ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.52K subscribers
11.5K photos
1.7K videos
6.33K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
加入频道
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірде 100-ден астам камера қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір ашылды.

Көпір халық игілігіне берілген соң, алғашқы тәулік ішінде көпір үстімен 1,5 мың көлік жүріп өтті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тәулік бойы бақылау үшін нысан бойында 102 камера орнатылды. Оның 62-сі нысанның үстіңгі жағында, ал қалған 40 камера көпір астындағы аумақта орнатылған.

Сонымен қатар, мұздың жылжуы кезінде көпір тіректеріне зақым келтірмеу үшін нысанда 40 мұзкескіш қондырғы жұмыс істейді.

Көпір стратегиялық маңызы бар нысандардың қатарына жатады. Сол себепті көпірдің екі жағында тәулік бойы полиция бекеттері жұмыс істейді. Нысанға уақтылы техникалық қызмет көрсету үшін бақылау пункттері де қарастырылды.

Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 шақырым жаңа жол салынды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Более 100 камер обеспечивают безопасность на самом длинном мосту в стране через Бухтарминское водохранилище

В Восточно-Казахстанской области открыт самый длинный мост через Бухтарминское водохранилище.

За первые сутки по мосту проехало более 1,5 тыс машин.

В целях безопасности эксплуатации моста на объекте работают 102 камеры: 62 из них установлено сверху, а 40 камер установлены в подмостовой зоне. Камеры работают в режиме реального времени.

Кроме того, во избежания повреждении мостовых опор в период ледохода на объекте функционирует 40 ледорезов.

Учитывая, что данный объект является стратегическим с двух сторон моста в круглосуточном режиме работают полицейские посты. За мониторингом содержания моста функционируют диспетчерские пункты с постоянным доступам к видеокамерам.

Напомним, что длина моста составляет 1316 метров. Сооружение сможет пропускать до 80 тыс. автомобилей в сутки, к переправе подведено 18 км новых дорог.
Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдың құрылысы қашан аяқталады

Достықтан Мойынтаға дейінгі 836 шақырымдық учаскеде екінші жолдың құрылысын толығымен аяқтау үшін 200 шақырым рельстер мен шпалдар төсеу қалды.

Екінші жолға арналған рельстік тордың алғашқы тізбектерін төсеген сәттен бастап бір жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде 635 шақырым жол салынды, 62 көпір мен 242 құбыр орнатылды. Биылғы жылдың соңына дейін жекелеген учаскелерде пойыздардың жұмыс қозғалысын ашу көзделіп отыр.

Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысымен бір мезгілде Алматыны айналып өтетін темір жолдың құрылысы белсенді қарқынмен жүргізілуде. Нысанда жер жұмыстарының жалпы көлемінің 75% орындалды. Жетіген станциясынан рельсті-шпал торын төсеу басталды. Су өткізгіш құбырлар орнатылып, көпірлер салынуда. Қонаев-Алматы республикалық тас жолында көпірдің аралық құрылыстары салынды. Қазақстан-Қытай газ құбырының учаскелерін қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан облысындағы Дарбаза-Мақтааралдың жаңа желісін төсеу үшін жер төсемі дайындалуда. Барлығы 152 шақырым жол салу үшін құрылысшылар шамамен 10 мың текше метр топырақты қайта өңдеуі керек. Жоба EPC-келісімшарт аясында жүзеге асырылуда, жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға және ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) құрылымына қосымша кірісті қамтамасыз ете отырып, елдің транзиттік-көліктік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылыс кезеңінде жобалар аумақтары бойынша жаңа теміржол магистральдары өтетін облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын отандық мердігерлік ұйымдар орындауда. 1300 астам техника мен 5000 жуық адам жұмылдырылды. Жалпы ұзындығы 1000 км-ден асатын жаңа темір жол желілерінің құрылысында қазақстандық кәсіпорындардан 150 мың тонна рельс және бекітпелері бар 2 млн.астам темірбетон шпалдары сатып алынады.
Когда завершится строительство второго пути на участке
Достык – Мойынты


Чтобы полностью завершить строительство второго пути на 836-километровом участке от Достыка до Мойынты, осталось уложить 200 км рельсов и шпал.

С момента укладки первых звеньев рельсошпальной решетки для второго пути прошло чуть больше года. За это время построено 635 км, смонтировано 62 моста и установлены 242 трубы. Уже до конца текущего года намечается открытие рабочего движения поездов на отдельных участках.

Одновременно со строительством вторых путей на участке Достык – Мойынты активными темпами ведется строительство железной дороги в обход Алматы. На объекте выполнено 75% от общего объема земляных работ. Началась укладка рельсошпальной решетки со станции Жетыген. Устанавливаются водопропускные трубы, строятся мосты. Возведены пролетные строения моста на республиканской трассе Конаев – Алматы. Идет масштабная работа по переустройству участков Казахстанско-Китайского газопровода.

Земляное полотно готовят под укладку новой линии Дарбаза – Мактаарал в Туркестанской области. Всего для строительства 152 километров пути строителям необходимо переработать порядка 10 тысяч кубометров грунта. Проект реализуются в рамках EPC-контракта, ведется работа по проектированию.

Реализация крупных инвестиционных проектов позволит увеличить пропускную способность инфраструктуры и повысить транзитно-транспортный потенциал страны, обеспечив дополнительный доход в структуру ВВП.

Уже на этапе строительства проекты оказывают значительное влияние на социально-экономическое развитие областей, по территориям которых пройдут новые железнодорожные магистрали. Все строительно-монтажные работы выполняют отечественные подрядные организации. Задействовано свыше 1300 единиц техники и порядка 5000 человек. В строительстве новых железнодорожных линий общей протяженностью более 1000 км КТЖ будет приобретено у казахстанских предприятий 150 тысяч тонн рельс и более 2 млн. железобетонных шпал со скреплениями.
QAZAQ AIR Астанадан Жезқазғанға күн сайын ұшады

QAZAR AIR әуекомпаниясы 27 қазаннан бастап Астанадан Жезқазғанға күнделікті тұрақты рейстерді төмендегі рейстерге сәйкес орындайды:

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері:
IQ 389 Астана (07:35) - Жезқазған (09:10)
IQ 390 Жезқазған 13:50) - Астана (14:45)

Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері:
IQ 389 Астана (07:35) - Жезқазған (09: 00)
IQ 390 Жезқазған (09:40) - Астана (11: 00).


Жезқазған тұрғындарына Астана арқылы Петропавл, Омбы, Новосібір, Екатеринбург, Қостанай, Қызылорда және Алматыға қосылатын ыңғайлы рейстер қарастырылған.
_________________

QAZAQ AIR будет летать из Астаны в Жезказган ежедневно

Авиакомпания QAZAQ AIR с 27 октября запускает ежедневные регулярные рейсы из Астаны в Жезказган по следующему расписанию:

По понедельникам, средам, пятницам и воскресеньям:
IQ 389 Астана (07:35) – Жезказган (09:10)
IQ 390 Жезказган 13:50) – Астана (14:45)

По вторникам, четвергам и субботам:
IQ 389 Астана (07:35) – Жезказган (09:00)
IQ 390 Жезказган (09:40) – Астана (11:00)


Жителям Жезказгана через Астану предусмотрены удобные стыковочные рейсы в Петропавловск, Омск, Новосибирск, Екатеринбург, Костанай, Кызылорду и Алмату.
___

QAZAQ AIR will fly from Astana to Zhezkazgan daily

QAZAQ AIR airline from 27 October launches daily scheduled flights from Astana to Zhezkazgan on the following schedule:

Mondays, Wednesdays, Fridays and Sundays:
IQ 389 Astana (07:35) - Zhezkazgan (09:10)
IQ 390 Zhezkazgan 13:50) - Astana (14:45)

Tuesdays, Thursdays and Saturdays:
IQ 389 Astana (07:35) - Zhezkazgan (09:00)
IQ 390 Zhezkazgan (09:40) - Astana (11:00)

Zhezkazgan residents can enjoy convenient connecting flights to Petropavlovsk, Omsk, Novosibirsk, Yekaterinburg, Kostanai, Kyzylorda and Almaty via Astana.