Қазақстан Бас прокуратурасы
15.3K subscribers
894 photos
668 videos
40 files
4.91K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
加入频道
Шах және мат! Прокуратура қызметкерлері арасындағы
турнирдің қорытындысы  
 
Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шахматтан турнир аяқталды.

Мақсұт Нәрікбаев Бас Прокурор, Жоғарғы Соттың Төрағасы және КАЗГЮУ ректоры лауазымдарын атқара отырып Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуға, прокуратура органдарының қызметін жетілдіруге және сот жүйесін реформалауға елеулі үлес қосты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы Аида Әнуар турнирді ашып, қатысушыларды қарсы алды және «Адал Азамат» қағидаттары прокуратура қызметкерлерінің адалдығына, әділдігіне және жоғары жауапкершілігіне негізделгенін атап өтті. Ол бұл құндылықтар салмақты шешімдер қабылдауға, стратегиялық әрекет етуге және өз іс-әрекеттері үшін жауап беруге көмектесетінін, бұл оларды кәсіби қызметте де, шахматта да маңызды ететінін атап өтті.

Іс-шараның құрметті қонағы Maqsut Narikbayev University (MNU) ректоры, М.С. Нәрікбаевтың ұлы Талғат Нәрікбаев болды. Ол өз сөзінде шахмат зияткерлік спорт ретінде логикалық ойлауды, шыдамдылықты және стандартты емес шешімдерді таба білуді дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Бұл дағдылар ойында да, кәсіби өсуде де пайдалы. Сондай-ақ MNU ректоры барлық қатысушыларға зияткерлік даму мен кәсіби жетілдіруге деген ұмтылысын атап өтіп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Жарысқа аумақтық прокуратуралардың, Бас прокуратура мен Академия бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Турнир Швейцария жүйесі бойынша халықаралық ФИДЕ ережелеріне сәйкес компьютерлік жеребемен ұйымдастырылған 9 турдан тұрды. Уақытты бақылау – әрбір қатысушыға қосымшасыз 10 минут.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

1 орын: Мади Аслан Жетпісбайұлы

2 орын: Аймбетов Қазбек Теміржанұлы

3 орын: Тлеубаев Дәулет Казиханұлы

Жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шараларды өткізу прокуратура қызметкерлерінің зияткерлік әлеуетін дамытуға, командалық рухты нығайтуға, қолайлы моральдық-психологиялық климат құруға және спорттық дәстүрлерді сақтауға ықпал етеді.

#ЗАҢменТӘРТІП

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шах и мат! Итоги турнира среди работников прокуратуры
 
Сегодня в Академии правоохранительных органов завершился турнир по шахматам среди сотрудников органов прокуратуры, приуроченный к 85-летию со дня рождения видного государственного и общественного деятеля, государственного советника юстиции 2-го класса Нарикбаева Максута Султановича.

Максут Нарикбаев внес значительный вклад в развитие правовой системы Казахстана, совершенствование деятельности органов прокуратуры и реформирование судебной системы, занимая посты Генерального Прокурора, Председателя Верховного Суда и ректора КАЗГЮУ.

Мероприятие было организовано совместно с Генеральной прокуратурой Республики Казахстан.

Открыла турнир и поприветствовала участников начальник Департамента кадровой работы Генеральной прокуратуры Аида Ануар, которая отметила, что принципы «Адал Азамат» основаны на честности, справедливости и высокой ответственности сотрудников прокуратуры. Она подчеркнула, что эти ценности помогают принимать взвешенные решения, действовать стратегически и нести ответственность за свои поступки, что делает их важными как в профессиональной деятельности, так и в шахматах.

Почетным гостем мероприятия стал ректор Maqsut Narikbayev University (MNU) Талгат Нарикбаев, сын М.С. Нарикбаева. В своем выступлении он отметил, что шахматы, как интеллектуальный спорт, способствуют развитию логического мышления, терпения и умения находить нестандартные решения. Эти навыки полезны как в игре, так и в профессиональном росте. Также ректор MNU вручил всем участникам памятные подарки, отметив их стремление к интеллектуальному развитию и профессиональному совершенствованию.

В соревнованиях приняли участие сотрудники территориальных прокуратур, подразделений Генеральной прокуратуры и Академии. Турнир состоял из 9 туров, организованных по швейцарской системе с компьютерной жеребьевкой в соответствии с международными Правилами ФИДЕ. Контроль времени – 10 минут на каждого участника без добавления.

По итогам турнира победителями стали:

1 место: Мади Аслан Жетписбайулы

2 место: Аймбетов Қазбек Темиржанович

3 место: Тлеубаев Даулет Казиханович

Призёры награждены кубками, дипломами, медалями и памятными подарками.

Проведение подобных мероприятий способствует развитию интеллектуального потенциала сотрудников прокуратуры, укреплению командного духа, созданию благоприятного морально-психологического климата и поддержанию спортивных традиций.

#ЗАКОНиПОРЯДОК

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордада «Инвест керуен» акциясы жалғасуда
 
Қызылорда облысының прокуратурасының бастамасымен 18 ақпаннан бастап инвесторларды қолдау және бизнесті қорғау мақсатында «Инвест керуен» акциясы жүзеге асырылуда.
 
Аталған шара «Геджуба Шиели Цемент» ЖШС-да жалғасын тауып, онда облыс прокуроры Ризабек Ожаров Шиелі және Жаңақорган аудандарында жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлармен кездесті.
 
Шараға облыс әкімінің орынбасары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.
 
Жиында облыс прокуроры прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, олардың қорғалуын қамтамасыз етіліп келетіндігін атап өтті.
 
Өз кезегінде «Геджуба Шиели Цемент» ЖШС-нің өкілі санитарлық қорғау аймағын қысқарту бойынша оң қорытынды алудың ұзаққа созылған мәселесін шешуге көмектескені үшін прокурорға алғыс айтты.
 
Сонымен бірге іс-шарада инвесторлар өз сұрақтарын, проблемаларды және мемлекеттік органдардың бұзушылықтары туралы хабарлай алатын «Telegram» каналда ашылған «Инвестор.Бизнес.Защита» атты боттың презентациясы жасалды.
 
Айта кету керек, 18 ақпанда акция аясында облыс прокуроры Қызылордада орналасқан жаңа жылу электр станциясының «Aksa Energy Kyzylorda» ЖШС-нің құрылысы барысымен танысып, ірі жобаларды жүзеге асыратын инвесторлармен кездесті.
 
Инвесторлардың құқықтарын жан-жақты қорғау жұмыстары жалғасуда және прокуратураның ерекше бақылауында.
 
#Заң_мен_Тәртіп
 
Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/956072?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Кызылорде продолжается акция «Инвест караван»
 
В целях поддержки инвесторов и защиты бизнеса по инициативе прокуратуры Кызылординской области 18 февраля стартовала акция «Инвест караван».
 
Сегодняшнее мероприятие проведено на площадке ТОО «Компания Геджуба Шиелицемент», где прокурор области Ризабек Ожаров встретился с инвесторами, реализующими проекты в Шиелийском и Жанакорганском районах.
 
В мероприятии приняли участие заместитель акима области, представители региональной палаты предпринимателей «Aтамекен».
 
На встрече прокурор области подчеркнул, что прокуратура сопровождает инвестиционные проекты, обеспечивая их защиту.
 
В свою очередь, представитель ТОО «Компания Геджуба Шиели цемент» поблагодарил прокурора за оказанную помощь в решении затянувшейся проблемы с получением положительного заключения о сокращении санитарно-защитной зоны.
 
Вместе с тем, на мероприятии был презентован «Telegram» бот «Инвестор.Бизнес.Защита», куда инвесторы могут задать свои вопросы, обсудить проблемы и сообщить о нарушениях со стороны госорганов.
 
Необходимо отметить, что 18 февраля в рамках акции прокурор области ознакомился с ходом строительства ТОО «Aksa Energy Kyzylorda» новой ТЭЦ расположенной в Кызылорда, где встретился с инвесторами, реализующими различные крупные проекты.
 
Защита прав инвесторов продолжается и находится на особом контроле прокуратуры.
 
#Закон_и_Порядок

Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/956072?lang=ru

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО прокурорлары мұғалімдердің іссапар шығыстарын өтеу құқықтарын қалпына келтірді
 
ШҚО Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленбегенін анықтады.
 
Белгілі болғандай, 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асты.
 
Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыстары төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де орын алған.
 
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстаздарға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.
 
Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
 
#Заң_және_Тәртіп
#ТеңҚұқықтар
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/956463?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры ВКО восстановили права педагогов на командировочные выплаты
 
Прокуратура района Самар ВКО при осуществлении надзора за трудовым законодательством выявила нарушения связанные с невыплатой командировочных расходов педагогическим работникам образовательных организаций района.
 
Установлено, что 171 педагогу на протяжении длительного периода не производились выплаты, предусмотренные законом на общую сумму свыше 28 млн тенге.
 
К примеру, учителю одной из школ села Самарское с апреля 2024 года по январь 2025 года не была выплачена сумма командировочных расходов в размере 224 105 тенге. Аналогичные факты имели место в других школах района.
 
По результатам принятых прокуратурой мер прокурорского реагирования допущенные нарушения устранены, всем педагогам произведены соответствующие выплаты в полном объеме.
 
Прокуратура области продолжает работу по защите трудовых прав граждан.
 
#Закон_и_Порядок 
#РавныеПрава 

Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/956463?lang=ru

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент қаласының прокуроры
ірі кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесті
 
Мемлекет басшысының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ ағымдағы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялау аясында қала прокуроры Ғабит Мұқанов қаланың өндірістік кәсіпорындарына барды.

Жұмыс сапары өңірдегі ірі инвесторлардың бірі - құны 58,9 млрд теңгеден асатын алюминий қаптамаларын өндіру жобасын жүзеге асырып жатқан «QazAlpack» ЖШС-ға барудан басталды.

Зауыт жеңіл металдардан орау материалдарын шығарады, жобаның қуаттылығы жылына 2,3 млрд дананы құрайды (қақпағы бар алюминий банкалар) және 450 жұмыс орнын қамтиды.
Сонымен бірге прокурор еңбек жағдайымен танысты, ұжыммен әңгімелесті, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында инвестор инженерлер, реттеушілер, технологтар, KPI және т.б. сияқты білікті мамандарға сұраныстың бар екенін айтты.

Осы тұрғыда түлектерді мамандықтарына сәйкес ірі өндірістік кәсіпорындарға жіберу туралы меморандум жасау негізінде келісімге қол жеткізілді.

Қала прокуроры өз сапарының қорытындысында, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда екенін, прокуратура органы инвесторларға құқықтық қолдау көрсететінін, барлық қажетті құқықтық нормалар мен стандарттарды сақтауға көмектесу түріндегі белсенді жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +77076150010 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 Г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін хабарласа алады.
 
#Заң_мен_Тәртіп
 
Шымкент қаласы прокуратурасының
сайтына сілтеме:


https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/956657?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM