ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
32.1K subscribers
6.26K photos
2.09K videos
24 files
5.35K links
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
加入频道
Forwarded from Sayasat Nurbek
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Сүйінші, қазақ елі!

Сіздерге керемет жаңалығым бар. Жасөпірімдерге арналған қысқы олимпиада ойындарында тұңғыш алтын медальды жеңіп алдық.

Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Илья Мизерных жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды биікте желбіретті.

Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі атынан құтты болсын айтып, айшықты жеңісіміз жалғасын тапсын деп тілеймін!

Басқа спортшыларымызға сәттілік серік болып, ләйім бәйгенің биігінен көрінуге жазсын! Жеңіс жеңіске ұлассын, достар!
🇰🇿 YESSENOV UNIVERSITY ҚАБЫРҒАСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЗЕРТХАНАЛАРЫ АШЫЛДЫ

⚜️ Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің қабырғасында екі бірдей оқу зертханасы ашылды.

Алғашқы «Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу» атауы берілген зертхана  «Қаражанбасмұнай» АҚ демеушілік көмегімен толықтай жабдықталып, динамикалық деректерді талдау КАППА бағдарламасы орнатылды. Бұл бағдарлама оқытудың барлық деңгейлеріндегі кәсіби пәндерді оқытуда, сондай-ақ магистрлік және докторлық диссертацияларды орындау кезінде кеңінен қолданылады.

Оқытушылық құрам да «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік базасында бағдарламаны меңгеру бойынша біліктілігін арттырып, кәсіби шеберлігін де шыңдап келді.

Ашылу салтанатына «Каражанбасмұнай» АҚ бас директоры Нұрсейіт Союнов, кадр және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі директор орынбасары Ренат Каражанов, қызметкерлерді дамыту және оқу бөлімінің басшысы Ажар Утеулиева қатысты.

🔗 Толығырақ
🇰🇿 В YESSENOV UNIVERSITY ОТКРЫЛИСЬ НОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ЛАБОРАТОРИИ

⚜️ В стенах Каспийского университета технологий и инжиниринга им. Ш. Есенова открылись две новые учебные лаборатории.

Первая лаборатория, получившая название «Гидродинамическое исследование скважин», полностью оборудована и оснащена программой динамического анализа данных КАППА при поддержке и спонсорской помощи АО «Каражанбасмунай».
Данная программа широко используется при преподавании профессиональных дисциплин на всех уровнях обучения, а также при выполнении магистерских и докторских диссертаций.

Преподавательский состав также повысил квалификацию и профессиональное мастерство по освоению программы на производственной базе АО «Каражанбасмунай».

🔗 Подробнее
Forwarded from Sayasat Nurbek
📣 Қаныш Сәтбаев университетінің жас ғалымы Есбол Шаймардан бауырымыз қауіпті экотоксикант – полихлорбифенилді тиімді залал­сыздандыруға арналған катализатор әзірледі.


🔽 🔽 🔽
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ШЕТЕЛДІК БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ОНЛАЙН ТАНУҒА БОЛАДЫ

⚜️ Шетелде білім алған тұлғалар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметіне білім туралы құжаттарды тапсыра алады.

Қызметті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" көрсетеді.

Қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп «Білім» бөлімін таңдауыңыз қажет. «Жоғары» немесе «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөлімінде қажетті қызметті таңдаңыз. Әрі қарай, порталға кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесіне өтіңіз. Осыдан кейін «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану», «Білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы» қызметтерінің иесі туралы негізгі мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тіркеп, қызметке ақы төлеп, ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

🔗 Толығырақ
🇰🇿 ЗАРУБЕЖНЫЕ ДОКУМЕНТЫ ОБ ОБРАЗОВАНИИ МОЖНО ПРИЗНАТЬ ОНЛАЙН

⚜️ Лица, получившие образование за рубежом, смогут подать документы об образовании на государственную услугу «Признание документов образовании» через веб-портал «Электронное правительство».

Услугу оказывает «Национальный центр развития высшего образования» Министерства науки и высшего образования РК.

Для получения услуги необходимо зайти на портал eGov.kz и выбрать вкладку «Образование». В разделе «Высшее» или «Послевузовское образование» выбрать необходимую услугу. Далее авторизоваться на портале и перейти по кнопке «Заказать услугу онлайн». После чего ввести основные сведения о владельце документа услуги «Признание документов об образовании», «Дубликат удостоверения о признании документов об образовании», прикрепить нотариальные заверенные копии всех необходимых документов, оплатить услугу и подписать с помощью ЭЦП.

🔗 Подробнее
Forwarded from Sayasat Nurbek
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣 Армысыздар қадірлі қауым! «Ғылым – қоршаған әлемнің барлық құбылыстарын жүйелеу арқылы жинаған адамзат ойының көпғасырлық жұмысы»,-деген физик ғалым Альберт Энштейннің тәмсілі тамаша топшыланған.

Көп ғасырдан табиғат ресурстарын тиімді пайдалану зерттеліп келеді. Сәйкесінше, әр кезеңде түрлі шешімдер табылып, ретін табуда.
Адамзат қазір сутек энергиясына өтуге дайындалуда. Өйткені, сутектің қуаты қазіргі тұтынып жүрген көмір, бензин, газдан ондаған есе пайдалы. Физикада – ПӘК яғни пайдалы әсер коэфиценті деген ұғым бар.

Мысалға, көмірдің пайдалы әсері – 11% ғана. Яғни 1 тонна көмір жақсаң, оның 890 кг күлге айналады. Пайда бергені 110 келіні құрайды.

Бензиннің пайдалы әсер коэфиценті – 17%. Газ – 20%-ды құраса, ал сутегінің пайдасы 75-80%. Яғни сутекті пайдалансақ, күл, түтіні өте аз, таза энергияға қол жеткіземіз. Тек бұл энергияны алу әзірге қымбат.

Қазақ ғалымы Ақатан Қыдырмолла – сутегі энергиясын арзандатудың жолын тапты. Алдағы 10-15 жылда сутек энергиясының құнын газ бағасымен бірдей етпек.

Ғалымның ақиқатын «Ғылымстан» сұхбатынан тамашалай аласыз.
Forwarded from Sayasat Nurbek
💥 Достар, тағы да сүйінші хабар! Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының нәтижесінде Ұлттық құрама қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Нақтырақ айтар болсам, Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта бақ сынаған Полина Омельчук жүйріктер сапынан табылып, қола медальды қанжығасына байлады.

Отандық құрама үшін бұл жарыстағы екінші жүлде болып отыр. Кеше айтып өткенімдей, бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных чемпион атанған болатын. Медаль саны бойынша жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бесінші орында тұр. Елдік пен ерлікті, бәйге мен жеңісті мақсат еткен Қазақстан құрамасына Ғылым және жоғары министрлігінің атынан жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіремін!

Ел қоржыны медальға тола бергей!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇯 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ГЕ ТӘЖІКСТАННАН 16 СТУДЕНТ КЕЛДІ

⚜️ Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында Amanzholov University-ге Сотим Улугзод атындағы Халықаралық Шет тілдер университетінен (Душанбе қ., Тәжікстан) 16 студент келді.

ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген шетелдік студенттермен кездесіп, қонақтарды оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және тәрбие қызметімен таныстырды.

Шетелдік студенттер 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрін ШҚУ-да оқиды. Студенттер «Шет тілі: екі шет тілі» және «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламалары бойынша білім алады.

🔗 Толығырақ
🇰🇿🇹🇯 В AMANZHOLOV UNIVERSITY ПРИБЫЛИ 16 СТУДЕНТОВ ИЗ ТАДЖИКИСТАНА

⚜️ В рамках международной академической мобильности в Amanzholov University прибыли 16 студентов из Международного Университета Иностранных Языков имени Сотима Улугзода (г. Душанбе, Таджикистан).

С иностранными студентами встретился ректор ВКУ Мухтар Толеген, лично ознакомивший гостей с образовательной, научно-исследовательской, социальной и воспитательной деятельностью учебного заведения.

Молодые люди прибыли на весенний семестр 2023-2024 учебного года. Студенты пройдут обучение по образовательным программам «Иностранный язык: два иностранных языка» и «Русский язык и литература».

Специалистами ВКУ разработана уникальная программа пребывания, включающая постоянное сопровождение студентами-волонтерами и мероприятие «BuddyFest».

🔗 Подробнее
Forwarded from Sayasat Nurbek
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қайырлы таң, қадірлі әлеумет! Күніміз сәтті әрі қуанышқа толы болғай! Ғылым көкжиегінің күннен-күнге кеңейе түсуі Сіз бен біздің межелі жетістігімізге айналуда.

Ел ішінде «Ғылым – жаңа жұмбақтарды ашу арқылы дүниенің құпиясын ашудың жолы», - деген пәлсапа бар. Жаңа дәуір ғалымдары да бұл құпиялардың сырын ашуда тысқары қалмақ емес.

Осы сынды құпия табиғатты қорғау, аялау ісінде де көрініс беріп келеді. Осындай қамқорлықтың жаңа сипатын анықтауда ЕҰУ ғалымдары өсімдіктердің вирусқа қарсы қабілетін күшейтетін инновациялық шешім тапты.

Еуразия ұлттық университетінің биотехнологтары өсімдіктерді вирустардан қорғау үшін Қазақстанда бірінші рет CRISPR/Cas13 геномдық өңдеу технологиясын қолданды. ЖОО ғалымдарының инновациялық шешімі ауылшаруашылық дақылдардың иммунитетін күшейтуге, аурулар мен күйзеліске төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ЕҰУ биотехнологтары геномды өңдеу технологиясы арқылы өсімдіктердің вирустарға қарсы тұру қабілетін дамытады. Олар CRISPR/Cas13 жүйесін қолданып, оның белсенділігін ақуыз көмегімен арттырады. Университет ғалымдарының инновациялық шешімі тірі ағзаға экзогендік нуклеин қышқылдарын жеткізу мәселесін шешеді.

«CRISPR/Cas – бұл әлемде өсімдіктерге де қолданылатын генді өңдеу технологиясы. Біз Қазақстанда CRISPR/Cas13 жүйесін алғаш рет қолданып отырмыз. Ол ДНҚ-ға емес, томбусвирустар тобы үшін РНҚ тізбегіне бағытталған. Тірі ағзаларды зақымдайтын барлық вирустар негізінен 95% РНҚ геномынан тұрады. Біз ДНҚ бағытталған CRISPR/Cas 9 немесе 12 қолданбаймыз. Себебі вирустар тез дамып, бұл жүйелерге қарсы тұруды үйренді», - деп түсіндірді ЕҰУ постдокторанты Нұргүл Иксат.

Ғалымдар вирустардың басқа тобы бойынша зерттеулер жүргізіп, оларға ұзақ мерзімді төзімділігі бар өсімдіктерді алуды жоспарлап отыр.

Бұл әдісті өсімдік вирусологиясы, биология және өсімдік биотехнологиясы саласында қолдануға болады. Сонымен бірге қызанақ, баклажан тәрізді алқатұқымдас өсімдіктер үшін де пайдалануға мүмкіндік бар.

🔽 🔽 🔽
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Sayasat Nurbek
Ғалымның сөзінше, әр ағзаның қорғаныс механизмі бар және бөгде нуклеин қышқылдары түссе, жасушалық иммунитет олардың таралуын тежеуге тырысады. Бұл мәселе P19 ақуызы арқылы шешіледі. Оның арқасында CRISPR жүйесінің тиімділігі артып, вирусқа төзімді тұқым да алуға жол ашылады.

Ғалымдар бұл бағыттағы ғылыми жобалармен 2021 жылдан бері айналысып келеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Рүстем Омаров атындағы Биотехнология зертханасының базасында жүргізілуде.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ЕҰУ-ДА ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ БАР ҚОСЫМША ЖАСАЛДЫ

⚜️ Еуразия ұлттық университетінің IT мамандары қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тегін цифрлық өнімдер жасауда. «Қызықты ономастика» жаңа мобильді қосымшасы адам есімінің, географиялық нысандардың, жануарлар мен құстардың мағынасы мен шығу тегін білуге мүмкіндік береді.

ЕҰУ IT мамандары қазақ тілінде «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын әзірледі. Жаңа цифрлық өнім 800-ден астам жеке атауларды біріктіреді. Олар 100-ден астам семантикалық белгілер бойынша топтастырылған және бұл бағдарламаның басты артықшылығына айналды. Мобильді қосымшаны пайдаланушыларға сәбиіне есім таңдауға немесе өз есімінің мағынасын білу мүмкіндігі де ұсынылған.

🔗 Толығырақ
🇰🇿 В ЕНУ СОЗДАНО ПРИЛОЖЕНИЕ С СЕМАНТИКОЙ КАЗАХСКИХ ИМЕН

⚜️ ІТ-специалисты Евразийского национального университета расширяют сферу применения казахского языка и создают бесплатные цифровые продукты. Новое мобильное приложение «Қызықты ономастика» позволяет узнать значение и происхождение имени человека, географических объектов, животных и птиц.

ІТ-специалисты ЕНУ разработали мобильное приложение «Қызықты ономастика» на казахском языке. Новый цифровой продукт объединяет свыше 800 имен собственных. Они сгруппированы по более 100 семантическим признакам, что является основным преимуществом программы. Пользователям мобильного приложения предоставлена возможность выбрать имя своему ребенку или узнать значение своего имени.

🔗 Подробнее
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 300-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГТІ ҚАМТЫҒАН ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

⚜️ Марғұлан университетінде «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын күшейту» жобасы бойынша оқытудың екінші кезеңі өз жұмысын бастады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Дүниежүзілік банктің қолдауымен педагогикалық жоғары оқу орындарының базасында «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын күшейту» жобасын іске асыруда.

Бұл жоба ЖОО-ның жаратылыстану-математикалық бағытындағы 100 оқытушысын CLIL әдістемесіне, 65 педагогы мен мектеп психологтарын ABA ADOS -2 әдістемесіне оқытуды көздейді. Жоба бойынша жалпы 49 педагогикалық оқу орындарда 1800 педагогикалық-оқытушылық құрам оқытылатын болады.

Осы жылы аталған бағдарламаларды масштабтау кезеңі басталады сонымен қатар 2024 жылдың 5-12 қаңтары аралығында оқытудың бірінші кезеңі өткізілген болатын. Бірінші кезеңде барлығы 50 жаттықтырушы оқытылды.

🔗 Толығырақ
🇰🇿 В МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТЕ СТАРТОВАЛ УЧЕБНЫЙ КУРС С ОХВАТОМ БОЛЕЕ 300 ПЕДАГОГОВ

⚜️ В Марғұлан Университете начался второй этап обучения по проекту «Внедрение модели педагогического образования и усиление ее содержания».

Министерством науки и высшего образования РК при поддержке Всемирного банка на базе педагогических вузов реализуется проект «Внедрение модели педагогического образования и усиление ее содержания», целью которого является «трансформация педагогов».

Данный проект предполагает обучение 100 ППС вузов естественно-математического направления методике CLIL, 65 педагогов вузов и школьных психологов методике ABA ADOS -2 для работы с детьми ООП, более 200 человек будут подготовлены в качестве лидеров изменений в системе образования.

В этом году начинается этап масштабирования этих программ. Для этого были обучены 50 казахстанских тренеров.

🔗 Подробнее
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-НЫ ТАПСЫРДЫ

⚜️ Қаңтар айындағы ҰБТ басталғаннан бері 15 мыңға жуық адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 67% – ы қазақ тілінде, 32,9% - ы орыс тілінде, 13 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 67% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 59 балды құрады. Ең жоғары балл – 133.

«Қаңтар айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 10 ақпанға дейін өтеді. Естеріңізге сала кетсем, тестілеуге қатысуға 136 мың өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 19%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 22 адам тапсырған», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

🔗 Толығырақ
🇰🇿 ПРОМЕЖУТОЧНЫЕ ИТОГИ: ОКОЛО 15 ТЫСЯЧ АБИТУРИЕНТОВ СДАЛИ ЯНВАРСКОЕ ЕНТ

⚜️ Около 15 тысяч человек сдали тестирование с момента старта январского ЕНТ. Из них 67% абитуриентов сдали на казахском языке, 32,9% – на русском, 13 человек – на английском языке.

Пороговый балл с начала проведения ЕНТ набрали около 67% абитуриентов. Что касается среднего балла, то он составил 59 баллов. Максимальный балл – 133.

«Завершилась первая неделя проведения январского ЕНТ, которое продлится до 10 февраля. Напомню, всего на участие в тестировании принято 136 тысяч заявлений. На данный момент наибольшее количество тестируемых, то есть 19% сдали комбинацию предметов «Математика-Физика». 14% сдающих выбрали комбинацию «Биология-Химия». Наименьшее предпочтение отдается комбинации «Химия-Физика», ее сдали 22 человека», - отметил директор Национального центра тестирования МНВО РК Руслан Емелбаев.

🔗 Подробнее