Tengri.kz
11.2K subscribers
5.09K photos
1.18K videos
11 files
3.66K links
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.
加入频道
Tengri.kz
Семейде 6-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қатысушыларды анықтап, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді. Жасөспірімдер полиция есебіне қойылып, олардың тәртібін арнайы комиссия қарайды.…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты комиссия шешімі шықты.

Шешім төмендегідей:

- барлық оқиғаға қатысушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу;

- үш ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру;

- екі балаға қатысты қамқоршылықты тоқтату.

Материалдар әрі қарай қаралу үшін сотқа берілді. Соңғы шешімді сот шығарады.

t.me/tengri_kz
Қазақстандық оқушылар 6 миллионға дейін бір реттік төлем ала алады.

Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет саласындағы заң жобасына түзетулер енгізді.

Негізгі өзгерістер:

1. Грант өтеуден босату:
• Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған түлектер.
• I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын қазақстандықтарды да грантты өтеуден босату ұсынылып отыр.

2. Грант өтеуді кейінге қалдыру:
• Шетелдік ЖОО-ға резидентура, магистратура, аспирантура, докторантураға түскендерге.

Егер магистратурада екі жыл оқыса, грантты өтеу мерзімі осы 2 жылға кейінге қалдырылады.

3. Дарынды балаларды қолдау:
• Халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарына 6 млн теңгеге дейін біржолғы төлем.
• Жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерді ынталандыру.

Бұл өзгерістерді Үкімет пен Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдады.

t.me/tengri_kz
🔥Астанада “Сарыарқа” сауда-ойын сауық орталығында өрт шықты.

Өрт сөндірушілер өртті оқшаулады.

Өрт СОО негізгі ғимаратына және ғимараттың қаптамасына 2 қабатты қосымша ғимаратта болған. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

t.me/tengri_kz
БЖЗҚ хабарлауынша, Қазақстандағы ең жоғары айлық зейнетақы – 993 040 теңге.

Қаңтарда ол 945 752 теңге болған. Орташа төлем – 35 523 теңге (қаңтарда 33 906 теңге).

t.me/tengri_kz
✔️Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді.

Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/tengri_kz
Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.

Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын.

Қызметті пайдалану үшін:

- eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;

- "Қызметтер" - "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдау керек;

- "№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру" қызметін таңдау қажет;

- өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.


t.me/tengri_kz
Перизат Қайрат негізін қалаған қор таратылатын болды.

Әділет министрлігі елорданың экономикалық сотына “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қорын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берген.

Министрліктің мәліметінше, қорды құру кезінде болған елеулі заң бұзушылықтарға байланысты оны тарату туралы шешім қабылданды.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматылықтар көшеде жүрген елікті видеоға түсіріп алды.

Жануар Наурызбай ауданының таулы бөлігінде, Тәжіев көшесінде байқалған.

Алматы полициясы бұл факт бойынша Наурызбай ауданы Полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстанда еліктің екі түрі кездеседі. Болжам бойынша, бұл елік қалаға ұлттық парктің аумағынан келген болуы мүмкін.

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Семейде 6-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қатысушыларды анықтап, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді. Жасөспірімдер полиция есебіне қойылып, олардың тәртібін арнайы комиссия қарайды.…
Семейде 6-сынып оқушысын жасөспірімдер ұрып-соққан оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.

Абай облыстық Білім басқармасының мәліметінше, бірнеше мектептің басшылығына тәртіптік жаза қолданылды.

Сонымен қатар тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен психологтары да жауапқа тартылды.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды.

• іс 62 томнан тұрады;

• 40 сот сараптамасы жүргізілді;

• 200-ге жуық куәгерден жауап алынды;

• күдіктілермен оқиға орнында айғақтарды тексеру және бетпе-бет кездестіру өткізілді;

• 8 бейнематериал сарапталды;

• тараптар барлық материалдармен танысты.

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Халықаралық іздеуде болған бұрынғы Ақтау әкімінің орынбасары Тимур Сәдуақасов ұсталды. Ол Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде қолға түсті. Сәдуақасов алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айыпталып отыр. t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Іздеуде болған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Қазақстанға жеткізілді.

2023 жылғы шілдеде Сәдуақасов Т.Х. мен адвокат Құрманбаев С.Н. заңсыз сыйақы ретінде 225 миллион теңге алу туралы келісім жасаған. Олар параның алғашқы бөлігі – 90 миллион теңгені алған соң, ақшаны өз пайдасына жұмсап, міндеттемелерін орындамаған.

Сәдуақасов қылмыстық жауапкершіліктен қашып, шекараны заңсыз кесіп өтіп, Өзбекстанда ұсталды. Жақында Павлодарға жеткізіліп, іс сотта қаралады.

Видео: ҚМА

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Семейде 6-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қатысушыларды анықтап, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді. Жасөспірімдер полиция есебіне қойылып, олардың тәртібін арнайы комиссия қарайды.…
Дәрігерлер Семейде қорлық көрген 2013 жылы туған оқушының жағдайы туралы айтты.

Жағдайы қанағаттанарлық, бірақ бақылауды қажет етеді.

Ол 2025 жылғы 23 ақпанда медициналық тексеруден өтті. Дәрігерлер оған дер кезінде қажетті көмек көрсетті.

Диагнозы: жабық бас-ми жарақаты, бастың және аяқ-қолдардың көптеген гематомалары. Бала мамандардың бақылауында.

t.me/tengri_kz
🚝Astana LRT вагондары көк түсті болады. Тағы бірнеше деректер👇🏻:

—Қытайдың Таншань қаласында Астанадағы LRT желісіне 60 метрден тұратын 19 құрам жинақталып жатыр.

— Әр құрамда 600-ден астам жолаушы сыятын 4 секция болады.

— Максималды жылдамдық – 80 км/сағ.

— LCD-мониторлар, қозғалыс бағытын, соңғы және келесі станцияларды, есіктердің
ашылу жағын және шұғыл ақпаратты көрсетеді.

— Басқару жүйесі пилотсыз, бірақ операторлардың тұрақты бақылауында болады.

— Алғашқы құрам қыркүйекте жеткізіліп, тестілеу басталады.

t.me/tengri_kz
Екібастұзда Toyota RAV4 жүргізушісі қауіпті маневр жасап,тоқтап тұрған көлікті соғып, спорт тұлыбын жанап өтіп, супермаркетке кіріп кетті.

Оқиға 26 ақпанда болды. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші жол ережесін бұзып, материалдық залал келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

t.me/tengri_kz
Алматыда кейбір аймақтарға ескі көліктермен кіру ақылы болуы мүмкін.

Әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, 2025–2027 жылдарға арналған бағдарлама аясында қаладағы өнеркәсіптік шығарындыларды азайту және көлік секторын реттеу жоспарланып отыр.

Электромобильдер мен экологиялық таза көліктерге шектеу қойылмайды. Бұл мәселе Қоғамдық кеңес пен мәслихатта талқыланады.

t.me/tengri_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тағы да салық туралы.

Бүгін Мәжілістегі дөңгелек үстелде Қазақстанда жоспарланып отырған салық реформасының егжей-тегжейі талқыланып жатыр.

6 жұмыс тобы Қазақстанның өңірлерін аралап, мыңдаған кәсіпкерлермен кездесіп, ҚҚС мәселесі бойынша ортақ пікірге келді:

16% - елдегі базалық ҚҚС мөлшерлемесі;

10% - фарминдустрия, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін;

0% - Агроөнеркәсіп кешені мен БАҚ.

ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою үшін шекті мөлшерді 14 941 600 теңгеге дейін төмендету ұсынылды.

t.me/tengri_kz
Tengri.kz
Семейде 6-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қатысушыларды анықтап, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді. Жасөспірімдер полиция есебіне қойылып, олардың тәртібін арнайы комиссия қарайды.…
Семейде зорлық-зомбылыққа ұшыраған оқушыға қазақстандықтар 24 миллион теңге жинады.

Бұл қаражат оның отбасына үй сатып алуға жұмсалады.

Абай облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің мәліметінше, ақша отбасының жақын туысының шотына аударылған. Қаражаттың дұрыс әрі ашық жұмсалуын бақылау үшін арнайы комиссия құрылмақ.

t.me/tengri_kz
Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кетті.

Шешімді партияның саяси кеңесінің мүшелері бірауыздан қабылдады.

t.me/tengri_kz