Abai tv
431 subscribers
1.83K photos
4.53K videos
3 files
1.8K links
«Abai tv» телеарнасы
加入频道
📌 Ақыл-ойдың айнасы – «Abai TV» әр шаңырақта қосулы болсын!

📺 Бүгін эфирден көретіндеріңіз:

10:00 Әндіground
10:30 Pro Art
11:00 Ашық академия
12:00 Жәдігер
12:35 Ән-ғұмыр
13:05 «Шәмші әлемі» концерті
14:45 Тұлға
15:20 Құдіретті қылқалам
16:25 Музыка Великой степи
17:00 Арт эксперимент
17:30 Ауылдастар
18:00 МӘДЕНИЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
18:30 КИЕЛІ САХНА
19:00 ТЕХНОКРАТТАР ТАЛҚЫСЫ
20:30 Ұмытпаймыз
21:00 Дәуір даналары
23:35 Мұра
📌 Ақыл-ойдың айнасы – «Abai TV» әр шаңырақта қосулы болсын!

📺 Бүгін эфирден көретіндеріңіз:

7:05 «Uly dala sazy»
8:10 «Түркі әлемі»
8:40 «Беймәлім дерек»
9:55 «Бір туынды»
10:20 «Магия звука»
10:40 «Шебер»
11:05 «Имена»
11:40 «В ритме танца»
12:00 «Арт профессии»
12:25 «Тұлға»
13:05 «Дариға, домбырамды берші маған» концерті
14:35 «Ұмытпаймыз»
15:10 «Оралман». Көркем фильм
17:00 «Үркер»
18:00 «Вечные ценности»
19:00 «Ашық академия»
20:00 «Өнерім мені шақырады» концерті
21:30 «Технократтар талқысы»
22:30 «Томирис». Көркем фильм
📌 Ақыл-ойдың айнасы – «Abai TV» әр шаңырақта қосулы болсын!

📺 Бүгін эфирден көретіндеріңіз:

7:05 Күміс көмей
8:10 Абайдың жолы
10:00 Parasat maidany
10:30 Киелі сахна
11:00 Вечные ценности
11:55 «Сырнаймен егіз сырлы әнім» концерті
13:05 Сана»
14:10 Имена
14:30 Үркер
15:30 «Томирис». Көркем фильм
18:00 Сарасөз
19:00 Мұра
19:30 Құдіретті қылқалам
20:00 Сана
21:00 В ритме танца
21:30 Бірегей
0:00 Шебер
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎶 Дидар Исахан – «Өзіңе ғана»

Дидар Исаханмен жүргізілген сұқбаттың толық нұсқасы «Abai TV» YouTube арнасында.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Ерғали Дәулетбек: Біріңғай бір парольді енгізуге болмайды

«Технократтар талқысы» бағдарламасының кезекті шығарылымында «Киберқауіпсіздік» тақырыбы талданды.

Хабар барысында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Инновация орталығының директоры Ерғали Дәулетбек пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Хабардың толық нұсқасы «Abai TV» YouTube арнасында.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Алматы қуыршақ театры Канадада гран-при жеңіп алды

Канада мемлекетінің астанасы Оттава қаласында тұңғыш рет І-ші Халықаралық «Оттава» қуыршақ театрлар фестивалі өткізілді.

Фестивальде Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры «Ромео мен Джульетта» қойылымы үшін гран-при жүлдесіне ие болды.

«Ромео мен Джульетта» спектаклі 2019 жылы белгілі режиссер Дина Жұмабаеваның жетекшілігімен жарыққа шыққан. Спектакль ағылшын драматургы Уильям Шекспирдің әйгілі трагедиясы желісімен сахналанған.

Мәдениет жаңалықтарының толық нұсқасы «Abai TV» YouTube арнасында.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау жалғасады деп хабарлайды.

📝Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында үшінші рет өткізіледі.

📌Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

💰Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн. теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

🗓️Өтінім 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

☎️Толық ақпаратты www.aiboz.kz сайтынан және +7 747 839 8910 нөмірінен біле аласыздар.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Шерхан Мұртаза көп томдық роман әкелген жазушы

Шерхан Мұртаза – халқымыздың біртуар азаматы, заңғар жазушы. Бала күнімізден бастап оның «Қызыл жебе» романын және басқа да шығармаларын оқыдық.

Әсіресе, «Бір кем дүние» туындысы әлі күнге дейін өзекті. Халқымызға, әсіресе, жастарға рухани азық болған дүние деп айтуға болады.

Шерхан Мұртаза қызметін баспаның редакторлығынан бастап ұзақ жылдар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы, Парламент депутаты болып, қаламгерлік пен қайраткерлікті де қатар алып жүрді.

«Бірегей» бағдарламасының толық нұсқасы ABAITV.KZ сайты мұрағатында және YouTube арнамызда сақталған.

🎞 Шерхан Мұртазаның дауысы бейнеқордан алынды.
💫 Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер бүгіннен бастап сатылымда

Қазақстанның халық әртісі 13 қыркүйекте елордадағы «Астана Арена» стадионында Stranger атты жеке концертін өткізеді.

«Құрметті достар, ел-аман, жұрт тынышта өздеріңізбен тезірек қауышуды жазсын. Баршаңызды жақсы көремін, бәріңізді сағындым!», - деді әнші желідегі парақшасында.

Билеттер бүгін, 22 шілдеден бастап сатылымға шығады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 «Соңғы муза» бағдарламасының сенбілік шығарылымында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің «Қыз жылаған» көркем фильмі талданады.

Бағдарлама жүргізушісі – Дархан Әбдік. Эфир уақыты: 21:30.
📌 Ақыл-ойдың айнасы – «Abai TV» әр шаңырақта қосулы болсын!

📺 Бүгін эфирден көретіндеріңіз:

8:10 Мазмұндама
8:40 Құдіретті қылқалам
10:00 Музыка Великой степи
10:30 Жәдігер
10:55 Сарасөз
11:55 «Күй атасы - Құрманғазы» концерті
12:55 Сана
14:00 Абайдың жолы
14:30 Киелі сахна
15:00 Ұмытпаймыз
18:00 Сарасөз
19:00 Сырлы әуен
19:30 ШАҢЫРАҚ
20:00 Сана
21:00 PRO ART
21:30 Parasat maidany
22:10 Дәуір даналары
23:45 Мұра
0:15 Шебер
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Беймәлім Алаш: Елдес Омарұлы туралы тың деректер

Елдес Омарұлы – Алаш арысы, қоғам қайраткерi, ғалым, публицист және аудармашы. Қазақ тіл білімінің Ахмет Байтұрсынұлынан кейінгі негізін қалаушылардың бірі.

Ол азат ел болудың жолында күресіп, бүкіл ғұмырын оқу-ағартуға арнаған. Оның еңбектері зерттеліп, 10-ға жуық кандидаттық және докторлық диссертация қорғалған.

Бүгінде қаламгердің шығармалары жинақталып, жарыққа шыққан 8 кітап қазақ ұлтының өшпес мұрасына айналып, мәңгі жасамақ.

«Беймәлім Алаш: Елдес Омарұлы» деректі фильмінің толық нұсқасы «Abai TV» YouTube арнасында.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Мұра: Арыстанбаб кесенесі

Арыстанбабтың жазбаша еңбектері сақталмаған. Оның өмірі туралы деректер де жоқтың қасы. Дегенмен де шәкірті Ясауидің жырларынан оның кім болғанын, дүниеге деген көзқарасын білу қиын емес.

Арыстанбаб кесенесі 1860 жылы жер сілкінісінен құлап, орнына жаңасы салынған. Одан кейін де бірнеше рет құлап, талай өзгерісті бастан кешірген.

«Мұра» бағдарламасының кезекті шығарылымында ғалымдар Арыстанбаб кесенесі туралы тың деректерді баяндайды.

Толық нұсқасы «Abai TV» YouTube арнасында.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Әмина Өмірзақованың туғанына – 105 жыл

Биыл – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ұлттық өнеріміздің жарық жұлдызы Әмина Өмірзақованың туғанына 105 жыл.

Көзі тірісінде елдің сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген өнер иесі 70 жылға жуық сахналық ғұмырында бір-біріне ұқсамайтын ойлы да мазмұнды 150-ден аса рөлді сомдаған.

Әмина Өмірзақованың өнердегі әріптесі болған Жанна Қуанышева талантты актриса туралы естелігімен бөлісті.

«Дәуір даналары» хабарының толық нұсқасы «Abai TV» YouTube арнасында.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎶 Ғарифолла Құрманғалиев – «Ағайша» (Халық әні)

«Abai TV» телеарнасы дүйсенбі-жұма күндері таңғы 07:05-те «Күміс көмей» дәстүрлі музыкалық бағдарламасын ұсынады.

Бағдарлама жүргізушісі – Айгүл Қосанова.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына – 115 жыл

Биыл – ХХ ғасырдағы қазақ музыка өнерінің бірегей тұлғасы, әнші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 115 жыл.

Ол дәстүрлі ән өнерінің дүлдүлдерінен сабақ алған, өзі де аса айырықша дауысының арқасында даңққа бөленген ғажайып әнші.

Халық өнерін батыстың классикалық шығармаларымен де байланыстыра алған дарын иесі.

«Күміс көмей» бағдарламасының кезекті шығарылымында Халық әртісі Қажыбек Бекбосынов ұстазы Ғарифолла Құрманғалиев туралы естелігімен бөлісті.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Бүгін 19:30-да «Abai TV» телеарнасында – «Шаңырақ». Бағдарлама жүргізушісі – Алла Гаврина.
📌 Ақыл-ойдың айнасы – «Abai TV» әр шаңырақта қосулы болсын!

📺 Бүгін эфирден көретіндеріңіз:


7:05 Күміс көмей
8:40 Ұлт мақтанышы
10:00 Премьеры
10:30 Сырлы әуен
12:00 «Біз біргеміз». Түрксой халықаралық ұйымының 30 жылдығына арналған концерт
14:25 Имена
15:55 Тұлға
18:00 Сарасөз
19:00 Абайдың жолы
19:30 Жәдігер
20:00 Сана
21:00 Pro Art
21:55 Соңғы муза
23:10 Түркі әлемі
23:30 Мұра
0:00 Шебер
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 «Киелі сахна» мәдени-танымдық бағдарламасының сенбілік шығарылымы Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрына арналады.

Эфир уақыты: 18:30.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎶 Қапаш Құлышева – «Асылжан» (Ғарифолла Құрмағалиевтің әні)

«Abai TV» телеарнасы дүйсенбі-жұма күндері таңғы 07:05-те «Күміс көмей» дәстүрлі музыкалық бағдарламасын ұсынады.

Бағдарлама жүргізушісі – Айгүл Қосанова.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Айгүл Ісімақова: Әлем ғұламалары Ахмет Байтұрсынұлының білімдарлығына таң қалған

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ даласына білім нұр боп төгілсін деп түндігін батыстан ашқан, жаңалық атаулыны елеп, екшеп отыру үшін есігіне «Қазақ» деп жазған ағартушы.

Ол – жүз жылда бір туатын, артында мың жылға татитын рухани құнды мұра қалдырған зерттеуші ғалым. Оның ақындық, қайраткерлік, публицистік істері өз заманында да биік дәріптеліп, жоғары бағаланған.

Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырған ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы туралы әдебиеттанушы Айгүл Ісімақованың пікірі қандай?

«Дәуір даналары» хабарының толық нұсқасы «Abai TV» YouTube арнасында сақталған.