ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық Ғылым академиясы"
279 subscribers
235 photos
39 videos
1 file
8 links
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының" ресми телеграм парақшасы
加入频道
16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні!

Аталарымыз армандаған елдігіміз ғұмырлы, еркіндігіміз тұғырлы болсын! Ұланғайыр атырапты мекендеген қазақ жұртының қашан да береке, бірлігі мығым. Абылай ханнан қалған «Дос болғанға құшақ ашық – туыспыз, Қас қылғанға қыйып түсер – қылышпыз» деген тәмсілдің артық не кемі жоқ. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мәуелі ағаштай бұтағын кеңге жайып отыр. Оның жемісі ғылымды терең түсінетін, ғалым болуды көксеген өскелең ұрпақ. Солар аман болса, әлі талай белестерді бағындырамыз.

Тәуелсіздік мерекесі құтты болғай!
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

27 желтоқсанда Түркі мемлекеттерінің Ғылым Академиялары мен Білім және Ғылым министрлігі өкілдері бас қосты.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы Бештепе Ұлттық конгресс-мәдени орталығындағы жиынға арнайы келді. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Әзірбайжан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы және Татарстан Ғылым академиясы өкілдері жыл сайын өткізілетін Түркия ғылыми-технологиялық зерттеулер Кеңесінің (TÜBITAK) және Түрік ғылым академиясының (TÜBA) үздік ғалымдарды марапаттау салтанатты кешіне қатысты.
Биылғы жылы TÜBA-TÜBITAK Awards 100-ші мерейтойлық сыйлығы аясында 21 түрлі университет пен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарына жеті ғылыми сыйлық, бір арнайы сыйлық, бір еңбегі үшін сыйлық және 18 ынталандыру сыйлығы берілді.

Марапаттар 1966 жылдан бастап беріліп келеді. Сол уақыттан бері 881 ғалым 206 ғылыми сыйлық, 20 арнайы сыйлық, 89 еңбек сіңірген сыйлық және 566 ынталандыру сыйлығын иеленді.
📣📣📣 ТҰСАУКЕСЕР!!!

⚡️ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы мен «Qazaqstan» РТРК АҚ-ның бірлескен жобасы - “Ғылымға саяхат” бүгін - 1 қаңтардан бастап „BALAPAN“ телеарнасынан көрсетіледі.

⚡️Кішкентай балаларға арналған танымдық бағдарламаға сәттілік тілейміз! Болашақ ғалымдар - бүлдіршіндер сүйіп көретін хабарға айналсын! Көрермені көп болсын!

⚡️Бүгін 13:30-да “Балапан” арнасында!
📣📣📣 ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА заманауи әрі сұранысқа ие подкаст сериясын бастады. Алғашқы шығарылым қонағы - ҰҒА Вице-Президенті Асқар Жұмаділдаев.

Асқар Серқұлұлы:


📌Ғылымның дәл анықтамасын Абай беріп кеткен:
“Дүние де өзі, мал да өзі”

📌Бүкіл кәсіптің төресі - ғылым

📌Бірінші академик - Мұхаммед әл-Хорезми

📌Әл-Фараби не үшін “Екінші Ұстаз” атанды?

📌Физика — құдіретті ғылым

📌Қазіргі экономикамыздың басты тірегі - мұнай, газ, уран, т.б. бәрі Советтік дәуірдегі ғалымдардың еңбегімен келді.

📌Шенеунік басқарған ғылым құриды. Біздің академияның құлдырауы — соның дәлелі.

📌Академияны аяғынан нық тұрғызу үшін барымды саламын.

📍Сұхбат Qazscience ютуб-арнасында.

https://youtu.be/fuhA1WDwsxw?si=7nSg496SrtDu9NfQ
Қайырлы күн құрметті ғалымдар!
ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА кезекті подкаст сериясын ұсынады. Бүгінгі шығарылымда *Қазақстанның Венгриядағы ғылыми елшісі Назира Нұрқожақызы*.
Сілтеме: https://youtu.be/xAu6n_kWIc8?si=NdFaaSIe-B3KWx-M

📺Көріңіздер! Пікір қалдырыңыздар!

Профильдегі сілтеме арқылы өтіп кезекті шығарылымды көріңіздер!

🔹Тарату құпталады!
🔹 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Физика-техникалық институтының (IPT) ғалымдары жұмысымен танысты.
Институт қатты денелерді радиациялық-иондық модификациялаудың ғылыми негіздерін және материалдардың қасиеттерін талдау әдістерін зерттеуден бастаған еді. Уақыт өте келе Институттың зерттеу саласы конденсацияланған күй физикасы және материалтану, жұқа пленка физикасы мен химиясы, нанотехнология, ғылыми аспап жасау және жоғары энергия физикасы сияқты салалармен кеңейе түсті.
Қазіргі уақытта Физика-техникалық институтында инновациялық функционалдық материалдар, жоғары энергия физикасы, ғарыштық сәулелер физикасы, фотоэлектрлік құбылыстармен, ЭПР-спектроскопия, ядролық физика және радиациялық экология, жарықтандыру аспаптарын сынақтан өткізумен айналысатын 7 зертхана жұмыс істейді.

Жалғася төменде⬇️
🔹
Сол зертханалардың бірінде шикізаттан бастап дайын өнімге дейін шығаратын бірегей технологиялық желі қарастырылған. Онда бор және фосфор қоспалары бойынша жоғары тазалықтағы кремнийді металлургиялық қожбен өңдеу және алу бойынша зертханалық және жартылай өнеркәсіптік желілерінде кремнийді күн сапасына дейін тазарту жұмыстарын Күн батареяларына контактілерді трафаретті басып шығару бойынша жартылай өнеркәсіптік және кремний пластиналарының бетін химиялық құрылымдау бойынша зертханалық зерттеу жұмыстарымен ұштастырылған. Қуаттылығы 400 Вт болатын Күн панелдерінің өндірісі "Ғылым қоры" АҚ арқылы қаржыландырылуда.
Институт қабырғасында ванадий электролитін ванадий аккумуляторында қолдану мүмкіндігін тәжірибелік сынау бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысатын зертхана ашылған. Ол зертхананың басты мақсаты өндірістік редокс батареяларына арналған ванадийді 98% тазалыққа дейін жеткізу.
Институтта автомагистральдарды, жолдарды, көшелерді, алаңдарды, көпірлерді, саябақ аймақтары мен демалыс аймақтарын, теміржол платформаларын, аймақтық және аула аумақтарын, спорт алаңдарын, автотұрақтар мен паркингтерді жарықтандыруға арналған жарықдиодты көше шамдарын өз технологиялары мен зерттемелерін енгізе отырып жасап шығаратын өндіріс орны бар.
Сонымен қатар, Қазақстан территориясында стандарттарға сәйкес өндірілетін, сырттан әкелінетен жарық шамдарының фотометриялық, спектрометриялық және электрлік мәндерінің, жарық диодтарының ұзақ жұмыс жасау уақытына айқындаушы мән беретін жылу параметрлерінің сипаттамаларын зерттеу және түзету үшін өлшейтін Қазақстанда баламасы жоқ зертханасында сынақ жүргізумен айналысады. Соның төңірегінде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті А.Жұмаділдаев Алматы қаласы әкімімен кездесуде сапалы жарықшамдармен қаланы қамтамасыз ету, оны тексеруден өткізу бойынша алдын ала келісімге келді.
ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми әлеуметімен танысты. Алдымен академияның Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Пеями Батталмен кездесті. Басқосуда өңірдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, екі тарап ғылымды дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар Түркия мемлекетінің TÜBİTAK ұйымына қарасты институттарға ҚР делегациясының, оның ішінде Түркістан облысы өкілдерін үйлестіру жөнінде айтылды.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья жұмыс сапарының негізгі мақсатына тоқталып, өңірлерді ғылымға үлкен назар аудару керектігін тілге тиек етті.