Қазақстан Бас прокуратурасы
15.3K subscribers
894 photos
668 videos
40 files
4.91K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
加入频道
Прокуратура бастамасы: кәсіпорындардың колледждерге «Қамқоршылық» көрсету институты іске қосылды
 
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы бастаманы іске асыру аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Шу ауданында кездесу өткізді.
 
Форум жұмысына уәкілетті органдардың басшылары, жергілікті кәсіпорындардың өкілдері – «ҚТЖ» ҰК АҚ, «Jibek Joly» ЕЭА, «ҚазТрансГаз Аймақ», «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «ҚызылшаЖер», «Жамбыл электр желілері» мекемелері және аудан колледждерінің директорлары қатысты.
 
Облыс прокуроры Шу ауданы Жамбыл облысының халық тығыз қоныстанған өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Мұнда «Jibek Joly» еркін экономикалық аймағы құрылған, кен өндіру кәсіпорындары жұмыс істейді, сондай-ақ теміржол торабы жақсы дамыған.
 
Аудандағы екі колледж жыл сайын теміржол саласы, агроном, электрик және дәнекерлеу мамандықтары бойынша 200-ден астам техникалық маман даярлайды.
 
Осы факторларды ескеріп, форумда ауданның орта арнаулы оқу орындары даярлайтын мамандықтардың сұраныс деңгейі, түлектерді жұмыспен қамту тиімділігі және жұмыссыздықтың қылмысқа әсері талқыланды.
 
2024 жылы Шу ауданында тіркелген 270 қылмыстың 142-сін немесе 52%-ын жұмыссыздар жасаған, олардың ішінде 17-сі колледж түлектері.
 
Осы деректерді және аудан колледждері түлектерінің 67%-ы мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайтынын ескере отырып, бұл мәселені шешу үшін «Мансап орталығы» еңбек мобильділігі орталығының басшысы мен білім беру мекемелері директорларының ұсыныстары қаралды.
 
Кәсіпорын басшылары қажетті мамандықтардың тізімін және кадрларға жыл сайынғы сұранысты ұсынды.
 
Сонымен қатар, прокуратураның бастамасымен «Қызылша Жер» ЖШС басшысымен меморандумға қол қойылып, ауданның бір колледжінің базасында «Агроном» мамандығы бойынша курстар ашу және демеуші бөлген қаражат есебінен шетелде біліктілікті арттыру шараларын ұйымдастыру туралы келісім жасалды.
 
Кездесу қорытындысы бойынша түлектерге «Қамқоршылық» ұйымдастыру және оларды жұмыспен қамту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
 
Бұл жұмыс мұғалімдер мен оқушылардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ қылмыстың алдын алуға бағытталған.
 
#ЗаңжәнеТәртіп
 
Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/946100?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Инициатива прокуратуры: заработал институт «Шефства» предприятий над колледжами

Главой государства 2025 год объявлен «Годом рабочих профессий», в рамках его реализации прокурор Жамбылской области Нургалым Абдиров провел встречу в Шуском районе.
 
Участие в работе форума приняли руководители уполномоченных органов, местных предприятий АО «НК«КТЖ», СЭЗ «Jibek Joly», «КазТрансГаз Аймак», ТОО «Корпорация Казахмыс», «КызылшаЖер», «Жамбылские Электрические сети», а также директора колледжей района.
 
Прокурор области отметил, что Шуский район является одним из густо-населенных в Жамбылской области, там создана свободно-экономическая зона «Jibek Joly», действуют рудо-добывающие предприятия, а также развита узловая система железной дороги.
 
Двумя колледжами района ежегодно выпускаются более 200 специалистов технических профессий в железнодорожной сфере, агрономов, электриков и сварщиков.
 
Учитывая эти аспекты, на форуме обсуждены востребованность выпускаемых средне-специальными образовательными учреждениями района профессий, эффективность их трудоустройства и влияние безработицы на преступность.
 
Только в 2024 году из всех зарегистрированных 270 преступлений в Шуском районе, 142 или 52% совершены безработными, из которых 17 являются выпускниками колледжей.
 
Учитывая изложенное и то, что 67% выпускников колледжей района ежегодно не трудоустраиваются по освоенным профессиям, обсуждены предложения руководителя Центра трудовой мобильности «Мансап орталығы» и директоров учебных заведений по решению этой проблемы.
 
Приглашенные руководители предприятий озвучили перечень востребованных профессий и ежегодную потребность кадров.
 
Кроме того, по инициативе прокуратуры заключен меморандум с руководителем ТОО «КызылшаЖер» об открытии на базе одного из колледжей района курсов по специальности «Агроном», а также организации повышения квалификации за рубежом, за счет выделенных спонсором средств.
 
По итогам встречи достигнуты соглашения об организации «Шефства» над выпускниками и их дальнейшем трудоустройстве.
 
Эта работа направлена на защиту прав учителей и учеников, а также способствует снижению преступности.
 
#ЗакониПорядок
 
Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/946100?lang=ru

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Есірткі контрабандасын жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ірі мөлшерде гашиш есірткі құралы мен мефедрон психотроптық затының контрабандасы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Тәжікстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

2022 жылдың тамыз айында күдікті Қостанай облысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тыйым салынған заттарды тасымалдамақ болған кезде шекара қызметкерлері ұстаған.

Күдіктінің жеке басын ескере отырып, тергеу органы оған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын таңдаған.

Алайда ол бұл жағдайды пайдаланып, белгіленген жауаптылықтан құтылу үшін тергеуден жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланды.

2024 жылдың мамыр айында күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Подозреваемый в совершении контрабанды наркотиков экстрадирован из России

Генеральной прокуратурой Республики Казахстан из Российской Федерации экстрадирован гражданин Таджикистана для привлечения к уголовной ответственности за контрабанду наркотического средства гашиш и психотропного вещества мефедрон в крупном размере.

В августе 2022 года подозреваемый пытался перевезти запрещенные вещества через государственную границу РК в Костанайской области, где он был задержан сотрудниками пограничной службы.

С учетом личности подозреваемого, органом следствия ему избрана мера пресечения, не связанная с изоляцией от общества.

Однако он, воспользовавшись этим и желая избежать установленной ответственности, скрылся от следствия, в связи с чем был объявлен в международный розыск.

В мае 2024 года подозреваемый был задержан в городе Екатеринбург, после чего по запросу Генпрокуратуры Республики Казахстан экстрадирован в Казахстан.

В настоящее время подозреваемый водворен в следственный изолятор.

За совершение инкриминируемого ему преступления предусмотрено наказание в виде лишения свободы на срок от семи до двенадцати лет с конфискацией имущества.

#Закон_и_Порядок

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қарағандыда заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтың қызметі әшкереленді
 
Облыс прокуратурасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсатты заңсыз беруді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. 

Қылмыстық схемаға ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлерінің және «көмекшілер» деп аталатындардың кіргені анықталды.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың аталған фактісі облыс прокуратурасының АЕК-іне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҰҚКД ТБ-ға жіберілді, қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайлары жария етуге жатпайды.

#Заң_және_Тәртіп

Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/946235?lang=kk

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Караганде пресечена деятельность преступной группы, занимавшейся организацией незаконной миграции
 
Прокуратурой области совместно с Департаментом КНБ пресечена деятельность преступной группы, организовавшей незаконную выдачу иностранцам более 700 разрешений на временное проживание.

В преступную схему входили сотрудники ЦОНов, медицинских учреждений и так называемые «помогайки».

Указанный факт организации незаконной миграции зарегистрирован в КУИ прокуратуры области и направлен в СУ ДКНБ для производства досудебного расследования, в настоящее время трое обвиняемых преданы суду.

Согласно ст.201 УПК подробности в интересах следствия не подлежат разглашению.

#Закон_и_Порядок

Ссылка на сайт прокуратуры Карагандинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/946235?lang=ru

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берік Асылов прокуратураның «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыста жалпы міндеттер мен негізгі екпіндер туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында берген «Мақсат – экономика мен егемендікті ны­ғайту» сұхбатында «Заң мен тәр­тіп» тұжырымдамасын еліміздің құн­ды­лықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру міндет екенін атап өтті.

Жалпы, сұрағыңызға жауаптың түп-төркіні «Заң қатал, бірақ бұл – заң» деген ежелгі римдік тәмсілде жатыр. Бұл бүгінге дейін прокуратура саласында да өзектілігі мен өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Яғни қазіргі прокуратура қызметіне жаңа сипат береді дер едім.

Заң мен тәртіп – азаматтардың еркін дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іргелі негіз. Қоғамдық тұрақтылық пен адамдардың үйлесімді өмір сүруі заң мен тәртіпсіз мүмкін емес. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қоғамның және әрбір азаматтың өмірлік ұстанымы болуы керек. Ұлы Абайдың пайымдауынша, заң мен тәртіпсіз өмір болмайды. Заң – әділдікке, рухани тазалыққа апаратын жол.

Халықтың өмір сүру сапасы, еркін бизнес, әділ сот төрелігі және мемле­кеттік басқару жүйесінің мінсіз жұмысы құқықтық қарым-қатынастың барлық субъектілері, оның ішінде кәсіпкер­лер, ұйымдар, масс-медиа, ең әуелі, мем­лекеттік аппарат заң мен тәртіпті мүл­тіксіз орындамайынша мүмкін емес.

Прогрессивті әлем қоғамда заңға бағынатын мінез-құлыққа және құқық бұзушылықты болдырмауға басымдық беріп жатыр.

Мәселен, Финляндияда жол қозғалысындағы бұзушылық үшін қарапайым айыппұл шамамен 100 еуроны құрайды. Ал сот осындай құқық бұзушылыққа жол берген ірі кәсіпкердің материалдық жағдайын ескере отырып, мұндай айыппұл мөлшері оның түзелуіне оң әсерін тигізбейді деп санаса, айыппұлды он есе, тіпті кейде жүз есеге дейін арттыра алады. Осы елде мұндай шешім қоғам тарапынан қолдау тауып жатыр.

Сол сияқты Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қатаң жаза түрлері өз халқына ғана емес, онда сапарлағанды жаны сүйетін біздің туристерімізге де заңды құрметтеуді үйретеді.

Елімізде жасалған қылмыстарға барынша қатаң және қоғамнан оқшау­ламайтын санкциялардың кең жиын­тығы, нақты айтсақ, бостандықты шектеу, қаржылай айыппұл, қоғам­дық және түзеу жұмыстары қарас­тырылған.

Мысалы, соттар нақты бас бостандығынан айыруды тек ауыр қылмыстарға тағайындайды. Қазіргі кезде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың 80%-ы – негізінен зорлық-зомбылық сипаттағы және есірткі қылмысы үшін сотталғандар.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берик Асылов об общих задачах и основных акцентах в работе прокуратуры по реализации концепции «Закон и Порядок»

Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем январском интервью подчеркнул, что «нужно повсеместно внедрять принципы справедливости, как зеницу ока беречь единство народа на основе концепции «Закон и Порядок».

Думаю, каждый понимает глубокий смысл слов, сказанных Главой государства, и важно не только осознавать, но и претворять в жизнь эти принципы. В целом ответ на ваш вопрос кроет­ся в древнеримском выражении «Закон суров, но это закон». Данное выражение не потеряло актуальности и по сей день, и его значение, я бы сказал, пронизывает деятельность современной прокуратуры, наполняя ее новым смыслом.

Как вы понимаете, стабильность и гармония в обществе немыслимы без закона и порядка, которые должны стать аксиомой для каждого граж­данина. Великий поэт и философ Абай Кунан­баев считал, что жизнь без закона и порядка не будет справедливой, а соблюдение закона – это путь к чистоте и благополучию народа.

Высокое качество жизни населения, свободный бизнес, справедливое правосудие и безупречная работа системы государственного управления невозможны без соблюдения закона и порядка всеми субъектами правоотношений, в том числе предпринимателями, организациями, масс-медиа и, конечно же, государственным аппаратом.

Весь прогрессивный мир отводит законопослушному поведению и неотвратимому реагированию на правонарушения первостепенное значение.

К примеру, в Финляндии обычный штраф за нарушения со стороны участников дорожного движения составляет примерно 100 евро. Но если судья посчитает, что с учетом материального положения для крупного бизнесмена такой размер санкции не чувствительный и не удержит его от новых правонарушений, суд вправе назначить виновному сумму штрафа в десятки и даже сотни раз больше за то же самое деяние, чтобы этот человек больше не совершал правонарушения. Общество данной страны такие судебные решения воспринимает одобрительно.

В Объединенных Арабских Эмиратах строгие наказания в сочетании с высокоэффективной системой мониторинга создают атмосферу уважения к закону, в том числе со стороны туристов, которые любят туда ездить.

В нашей стране за преступления предусмотрен широкий набор санкций, как строгих, так и не связанных с изоляцией от общества: ограничение свободы, денежные штрафы, общественные и исправительные работы.

К примеру, у нас реальное лишение свободы судами назначается, как правило, только за тяжкие преступления. В настоящее время 80 процентов лиц, отбывающих наказание в местах лишения свободы, осуждены именно за такие преступления, причем, как правило, насильственного характера и за наркотики.

#Закон_и_Порядок

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берік Асылов өткен жылғы қадағалау жұмысының басты жетістіктері және прокуратура биыл қандай міндеттерге назар аударатыны туралы

Жалпы, біздің жұмысымызда екінші кезектегі міндеттер жоқ. Бәрі маңызды. Қандай жағдайда да заң­ның бұзылуына жедел тіпті онлайн режімде ден қоямыз.

Былтыр негізгі күш-жігерді ұйымдасқан қылмыс, көлеңкелі экономика, есірткінің заңсыз айналымы, адам саудасы, алаяқтық, сондай-ақ ғимараттардың терроризмге қарсы қорғалуына. Инвестициялық жобаларды сүйемел­деп, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың араласуынан қорғадық. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтарумен айналыстық. Азаматтардың еңбек қатынастары, білім, медицина және әлеуметтік саланың өзге де бағыттарындағы құқықтары қалпына келтірілді.

Прокуратураның қадағалаудың жекелеген бағыттары бойынша атқарған жұмысының нәтижесі желтоқсан айындағы сұхбатымда толық айтылды. Сондықтан бұл жолы мен басқа бағыттарға тоқталайын.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар жүз мыңдаған азаматтың, оның ішінде зейнеткер, әлеуметтік осал топ, жасөспірім, жұмыскер, сондай-ақ үлескер және ипотека алғандардың құқықтарын қорғады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – тұрақты назарда. Балалардың проблемалары уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдерін тексеру, талдау немесе бағалау арқылы ғана емес, жобалау құралдарын пайдалану жолымен де шешімін тауып жатыр.

Мысалы, біз 2023 жылдан бастап «Urpaq» және «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобалары аясында 2 мыңнан аса отбасына материалдық көмек, мыңнан аса отбасына тұрғын үй көмегін, 10 мың отбасына медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге қол жеткіздік.

Енді мемлекеттің мүліктік мүдде­лерін қорғауға қатысты айтып өткенім жөн болар. Өткен жылы мемлекетке 627 млрд теңге сомасында залал өтел­ді, оның ішінде бюджеттен ұрланған қара­жат­тан басқа, жылжымалы және жыл­жы­­майтын мүлік, 91 млрд теңгеге өзге де материалдық құндылықтар бар.

Мем­ле­­­кеттік сатып алу туралы заң­наманың сақ­­­талуын қадағалау шеңберінде мыңнан аса­ қадағалау актісі енгізілді, мемлекет пайдасына 12,7 млрд теңге өндірілді, 399 млрд теңгеге 500-ге жуық конкурстың күші жойылды. Қадағалау нәтижесін масс-медиада үнемі жариялап отырамыз.

Алдағы кезеңде прокурорлар Мемлекет басшысының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және жеке бизнесті қорғау жөніндегі тапсырмаларын сапалы іске асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарының, әсіресе балалардың құқықтарын сақтау, есірткі бизнесіне және ҰҚТ-ға қарсы күресті үйлестіру, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатының орнығуын қамтамасыз етуді жалғастырады.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берик Асылов об основных достижениях надзорной работы в истекшем году и о задачах прокуратуры на предстоящий период

В целом в нашей работе нет второстепенных задач. По всем ситуациям и во всех случаях нарушения закона мы стараемся действовать быстро, практически в режиме онлайн.

В прошлом году особые усилия направили на противодействие организованной преступности, теневой экономике, незаконному обороту наркотиков, торговле людьми, мошенничеству, антитеррористической защищенности зданий и так далее. Сопровож­дали инвестиционные проекты и защищали частных предпринимателей от вмешательства в их деятельность госорганов, занимались возвратом государст­ву незаконно приобретенных активов. Восстанавливали права граждан в трудовых отношениях, образовании, медицине и иных направлениях социальной сферы.

Отдельно хотел бы остановиться на деятельности в социально-экономической сфере.

Так, прокурорами защищены права сотни тысяч граждан, в том чис­ле пенсионеров, социально уязвимых лиц, подростков, работников, а также дольщиков и ипотечников.
В постоянном поле зрения – защита прав несовершеннолетних. Проблемы детей решаются не только путем проверок, анализа или оценки решений уполномоченных госорганов, но и с использованием проектных инструментов.

К примеру, с 2023 года прокурорами реализуются проекты URPAQ и «Счастливое и безопас­ное детство», в рамках которых мы добились оказания материальной помощи более чем двум тысячам семей, жилищной поддержки свыше тысячи семей, медицинской и социальной помощи десяти тысячам семей.

Что касается защиты имущественных интересов государства, то в прошлом году возмещен ущерб на сумму 627 миллиардов тенге, в их числе, кроме похищенных из бюджета денежных средств, имеется движимое и недвижимое имущество, иные материальные ценности на 91 млрд тенге.

В рамках надзора за соблюдением законодательства о госзакупках внесено более тысячи актов надзора, в пользу государства взыскано 12,7 миллиарда тенге, отменено порядка 500 конкурсов на 399 миллиардов тенге.

В целом результаты надзора мы постоянно освещаем в масс-медиа.
В предстоящем периоде прокуроры продолжат обеспечивать законность во всех сферах с акцентом на качественную реализацию поручений Главы государства по сопровож­дению инвестиционных проектов и защите частного бизнеса, соблюдению прав со­циально уязвимых слоев населения, особенно детей, координации борьбы с наркобизнесом и ОПГ, противодействию мошенничест­вам, превенции пыток, а также утверждению принципа «Закон и Порядок».

#Закон_и_Порядок

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берік Асылов қылмыстық жағдай туралы және прокуратура қылмысқа қарсы күрес мәселелерінде басқа органдармен қарым-қатынас туралы

Біз құқық тәртібін нығайтамыз және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмысты үйлестіреміз, құқық қорғау қызметіне жаңа әдістерді енгіземіз. Қылмыс жасағандарды ұстау үшін цифрлық технологияларды кеңінен қолдана бастадық.

Әр орган мен әр қызметкердің міндеті – әр адам өзін қауіпсіз сезінетіндей қоғам құру. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы бірлескен күш-жігердің арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік.

Елімізде қылмыс деңгейінің біртіндеп төмендеуі байқалады.

Кейінгі 5-6 жылда адам өлтіру, қарақшылық, тонау және бұзақылық 5 есеге азайды. 6 жылда ұр­лық саны 6 есеге жуық төмендеді, яғни 2018 жылы 180 мың болса, 2024 жылы 30 мыңға дейін азайды. Ал олардың үлесі 20%-ға дейін қысқарды.

Бейнебақылау кеңінен енгізіліп, күзет жүйелері күшейтілді. Меншік иелері қырағылық танытып, өз мүлкін қорғауға байыпты қарай бастады. Жалпы, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық саны 2018 жылы 292 мың болса, 2024 жылы 132 мыңға дейін азайды. Бұл қоғам мен мемлекеттің жалпы ортақ жұмысының жемісі деп білемін.

Бірақ қылмыс жасау төмендегені­мен, жаңа қылмыстық қауіптер туындап жатыр. Барлық құқық бұзушылықтың үштен бірі – алаяқтық қылмыстар. Бұ­рын бұл айқын жағдайларда жасалатын. Жәбірленушілер күдіктілерді көріп, олардың жеке басын анықтай алатын еді. Қазір IT-технологиялары арқылы онлайн жасалады.

Жәбірленушілердің басым көпшілігі жалған телефон шалулардың құрбаны болып жатыр. Атап айтқанда, банктік карталардан қаражат жоғалту, жалған сайттарда алаяқтарға жеке деректер мен құпия­сөздерін (фишинг) беру, маркетплейстер (брашинг), инвес­тиция салу мен бәс тігу арқылы алдану.

Бас прокуратура ІІМ-мен бірлесіп масс-медиада азаматтарды алаяқтардың айла-амалдарынан сақтану туралы жиі ескертеді.
«Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және басқа да байланыс операторларымен телефон қоңырауларын жүзеге асыру арқылы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл туралы ынтымақтастық келісімдеріміз бар. Ұлттық банк алаяқтық операцияларды бұғаттау жөніндегі Антифрод-орталығын іске қосты.

Шетелден бұғатталған қоңырау шалатын SIM-бокстарды, SIM-карталарды қосуға арналған құрылғыларды жою шаралары қабылданып жатыр.

Мысалы, өткен айда Алматыда 600 шаршы метр аумақты алып жатқан, үлкен кеңсесі бар Сall-орталықтың жұмысын тоқтаттық. Жуырда Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруі­­мен жедел іс-шараларды өткізу барысында Полиция департаменті қала тұр­ғынынан 5 SIM-бокс пен алаяқтыққа арналған басқа да жабдықтар, түрлі оператордың 400-ден аса SIM-кар­тасын, роутер мен ұялы телефондарды тәркіледі.

Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұялы телефондарды IMEI коды, ЖСН және абоненттік нөмір арқылы міндетті тіркеу талабы бақыланбай отырғанын айта кеткен жөн.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғынының атына оның мәлімінсіз 14 мыңнан аса телефон тіркелген. Тексеру жалғасып жатыр. Өткен жылы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде делдал-дроперлерден 800 талап қою негізінде 1 млрд теңгеден аса қаражат өндіріп алынды. Алаяқтыққа қатысқаны үшін «дропингпен» айналысқан 128 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру мақсатында бір­қатар заңнамалық түзету қабыл­данды. 2024 жылдың тамыз айынан бастап «Банктер және банк қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер бойынша қазір тергеу кезеңінде алаяқтық несиелер бойынша төлемдер тоқтатылады.

Сондай-ақ басқа мемлекеттердің тәжі­рибесі бо­йынша Парламентте банктер мен байланыс операторларын өз клиенттерін қорғауға міндеттейтін бірқатар бастама пысықталып жатыр. Жуырда Үйлестіру кеңесінде осы мәселе қаралды және мүдделі органдармен бірлескен шаралар әзірленді.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берик Асылов о криминогенной ситуации и о взаимодействий прокуратуры с другими органами в вопросах борьбы с преступностью

Мы координируем работу по укреплению правопорядка и борьбе с преступностью, внедряем новые методы в правоохранительную дея­тельность, шире стали применять цифровые технологии для поимки преступников.

Задача каждого органа и каждого сотрудника – создание безопасного общества, чтобы каждый человек чувствовал себя защищенным.

В результате совместных усилий в сфере обеспечения правопорядка мы достигли положительной динамики. В стране наблюдается постепенное снижение уровня преступности.

За последние пять – шесть лет почти в полтора раза сократилось число убийств, в пять раз – грабежей, разбоев и хулиганств. За шесть лет количество краж снизилось почти в шесть раз – со 180 тысяч в 2018 году до 30 тысяч в 2024-м. Их доля в общем количестве сократилась до 20 процентов.

Широко внедряется видеонаблюдение, усиливаются охранные системы, собственники стали больше проявлять бдительность и серьезнее относиться к охране своего имущества. В целом количество зарегист­рированных уголовных правонарушений с 292 тысяч в 2018 году уменьшилось до 132 тысяч в 2024-м. Еще раз подчеркну – это результат общей работы всего населения и государства. В этом году снижение регистрации преступлений продолжается.

Однако на этом фоне одновременно появляются новые криминальные угрозы. Более трети всех уголовных правонарушений составляют мошенничества. Если раньше они совершались в очевидных условиях, то есть жертвы видели злоумышленников и могли их опознать, то сейчас обман совершается бесконтактно, с применением информационных технологий.

Половина потерпевших пострадали от обмана по телефону, путем изъятия средств с банковских карт, использования поддельных сайтов в Интернете для кражи личных данных и паролей (фишинг), обмана через маркетплейсы (брашинг) либо под предлогом инвестиций или ставок.

Мы совместно с МВД в масс-медиа постоянно предупреждаем граждан об уловках аферистов. Заключили меморандумы о взаи­модействии и сотрудничестве в сфере противодействия уголовным правонарушениям, совершаемым посредством осуществления телефонных звонков, с АО «Казахтелеком», АО «Kcell» и другими операторами связи.
При Национальном банке запущен Антифрод-центр по блокировке мошеннических транзакций.

Принимаются меры к ликвидации SIM-боксов, устройств для подключения SIM-карт, через которые поступают анонимные звонки из-за рубежа.

К примеру, в прошлом месяце в Алматы ликвидирован мошеннический call-центр, он занимал огромный офис площадью 600 квадратных метров. Недавно департаментом полиции Павлодарской области при координации прокуратуры региона в ходе проведения оперативных мероприятий у жителя Павлодара изъяли пять SIM-боксов и другое оборудование для мошенничества, более 400 SIM-карт различных операторов, роутеры и мобильные телефоны.

Сейчас в отношении данных лиц начаты досудебные расследования, ведутся следственные действия.
Стоит отметить, что требование об обязательной регистрации сотовых телефонов по IMEI-коду, ИИН и абонентскому номеру не контролируется.

Так, на жителя Северо-Казахстанской области без его ведома зарегистрировано более 14 тысяч телефонов. Проверка продолжается. В прошлом году с дропперов-посредников в порядке гражданского судопроизводства взыскано более 1 миллиарда тенге по 800 искам. За соучастие в мошенничестве к уголовной ответственности привлечены 128 человек, которые занимались дроппингом.

В целях противодействия интернет-мошенничествам принят ряд законодательных поправок. С августа 2024 года вступили изменения в Закон «О банках и банковской деятельности», которые теперь приостанавливают выплаты по мошенническим кредитам на период следствия.

Также по опыту других стран прорабатываем в Парламенте еще ряд инициатив, которые должны обязать банки и операторов связи усилить защиту своих клиентов.
На днях мы рассмотрели на нашем Координационном совете эти вопросы и выработали с заинтересованными органами совместные меры.

#Закон_и_Порядок

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берік Асылов жұмыста цифрлық технологияларды қолдану туралы

Заманауи IT-шешімдер, роботтандыру, жасанды интеллект өмірлік үдерістерді жан-жақты қамти отырып, қоғамның барлық саласының дамуына елеулі әсерін тигізеді. Құқыққа қайшы сипаттағы жаңа сын-қатерлер пайда болады. Қылмыстық кодекске интернетті, технологиялық прогресс құралда­рын пайдалана отырып жасалатын қыл­мыстардың жаңа құрамы енгізілді. Тіпті бір қарағанда, ақпараттық тех­нологияларға ешқандай қатысы жоқ салалар бар.

Мысалы, қазір әлеуметтік желілер арқылы балаларды өздеріне қол жұмсауға итермелейтін жағдайлар кездеседі. Сондықтан Қылмыстық кодекске телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы енгізілді. Интернет желісін және электрондық ақпараттық ресурстарды, соның ішінде есірткі сатуды пайдалану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтың басқа да қылмыстық құрамы бар.

Прокуратура қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруші ретінде мемле­кеттік аппараттың барлық ресурсын, әсіресе әлеуметтік құбылыстарға қарсы тұру мен алдын алуды біріктіреді. Осы бағытта тиімді жұмыс істеудің құқықтық шешімдері мен тетіктерін үнемі зерделеп отырамыз. Бас прокуратурада бірегей статистикалық, ақпараттық және талдамалық жүйе­лер бар.

Біздің цифрлық жобаларымыз қылмыстық және әкімшілік про­цестерді, мемлекеттік бақылау және қадағалау, соның ішінде бизнесті тексеру саласын барынша қамтиды. Бұл үшін жинақталған ауқым­ды құқықтық ақпарат алаңы – Big data-ны қолданамыз.

Қылмыстық процесс және қыл­мыстарды тіркеу толығымен цифр­лан­дырылған. Қылмыстың жай-күйі туралы барлық ақпарат «Гео-картаға» жүктеледі, оның негізінде полицияның патрульдеу маршруттары салынады. Кез келген адам картаны желіде ашып, тұру, балаларды оқыту немесе бос уақытты өткізу үшін ең қауіпсіз орындардың қай жерде екенін көре алады.

Интернет желісінде терроризм мен экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл шеңберінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесін нәтижелі қолданып отырмыз. Бұл заңсыз мазмұнды мате­риалдардың сілтемелерін анықтауға және жүйеге автоматты түрде қосуға мүмкіндік береді.

Біздің Ахуалдық орталықтың бол­жамды-талдамалық құралдары арқы­лы қылмыскерлерді ғана емес, алимент және бюджет алдындағы қарыздары бар борышкерлерді де іздестіру тиімділігі жақсарды. Жүйе көмегімен 2 мыңнан аса адам анықталды.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берик Асылов о применении в работе цифровых технологий

Современные IT-решения, роботизация, искусственный интеллект оказывают серьезное влияние на развитие всех сфер общества, все глубже охватывая процессы жизнедеятельности. Появляются новые вызовы, имею­щие противоправный характер.
В нашем Уголовном кодексе введены новые составы преступ­лений, которые совершаются с использованием Интернета, инструментов технологического прогресса. Есть даже те сферы, которые, на первый взгляд, не имеют к информтехнологиям никакого отношения.

К примеру, сейчас через со­циальные сети детей подталкивают к суициду. Поэтому в Уголовный кодекс в статью «Доведение до самоубийства» ввели ответственность за совершение такого преступления посредством использования сетей телекоммуникаций. Есть и другие составы уголовных правонарушений, совершаемых посредством использования Интернета и электронных информационных ресурсов, в числе которых продажа наркотиков.

Прокуратура как координатор работы госорганов по борьбе с преступностью аккумулирует все ресурсы госаппарата, в том числе киберресурсы в противостоянии асоциальным явлениям. Мы находимся в постоянном поиске креативных решений и механизмов эффективной работы в этом направлении.

В активе Генеральной прокуратуры уже есть ряд уникальных статистических, информационных и аналитических систем. Наши цифровые проекты максимально охватывают уголовный и административный процессы, сферу госконтроля и надзора, в том числе проверок бизнеса. Для этого используем накопленный большой массив правовой информации – Big data.

Полностью оцифрован уголовный процесс и регистрация преступлений. Вся информация о состоянии преступности загружается на «Гео-карту», на основе которой строятся маршруты патрулирования полиции. Любой человек может открыть карту в Интернете и увидеть, где расположены наиболее безопасные места для проживания, учебы детей или проведения досуга.

В рамках противодействия пропаганде терроризма и экстремизма в Интернете успешно применяем информсистему «Кибернадзор». Она позволяет устанавливать и автоматически включать в систему ссылки на материалы с незаконным содержанием.

Благодаря прогнозно-аналитическим инструментам нашего Ситуационного центра улучшена эффективность розыска не только преступников, но и должников по алиментам, долгам перед бюджетом. При координации прокуроров с помощью этих систем установлено более 2 000 лиц.

#Закон_и_Порядок

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берік Асылов қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық қатынастарды дамытумен қылмысқа қарсы күрес мәселелері туралы

Қылмысқа қарсы іс-қимыл, іздеуде жүрген адамдарды ұстау және шетелден жеткізу, заңсыз шығарылған активтерді қайтару саласында халықаралық-құқықтық ынты­мақтастықты кеңейту және нығайту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Күдікті біздің сұрау салуымыз бойынша Интерпол арқылы халықаралық іздестіру аясында ұсталса да, оны бере салмайтынын ескеруіміз керек. Шетелдік заңнама талаптарына сәйкес екі тарап үшін жасалған іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті сипатын негіздеп, сұрау салынған күдіктінің қылмысқа қатыстылығын дәлелдеп және дипломатиялық этикетті сақтай отырып, рәсімдердің барлық талабы бо­йынша шетелдік әріптестермен жұмыс істеу қажет.

Елде қылмыс жасап, шетелде жа­сы­­рынған адамды экстрадициялау оңай шаруа емес. Бұл міндетті шешу үшін қызметкерлеріміз халықаралық гуманитарлық құқықты, БҰҰ-ның, басқа да жаһандық ұйымдардың адам құқықтарын беру және қорғау мәселелері жөніндегі пактілерін, конвенциялары мен құжаттарын білуге міндетті.

Егер қашқын барған елмен екіжақты шарт болмаса немесе бұл мемлекет көпжақты конвенцияға қатысу­­шы болмаса, онда ынтымақтастық өзара қарым-қатынас қағидаты негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл қағида ҚПК-де енгізілген, егер осындай жағдай туындаса, шет мемлекеттердің сұрау салуы бойынша біз де ынтымақтастық танытамыз.

Мәселен, келісім болмаса да, біз Германия, Швеция және бас­қа да елдерден іздеуде жүргендерді экстра­дициялауға қол жеткіздік.

Былтыр Қазақстан 16 мемлекетаралық шарт жасасты, оның 9-ын Бас прокуратура әзірледі. Марокко, Перу, Қатар, Кипр және Швейцариямен тиісті халықаралық актілерге қол қойылды. Тәуелсіздік жылдарында 37 елмен 82 шарт жасалды. Олардың арасында Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Бразилия, Үндістан, Сауд Арабиясы, Испания, Италия, Франция сияқты ірі мемлекеттер бар.

Осы жұмыста туризм үшін ең тартымды елдерге, сондай-ақ қашып жүргендер жасырынуы мүмкін және ұрланған активтер шығаруы мүмкін мемлекеттерді басты назарда ұстаймыз.

Шетелдік әріптестермен тығыз ынтымақтастықтың арқасында өткен жылы адам өлтіру, есірткі қылмыстары, ірі көлемдегі алаяқтық, қаржы пирамидаларын құру және басқа да ауыр әрекеттер жасады деп айыпталған, іздеуде жүрген 67 адам берілді. Салыстыра кететін болсақ, 2023 жылы біздің тарапымыздан 55 іздеуде жүрген қылмыскер берілген. Бұл – жақсы үдеріс.

Тағы бір мысал келтірейін, Польшадан бір тоннадан аса психотроптық заттар тәркіленген трансұлттық қылмыстық топтың жетекшісі экстрадицияланды. Испания қаржы пирамидасының ұйымдастырушысын экстрадициялады, ол 800-ден аса азаматты миллиардтан асатын сомаға алдаған.

Өз кезегінде біз басқа елдерге екі есе көп іздеуде жүрген күдіктіні бердік.

Жалпы, шетелдік әріп­тес­термен ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жалғасын табады.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://yangx.top/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП