Сербияда 30 мыңға жуық адам қатысқан митинг өтті. Оппозиция мен экобелсенділер елде литий өндіруді қайта бастауға қарсылық танытуда. Сербия соты 2022 жылы наразылық акцияларынан кейін Rio Tinto кенішіндегі литий өндірісін тоқтатқан еді. Енді өндірісті қайта бастауға рұқсат етті.
Митингке шыққандар маңызды теміржол тораптары мен көпірлерді жауып тастаған. Ел билігі наразылық акциясы бүлікке, төңкеріске ұласуы мүмкін деп қауіптенуде.
Митингке шыққандар маңызды теміржол тораптары мен көпірлерді жауып тастаған. Ел билігі наразылық акциясы бүлікке, төңкеріске ұласуы мүмкін деп қауіптенуде.
АҚШ-тан екі ақпарат.
1. АҚШ Израильге қару сатып алуға 3,5 млрд доллар беру жоспарын қарастыруда. Қаржыны Израиль несие ретінде алып, АҚШ-тан қару сатып алуы мүмкін. Алайда келісім кемі 4 айдан кейін барып жасалмақ.
2. АҚШ билігі Сауд Арабиясына шабуылға шығуға мүмкіндік беретін қаруды сатуға рұқсат етуді қарастыруда. 2021 жылы Сауд Арабиясының Йемендегі операцияларына байланысты Вашингтон Саудияға шабуылға шығуға мүмкіндік беретін қару түрлерін сатуға тыйым салған еді. Ендігі таңда ол тыйымды алып тастауға келісті. Сауд Арабиясына АҚШ компаниялары енді “әуе-жер” типіндегі зымырандарды, түрлі снарядтарды сата алады. Сауд Арабиясы қарымтасына йемендік хуситтерге қатысты барлау ақпараттарын Батыспен бөлісуі мүмкін.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейлік арна, Скабеева және ол шақырған “сарапшысы”: “Біз мұздай қаруланған, НАТО қаруын асынған сарбаздары бар әскери бекеттерді алдық. Біздің жеңісіміз осындай. Ал олар кемпір-шал, бала-шаға ғана бар ауылдарға (Курскте) кірді. Әйтеуір Ресей жеріндегі бір ауылға ту тігіп, соны көрсетсе болғаны. Нағыз масқара, әскери заңдылыққа сай емес әрекет. Бандера өкілдерінен басқа не күтуге болады?!”, - деп күйініп отыр.
PARANOIA.KZ
Еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы және…
Еркін күрестен Ерғали Әлішер қарсыласынан жеңіліс тапты. Осымен біз үшін олимпиада ойындары бітті.
Қоржынымызда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола. Қазақстан 41-орында тұр.
Қоржынымызда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола. Қазақстан 41-орында тұр.
АҚШ бастаған коалиция әскері Ирактан 2025 жылдың қыркүйегінде әскерін әкете бастамақ. 2026 жылдың қыркүйегінде әскерді әкету аяқталады. Жекелеген әскери құрылымдар Ирактағы Күрдістан аймағында қалады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина ақпарат көздері “Ахмат” жасағының сарбаздарын тұтқынға алғанын айтты. Дәлелдеме ретінде видео жариялады.
Қадыров өзінің телеграм арнасына талқандалған украин әскери бронды көлігі мен қаза тапқан украин сарбаздарының видеосын жариялады. Видеода 3 сарбаздың көз жұмғаны анық көрінген.
Алайда ресейлік арналар аталмыш көлікті нақты “Ахмат” жасағы жойғанына күмән келтіруде.
Алайда ресейлік арналар аталмыш көлікті нақты “Ахмат” жасағы жойғанына күмән келтіруде.
Жалпы Қадыров жасағына қатысты ресейлік сарапшылар тарапынан күмән неге көп?
Соғыс басталған сәтте Қадыров мұздай қаруланған жасақтарын Киев облысына аттандырды. Украина тез жеңіліп, тізе бүгеді деген болжам болды. Сол себепті Киевке туды қай жасақ тігетіні маңызды еді. Қадыров жасақтары Киев маңындағы Гостомель, Ирпень қалашықтарында шайқасып, үлкен шығынға ұшырады. Мариуполь шайқасы да ауырға түсті. Сол сәттен бастап Қадыров жасақтары екінші, артынша үшінші шепке ығыса бастады.
Ресейлік сарапшылар Қадыров жасақтарының ондаған мың ресейлік сарбаз бен вагнерліктердің өмірін жалмаған Бахмут, Соледар, Авдеевка маңында аз шайқасқанын айтып, сынға алды. Сол сын әлі жалғасып келеді.
Видеода соғыс басталған сәтте Украинаға кірген Қадыров жасақтары (2022 жыл).

Зеленский Запорож АЭС-інде өрт болып жатқанын мәлімдеп, видео жариялады. Әзірге не өртеніп жатқаны белгісіз. Ауадағы радиация мөлшерін өлшеп отырмыз дейді. Әоемдік қауымдастықты үнсіз қалмауға шақырды.
CNN: ХАМАС-тың саяси бюросының жаңа басшысы Яхья Синвар (Ханияның орнына келген) Газадағы соғысты тоқтатуға мүмкіндік беретін келісімді жасауға мүдделі. Бұл туралы ақпаратты Израиль билігіне Катар мен Мысыр саясаткерлері жеткізген. ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөздер үзілген жоқ, алайда нақты нәтижеге әлі жетпеді.
CNN: Израиль барлау қызметі Хезболланың 12-тамызда шабуылға шығып, артынша оған Иранның қосылатынын айтуда.
WP: Иран өз аумағының әуе кеңістігін жабуда. Бұл Тегеранның Израильге қарсы жасауы мүмкін операциясымен байланысты болуы ықтимал.
WP: Иран өз аумағының әуе кеңістігін жабуда. Бұл Тегеранның Израильге қарсы жасауы мүмкін операциясымен байланысты болуы ықтимал.
Times: Ресей Украинаға Курскке шабуылы үшін қарымта жауап ретінде жойқын зымыран соққысын жасауы мүмкін. Мәскеу Украина Парламентін (Рада) және басқа мемлекеттік, үкіметтік ғимараттарды атқылауға шешім қабылдауы ғажап емес. Кремль Курсктегі операцияға байланысты әскери имиджінің Ресейдің өз аудиториясында да құлдырағанын сезуде. Құлдыраған имиджді көтеру үшін жойқын соққы жасауына тура келеді.
PARANOIA.KZ
Зеленский Запорож АЭС-інде өрт болып жатқанын мәлімдеп, видео жариялады. Әзірге не өртеніп жатқаны белгісіз. Ауадағы радиация мөлшерін өлшеп отырмыз дейді. Әоемдік қауымдастықты үнсіз қалмауға шақырды.
Ресей СІМ өкілі Захарова: “Украина Запорож АЭС-ін атқылап, ядролық лаңкестік жасауда”, - деп мәлімдеді.
PARANOIA.KZ
CNN: Израиль барлау қызметі Хезболланың 12-тамызда шабуылға шығып, артынша оған Иранның қосылатынын айтуда. WP: Иран өз аумағының әуе кеңістігін жабуда. Бұл Тегеранның Израильге қарсы жасауы мүмкін операциясымен байланысты болуы ықтимал.
Bloomberg: Иран Израильге соққы жасаудың тиімді уақытын өткізіп алды. Он күн ішінде Израиль әскері қажетті әуе қорғаныс жүйесінің зымырандарын толтырып үлгерді. АҚШ-тың ұшақтары мен әуе қорғаныс жүйесімен жарақтанған кемелері аймаққа келіп, орнығып үлгерген.
Forwarded from Mezgil.kz
Ресей оккупациялап алған АЭС-те не болып жатыр?
Зеленский не дейді? Оккупациялық билік не дейді?
Өрт неден шықты? Болжамдар қандай? Толығырақ⬇️
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5644
Зеленский не дейді? Оккупациялық билік не дейді?
Өрт неден шықты? Болжамдар қандай? Толығырақ⬇️
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5644
mezgil.kz
АЭС-тегі өрт: Ресейдің бопсасы ма, Украинаның шабуылы ма?
Украина президенті Владимир Зеленский Запорож АЭС-інде өрт шыққанын айтып, видео жария
Ресей әскері Донбасста Торецк қалашығына жақындап келеді. Нью-Йорк ауылы үшін шайқастар жалғасуда. Торецк Донецк қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан қалашық.
Ресейдің тағы бір шабуыл бағыты Часов Яр маңы. Бұл қала Бахмуттан 15 шақырым қашықтықта жатыр.
Жалпы сарапшылардың пікірінше бұл маңда Ресейдің Украина жеріндегі әскерінің 30 пайыздан астамы топтасқан. Яғни 100 мыңнан асады деген сөз.

Курск облысындағы Белов(ский) ауданында эвакуация басталды. Бұл аудан қазір ұрыс жүріп жатқан Суджа ауданымен шекаралас жатыр. Соңғы екі күнде Белов ауданына украин жасақтары кіріп, қарсыластың қорғаныс позицияларын анықтау жұмыстарын жүргізген еді.