Tengri.kz
11.2K subscribers
5.09K photos
1.18K videos
11 files
3.66K links
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.
加入频道
Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті.

Ол “Қазақфильм” түсірген бірқатар фильмдерде рөл ойнап, ұлттық кино өнеріне елеулі үлес қосты.

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті. Ол “Қазақфильм” түсірген бірқатар фильмдерде рөл ойнап, ұлттық кино өнеріне елеулі үлес қосты. t.me/tengri_kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

t.me/tengri_kz
Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион құрылысына заңсыз иемденілген активтер есебінен 17 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.

Қазір ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынып, 3598 орынға есептелген, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындар бар.

t.me/tengri_kz
Перизат Қайраттың “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоры таратылды.

Астаналық сот Перизат Қайраттың қорын тарату туралы талап-арызды қарады:

- Ұйым 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген. Құрылтайшылары Перизат Қайратты қосқанда 10 адам болды.

- Сараптама оның 10 құрылтайшының 9-ының орнына қол қойғанын көрсетті.

- Жоғарыдағы заңбұзушылықтарды ескере отырып, сот шешімімен қор таратылды.

t.me/tengri_kz
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили 9 жылға сотталды.

Айыптауға сәйкес, ол 2009-2012 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінің 9 миллион лариін (шамамен 3 миллион доллар) жеке мақсаттарына жұмсаған. Тергеу мәліметінше, қаражат қымбат киім, ұлының оқуы, көлік жалдау, косметикалық процедуралар және ерекше картинаны сатып алуға кеткен.

Саакашвили өз кінәсін мойындамады және сотқа қатысқан жоқ. Денсаулығына байланысты оны онлайн тыңдауға да қатыстырмады.

Қазір ол басқа істер бойынша 6 жылдық жазасын өтеп жатыр, жаңа үкім бұл мерзімге қосылады.

t.me/tengri_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында басшылық ауысқаннан кейін құтқарушылардың жаппай жұмыстан шығуы туралы ақпарат тарады.

Сержанттар жөндеу жұмыстарын өз қаражатына жүргізуге мәжбүр болғаны және ТЖД басшысын отставкаға кетуге мәжбүрлегені айтылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев жағдайды тексеру қажет екенін мәлімдеп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын айтты.

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Хасан Қасымбаев қамауға алынды. Ол марқұм Шерзат Болаттың өлімінен кейін «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың жетекшілерінің бірі деп аталып келді. Алайда ол кейін бейнежазба жазып, оны теріске шығарған болатын. Алматы облысы Полиция департаментінен…
Шерзат Болаттың өлімінен кейін есімі жиі айтылып жүрген Хасан Қасымбаев естеріңізде ме?

Ол қазір адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру ісі бойынша уақытша ұстау изоляторында отыр.

Ал бопсалау дерегі бойынша тағы бір тергеу басталған екен. Бұл іс бойынша екі жәбірленуші бар.

Бұл туралы бірінші жәбірленуші Арман Әлімовтің адвокаты мәлімдеді.

t.me/tengri_kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

Ұлттық құрылтайдың алдыңғы отырыстары Атырау, Түркістан және Ұлытауда өтті.

t.me/tengri_kz
Адам ағзасын сатумен айналысты деген күдікке ілінген 35 жастағы әйел Польшада ұсталды.

Ол Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан 2020 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген.

Ұсталған әйел адам органдарды заңсыз саудалаған халықаралық қылмыстық топқа қатысы бар деп күдікке ілінді.

2017-2018 жылдары бұл топ Қазақстанда заңсыз трансплантация ұйымдастырған. Күдікті донорлар мен реципиенттерді қабылдап, орналастыру және құпиялылықты қамтамасыз етуге жауапты болған.

t.me/tengri_kz
Ақтау әкімінің орынбасары Әсет Шопанов тағайындалғаннан кейін бір күн өткен соң қызметінен кетті.

Бұған дейін, 2024 жылдың мамырында, оған көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін тәртіптік жаза қолданылған еді.

t.me/tengri_kz
Air Astana және Fly Arystan 13 наурыздан бастап электронды темекі мен пауэрбэнктерді тек қол жүгімен тасымалдауға рұқсат етеді, ал батареялар жүк сөрелерінде сақталуы тиіс. Бортта электронды темекі қолдануға тыйым салынған.

100 Вт-қа дейінгі батареялар рұқсат етіледі, 100-160 Вт – тек авиакомпанияның келісімімен (әр жолаушыға екіден аспау керек), ал 160 Вт-тан жоғары және белгісіз батареяларға тыйым салынған.

t.me/tengri_kz
Түркістанда 22 адам сушиден уланды.

Зардап шеккендердің жасы 12-14 арасында.

Дәрігерлер оларға “тағамдық токсикоинфекция” деген алдын ала диагноз қойды. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарына жатқызылып, қажетті ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.

Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.

Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.

Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Айдан аман, жылдан есен болайық!”.

t.me/tengri_kz
ШҚО-дағы мұғалімдер миллиондаған ақшадан қағылған.

Прокуратура педагогтарға іссапар шығыстары төленбегенін анықтаған. 171 мұғалімге төленбеген іссапар төлемдерінің жалпы сомасы 28 миллион теңгеден асты.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстаздарға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілгені айтылды.

t.me/tengri_kz
Семейдегі Ертіс өзенінің ескі көпірі апат жағдайында тұр. Бетон бағаналары үгітіліп, саңылаулар пайда болған.

Жарты ғасыр бұрын салынған өткелдің тозғанын тұрғындар айтса, ал шенеуніктер алаңдауға негіз жоқ дейді. Олардың айтуынша, көпір астындағы құрылғылар ауа райына байланысты қозғалады, көктемде жарықтардың пайда болуы – қалыпты жағдай.

Дегенмен, сараптама жүргізіліп, екі тоннадан ауыр көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Сол жағалаудан келетін көлік ағыны да шектелді. Әкімдік пен жол полициясы жүктемені азайту шараларын қабылдап, көпірді пайдалануға жарамды деп тапты.

t.me/tengri_kz
63 блогер табысын ашық көрсетті.

13 наурыздағы ақпарат бойынша 63 блогер қосымша 2 768 400 000 теңге табысын өз еркімен декларациялады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Осы көрсетілген сомадан блогерлер 105 миллион теңге салық төлеген.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президенттің қатысуымен сәлден соң Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталады.

t.me/tengri_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM