АСТАНА СОТТАРЫ
1.37K subscribers
3.05K photos
231 videos
5 files
1.54K links
加入频道
АСТАНА СОТТАРЫ
Video
🔷Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаменті жас мамандарды командасына шақырады!

◾️ Бас маман С-О-5
◾️ Бас маман-сот отырысының хатшысы С-О-5
◾️ Бас маман С-R-4
◾️ Бас маман-сот отырысының хатшысы С-R-4
◾️ Жетекші маман C-R-5
◾️ Аға сот приставы С-R-4
◾️ Сот приставы С-R-5

Өз арманыңды бүгін баста!

Толығырақ:
Байланыс нөмірі: +7 778 254 2746
Ішкі нөмір: 717-0201
Электрондық мекенжай: [email protected]
Сайт: astana.sud.kz

----------------------------
🔷Департамент судебной администрации по городу Астане приглашает молодых специалистов в свою команду!

◾️ Главный специалист С-О-5
◾️ Главный специалист-секретарь судебного заседания С-О-5
◾️ Главный специалист С-R-4
◾️ Главный специалист-секретарь судебного заседания С-R-4
◾️ Ведущий специалист С-R-5
◾️ Старший судебный пристав С-R-4
◾️ Судебный пристав С-R-5

Начни свой путь уже сегодня!

Подробности:
Контактный номер: +7 778 254 2746
Внутренний номер: 717-0201
Электронная почта: [email protected]
Сайт: astana.sud.kz
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен жер қойнауын пайдаланушының Атырау облысы бойынша экология департаментіне қарсы талабына қатысты дау қаралды

▪️Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының Атырау облысының экология департаментіне берген әкімшілік ісі бойынша, яғни берілген нұсқаманы заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап арызын қарап шықты.

▪️Іс материалдарына сәйкес, уәкілетті орган нұсқама шығарған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген рәсімдік талаптарды бұзғаны анықталды. Бұл жайт даулы нұсқаманы жоюға негіз болды.

▪️Алайда бұл рәсімдік бұзушылықтар жойылуы мүмкін болғандықтан, сот Атырау облысының экология департаментіне экологиялық бұзушылықтардың мәніне баға берместен, құқықтық ұстанымды ескере отырып, әкімшілік рәсімді аяқтау міндетін жүктеді.

▪️Сонымен қатар, нұсқаманың рәсімдік бұзушылықтарға байланысты жойылуы экологиялық заңнаманың мазмұны бойынша бұзушылықтардың болмағанын автоматты түрде білдірмейді.

▪️Сот бұл іс бойынша қарау барысында экология департаментінің анықтаған бұзушылықтары бойынша қорытындыларының негізділігіне немесе негізсіздігіне баға берген жоқ.

▪️Осылайша, сот шешімі экология департаменті анықтаған бұзушылықтардың мәнін қозғамайды және уәкілетті орган тарапынан рәсімдік кемшіліктер жойылған жағдайда қайта әрекет ету мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

https://yangx.top/astanasottary


———————————————

Коллегией по административным делам столичного суда рассмотрен спор по иску недропользователя к Департаменту экологии Атырауской области

▪️Судебной коллегией по административным делам суда города Астаны рассмотрено административное дело по иску Компании «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» к Департаменту экологии Атырауской области о признании незаконным и отмене предписания.

▪️Установлено, что уполномоченным органом при вынесении предписания допущены предусмотренные Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан процедурные нарушения, что явилось основанием для отмены оспариваемого предписания.
Поскольку процедурные нарушения являются устранимыми, суд возложил на Департамент экологии Атырауской области обязанность завершить административную процедуру с учетом правовой позиции, не входя в обсуждение существа экологических нарушений.

▪️Однако отмена предписания из-за несоблюдения процедуры его вынесения не означает автоматического признания отсутствия нарушений экологического законодательства по существу.

▪️Судом при рассмотрении дела не давалась оценка обоснованности или необоснованности выводов Департамента экологии по существу выявленных нарушений.

▪️Таким образом, судебное решение не затрагивает суть установленных Департаментом экологии нарушений и не исключает возможности повторного реагирования уполномоченного органа в случае устранения процедурных недостатков

Пресс-служба суда г.Астаны

https://yangx.top/astanasottary
👍9👏2
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
М. — гир күресі спортының ардагері, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы, 2016 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен.

М. 2016-2017 жылдардағы жарыстарда алған жүлделі орындары үшін ақшалай сыйақы төлеу туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне (Министрлікке) жүгінді.

Алайда, Министрлік талап қою мерзімінің аяқталғаны себепті төлем жасаудан бас тартты.

Осы шешімге келіспей, М. Астана қаласының Әкімшілік-қауіпсіздік істері сотына шағым түсірді.

Сот іс қарау барысында талапкердің шынымен де гир күресі спортынан халықаралық жарыстардың жүлдегері екендігі және Қазақстан туы астында өнер көрсеткенін анықтады.

Сот бас тарту негізсіз деп таныды, себебі талап қою мерзімдері әкімшілік және бюджет қатынастарына қолданылмайтыны және төлемдер туралы қолданыстағы ережелер өтініштерді беру мерзіміне шектеу қоймайтынын көрсетті.

Сот сондай-ақ, ұқсас жағдайларда (2021-2024 жылдар аралығында) Министрлік төлемдерді жүзеге асырғанын атап өтті.

Іс қарау қорытындысында сот Министрліктің 2016 және 2017 жылдардағы жүлде төлемдерінен бас тартуын заңсыз деп танып, тиісті төлемдерді жүзеге асыруға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
М. является ветераном гиревого спорта, много кратный призёр и чемпион международных соревнований по гиревому спорту, представлявший

Казахстан в период с 2016 по 2024 годы.
М. обратился в Министерство культуры и спорта Республики Казахстан (Министерство) с заявлением о выплате ему денежного
поощрения за призовые места, занятые в соревнованиях 2016-2017 годов.

Однако Министерством в назначении выплат отказано по причине истечения срока исковой давности.

Не согласившись с данным решением, М. обратился в СМАС города Астаны с иском об оспаривании.

Судом при рассмотрении дела установлено, что истец действительно является призером международных соревнования по гиревому спорту, выступал под флагом Казахстана.

Суд указал, что отказ не обоснован, поскольку положения о сроках исковой давности не применяются к административным и бюджетным правоотношениям, а действующие Правила выплат не содержат ограничений по срокам подачи заявлений.

Суд также отметил, что в аналогичных случаях (за
2021–2024 годы) Министерство выплаты осуществило.
По итогам рассмотрения суд признал отказ Министерства в выплате призовых за 2016 и 2017 годы незаконным и обязал
произвести соответствующие выплаты.

Решение суда вступило в законную силу.

Специализированный межрайонный административный суд г.Астаны
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Астана қаласының соты мемлекеттік орган мен жеке тасымалдаушы компания арасында жасалған жолаушыларды теміржолмен тасымалдауға арналған ұзақмерзімді субсидиялау шартының бұзылуына қатысты істі қарады. Талап қоюдың себебі – тасымалдаушының шартта көзделген вагон паркін жаңарту міндеттемелерін орындамауы болды.

Шарт талаптарына сәйкес, тасымалдаушы жолаушылар тасымалының сапасын арттыру шартымен жыл сайын мемлекеттік қолдау алуға тиіс болған. Қосымша келісіммен нақты жоспар бекітілді: 2023 жылдың соңына дейін кемінде үш жаңа жолаушы вагонын сатып алып, әрбір пойыз құрамына мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға бейімделген кемінде бір вагон енгізілуі тиіс еді.

Алайда субсидия алынғанына қарамастан, вагон паркін жаңарту талабы орындалмады. Жаңа вагондарды сатып алудың орнына, тасымалдаушы бұрын пайдалануда болған және күрделі жөндеуден өткен ескі вагондарды ұсынды, әрі бұл әрекетін шарттағы «жаңарту» ұғымына сәйкес деп таныды.

Мемлекеттік органның пікірінше, келісімнің негізгі мақсаты – тасымалдаушының өз иелігіндегі жаңа вагондарды иеленіп, олар арқылы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын ұзақ уақыт қамтамасыз ету болатын. Ал тасымалдаушы жаңартуды жөндеу немесе жалға алу арқылы да жүзеге асыруға болады деп есептеді.

Бірінші сатыдағы сот тасымалдаушының уәжін қолдап, шарт мәтінінде мұндай тәсілдерді тікелей тыйым салатын ереже жоқ екенін атап өтті.

Алайда апелляциялық саты бұл шешімді жойып, шартты тек мәтін бойынша емес, оның мақсат-міндеттеріне сүйене отырып түсіндіру қажет деген қорытындыға келді. Мемлекеттік қаржы шын мәнінде жолаушылар вагондарын жаңартуға және тасымалдау жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Іс материалдарында жолаушылардың көптеген шағымдары мен тексеру нәтижелері келтірілген, онда ескі вагондарда температуралық режим мен санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталған. Апелляциялық сот тасымалдаушының шартты өрескел бұзғанын мойындап, шартты мемлекеттік орган пайдасына бұзуға шешім қабылдады.

Бұл жағдай шарттағы нақты емес тұжырымдар ұзаққа созылатын даулар мен негізгі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соғатынын көрсетеді. Анық әрі бірмағыналы талаптар әртүрлі түсіндіру мүмкіндігін болдырмауға көмектеседі.

Сот бюджеттік қаражат көзделген мақсаттарға жетпей жұмсалған жағдайда, мемлекеттің шартты бұзу құқығын заңды деп санады. Мұндай ұстаным азаматтардың мүддесін қорғайды, қызмет сапасын бақылауға мүмкіндік береді және орындаушыларды міндеттемелерді толық орындауға, яғни олардың тек сыртқы көрінісін емес, нақты орындалуын қамтамасыз етуге міндеттейді.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

https://yangx.top/astanasottary
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Суд города Астаны рассмотрел дело о расторжении долгосрочного договора субсидирования пассажирских железнодорожных перевозок, заключённого между государственным органом и частной транспортной компанией. Причиной иска стало невыполнение перевозчиком обязательств по обновлению парка вагонов, предусмотренных соглашением.

По условиям договора перевозчик получал ежегодную государственную поддержку при условии повышения качества перевозок. Дополнительным соглашением был установлен конкретный план: до конца 2023 года приобрести не менее трёх новых пассажирских вагонов и оснастить каждый состав хотя бы одним вагоном, приспособленным для перевозки лиц с ограниченными возможностями.

Несмотря на получение субсидий, требование об обновлении парка не было выполнено. Вместо покупки перевозчик представил вагоны, уже находившиеся в эксплуатации, а также отремонтированные старые единицы, заявив, что это соответствует понятию «обновление», как оно указано в договоре.

Государственный орган заявил, что цель соглашения заключалась в появлении у перевозчика собственных новых вагонов, способных долгие годы обеспечивать комфорт и безопасность пассажиров. Перевозчик же настаивал, что обновление возможно и путём ремонта или аренды.

Суд первой инстанции согласился с позицией перевозчика, указав на отсутствие в тексте договора прямого запрета на такие способы исполнения.

Апелляционная инстанция отменила решение, придя к выводу,
что договор необходимо толковать не только по тексту договора, но и исходя из его цели. Государственные средства выделялись в том числе для реального обновления пассажирского парка и улучшения условий перевозок.

В материалах дела содержались многочисленные жалобы пассажиров и результаты проверок, где были зафиксированы нарушения температурного режима и санитарных норм в устаревших вагонах. Апелляция признала, что перевозчик допустил серьёзное нарушение договора, и расторгла его в пользу государственного органа.

Ситуация показывает, что неясные формулировки в договоре могут привести к затяжным спорам и невыполнению главных обязательств. Чёткие и однозначные условия помогают исключить возможность двоякого толкования.

Суд посчитал обоснованным право государства расторгать договоры, когда бюджетные средства расходуются без достижения поставленных целей. Такой подход защищает интересы граждан, позволяет контролировать качество услуг и обязывает исполнителей выполнять обязательства в полном объёме, а не создавать их видимость.

Пресс-служба суда г.Астаны

https://yangx.top/astanasottary
👍2
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
2013 жылғы 25 желтоқсандағы Комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, С-ға магистратура бағдарламасы бойынша Boston University-де (АҚШ) оқуға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.

Кейін С. магистр дәрежесін алу үшін оқудан өтті.
Оқуын аяқтаған соң, Комиссияның хаттамасына сәйкес, еңбек өтеу міндеттемелерін орындау кейінге қалдырылды, себебі С. тағылымдамадан өту кезеңінде болды.

Тағылымдамадан өткеннен кейін, талапкер жеке (жекеменшік) ұйымдарда еңбек етті, қазіргі уақытта ол экономист лауазымында жауапкершілігі шектеулі серіктестікте (ЖШС) онлайн форматта, икемді кестемен қашықтан жұмыс атқаруда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің жауабында С-ның 2023 жылғы 1 мамырда Қазақстан Республикасынан тысқары кеткені және сол уақыттан бері елге оралғаны туралы деректердің жоқтығы расталды.

С-ға Қазақстан Республикасының аумағында еңбек өтеу қажеттілігі туралы бірнеше мәрте хабарламалар (ескертулер) жіберілген.Комиссияның шешімімен С. халықаралық «Болашақ» стипендиясынан айырылып, еңбек өтеу бойынша шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жұмсалған шығындарды өтеу міндеті жүктелді.

Аталған шешіммен келіспеген С. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (МАӘС) халықаралық «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы Республикалық комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап арызбен жүгінді.

2025 жылғы 1 сәуірдегі Астана қаласының МАӘС шешімімен С-ның Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарсы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот талапты қанағаттандырудан бас тарта отырып, талапкердің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында алған міндеттемелерін — Қазақстан Республикасының аумағында еңбек өтеу талабын орындамағанын негізге алды.

Стипендия шарттарына сәйкес, стипендиат оқуын толық аяқтап, диплом алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасына оралуға, Қазақстан Республикасына кіргені туралы белгі қойылған төлқұжат көшірмесін ұсынуға және алған мамандығы бойынша жұмыс берушіде немесе басқа ұйымдарда үздіксіз кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтеуге міндетті.

Шарт пен бағдарлама ережелерінде еңбек қызметін (өтеуді) қашықтан орындау мүмкіндігі көзделмеген.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты

https://yangx.top/astanasottary
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Протоколом заседания Комиссии от 25 декабря 2013 года С. присуждена международная стипендия «Болашак» для обучения по программе магистратуры в Boston University (Соединенные Штаты Америки).

Далее С. проходил обучение для получения степени магистра.
По итогам завершения обучения протоколом Комиссии исполнение обязательств по отработке было отложено в связи с прохождением стажировки.

После завершения стажировки истец отработал в негосударственных (частных) организациях, при этом в настоящее время осуществляет трудовую деятельность в ТОО в должности экономиста, формат работы онлайн, гибкий график работы, трудовая деятельность осуществляется в дистанционном формате.

Ответом Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан подтверждается, что С. выехал за пределы Республики Казахстан 1 мая 2023 года и с указанного периода отсутствуют сведения о его обратном въезде на территорию страны.

В адрес С. направлялись неоднократные уведомления (извещения) о необходимости прохождения трудовой отработки на территории Республики Казахстан. Решением комиссии С. лишен международной стипендии «Болашак» с возложением обязанности по возмещению понесённых расходов в связи с неисполнением договорных обязательств, касающихся прохождения трудовой отработки.

Не соглашаясь с принятым решением, С. обратился в СМАС города Астаны с иском об оспаривании.

Решением СМАС города Астаны от 1 апреля 2025 года отказано в удовлетворении иска С. к Министерству науки и высшего образования Республики Казахстан о признании незаконным и отмене решения республиканской комиссии о лишении международной стипендии «Болашақ».

Отказывая в удовлетворении иска, суд исходил из того, что истец не выполнил принятые на себя обязательства в рамках международной стипендии «Болашак» по обязательной отработке на территории Республики Казахстан.

Так, согласно условиям договора стипендиат обязан в течение 15 календарных дней со дня окончания полного курса обучения и получения степени, возвратиться в Республику Казахстане, предоставить копию паспорта с отметкой о въезде в Республике Казахстан и отработать у Работодателя или в другой организации, непрерывно не менее 5 (пяти) лет по полученной специальности.
Условиями договора и правилами программы не предусмотрено прохождение трудовой деятельности (отработки) в дистанционном режиме.

Решение суда вступило в законную силу.

Специализированный межрайонный административный суд г.Астаны

https://yangx.top/astanasottary
👍1
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін К.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).

Сот анықтағандай, К. 2025 жылғы 9 тамызда Астана қаласындағы клубтың жанынан өтіп бара жатып, жәбірленуші Ф.-ға қатысты қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, айналадағы адамдарға деген айқын құрметсіздік танытатын орынды емес әрекет жасады.

Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді және мүгедектігі жоқ екенін хабарлады. Сонымен қатар, алты баланың әкесі болғандықтан, жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

Сот отырысында жәбірленуші Ф. хаттамада көрсетілген мән-жайды растады.

Осыған байланысты оның әрекеттері ӘҚБтК-тың 434-бабының 1-бөлігі бойынша дұрыс сараланған.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті көздейді.

Әкімшілік жаза қолдану кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескереді: құқық бұзушының өкінуі, бірдей бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны.
Сондай-ақ, жауапкершілікті ауырлататын жағдайларды да ескереді, яғни әкімшілік құқық бұзушылықты әйелге қатысты жасағаны. Сонымен қатар, сот оның алты баланың әкесі екенін де назарға алды.

Жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, құқық бұзушыны ҚР заңнамасының талаптарын сақтау рухында тәрбиелеу, құқық тәртібіне құрметпен қарау және құқық бұзушылықтардың қайталануын алдын алу мақсаттарын ескере отырып, сот әкімшілік жаза ретінде 5 (бес) күндік қамауды тағайындауды негізді деп тапты.

ӘҚБтК-тың 50-бабының 2-бөлігінде көрсетілген және бұл әкімшілік жаза түрін қолдануға кедергі болатын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

https://yangx.top/astanasottary
👍1
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Специализированным межрайонным судом по административным правонарушениям города Астаны рассмотрено дело в отношении К. за нарушение общественного порядка (ст.434 ч.1 КоАП).

Судом установлено, что К., 9 августа 2025 года, проходя мимо клуба в г. Астана, совершил неподобающее действие в отношении потерпевшей Ф., выразив тем самым явное неуважение к окружающим и нарушив общественный порядок и спокойствие граждан.

В судебном заседании К., полностью признал свою вину, выразил сожаление о содеянном и сообщил об отсутствии инвалидности. При этом, учитывая наличие у него шестерых детей, просил о назначении более мягкого наказания.

В судебном заседании потерпевшая Ф., подтвердила обстоятельства, указанные в протоколе.

В связи с этим его действия были правильно квалифицированы по части 1 статьи 434 КоАП.

Санкция ч.1 ст.434 КоАП предусматривает ответственность в виде административного штрафа в размере 20 мрп либо административный арест на срок от 5 до 15 суток.

При наложении административного взыскания, суд принимает во внимание наличие обстоятельств, смягчающих ответственность, такие как раскаяние виновного, отсутствие фактов привлечения к административной ответственности за совершение однородных правонарушений, а также наличие обстоятельств, отягчающих ответственность, то есть совершение административного правонарушения в отношении женщины. Также суд учел наличие у него шестерых детей.

С учетом вышеуказанных обстоятельств, а также в целях восстановления социальной справедливости, воспитания лица, в духе соблюдения требований законодательства РК, уважения к правопорядку, а также предупреждения совершения новых правонарушений, как самим правонарушителем, так и другими лицами, суд находит обоснованным назначить административное взыскание в виде ареста 5 (пяти) суток.

Обстоятельства, указанные в частью 2 статьи 50 КоАП и не позволяющие применить данный вид административного взыскания, судом не установлены.

Постановление не вступило в законную силу

Специализированным межрайонным судом по административным правонарушениям г.Астаны

https://yangx.top/astanasottary
👍1