НҰРЛЫ ДАҒУАТ | DAGUAT KZ
6.8K subscribers
827 photos
1.88K videos
7 files
677 links
加入频道
🧕 Хиджабтағы қызды зорламақ болған орган қызметкері бас бостандығынан айырылды

_Алматы облысында бойжеткенді зорламақ болған орган қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарланды Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметінен._

Айыпталушы Н. Қазақстан ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Зорлау) бойынша айыпталды.

Сот мәліметіне сәйкес, Н. 2020 жылдың 12 қыркүйегінде кешкі уақытта үйіңе жеткізіп саламын деген сылтаумен жәбірленушіні көлігіне отырғызған. Ауылдың шетіне тоқтағаннан кейін қызды зорламақ болып қол жұмсаған, өлтіремін деп қорқытқан.

Жәбірленуші прокурор сұраған жаза мерзімімен келісті. Ал екінші тарап Н.-ді ақтауды сұрады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова 2020 жылдың қыркүйек айында такси ретінде көлігімен тоқтап, кейіннен бойжеткенді алысқа апарып, көлігінде зорламақшы болған азаматтан қашып кетуіне көмектескен үш куәгерге (жігіттер – авт.) іздеу жариялаған болатын.


ISLAMPRESS.kz

https://youtu.be/-1u4SQJksTo
Жұма күні мұсылманның жасар ең жақсы амалы — садақа беру болып табылады. Мұсылманды сипаттайтын ең жақсы қасиеттер — аяушылық пен мейірімділік, осы қасиеттері арқылы ол Аллаға деген разылығы мен шүкірлігін таныта алады. Жомарттық туралы былай айтылған:

«Сараң – Алладан да, Жұмақтан да, адамдардан да алыс, бірақ Тозақ отына жақын. Жомарт – Аллаға да, Жұмаққа да, адамдарға да жақын, бірақ Тозақ отынан алыс» (Тирмизи).

«Жомарттық – тамыры Жұмақта, ал бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстанғандарды ағаштың тамыры Жұмаққа алып барады. Сараңдық – тамыры Тозақта, бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстанғандарды ағаштың тамыры Тозаққа алып барады» (Байхаки).

Садақа беретін адам неге қол жеткізеді?

«Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» (3:92).

«Уа, Алла, садақа берушінің мүлігін тезірек арттыра гөр, ал сараңның мүлігінің бүлінуін тездете гөр» (Байхаки).

Реквизиттер:

🔴 Kaspi 8-771-579-69-46 Дарико Б
💳 5169 4971 4338 0420
🟡 Qiwi және Билайн бірлік ретінде 8-771-579-69-46

Толығырақ:
https://youtube.com/shorts/9M5pj_3H0G4?feature=share
Отау тігіп, шаңырақ көтерген жастарды ақ некелерімен құттықтау – сүннет амал. Сахаба Әнас (р.а.) риуаятында: «Пайғамбарымыз (‎ﷺ) Абдурахман бин Ауфтың (р.а.) үстінен сарғылт бір белгі байқап: «Бұл не?» – деп сұрайды. Ол: «Ноқат салмағындай алтын мәһр беріп, әйелге үйлендім», – деді. Пайғамбар (‎ﷺ): «Алла Тағала саған (әйеліңді) берекелі етсін (Барака Аллаһу ләкә), бір қой сойып болсын той жаса»[Бухари], – деді.

Құттықтауда қолданылатын тағы бір тілек төмендегі хадисте айтылған. Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбар (‎ﷺ) үйленгендерді құттықтағанда «Барака Аллаһу ләкә, уә барака алейкә, уә жамаға бәйнәкумә фи хойр! (мағынасы: Алла саған берекелі етсін және береке жаудырсын, екеуіңнің араларыңды жақсылықпен қоссын», – деп тілек айтушы еді»[Тирмизи], – деп баяндайды.

#daguat_kz #daguatkz
ӨЗБЕКСТАН ЖҰРТЫНА КӨҢІЛ АЙТАМЫН

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Усмонхон Темирхон уғли Алимов Хазіреттің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар біздің де жанымызға қатты батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылман жамағаты атынан Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымына, барша өзбек халқына көңіл айтамын.
Алла Тағала Усмонхон Хазіретті панасына алып, рақымына бөлегей. Иманы саламат болғай. Асыл дініміз Исламның дамуына қосқан ізгі істеріне мол сауаптан жазып, жәннаттың жоғары дәрежесін нәсіп еткей.

Усмонхан Хазірет қазақ-өзбек арасындағы рухани байланыстың бекуіне сүбелі үлес қосты. Қазақстан және Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының әріптестік қарым-қатынасының нығаюына ерекше еңбек сіңірді. Біздің игі бастамаларымызға қолдау көрсетіп, жақсы істердің жанашыры болды. Марқұмның сауапты істері Жаратушы Жаббар Иеміздің жарылқауына себепші болсын деп тілейміз. Алла Тағала марқұмның отбасына, туған-туыстарына көркем сабыр нәсіп еткей. Әмин!
Forwarded from MIGRAJ TV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
﴿وَكُلُوا مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ حَلالا طَيِّبًا﴾

«Алланың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» («Мәида» сүресі, 5/88).
Көз тию мен дуадан қорғану үшін:

1. Көз тию, дуа, басқа да аурулардан сақтану үшін (немесе көз тиген адамды емдеу үшін) «Фатиха», «Аятүл-Күрси», «Кәфирун», «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқыған дұрыс.
2. «Бисмилләһилләзи лә ядурру мә асмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәмаи уә һуәссәмииул алим» дұғасын таңертең және кешке оқу.
3. «Әғузу би кәлимәтилләһиттәаммәти мин шәрри күлли шәйтанин уә хаммәтин уә мин шәрри күлли айнин ләаммәтин».
Ер адамның отбасын «ұмытып кетуі» дұрыс па?

Бірде Сәлман (р.а.) жолдасы Әбу Дардаға (р.а.) қонаққа келеді, бірақ ол үйінде болмайды. Оны қарсы алған әйелінің сынық жүзін көріп жағдайын сұрайды. Сонда әйел көз жасына ерік беріп: «Жағдайым қалай болсын? Әбу Дарда (р.а.) мына өмірден мүлде қол үзді. Түндерін құлшылықпен, ал күнін оразамен өткізеді, Аллаға шүкір. Бірақ бізді, отбасын тіптен ұмытты» – дейді. Сәлман (р.а.) мұны естіп жабығып қалады. Сөйлеспек болып досын күтіп отырады. Ол келгенде: «Бауырым, саған Жаратушың, содан соң өзің, отбасың, қонағың, көршің құқылы, яғни олардың әрқайсысының алдында атқарар міндетің бар. Алла үшін намаз оқы, ораза тұт, Оның құлы бол, бірақ отбасыңды ұмытпа, еңбектен, тамақтан, тынық, өмірлік серігіңді де назардан тыс қалдырма» – деп кеңес береді.
Әйел адамның ерінің алдында міндеттері болғаны секілді, ер адамның да әйелінің алдында, отбасының алдында өз міндеттері (оларды ас-сумен қамтамасыз ету, киім-кешек, керек-жарағын түгендеу, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлу, әйелінің барлық жағдайынан хабардар болуы) бар. «Мен жұмыстамын», «қолым тимейді» деп отбасын «ұмытып кетуі» дұрыс болмайды.
1- Қайтыс болған кезімде ештеңені уайымдамаймын......
Балаларым болмаса жақындарым (мұсылман) мен үшін бәрін істейді:
1- Шешіндіреді;
2- Жуындырады;
3- Кебіндейді;
4- Үйімнен шығарады;
5- Жаңа үйіме (қабірге) алып барады;
6- Жаназамды шығаруға көп адам келеді(келе алса) Тіпті, көбісі жұмыстарын тастап, уақыттарын бөліп келуі мүмкін. Мені жерлеу үшін.......

7- Пайдаланған заттарымды тастайды:
- Кілттерім;
- Кітаптарым;
- Сөмкем;
- Аяқ-киімдерім;
- Киімдерім және т.с.с.
Егер отбасымның жағдайы жақсы болса, менің атымнан садақа береді.

Ал, енді қараңыз:
- Дүние мен үшін қайғырмайды;
- Мен өлді екен деп әлем тоқтап қалмайды;
- Экономика жалғасады;
- Менің жұмысымды істейтін басқа адам пайда болады;
- Көп болсын, аз болсын тапқан дүнием мұра болып қалады.

Мен өлген кезде, ең алдымен атымнан айырыламын!
Сондықтан, мен өлген кезде ең алдымен "мәйіт" қайда деп сұрайды.
Ешкім менің атымды атамайды.
Маған жаназа намазын оқитын кезде: "Мәйітті алып келіңдер!", - дейді.
Ешкім пәленшені алып келіңдер деп, атымды атамайды.

Сондықтан, мені руым, мансабым, атағым қызықтырмайды.
Бұл не деген түкке тұрмайтын дүние. Біз оны жақсы көретініміз нендей өкінішті!

Әй, қазір тірі жүрген жандар! Біліңдер, қайғы үш түрлі болады:
1- Сені сыртыңнан білетін адамдар "Ой, байғұс-ай" дейді де, қоя салады;
2- Достарың, бірнеше сағат немесе күндер бойы қайғырады. Содан кейін бұрыңғы өмірлеріне қайтып, қайта күліп жүре береді;
3- Үйдегі терең қайғы ше? Жақындарың бір апта, екі апта немесе бір ай, тіпті бір жыл қайғырады. Одан кейін сені естеліктер архивына жібереді.

Міне, адамдар арасындағы өмірің бітті! Енді, шынайы өмірің басталды. Ол - ақырет!

Сеннен мына нәрселер кетеді:
1- Әдемілік;
2- Мал-мүлік;
3- Денсаулық;
4- Бала-шаға;
5- Үй, сарайдарыңнан айырыласың;
6- Жұбайың;
Сенімен бірге амалыңнан басқа ештеңе қалмады!
Шынайы өмір енді басталды!

Бір сұрақ:
Қазірден бастап қабірің үшін, ақыретің үшін не дайындадың?
Бұл терең ойлануды қажет ететін ақиқат!

Сондықтан, мына нәрселерге берік бол:
1- Парыздарға;
2- Нәпіл амалдарға;
3- Жасырын садақа беруге;
4- Ізгі амал жасауға;
5- Түнгі намаздарға.
Сонда ғана құтыларсың ...

Сен тірі болып, осы мақаланы адамдар арасында таратуға көмектессең, Алла қаласа, оның сауабын қиямет күнінің таразысынан табасың.
"Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді" (Зарият сүресі, 55-аят).

Алла Тағала Құранда айтқаны секілді: "Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам". Неге қайтыс болған адам егер осы дүниеге қайтарылса, садақаны таңдар еді?!

Ол умра жасап келейін, намаз оқып келейін, ораза ұстап келейін деген жоқ.

Ғалымдар айтады: Өйткені, адам қайтыс болғаннан садақаның әсерін ең көп көреді.

Садақа беруді көбейтіңдер............
Мұғжиза - пайғамбарлардың пайғамбар екендігін дәлелдеу үшін Алланың жәрдемімен көрсеткен таңғажайып істері. Дәлірек айтсақ, пайғамбарлықтың айқын құжаты. Мұғжиза жасау пайғамбарларға тән болғандықтан ол Алланың қалауымен әрі құдіретімен іске асады. Барлық пайғамбарлар Алланың Елшісі екендіктерін дәлелдеу үшін мұғжиза көрсетіп, иман келтірмеген жандарға өздерін мойындатып отырған. Айдың екіге бөліну оқиғасы осыған дәлел. Оқиға пайғамбарлықтың сегізінші жылы, Мекке қаласында орын алды. Бірде Әбу Жәһил, Уәлид ибн Мұғира бастаған бір топ мүшріктер Пайғамбарымызға ‎ﷺ келіп: «Егер сен шынымен Алла Тағаланың тарапынан міндет жүктелген пайғамбар болсаң, бізге аспандағы айды екіге бөліп көрсет. Айдың жартысы Әбу Құбайыс тауының, екінші бөлігі Құайқан жотасының үстінен көрінсін», – деп талап қойды. Пайғамбарымыз ‎ﷺ қыңыр жүректі мүшріктерге: – Егер осы тілектеріңді орындасам, иман келтіресіңдер ме? – деп сұрады. Олар болса: – Әрине, – деп жауап берді. Бұл уақыт айдың толықсып, дөңгеленген сәті болатын. Расулуллаһ айдың екіге бөлінуі үшін Жаратушыға дұға етіп, айға қарай қолын созды. Сосын сұқ саусағымен ортасын бөлгендей белгі көрсетті. Пайғамбардың әрекетінен кейін ай дәл ортасынан екіге бөлініп, мүшріктердің сұрағанындай бір бөлігі Әбу Қубайыстың, екінші жартысы Қуайқанның төбесінен көрінді. Сосын ардақты Пайғамбарымыз ‎ﷺ айналасындағыларға: – Куә болыңыздар! Куә болыңыздар! Төбелеріңізге қараңыздар! – деп дауыстады. Қасындағы басқа сахабаларға да: «Куә болыңдар!» - деді. Сосын ай қайтадан бірікті. Мүшріктер өз көздерімен тағы бір айқын мұғжизаны көрді. Бірақ, сөздерінде тұрмай иман етпегендерімен қоймай, сонымен қатар басқалардың иман келтіруіне кедергі болу үшін: «Бұл тек Мұхаммедтің бір сиқыры ғана... Бірақ, барлық адамды бірдей сиқырлай алу мүмкін емес қой... Басқа аймақтардан келген адамдардан да сұрап көрейік. Олар да осы жағдайға куә ме? Егер олар да көрген болса, Мұхаммедтің пайғамбармын деген сөзі рас. Егер олай болмаса бұл бір сиқыр ғана...», - деді. Келген адамдардан, тіпті басқа аймақтарға да кісі жіберіп сұрастырды. Сұрастырғанның барлығынан: «Иә, сол түні айдың екіге бөлінгенін көрдік» деген бірдей жауап алды. Мүшріктер тағы да баяғы қыңырлықтарына басты. Әбу Жәһил бастаған мүшріктер Пайғамбарымыздың ‎ﷺ ап-айқын мұғжизасына сиқыр деп қарсы шығып: «Әбу Тәліптің жетімегінің сиқыры аспанға да әсер етті...», - деп тот басқан жүректерін еш жібіте алмады. Алла Тағала аталған мұғжизаның ақиқатын Құранда былай баяндайды: «Қиямет жақындады, ай жарылды. Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: “Жалғасты түрдегі бір сиқыр” дейді. Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар. Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды». («Қамар» сүресі, 1-4 аяттар)
Бұлар неге террорист емес?!

1) Әлемдегі жезөкшелік бойынша ең жоғары көрсеткіш:

1. Таиланд (буддист)
2 Дания (христиан)
3 Италия (христиан)
4. Германия (христиан)
5. Франция (христиан)
6- Норвегия (христиан)
7- Бельгия (христиан)
8. Испания (христиан)
9. Англия (христиан)
10. Финляндия (христиан)

2) Әлемдегі ұрлықтың ең жоғары көрсеткіші:

1- Дания жана Финляндия (христиан)
2- Зимбабве (христиан)
3 Австралия (христиан)
4- Канада (христиан)
5. Жаңа Зеландия (христиан)
6- Индия (индуизм)
7 - Англия жана Уэльс (христиан)
8 - Америка құрама Штаттары (христиан)
9 Швеция (христиан)
10 - Түштүк Африка (христиан)

3) Әлемдегі алкогольге тәуелділіктің ең жоғары көрсеткіші:
1) Молдова (христиан)
2) Беларусь (христиан)
3) Литва (христиан)
4) Россия (христиан)
5) чех (христиан)
6) Украина (христиан)
7) Андорра (христиан)
8. Румыния (христиан)
9) Сербия (христиан)
10) Австралия (христиан)

4)Әлемдегі адам өлтірудің ең жоғары көрсеткіші:
1 - Гондурас (христиан)
2. Венесуэла (христиан)
3 - Белиз (христиан)
4 - Сальвадор (христиан)
5 - Гватемала (христиан)
6- Түштүк Африка (христиан)
7. Сент -Китс жана Невис (христиан)
8. Багама (христиан)
9- Лесото (христиан)
10. Ямайка (христиан)

5)Әлемдегі ең қауіпті топтар:
1. Якуза (діни емес)
2 - Агберус (христиан)
3 - Вах Сингх (христиан)
4 - ямайкалық бастық (христиан)
5 - праймер (христиан)
6. Ариан бауырлары (христиан)

6) Әлемдегі есірткі айналымының ең жоғары көрсеткіші:
1 - Пабло Эскобар - Колумбия (христиан)
2 - Амадо Каррилло - Колумбия (христиан)
3 - Карлос Лидер Германия (Христиан)
4 - Бланко - Колумбия (христиан) Гриссельде
5 - Хоакин Гусман - Мексика (христиан)
6 - Рафаэль Каро - Мексика (христиан)

Олар енді ислам әлемдегі зорлық -зомбылық пен лаңкестіктің себебі екенін айтуға ұялмайды және біздің оларға сенгенімізді қалайды.

Бірінші дүниежүзілік соғысты кім бастады?
Олар мұсылман емес.
Екінші дүниежүзілік соғысты кім бастады?
Олар мұсылман емес.
Австралияда 20 миллионға жуық жергілікті тұрғынды кім өлтірді?
Олар мұсылман емес.
Жапонияның Нагасаки мен Хиросима қалаларына атом бомбасын кім тастады?
Олар мұсылман емес.
Оңтүстік Америкада 100 миллионнан астам жергілікті американдықтарды кім өлтірді?
Олар мұсылман емес.
Солтүстік Америкада 50 миллионға жуық қызыл үндістерді кім өлтірді?
Олар мұсылман емес.
Кім Африкадағы 180 миллионнан астам африкалықтарды ұрлап, құл етті, олардың 88% -ы өліп, мұхитқа тасталды?
Олар мұсылман емес.

Біріншіден, біз терроризмнің не екенін білуіміз керек.

Егер мұсылман емес адам қылмыс жасаса-бұл қылмыс, ал мұсылман сол қылмысты жасаса-бұл террористік әрекет.

Бұл - арсыздық, бұл - ең үлкен немқұрайлылық.