ТРК Президента
7.08K subscribers
4.2K photos
3.78K videos
836 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт https://ptrk.kz/
Instagram https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok:https://www.tiktok.com/
加入频道
🔷Мұны өз басымыздан өткерген жағдайдан білеміз Президент One Water саммитінде су қауіпсіздігі туралы атап өтті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🐆🎞️ҚР Президентінің Телерадиокешені «Су» деректі фильмін ұсынады

💦Орталық Азиядағы барлық ірі өзен трансшекаралық. Аймақтағы бес мемлекеттің ішінде Қырғызстанның ғана өз өзендері бар, ал Қазақстандағы ірі сегіз су артериясының жетеуі көрші елдерден бастау алады.

▫️Қазіргі проблеманың ауқымы қандай, ғалымдар мен сарапшылар қандай болжам жасайды?

▫️Мемлекеттер нендей шара қолданып жатыр?

▫️Қазақстан су туралы ғылымды қалай жандандырмақ және Су ресурстары министрлігі не үшін құрылды?

📰📺Бұл сұрақтардың жауабын бүгін, 6 желтоқсан сағат 15:20-да Jibek Joly телеарнасынан біліңіз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇶🇦Президент Қатарға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝Мемлекет басшысы әуежайдан кейін бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізді

▫️Алдымен Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады. Компания Қашағанда газ өңдеу зауыттарын, Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының екінші желісін, сондай-ақ жаңа компрессор станциясы мен Ақтөбе – Қостанай магистральді газ құбырын салуға қатысады.

▫️Одан кейін Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджримен жүздесті. Кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының ресми ашылу салтанатына келді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты. 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Мемлекет басшысы Доха форумына шақырғаны үшін Қатар Әміріне алғыс айтты. Сондай-ақ стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қазақстан сияқты орта державалар жаһандық кеңістікте бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуде өте маңызды рөл атқара аладыҚасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Newsmaker Interview форматындағы Доха форумының панельдік сессиясына қатысып, модератор, СNN журналисі Джулия Чаттерлейдің сұрақтарына жауап берді.

Президенттің айтқан маңызды сөздері:

©БҰҰ әмбебап ұйым ретінде адамзат үшін өте қажет. Себебі оның баламасы жоқ

©Бүгінгі ахуал көптеген елді, соның ішінде Қазақстанды да алаңдатады. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы реформалауды қажет етеді

©Ірі державалар арасында ымыраластық болуы керек деп санаймыз. Олардың келісімге келе алмауы салдарынан Қауіпсіздік Кеңесі тығырыққа тірелді

©Сауда қақтығыстары, соның ішінде тариф қолдану шаралары – оңтайлы шешім емес. Бұл – тым күмәнді саясат

©Қазақстан ДСҰ-ға мүше ел ретінде осы маңызды сауда-экономикалық ұйымның барлық нормалары мен ережелерін қатаң сақтайды

©Біз кедергілер мен қақтығыстарды қолдамаймыз. Қазақстан әзірге ондай қиындықтарға тап бола қойған жоқ. Өйткені өңірдегі көршілерімізбен және басқа да мемлекеттермен сындарлы әрі өзара тиімді қарым-қатынас ұстанамыз

🔷Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатына, Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге қатысты қойылған сауалдарға жауап берді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Казахстан может сыграть роль моста для решения проблем корреспондент CNN

📺 Ведущая и корреспондент CNN Джулия Чаттерлей подчеркнула роль Казахстана как потенциального «моста» между различными мировыми игроками в интервью с Президентом Казахстана на форуме Doha Forum 2024.

©Она также выразила интерес к обсуждению глобальных вызовов, таких как геополитическая нестабильность и экономические трудности, которые были затронуты в ходе беседы.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇶🇦Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жұмыс сапары

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Ақтөбе облысында. Бұл өңірде Мемлекет басшысы бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралап, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▫️Президенттің Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасынан басталды

Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏢Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне барды

Бұл білім ошағы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орны.

Колледж жұмысымен танысқан соң студенттермен және түлектермен кездесті.

©Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланған 2025 жылы отандық өнеркәсіпті қолдауға баса назар аударылатынын айтты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏫Сондай-ақ Президент №1 Хромтау орта мектебіне барды.

Онда мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты.

▫️Мемлекет басшысына бұл оқу ордасы «Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» пилоттық жобасына енгізілгені жөнінде ақпарат берілді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
🏢Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне барды Бұл білім ошағы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орны. Колледж жұмысымен танысқан соң студенттермен және түлектермен кездесті. ©Әңгімелесу…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷«Қазіргі жастар аз уақытта табысқа жету үшін блогерлікпен айналысады. Бірақ біз адал еңбекті таңдаймыз»

🎓Хромтаулық студент Президентке өз мамандығына деген мақтанышын жеткізді. Ол еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орнында оқиды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏢Хромтаудан кейін Президент Ақтөбе қаласындағы нысандарды аралады

▫️Алдымен құбыр зауытының жұмысымен және жергілікті тауар өндірушілердің көрмесімен танысты. Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді.

▫️Одан кейін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндауын тыңдады. Облыс басшысының айтуынша, биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6%-ы құраған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы:

▫️Ақтөбе қаласындағы жедел басқару орталығына барды. Орталықтың жедел залында 32 инспектор мен «102» шұғыл желісінің 3 операторы жұмыс істейді.

▫️Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты. Медициналық нысанда жылына 8200 нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан астам адам ем алады. Сонымен қатар «Аңсаған сәби» жобасы аясында жылына 130 ЭКО жасалады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM