өндірілетін кабельдің ыстыққа төзімділігін көрсету мақсатында оны оттықпен өртеп көрді. Кабель жанбай сақталғанымен, министр сақтық танытпай, саусағын күйдіріп алды.

Оның айтуынша, бұл кабель Қазақстанда жасалған. Ол қысқа тұйықталу кезінде тұтанбайды және қауіпті заттар шығармайды.

t.me/tengri_kz
Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс:

- Айжан Шайназарова ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

- Абзал Нүкенов ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

-Қанат Құлшыманов ҚР Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

t.me/tengri_kz
Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді.

Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады.

III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ тоқсан болып саналады, ол 10 оқу аптасына созылады.

IV тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.

t.me/tengri_kz
Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті.

Ол “Қазақфильм” түсірген бірқатар фильмдерде рөл ойнап, ұлттық кино өнеріне елеулі үлес қосты.

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті. Ол “Қазақфильм” түсірген бірқатар фильмдерде рөл ойнап, ұлттық кино өнеріне елеулі үлес қосты. t.me/tengri_kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

t.me/tengri_kz
Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион құрылысына заңсыз иемденілген активтер есебінен 17 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.

Қазір ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынып, 3598 орынға есептелген, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындар бар.

t.me/tengri_kz