QR Energetıka mınıstrligi
2.21K subscribers
3.18K photos
245 videos
2 files
2K links
加入频道
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Қазақстанның ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелерден асып кетуі туралы шетелдік БАҚ-тағы жарияланымдарға қатысты мәлімдемесі

🔵Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бірқатар шетелдік БАҚ-тағы жарияланымдарға жауап ретінде ОПЕК+ келісіміне толық бейілділігін мәлімдейді және белгіленген квоталардан тыс өндірілген көлемдерді өтеу шараларын қоса алғанда, өз міндеттемелерін орындау бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

🔵Ақпан айындағы квота асып кетуі Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) аясындағы технологиялық процестерге байланысты болды. Бұл жоба ұзақ мерзімді сипатқа ие және тұрақты энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ біздің орта мерзімді міндеттемелерімізді орындауға бағытталған.

🔵Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі ірі акционерлермен және жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізді. Талқылау барысында ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындау кестесі расталып, белгіленген квоталардан тыс өндірілген көлемдерді өтеу шаралары келісілді.

🔵Қазақстан Республикасы уақытша өндіріс көлемінің артуын өтеу бойынша қажетті шараларды қабылдады. Жақын арада өндіріс көлемі белгіленген лимиттерге толық сәйкес келетіндей етіп реттелетін болады. Сонымен қатар, Қазақстанның жаһандық мұнай өндірісіндегі үлесі небәрі 1,5%, ал ОПЕК+ шеңберінде шамамен 3% екенін ескеру қажет. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның әлемдік сұраныс пен ұсыныс балансына айтарлықтай әсер етпейтінін көрсетеді. Дегенмен, бұған қарамастан, еліміз сенімді серіктес ретінде өз міндеттемелерін толық орындап келеді.

🔵Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықты үнемі қолдайды және ОПЕК+ келісімдеріне толық бейілді. Біз серіктестерімізбен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, келісілген шешімдерді әрі қарай орындауға дайынбыз. Қазақстанның мұнай өндіру саласын дамыту жөніндегі кез келген болашақ жоспарлары халықаралық міндеттемелерге және әлемдік нарықтағы жағдайға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸Заявление Казахстана на публикации иностранных СМИ относительно превышения обязательств в рамках Соглашения ОПЕК+

🔵Министерство энергетики РК в ответ на публикации ряда иностранных СМИ заявляет о полной приверженности соглашению ОПЕК+ и продолжает целенаправленную работу по выполнению обязательств, включая компенсацию объемов, добытых сверх установленных квот.

🔵При этом, текущее превышение квот в феврале обусловлено технологическими процессами в рамках Проекта будущего расширения (ПБР) на Тенгизском месторождении. Данный проект носит долгосрочный характер и направлен на обеспечение стабильных поставок энергоресурсов, а также на выполнение наших среднесрочных обязательств.

🔵Министр энергетики Республики Казахстан Алмасадам Саткалиев провел переговоры с крупнейшими акционерами и недропользователями страны. В ходе обсуждений был подтвержден график выполнения обязательств по соглашению ОПЕК+, а также согласованы меры по компенсации объемов, добытых сверх установленных квот.

🔵Республика Казахстан приняла необходимые меры для компенсации временного увеличения добычи. В ближайшей перспективе объемы будут скорректированы таким образом, чтобы полностью соответствовать установленным лимитам. Необходимо также учитывать, что на долю Казахстана приходится всего 1,5% от мировой добычи нефти, а в рамках ОПЕК+ – около 3%. Эти показатели демонстрируют, что Казахстан не оказывает критического влияния на глобальный баланс спроса и предложения, однако, несмотря на это, наша страна остается надежным партнером и выполняет взятые обязательства.

🔵Казахстан неизменно поддерживает стабильность мирового нефтяного рынка и полностью привержен соглашениям ОПЕК+. Мы продолжаем тесное сотрудничество с партнерами и готовы к дальнейшему выполнению согласованных решений. Любые дальнейшие планы по развитию нефтедобывающей отрасли Казахстана, будут реализованы исключительно в строгом соответствии с международными обязательствами страны и с учетом ситуации на мировом рынке.

***

🔹Kazakhstan's statement on foreign media publications regarding the overproduction under the OPEC+ Agreement

🔵The Ministry of Energy of the Republic of Kazakhstan, in response to publications by a number of foreign media, declares its full commitment to the OPEC+ Agreement and continues to work purposefully to fulfill its obligations, including compensation for the overproduced volumes.
At the same time, the current overproduction in February is due to technological processes within the framework of the Future Expansion Project at the Tengiz oil field. This is a long-term project which is aimed at ensuring stable energy supplies, as well as fulfilling our medium-term obligations.

🔵Minister of Energy of the Republic of Kazakhstan Almassadam Satkaliyev held talks with the major shareholders and subsoil users of the country. During the negotiations, the schedule for fulfilling obligations under the OPEC+ Agreement was confirmed, and measures were agreed to compensate for the overproduced volumes.

🔵The Republic of Kazakhstan has taken the necessary measures to compensate for the temporary increase in production. In the near future, the volumes will be adjusted in such a way as to fully comply with the established limits. It should also be taken into account that Kazakhstan’s share in global oil production accounts for only 1.5% and about 3% within the OPEC+. This shows that Kazakhstan does not have a critical impact on the global balance of supply and demand, however, despite this, our country remains a reliable partner and fulfills its obligations.

🔵Kazakhstan has consistently supported the stability of the global oil market and is fully committed to OPEC+ Agreements. We continue to work closely with our partners and are ready to further implement the agreed decisions. Any further plans for the development of Kazakhstan's oil industry will be implemented exclusively in strict accordance with the country's international obligations and taking into account the situation on the global market.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің Абай облысында ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының биылғы қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тексерді.

🔷 Бұрынғы Семей полигоны аумағын тікұшақпен аралау кезінде Премьер-министр «Балапан» сынақ алаңы нысандарын, оның ішінде «Атом көлі» мен шахталық іске қосу қондырғыларын қарап шықты. Сондай-ақ Премьер-министр әлемдегі алғашқы токамак (магнитті катушкалары бар тороидты камера) «Байкал-1» ядролық зерттеу реакторының жұмысымен танысты. Ұлттық ядролық орталықта болып, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жұмыс сапары барысында Премьер-министр Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, атап айтқанда, тұрғын үй қорын қалпына келтіру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да қабылданып жатқан шаралармен танысты.

🔘 «Байкал-1» кешені аумағында Олжас Бектеновке нысанда жүргізіліп жатқан ядролық реакторларды зерттеудің негізгі бағыттары туралы баяндалды. Атом энергетикасы және энергетикалық технологиялар саласындағы ғылыми әзірлемелер үшін пайдаланылатын ИВГ.1М зерттеу реакторы жұмысына назар аударылды. Маңызды кезең – ИВГ.1М реакторын төмен байытылған отынға конверсиялауды аяқтау. Бұл бастаманы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте (АЭХА) жан-жақты қолдады. Конверсия барысында реактор кешенінің жүйелері айтарлықтай жаңғыртылды, бұл атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға және еліміздің технологиялық, энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға бағытталған ғылыми бастамаларды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Премьер-министр қолда бар әлеуетті ашуда және стратегиялық мәселені шешуде ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Жақын арада ИВГ.1М реакторы жобалық сипаттамаларына қол жеткізу үшін жаңғырту жұмыстары аяқталады.

🔘 Премьер-министр қазақстандық материалтану токамагы (ҚМТ) бірегей тәжірибелік термоядролық қондырғысын тексеру барысында негізгі жабдықтармен және жүргізіліп жатқан зерттеулер нәтижелерімен танысты. Бұл – соңғы 10 жылда пайдалануға берілген әлемдегі мұндай деңгейдегі алғашқы мамандандырылған қондырғы. Токамак басқарылатын термоядролық синтез саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, реакторларға арналған материалдарды сынауға арналған. Мұнда еліміздегі термоядролық технологияларды дамытудың маңызды бағыты саналатын плазмалық разрядты зерттеу және материалдарды сынау бойынша тәжірибелер жүргізіледі.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM