Tengri.kz
11.2K subscribers
5.09K photos
1.18K videos
11 files
3.66K links
Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.
加入频道
Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды. Олар Қаскелең мен Ұзынағашқа қатынайды.

Алматы агломерациясы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 1 қарашадан бастап үш жаңа қала маңы маршруты іске қосылды:

№245 маршрут: Ұзынағаш – Төле би-Яссауи автобекеті, сыйымдылығы үлкен 25 автобус, қозғалыс уақыты: 5:45 - 23:00.

№254 маршрут: Қаскелең – "Сәлем" базары, 16 автобус, қозғалыс уақыты: 5:50 - 23:00.

№239 маршрут: "Б.Момышұлы" метро бекеті – Долан ауылы, 18 автобус, қозғалыс уақыты: 5:30 - 23:01.

Барлық маршрутта жол жүру құны 120 теңге, "Onay" жүйесі қолданылады.
Ақтөбе облысында мектеп оқушысы итті қатыгездікпен пышақтаған.

Кадрларда кейін ол итті тепкені, ал видеоның аяғында ит қансырап жатқаны да байқалады.

Жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені анықталды.

Қазір тексеріс жүргізіліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады.

Бюроның мәліметінше, Қазақстанда 20 223 218 адам тұрады. Жыл басымен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 190 мыңға артқан.
Алматы облысында жер сілкінді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

Нарынқол және Кеген ауданында жер сілкінісі 2 балл болып сезілген.
Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді.

Бұл виза заманауи көшпенділерге - саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған.

Neo Nomad шетелдік туристерге Қазақстан мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік берсе, елге экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде.

Визаның талаптарымен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ербол Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарады деген күдікке ілінді.

2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасты.
Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алайда қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай жымқырған.

2024 жылғы 3 қарашада күдікті Е.Кезбаев ұсталды.
Францияның Анже қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі мәресіне жетті.

Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров бүгін еркін бағдарламадан кейін 231.86 балл жинап, 4-сатыға тұрақтады.

Бұл жарыста Михаил 3 аксель+4 тулуп айналымын орындаған алғашқы спортшы атанды.
Қарағанды облысында құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап, қаза болды.

Оқиға Qaragandy Power Silicon зауытында монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының мәлімдеуінше оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылады.

Облыстық полиция департаменті өкілдері бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.
Хасан Қасымбаев қамауға алынды.

Ол марқұм Шерзат Болаттың өлімінен кейін «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың жетекшілерінің бірі деп аталып келді. Алайда ол кейін бейнежазба жазып, оны теріске шығарған болатын.

Алматы облысы Полиция департаментінен әзірге ресми ақпарат жоқ, бірақ біздің дереккөз тұтқындаудың болғанын растады.

Қайырлы таң!
2023 жылдың желтоқсанында іздеу жарияланған Қарағанды ​​облысы ПД тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев бір жылға жуық уақыттан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құлкеев қылмыстық іс аясында тәркіленген майнинг техникасын ұрлады деген күдікке ілінді. Экс-полиция бастығына қатысты "Ұрлық" және "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Ливаннан елге 41 адам жеткізілді.

Таяу Шығыстағы қақтығыстар бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды.

Операция Ыстамбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылды.
Бокстан 22 қазан мен 3 қараша күндері аралығында Будва (Черногория) қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионаты жерлестеріміз үшін өте табысты аяқталды.

25 боксшымыз Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жалпы есепте бірінші орынға ие болды. Отандастарымыз 6 алтын, 1 күміс, 10 қола еншіледі.

Әлем чемпиондары:
🥇Боранбек Бексұлтан (51 келі)
🥇Төрехан Сабырхан (67 келі)
🥇Өнер Сейілхан (71 келі)
🥇Санжар-Али Бегалиев (75 келі)
🥇Елянур Турганова (50 келі)
🥇Аружан Зейноллаева (81 келі)

67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан жарыстың ең үздік боксшысы атанды. Ол финалда кубалық боксшыдан айласын асырды.

Құттықтаймыз!👏
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талғарда "Хутор" ҰҚТ басшысы делінген Хасан Қасымбаев не үшін ұсталғаны белгілі болды.

2021 жылғы маусымда Талғарда бір адамды ұрып-соғып, ұрлап кеткен топ видеоға түсіп қалды. Соққыға жығылған - файтер және ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов.

Жәбірленушінің туыстары оқиғаның егжей-тегжейін айтып берген: алдымен ол "Виктория" минимаркеті алдында соққыға жығылған, содан кейін оны Кендала кентінің маңындағы "каналға" қарай ес-түссіз алып кеткен. Ол жерде тағы соққыға жығылған.

Одан әрі ауыр жағдайда Талғар ОАА реанимациясына түседі, содан кейін қысым көрсетпеу үшін оны Алматы медициналық мекемесіне ауыстырған.

Кейін бес күдікті ұсталып, сотталғаны белгілі болды. Қазір олар жазасын түрмеде өтеп жатыр.

t.me/tengri_kz
Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үйлердің тізімі жаңартылды.

Өзекті ақпарат бойынша тізімде 36 тұрғын үй кешені бар. Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен толықтырылды.

ТК тізімін мына сілтеме арқылы біле аласыздар.

t.me/tengri_kz
Тоқаев Макронның шақыртуымен Парижға ұшады.
Француздық «Le Figaro» газетінде ҚР Президентінің авторлық мақаласы жарық көрді.


- Қазір әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси турбуленттілік пен поляризация жағдайында болжам жасау мүмкін еместігін айта кету керек.
- Ұлттық жоспарда біз ішкі саясатта берік демократиялық басқару жүйесін құрдық және «жасыл» энергетика, цифрлық технологиялар және логистика сияқты болашақ салаларды, соның ішінде француз компанияларымен тығыз қарым-қатынаста белсенді түрде дамытып жатырмыз.
- Біз президент Эмманюэль Макронмен бірлесіп, осы жылдың желтоқсан айында су ресурстарына қатысты барлық сын-қатерлер бойынша ынтымақтастықты күшейту мақсатында One Water Summit бастамасын өткізуге қуаныштымыз.
- Біз бірге тұрақты және гүлденген әлем құруға, өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге өз үлесімізді қоса аламыз. Дәл осы көзқараспен Француз Республикасы Президентінің шақыруымен мен қарым-қатынасымыздың тарихындағы алғашқы Парижге мемлекеттік сапарымды жасаймын.

t.me/tengri_kz
🇰🇿🇫🇷Президент Францияға мемлекеттік сапармен келді.

Мемлекет басшысын Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Ертең Елисей сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.

t.me/tengri_kz