IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
665 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
加入频道
​​Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Литва Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Йовита Нелюпшенемен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін талқылады.

Вице-министр Қ. Төребаев Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 28,7%-ға өсіп, $5 584,3 млн құрағанын атап өтті. Ол сондай-ақ Литваға Қазақстандық өнім экспортын жалпы сомасы $350,5 млн-ға 70 өнім атауы бойынша ұлғайту әлеуеті туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Литва вице-министрі сауда көрсеткіштерін жақсарту үшін ынтымақтастыққа дайын екендігі туралы хабарлады, сондай-ақ Литваның импорттық және экспорттық әлеуеті туралы хабардар етті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы рөлін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін одан әрі өзара іс-қимыл бойынша уағдаластыққа келді.

#Қазақстан #Литва #ТауарАйналымы #Экономика #ХалықаралықҚатынастар
​​Как сообщает Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан, состоялась встреча вице-министра торговли и интеграции РК Кайрата Торебаева с вице-министром иностранных дел Литовской Республики Йовитой Нелюпшене.

Стороны обсудили текущее состояние и возможности торгово-экономического сотрудничества.

Вице-министр К. Торебаев отметил, что товарооборот между Казахстаном и Литвой за 2022 год вырос на 28,7% и составил $584,3 млн. Он также проинформировал о потенциале увеличения экспорта казахстанской продукции в Литву по 70 наименованиям продукции на общую сумму $350,5 млн.

В свою очередь, вице-министр Литвы сообщила о готовности к сотрудничеству для улучшения торговых показателей, а также проинформировала об импортном и экспортном потенциале Литвы.

Стороны отметили роль Казахстанско-литовской межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству в укреплении двустороннего взаимодействия в различных отраслях экономики.

В завершение встречи стороны пришли к договорённости по дальнейшему взаимодействию для развития торгово-экономических отношений.

#Казахстан #Литва #Товарооборот #Экономика #Международные_Отношения
​​ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының жаңа деректеріне сәйкес, 2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы $18 518,7 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,2%-ға артық.

2023 жылғы қаңтар-тамызда тауарлар экспорты $7 050,4 млн (20,5%–ға артық), импорт - $11 468,2 млн (7,9%-ға аз) құрады.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Армения 0,2%, Беларусь – 3,3%, Қырғызстан – 4,7%, Ресей Федерациясы – 91,8% құрайды.

ЕАЭО елдерімен экспортта ең көп үлесті Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар алады – 28,2%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 23,7%.

ЕАЭО елдерінен импорттың құрылымында жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер басым, дайын азық – түлік тауарлары – 19,7%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар - 19,2%.

#ТауарАйналымы #Қазақстан #ЕАЭО
​​Согласно свежим данным Бюро национальной статистики АСПиР РК, в январе-августе 2023 г. товарооборот Республики Казахстан со странами ЕАЭС составил $18 518,7 млн, что в номинальном выражении больше на 1,2% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

В январе-августе 2023 г. экспорт товаров составил $7 050,4 млн (больше на 20,5%), импорт – $11 468,2 млн (меньше на 7,9%).

В общем объеме внешнеторгового оборота Республики Казахстан со странами ЕАЭС Армения занимает 0,2%, Беларусь – 3,3%, Кыргызстан – 4,7%, Российская Федерация – 91,8%.

Наибольшую долю в экспорте со странами ЕАЭС занимают машины, оборудование, транспортные средства, приборы и аппараты – 28,2%, далее следуют продукты химической и связанной с ней отраслей промышленности – 23,7%.

В структуре импорта из стран ЕАЭС преобладают продукты животного и растительного происхождения, готовые продовольственные товары – 19,7%, металлы и изделия из них – 19,2%.

#Товарооборот #Казахстан #ЕАЭС
​​ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бішкек қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және ТМД-ға төрағалық ету барысында Қырғызстанның табысты жұмыс атқарғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтты.
Мемлекет басшысы ТМД жанындағы Серіктес және Бақылаушы мәртебесінің бекітілуін бүгінгі отырыстың айтулы оқиғасы ретінде атап өтіп, бұл шешім Ұйымның кемеліне келгенін және оны дамытудың жаңа кезеңіне қадам басқанын көрсететініне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси қайшылықтардың шиеленісе түскенін атап өтіп, әлем экономикасында тұрақсыздық күшейгенін айтты.

«Қазақстан жаһандық сауда-саттық пен мемлекеттердің әл-ауқатына кері әсер ететін экономикалық санкцияларды қолдануға түбегейлі қарсы», – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Президент Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді.

«Қазақстан халықаралық өзекті проблемаларды шешу үшін лаңкестік әдістерді қолдануға мүлдем қарсы. Ондаған жыл бойы шешімін таппай келе жатқан міндеттерді жүзеге асыру үшін бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетіп, террорлық акциялар жасауға болмайды. Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық қатынастарда әділдік қағидатын орнатуды, халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесінің заңды және егемендік құқығын ескере отырып, оны демократияландыруды жақтайтынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге, табысты ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа салаларды іздеуге бағытталған ТМД форматындағы белсенді ықпалдастықты жалғастыруға шақырды.

Саммит қорытындысы бойынша Достастық елдерінің көшбасшылары бірқатар құжаттарды қабылдады.

Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтеді.

#ТМД #Қазақстан #Қырғызстан #Отырыс
​​Как сообщает пресс-служба Президента РК, Касым-Жомарт Токаев принял участие в заседании Совета глав государств – участников Содружества Независимых Государств, которое прошло в г. Бишкек.

Глава нашего государства поблагодарил Садыра Жапарова за теплый прием и плодотворную работу Кыргызстана в ходе председательства в СНГ.

Знаковым событием заседания лидер Казахстана назвал учреждение статусов Партнера и Наблюдателя при СНГ, что свидетельствует о зрелости Организации и знаменует собой ее переход на качественно новый этап развития.

Отмечая нарастающие геополитические противоречия, Касым-Жомарт Токаев указал на усиление волатильности в мировой экономике.

«Казахстан в принципиальном плане выступает против применения экономических санкций, которые самым губительным образом оказывают негативное влияние на глобальную торговлю и благополучие государств», – сказал Президент.

Глава государства также высказался о нынешней ситуации на Ближнем Востоке.

«Казахстан выступает решительно против использования террористических методов для решения актуальных международных проблем. Нельзя прибегать к насилию в отношении мирных граждан, прибегать к террористическим акциям для реализации задач, которые не находят своего решения десятилетиями. Это никак нельзя оправдать», – заявил Касым-Жомарт Токаев.

Он подчеркнул, что Казахстан выступает за установление принципа справедливости в международных отношениях, за их демократизацию с учетом законных и суверенных прав всех членов международного сообщества.

Касым-Жомарт Токаев призвал участников встречи продолжать активное взаимодействие в формате СНГ для преодоления возникающих вызовов, поиска новых сфер для усиления продуктивного сотрудничества.

По итогам саммита лидеры стран Содружества приняли ряд документов.

Следующее заседание Совета глав государств пройдет под председательством Российской Федерации в 2024 году.

#СНГ #Казахстан #Кыргызстан #Заседание
​​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары Төраға Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізуден басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумына қатысуға шақыруын зор ықыласпен қабыл алып, Қытайға тағы да сапармен келгенін атап өтті.

«Қазақстан Сіздің осы жаһандық бастамаңызға алғашқы күннен бастап қолдау білдірді және оны ілгерілетуге белсенді атсалысып келеді. Осыдан тура 10 жыл бұрын Астанада сөйлеген сөзіңізде Сіздің осы бастама туралы айтқаныңыз есімізде. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізді осы мегажобаны жүзеге асыру барысында керемет нәтижеге қол жеткізуіңізбен құттықтаймын және айтулы шараның табысты өтуіне тілектестік білдіремін. Сондай-ақ Сізді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуымен және Ханчжоуда өткен XIX жазғы Азия ойындарындағы Қытай командасының зор жетістігімен құттықтаймын. Біз Қытайдың қарқынды дамуын ерекше ықыласпен бақылап отырмыз. Сіздің дана басшылығыңызбен Қытай әлемдік жетекші державаға айналуды көздеген асқақ мұратына жетуге батыл қадам жасап келеді», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жан-жақты әрі мәңгілік стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-қытай қатынастары қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

«Біз барлық бағыт бойынша тиімді мемлекетаралық ықпалдастықты жолға қойдық. Сіздің былтыр қыркүйек айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз өзара байланыстардың барынша нығаюына тың серпін берді. Сапар аясында елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жаңа «алтын 30 жылдығы» басталды. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық табысты дамып келеді. Айтарлықтай өсім бар. Инвестицияның жалпы көлемі 21 миллиард доллар болатын 52 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. 2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Бұл осы сала үшін мол мүмкіндіктерге жол ашады. Өзара мәдени-гуманитарлық байланыстар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Мемлекетаралық қарым-қатынастарды мүлдем жаңа деңгейге шығару үшін Қазақстанның да, Қытайдың да орасан зор әлеуеті бар деп санаймын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, құрметті Төраға Си Цзиньпин, Сізді келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде ҚХР Төрағасы шақыруын қабыл алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.

#Қазақстан #Қытай #ХалықаралықҚатынастар
​​Программу официального визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Китайскую Народную Республику открыли переговоры с Председателем Си Цзиньпином.

Как сообщает пресс-служба Президента РК, Касым-Жомарт Токаев отметил, что он с большим удовольствием принял приглашение Си Цзиньпина вновь посетить Китай для участия в 3-м Форуме международного сотрудничества «Один пояс, один путь».

«С первых дней Казахстан твердо поддерживает Вашу глобальную инициативу и активно участвует в ее продвижении. Мы всегда помним, что ровно 10 лет тому назад эта инициатива была изложена в Вашей речи в Астане. Пользуясь случаем, хотел бы поздравить Вас с блестящими результатами в реализации этого мегапроекта и пожелать успешного проведения знакового мероприятия. Поздравляю Вас с 74-летием со дня образования Китайской Народной Республики и блестящим выступлением команды Китая на XIX летних Азиатских играх в Ханчжоу. Мы с большим воодушевлением следим за бурным прогрессом Китая. Под Вашим мудрым лидерством Китай уверенно приближается к достижению высокой цели – стать передовой мировой державой», ─ заявил Президент Казахстана.

Главой государства подчеркнута положительная динамика развития казахско-китайских отношений, отвечающих уровню вечного всестороннего стратегического партнерства.

«Мы выстроили эффективное межгосударственное взаимодействие по всем направлениям. Мощный импульс комплексному углублению связей придали итоги Вашего государственного визита в Казахстан в сентябре прошлого года, в ходе которого был дан старт новому «золотому 30-летию» сотрудничества между нашими странами. Успешно развивается торговля между нашими государствами. Рост значительный. Продолжается реализация 52 совместных проектов с объемом инвестиций в 21 млрд долларов. 2024 год объявлен Годом казахстанского туризма в Китае, что откроет большие перспективы для этой сферы», ─ сказал Касым-Жомарт Токаев.

В свою очередь Председатель КНР поблагодарил Президента Казахстана за принятие приглашения и отметил важность укрепления взаимовыгодного сотрудничества.

#Казахстан #Китай #Международные_Отношения
​​ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда $19,0 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға жоғары ($15,5 млрд).

Ағымдағы жылы ҚХР-ның жалпы тауар айналымындағы үлесі 21% құрады.

Қазақстаннан Қытайға Экспорт 2023 жылғы қаңтар-тамызда 2,1%-ға өсіп, $9,0 млрд құрады.

2023 жылғы қаңтар-тамызда Қытайдан Қазақстанға Импорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,5%-ға өсіп, $10,0 млрд құрады.

Сондай-ақ, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдан тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $748,3 млн құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,6%-ға өскені белгілі болды ($573,2 млн).

#Қазақстан #Қытай #ТауарАйналымы #Экспорт #Импорт #Инвестициялар
​​Как сообщает Министерство национальной экономики РК, товарооборот между Казахстаном и Китаем за январь-август 2023 года составил $19,0 млрд, что на 22,6% выше, чем за аналогичный период предыдущего года ($15,5 млрд).

Отмечается, что в текущем году доля КНР в общем товарообороте составила 21%.

Экспорт из Казахстана в Китай за январь-август 2023 года вырос на 2,1% и составил $9,0 млрд.

Импорт в Казахстан из Китая за январь-август 2023 года по сравнению с аналогичным периодом прошлого года вырос на 49,5% и составил $10,0 млрд.

Также стало известно, что Валовый приток прямых иностранных инвестиций из Китая в первом полугодии 2023 г. составил $748,3 млн и увеличился на 30,6% к аналогичному периоду 2022 г. ($573,2 млн).

#Казахстан #Китай #Товарооборот #Экспорт #Импорт #Инвестиции
​​ҚР сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, таяу уақыт ішінде Қазақстан мен БАӘ алдында тауар айналымын $1 млрд-қа дейін арттыру міндеті тұр.

БАӘ нарығы біздің елімізде шығарылған тауарлар үшін басым экспорттық бағыттар тізіміне енгізілгені атап өтілді. 2022 жылы қазақстандық кәсіпкерлер БАӘ-ге $560,3 млн сомасына өнім экспорттады.

Сондай-ақ, қазақстандық тауар өндірушілердің Дубайға сауда-экономикалық миссиясы барысында $37 млн астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасалғаны белгілі болды.

Жалпы, Қазақстан мен БАӘ 30 жыл бойы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытып келеді.

#Қазақстан #БАӘ #Дубай #ТауарАйналымы #БүгінгіСан
​​Как сообщает Министерство торговли и интеграции РК, в течение ближайшего времени перед Казахстаном и ОАЭ стоит задача по увеличению товарооборота до $1 млрд.

Отмечается, что рынок ОАЭ включен в перечень приоритетных экспортных направлений для товаров, выпущенных в нашей стране. В 2022 году казахстанские предприниматели экспортировали в ОАЭ продукцию на сумму $560,3 млн.

Также стало известно, что в ходе торгово-экономической миссии казахстанских товаропроизводителей в Дубай, заключены экспортные контракты на сумму свыше $37 млн.

В целом, Казахстан и ОАЭ развивают взаимовыгодное сотрудничество на протяжении 30 лет.

#Казахстан #ОАЭ #Дубай #Товарооборот #ЦифраДня
​​Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірінің экономикасы туралы баяндамасында хабарланғандай, осы өңірдің дамушы нарығы және дамушы экономикасы (EMDE) бар елдердегі экономикалық өсу болжамы 2023 жылға қарай 2,4%–ға дейін ұлғаю жағына қарай қайта қаралды.

Ресей мен Украинаны қоспағанда, аймақтағы өндіріс көлемі 2023 жылы 3 пайызға өсетіні атап өтілген. Дегенмен, өсу қарқыны пандемияға дейін байқалған орташа көпжылдық көрсеткіштерден әлі де төмен деп Дүниежүзілік банктің сарапшылары назар аударады,.

Жалпы, Еуропа мен Орталық Азия өңірі елдерінің жартысында 2023 жылы күтілетін өсу қарқыны 2022 жылмен салыстырғанда төмен болады немесе іс жүзінде өзгермейді.

2024-2025 жылдары ЕОА өңіріндегі жыл сайынғы өсу қарқыны Еуроодақтағы экономиканың баяу өрлеуі аясында 2,6% құрайды деп болжануда.

Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметі сондай-ақ Орталық Азия елдерінде ағымдағы жылы өсімнің 4,8%-ға дейін жеделдеуі күтілетінін, ал 2024 және 2025 жылдары өсудің орташа көрсеткіші инфляция баяулайды деген болжамға сүйене отырып, 4,7% деңгейінде болжанатынын хабарлайды.

#ДүниежүзілікБанк #Еуропа #ОрталықАзия #Болжам
​​Как сообщается в докладе Всемирного банка об экономике региона Европы и Центральной Азии, прогноз экономического роста в странах с формирующимся рынком и развивающейся экономикой (EMDE) этого региона был пересмотрен в сторону повышения – до 2,4% на 2023 год.

Подчеркивается, что за исключением России и Украины, объем производства в регионе вырастет в 2023 году на 3 процента. Тем не менее, обращают внимание эксперты Всемирного банка, темпы роста по-прежнему ниже среднемноголетних показателей, отмечавшихся до начала пандемии.

В целом, в половине стран региона Европы и Центральной Азии темпы роста, ожидаемые в 2023 году, будут ниже или практически не изменятся по сравнению с 2022 годом.

Предполагается, что в 2024-2025 годах ежегодные темпы роста в регионе ЕЦА составят 2,6% на фоне медленного подъема экономики в Евросоюзе.

Пресс-служба Всемирного банка также сообщает, что в странах Центральной Азии в текущем году ожидается ускорение роста до 4,8%, а средний показатель роста в 2024 и 2025 годах прогнозируется на уровне 4,7%, исходя из допущения о том, что инфляция замедлится.

#Всемирный_банк #Европа #Центральная_Азия #Прогноз
​​Белгілі болғандай, ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Әбу-Дабидегі VIII Дүниежүзілік инвестициялық форум аясында Қазақстанның әлеуетін таныстырды.

Министр өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан экономиканың шикізаттық емес экспортқа бағдарланған салаларына инвестициялар тартуға шоғырланған. Елде инвесторлар үшін оңтайлы жағдайлар жасалуда.

«Үкіметтің экономиканы әртараптандыру жөніндегі күш-жігерінің арқасында агробизнес, көлік және логистика, IT индустрия, машина жасау және басқаларында үлкен инвестициялық мүмкіндіктер ашылуда. Өткен жылдан бастап Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен $4 млрд сомасына 46 инвестициялық жоба іске асырылуда, 6,5 мың жұмыс орны құрылды», - деді Арман Шакқалиев.

Атап өтілгендей, Қазақстан әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың бірі болып табылады. Инвестициялау үшін перспективалы бағыттардың ішінде цифрландыру, көлік және логистика ерекшеленеді.

ҚР сауда және интеграция министрлігі шетелдік жобалармен табысты бәсекелесетін және халықаралық нарықтарда танымал болып келе жатқан қазақстандық цифрлық өнімдерге де назар аударады. Тек 2022 жылы ғана Қазақстаннан IT-өнімдер мен қызметтердің экспорты 5 есеге ұлғайып $333 млн құрады. Цифрлық интеллект (Digital IQ) индексіне сәйкес біздің еліміз цифрландыру жылдамдығы бойынша 20-шы орында, бұл экономикаға және халықтың цифрлық әл-ауқатына оң әсер етеді.

Арман Шакқалиевтің айтуынша, кедергісіз инвестициялар мен халықаралық сауда жаһандық құн тізбегіне интеграциялау үшін өте маңызды. Қазақстан Транскаспий бағыты жолында орналасқан Еуразияның өмірлік маңызды логистикалық орталығы рөлін атқарады. Жүк жөнелтуші елдердің «Солтүстік-Оңтүстік», «Шығыс-Батыс» бағыттары бойынша транзиттік – көлік дәлізін дамытуға мүдделілігін ескере отырып, ол бойынша жүк ағынының көлемі орта мерзімді перспективада 5 есе өсуі мүмкін.

#Қазақстан #БАӘ #Форум #Инвестициялар #Экспорт #DigitalIQ #IT
​​Как стало известно, Министр торговли и интеграции РК Арман Шаккалиев презентовал потенциал Казахстана в рамках VIII Всемирного инвестиционного форума в Абу-Даби.

Как отметил в своем выступлении министр, Казахстан сконцентрирован на привлечении инвестиций в несырьевые экспортоориентированные отрасли экономики. В стране создаются оптимальные условия для инвесторов.

«Благодаря усилиям правительства по диверсификации экономики огромные инвестиционные возможности открываются в агробизнесе, транспорте и логистике, IT индустрии, машиностроении и других. С прошлого года в Казахстане реализуются 46 инвестпроектов с участием иностранного капитала на сумму $4 млрд, создано 6,5 тыс. рабочих мест», - сообщил Арман Шаккалиев.

Как отмечается, Казахстан выступает одним из крупнейших экспортеров сельхозпродукции в мире. В числе перспективных направлений для инвестирования выделяются цифровизация, транспорт и логистика.

Министерство торговли и интеграции РК также обращает внимание на казахстанские цифровые продукты, которые успешно конкурируют с зарубежными проектами и становятся известными на международных рынках. Только в 2022 году экспорт IT-продуктов и услуг из Казахстана увеличился в 5 раз и составил $333 млн. Согласно индексу цифрового интеллекта (Digital IQ) наша страна занимает 20-е место по скорости цифровизации, что положительно отражается на экономике и цифровом благополучии населения.

По словам Армана Шаккалиева, беспрепятственные инвестиции и международная торговля имеют решающее значение для интеграции в глобальные цепочки создания стоимости. Казахстан выполняет роль жизненно важного логистического центра Евразии, расположенного на пути Транскаспийского маршрута. Учитывая заинтересованность стран-грузоотправителей в развитии транзитно-транспортного коридора по направлениям «Север – Юг», «Восток – Запад», объем грузопотока по нему в среднесрочной перспективе может вырасти в 5 раз.

#Казахстан #ОАЭ #Форум #Инвестиции #Экспорт #DigitalIQ #IT
​​Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінгі күн тарихи болып табылады: 1990 жылғы 25 қазанда ҚазКСР–нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды - бұл оқиға Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы маңызды қадам ретінде тарихқа енді.

Содан бері өткен барлық жылдары Қазақстан қоғам өмірінің түрлі салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік мойындауға ие болды.

Осы ерекше мәні бар күні еліміздің азаматтарын басты ұлттық мерекемен, Республика күнімен құттықтаймыз және бейбітшілік, келісім, амандық пен тұрақтылық тілейміз!

- - -

Уважаемые казахстанцы!

Сегодняшняя дата является исторической: 25 октября 1990 года была принята Декларация о государственном суверенитете КазССР – событие, которое вошло в историю как важнейший шаг на пути к независимости Казахстана.

За все прошедшие с тех пор годы Казахстан добился больших успехов в различных сферах жизни общества и заслужил мировое признание.

В этот знаменательный день поздравляем граждан нашей страны с главным национальным праздником, Днем Республики, и желаем мира, согласия, благополучия и стабильности!
​​Жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын талқылады.

Кездесу барысында Премьер-министр ҚР Үкіметі Оңтүстік Кореямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың үлкен перспективаларын көріп отырғанын атап өтті. Бұл, атап айтқанда, тауар айналымының серпінді өсуімен расталады: өткен жылы ол 2,3 есеге өсіп, $6,1 млрд-тан асты, ал ағымдағы жылдың 8 айында тағы 11%-ға өсті.

Әлихан Смайылов Оңтүстік Кореяның ҚР экономикасындағы ең ірі 10 инвестордың қатарына тұрақты кіретінін атап өтті. Мәселен, соңғы 18 жылда Қазақстанға шамамен $9,2 млрд инвестиция салынды. Бұл ретте өткен жылы Кореядан тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 85%-ға өсіп, нового 1,5 млрд жаңа рекордтық көлемге жетті.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ҚР-да 700-ден астам кореялық кәсіпорын жұмыс істейді, іске асыру сатысында $1,5 млрд-қа 5 жоба бар және шамамен $500 млн сомасына тағы 25 перспективалық жоба дайындалуда.

Ол Қазақстан Үкіметі инвесторлардың республикада жайлы жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайларды одан әрі жасайтынын айтты.

Өз кезегінде Ан Док Гын Оңтүстік Корея экономиканың түрлі салаларында Қазақстанмен белсенді технологиялық өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.

#Үкімет #ҚР #Қазақстан #Оңтүстік_Корея #ТауарАйналымы #Инвестициялар
​​Вопросы реализации новых совместных инвестпроектов обсудили Премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов и министр торговли Южной Кореи Ан Док Гын.

В ходе встречи Премьер-министр подчеркнул, что Правительство РК видит большие перспективы в дальнейшем развитии торгово-экономического сотрудничества с Южной Кореей. Это, в частности, подкрепляется динамичным ростом товарооборота: в прошлом году он вырос в 2,3 раза и превысил $6,1 млрд, а за 8 месяцев текущего года – увеличился еще на 11%.

Алихан Смаилов отметил, что Южная Корея стабильно входит в топ-10 крупнейших инвесторов в экономику РК. Так, за последние 18 лет в Казахстан инвестировано порядка $9,2 млрд. При этом в прошлом году валовый приток прямых инвестиций из Кореи вырос на 85% и достиг нового рекордного объема в $1,5 млрд.

По словам Премьер-министра, в настоящее время в РК работают более 700 корейских предприятий, на стадии реализации находятся 5 проектов на $1,5 млрд и прорабатываются еще 25 перспективных проектов на сумму порядка $500 млн.

Он добавил, что Правительство Казахстана будет и далее создавать все необходимые условия для комфортной работы инвесторов в республике.

В свою очередь Ан Док Гын подчеркнул, что Южная Корея готова к активному технологическому взаимодействию с Казахстаном в самых разных отраслях экономики.

#Правительство #РК #Казахстан #Южная_Корея #Товарооборот #Инвестиции
​​Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында хабарланғандай, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көпшілігінде халықаралық қызметтер саудасының өсуі байқалды.

Мәселен, мүше мемлекеттердің көпшілігінде көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортының құрылымында көліктік қызметтерге (Қазақстанда 52%-ға дейін) және сапарларға (Қырғызстанда 60%-ға дейін) ең көп үлестер тиесілі болды.

Армения мен Қазақстанда бірінші жартыжылдықта тауарлар мен қызметтер саудасының айналымы интеграция басталғаннан бергі ұқсас кезеңдерде (тиісінше $12,2 және 78,5 млрд) ең жоғары көрсеткіштерге жеткені атап өтілді. Беларуссияда тауар саудасының айналымы 16,7%-ға өсті. Қырғызстанда қызметтер саудасының айналымы 2,6 есеге, ал Қазақстанда – 41,7%-ға өсті.

#ЕАЭО #ЕЭК #Қазақстан #Экспорт #Импорт #Айналым