ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.52K subscribers
11.5K photos
1.7K videos
6.33K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
加入频道
QAZAQ AIR Астанадан Ақтөбеге қосымша әуе рейстерін ашады
 
QAZAQ AIR әуекомпаниясы 10 қазаннан бастап Астанадан Ақтөбеге күнделікті рейстерге келесі кесте бойынша қосымша ұшуларды енгізеді:
 
Сейсенбі және бейсенбі күндері:
IQ 385 Астана (07:45) - Ақтөбе (09:50)
IQ 386 Ақтөбе (10:30) – Астана (12:20)

 
Ақтөбеден Астана арқылы Қызылорда, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы және Қостанай қалаларына қосылатын рейстер арқылы саяхаттауға болады.
Рейстердің ұлғаюы – әуе көлігі тасымалының қолжетімділігін арттырып, елдің ішкі туризмін дамытуға ықпал етеді.
 
Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.  
______________

QAZAQ AIR открывает дополнительные авиарейсы из Астаны в Актобе 
 
Авиакомпания QAZAQ AIR с 10 октября в дополнении к ежедневным рейсам из Астаны в Актобе вводит дополнительные перелеты по следующему расписанию:
 
По вторникам и четвергам:
IQ 385 Астана (07:45) – Актобе (09:50)
IQ 386 Актобе (10:30) – Астана (12:20)

 
Благодаря удобному расписанию стыковочные рейсы также придутся по душе и путешественникам из Актобе через Астану в Кызылорду, Новосибирск, Екатеринбург, Омск и Костанай.
 
Увеличение рейсов будет способствовать увеличению уровня мобильности населения и развитию внутреннего туризма страны.
Забронировать и купить билеты возможно на официальном сайте www.flyqazaq.com, а также в офисах продаж авиакомпании.
Аптасына 778 халықаралық рейс: Қазақстаннан әлемнің 32 еліне ұшуға болады
 
Қазақстан халықаралық рейстер географиясын айтарлықтай кеңейтуде.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әлемнің 32 елімен – Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Мысыр, Үндістан, Иран, Италия, Катар, Қытай Халық Республикасы, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Грециямен тікелей әуе қатынасы бар.

Қазіргі уақытта 132 халықаралық әуе бағыты бар. Қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары аптасына 778 халықаралық рейс орындайды.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі шет мемлекеттердің авиациялық билік органдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша үнемі келіссөздер жүргізуде. Бұл қолжетімді бағыттардың санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Биылғы жылы Алматыдан Мумбай, Бейжің, Куала-Лумпур, Иркутск, Эль-Алаймен, сондай-ақ Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх қалаларына жаңа әуе бағыттары ашылды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең ірі лоукостердің бірі - Малайзиялық «Air Asia X»әуе компаниясы Астанадан Душанбе, Прага, Сеул, Ақтау - Минеральные воды қалаларына тұрақты рейстерді қалпына келтірді, ал қытайлық «China Southern Airlines» әуе компаниясы Алматы-Үрімші бағыты бойынша рейстер санын көбейтті.
778 международных рейсов в неделю: Казахстан связан авиасообщением с 32 странами мира

В рамках стратегии повышения международной транспортной доступности, Казахстан значительно расширяет географию международных авиарейсов, что позволит повысить мобильность граждан и улучшить торгово-экономическое сотрудничество с иностранными государствами.

На сегодняшний день Казахстан имеет прямое авиасообщение с
32 странами мира – Азербайджан, Армения, Беларусь, Великобритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Индия, Иран, Италия, Катар, Китай, Кувейт, Кыргызстан, Малайзия, Чехия, Монголия, Нидерланды, ОАЭ, Польша, РФ, Саудовская Аравия, Таджикистан, Таиланд, Турция, Узбекистан, Южная Корея, Мальдивы, Бахрейн, Черногория, Греция.

Количество международных направлений из Казахстана составляет свыше 132 авиамаршрута, в неделю выполняется 778 рейсов как казахстанскими, так и иностранными авиакомпаниями.

Министерство транспорта РК на постоянной основе проводит переговоры о расширении сотрудничества с авиационными властями иностранных государств, что позволит еще больше увеличить количество доступных направлений.

В текущем году были открыты новые авиамаршруты из Алматы в гг. Мумбай, Пекин,Куала-Лумпур, Иркутск, Эль-Алаймен, также Актобе–Шарм-эль-Шейх, в том числе на рынок Казахстана вошел один из крупнейших лоукостеров Юго- Восточной Азии – малайзийская авиакомпания «Air Asia Х», были возобновлены регулярные рейсы из Астаны в гг. Душанбе, Прага, Сеул, Актау – Минеральные воды, также китайская авиакомпанией «China Southern Airlines» увеличила количество выполняемых рейсов по маршруту Алматы – Урумчи.
Көлік министрі АҚШ Сауда миссиясының өкілдерімен кездесті

Астанада Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев пен АҚШ Сауда палатасының Аға вице-президенті Хуш Чокси бастаған АҚШ Сауда миссиясының делегациясы арасында кездесу өтті.

Делегация құрамында Apple, Boeing, Citi, Wabtec, Google сияқты 20 жетекші американдық компаниялардың өкілдері болды.

Кездесуде көлік саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. М.Қарабаев Қазақстанның көлік саласы халықаралық сауданы дамытуда шешуші рөл атқаратынын және Еуропа мен Азияны бірнеше стратегиялық маңызды дәліздер арқылы байланыстыратынын атап өтті.
Осы тұрғыда Қазақстан шетелдік компаниялармен инвестиция және ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

Отырыста локомотивтер мен теміржол технологияларын өндіру саласындағы көшбасшы Wabtec компаниясының қатысуымен теміржол көлігін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстанның авиациялық билігі АҚШ-пен тікелей рейстерді іске қосу туралы келіссөздер жүргізуде, бұл экономикалық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға, логистикалық процестерді жақсартуға және еліміздің халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік беретін, көлік саласындағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.