ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық Ғылым академиясы"
287 subscribers
235 photos
39 videos
1 file
8 links
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының" ресми телеграм парақшасы
加入频道
Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі депутаттарға алғаш рет «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасында «жас ғалым» мәртебесін және Қазақстан ғылымының мәселелік сұрақтарын шешуші басқа да нормаларын бекітуді ұсынды

2024 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумының бірінші жұмыс отырысы Maqsut Narikbayev University-де өткізілді. Жиынға Президиум мүшелері мен Ұлттық ғылым академиясының жаңа вице – президенті, белгілі ғалым Дос Сарбасов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы қатысты.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына өзгерістер немесе толықтырулар бойынша ұсыныстар отырысының күн тәртібіндегі басты мәселе болды. Жалғасы төменде⏬️⏬️⏬️
Жас ғалымдар кеңесі депутаттарға заң жобасына халықаралық ғылыми практика стандарттарына сәйкес келетін «жас ғалым» ұғымын енгізуді ұсынды.
Кеңестің ұсыныстары ғылымды басқарудағы мәселелерді шешуге, мысалы, мемлекеттік ғылыми техникалық сараптама жүргізу мерзімдерін жылдан жылға сақтамау және соның салдарынан ғылыми жобалар мен бағдарламаларды уақтылы қаржыландырмау сияқты мәселелерді шешуге арналды.
Отырыста жас ғалымдардың омбудсмені Хасенов Муслим Ханатұлының «Жас ғалымдардың құқықтық жағдайы және құқықтарын қорғау туралы» талдамалық баяндамасы ұсынылды. Сонымен қатар, Кеңес бір жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі Президиумының отырысы офлайн / онлайн форматта өтті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Совет молодых ученых Национальной академией наук предложил депутатам впервые закрепить в законопроекте «О науке и технологической политике» статус «молодого ученого» и другие нормы решающие проблемные вопросы науки Казахстана

13 марта 2024 г. Первое рабочее заседание Президиума Совета молодых ученых Национальной академией наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан прошло в Maqsut Narikbayev University, в котором приняли участие члены Президиума Совета, новый вице-президент академии наук – известный ученый Дос Сарбасов и Председатель Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан VIII созыва, депутат Аймагамбетов Асхат Канатович.
Главным вопросом на повестке заседания Президиума Совета было обсуждение проекта Закона Республики Казахстан «О науке и технологической политике». Решением Совета депутатам Мажилиса предложено внести в законопроект понятие «молодой ученый»⏬️⏬️⏬️
Сегодня понятие «молодой ученый» используется без дефиниции в законе о науке и других подзаконных актах.
Предложения Совета были посвящены решению проблем в управлении наукой, например, таких как не соблюдение из года в год сроков проведения Государственной научной технической экспертизы, и как следствие несвоевременное финансирование научных проектов и программ.
На заседании заявлен аналитический доклад омбудсмена молодых ученых Хасенова Муслима Ханатовича «О правовом положении и защите прав молодых ученых». Советом также был утвержден План работы на год.
Заседание Президиума СМУ НАН РК прошел в формате офлайн/онлайн.
Республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұжымы мемлекеттік деңгейде өткізіліп жатқан іс-шарадан қалыс қалмай, дәстүрлі құндылықтар мен ұлттық стильді дәріптеу мақсатында ұлттық нақышта киім киіп онкүндік шеңберінде ішкі жоспарға сәйкес жұмыс жасауда.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.
Қазіргі заманғы ұлттық киім ұлттық мінез бен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналуды.
Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өтіп жатқан «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.
«ҚР Ұлттық ғылым академиясы өз қадамдарын бизнес қоғамдастығы қажеттіліктерімен салыстырады»

2024 жылдың 19 наурызында Астана қаласында жетекші ғалымдар мен бизнес-қоғамдастық басшыларының қатысуымен отандық ғылымды дамыту жөніндегі міндеттерді шешу жолдарын талқылауға арналған Ұлттық ғылым академиясы және «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел отырысының ашылуында Ұлттық ғылым академиясының Президенті А. Күрішбаев, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев отандық ғылымды дамыту және оның ел экономикасын нығайтудағы рөлін арттыру қажеттігіне аса назар аударатындағын атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген қатысушылар Академияның ғана емес, жалпы отандық ғылымның қызметін реформалау жөніндегі шараларға қатысты өз пікірлерімен бөлісті, бизнестің өзекті мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, ҚР ҰҒА-мен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады.
Ұлттық ғылым академиясы мен «Атамекен» ҰКП арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Национальная Академия наук сверяет свои шаги с потребностями бизнес-сообщества»

19 марта 2024г. в Астане состоялось заседание круглого стола, организованного Национальной Академией наук и НПП «Атамекен», посвященное обсуждению путей решения задач по развитию отечественной науки с участием ведущих ученых и руководителей бизнес-сообщества.
Открывая заседание круглого стола Президент Национальной Академии наук А. Куришбаев отметил, что Глава государства К.К. Токаев постоянно подчеркивает необходимость развития отечественной науки и повышения ее роли в укреплении экономики страны.
Выступившие в ходе круглого стола участники поделились своими мнениями касательно мер по реформированию деятельности не только Академии, но и в целом отечественной науки, подробно остановились на актуальных проблемах бизнеса, подтвердили готовность работать совместно с НАН РК.
В завершение состоялось подписание меморандума о взаимопонимании и сотрудничестве между Национальной Академией наук и НПП «Атамекен».
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы
АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) Академия академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Академияның жалпы жиналысының шешімімен:
«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша):
– Акшулаков Серик Куандыкович;
– Локшин Вячеслав Нотанович;
«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша):
– Здоровец Максим Владимирович;
– Рамазанов Тлеккабул Сабитович;
– Сураган Дурвудхан;
– Туруспеков Ерлан Кенесбекович.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.