ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық Ғылым академиясы"
286 subscribers
235 photos
39 videos
1 file
8 links
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының" ресми телеграм парақшасы
加入频道
ҚСЗИ ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттарында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін талдамалық, зерттеу және сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік болжамды-талдамалық мекеме болып табылады. Бұл институттың еліміздің даму стратегияларды қалыптастыру мен іске асырудағы маңыздылығын көрсетеді.
ҚСЗИ халықаралық деңгейде де жоғары бағаланды, бұл оның 2020 жылғы Дүниежүзілік индекс бойынша талдау орталықтарының рейтингіндегі көшбасшылық позициясымен расталды. Ол Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия аймағындағы жетекші үш сараптамалық орталықты басқарып қана қоймай, сонымен қатар COVID-19 пандемиясы ұсынған сын-қатерлерге ең жақсы жауап ретінде танылған әлемдік орталықтардың қатарында орын алады.
Кездесуде барысында отандық ғылымды дамыту мәселелері де қаралды. Осы саладағы мәселелер мен перспективалар, сондай-ақ Академия мен ҚСЗИ арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу соңында отандық ғылымды дамыту бойынша конференция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Бұл іс-шара біліммен, тәжірибемен алмасуға және озық ғылыми жетістіктерді көруге бағытталған маңызды бастама болып Қазақстанның әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ұстанымын нығайтуға ықпал етеді. Осы іс-шара елдің ғылыми әлеуетін жақсартуға ұмтылуды және жаһандық сын-қатерлерді шешуге белсенді қатысуды айғақтайды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2024 жылдың 8 ақпанында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Қ. Күрішбаев Назарбаев Университетінде Астана қаласының жетекші ғалымдарымен кездесті

❇️ Кездесудің мақсаты – Отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін шешу бойынша конструктивті диалог құру, еліміздің танымал ғалымдарымен пікір алмаса отырып, олардың Ғылым академиясының жаңа миссиясы бойынша көзқарасын білу.
❇️ Академия Президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев кездесуін Назарбаев Университетінде жетекші ғалымдармен, ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелерімен, Астана қаласындағы ЖОО-лары мен ҒЗИ-ларының басшыларымен өткізді.
❇️ Дөңгелек үстелге әртүрлі ғылым салаларынан 60-тан астам ғалым қатысты. Ашық диалог барысында олар ғылыми зерттеулерді дамытудың негізгі мәселелері бойынша конструктивті ұсыныстар айтты, сондай-ақ Ғылым академиясының қызметінен ғылыми қоғамдастықтың не күтетіні баяндалды.
«Cosmic Rays: From Dark Matter to Cosmic Radiation» атты ғылыми-академиялық семинар өтті
🟢 2024 жылдың 08 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті берлесе ғарыштық сәулеленуді зерттеудің өзекті мәселелеріне арналған «Cosmic Rays: From Dark Matter to Cosmic Radiation» тақырыбында ғылыми-академиялық семинар өткізді.
🟢 Семинардың спикері Таяу Шығыс техникалық университетінің Физика кафедрасының профессоры Мелахат Билге Демиркоз осы саладағы соңғы жаңалықтары мен қол жеткізген жетістіктері туралы баяндама жасады.
Мелахат Б. әлемдік деңгейдегі Massachusetts Institute of Technology (M.I.T.) оқу орнының үздік түлегі, Oxford University докторантурасын тәмамдап, физика ғылымдары докторы атағына ие. Шет елдік ғылыми журналдарда жарияланымдар саны 330асады және ең жоғары дәйексөздер саны мен Хирш индексіне ие.
Жалғасы төменде ⏬️
Жалғасы:

Түрік ғылыми қауымдастық ғалымдарының пікірінше алдағы Нобель сыйлығының лауриатына бірден-бір үміткері ретінде санайды.
🟢 Академиялық семинар ғарышты зерттеу саласындағы жетекші ғалымдар мен білікті мамандарды бір ортаға жинап, ғылыми инновациялық идеялармен алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
Семинарға Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы, аталған оқу орны ректорының өкілі, ғылым докторы, профессор Пеями Баттал, Қ.И. Сәтбаев атындағы физика-техникалық институтының директоры Ыдырысова Тынық Қайратқызы құрметті қонақ ретінде қатысты.
🟢 Академия Вице-президенттері Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы және Ералиева Ляззат Тасболатқызы ғылыми-академиялық семинар қонақтары мен қатысушыларына іс-шараның өтуіне қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, ғарыштық сәулелер саласындағы зерттеулерді одан әрі дамытуға шақырды.
Семинарға қатысушы ЖОО және ҒЗИ жетекші ғалымдары ғарышты зерттеу бағытындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қолдауда халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2024 жылдың 08 ақпаны - «Cosmic Rays: From Dark Matter to Cosmic Radiation» атты ғылыми-академиялық семинар